ҚАБАНБАЙ
ҚАБАНБАЙ (Қаракерей Қабанбай; т.-ө. ж. белгісіз), батыр. 1723 ж. Жонғар қолы қазақ жеріне Қаратау арқылы басып кірген кезде Қабанбай Ұлы жүздегі Төле бидің төңірегіне жиналған Өтеген батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек, Қойкелді, Шіпет т. б. батырлармен бірге шапқыншыларға қарсы халық-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды. 1745 ж. жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен өзара әскери көмек беру жөніндегі соғыс шартын жасауды қолдаған. Қабанбай дың батырлық атағы, әсіресе Абылай ханның Жоңғар қолына тойтарыс берген әскери жорықхарына байланысты шыққан. Ол найманның Қаракерей руының биі болған. 1748 ж. тамызда тақ таласы салдарынан Кіші жүз ханы Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтірген тұста, Қабанбай - Барақты қатты айыптаған. Оның жоңғар билеушілерімен ымыраға келу ниетіне қарсы шыққан. Ел арасында «Қабанбай батыр» атты тарихи жырдың көптеген нұскалары сақталған. ҚР-ның халық жазушысы Қ. Жұмаділов Қабанбай өміріне арнап «Дарабоз» атты тарихи роман жазды.
ҚАЗ ДАУЬІСТЫ ҚАЗЫБЕК
ҚАЗ ДАУЬІСТЫ ҚАЗЫБЕК (Қазыбек Келдібекұлы 1667-1764 ж., бұрынғы деректерде 1665-1765 ж.), қазақ халқының 17-18 ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін Болатқожа атасынан шыққан. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме-аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы зандарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би әз-Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезендерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған. Қаз дауысты Қазыбек бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулык-тайпалық алауыздықтар мен хандык билікке таластын неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне атқосшы болып алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван-Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: «Дат, тақсыр!» — деп жұлқынып алға шығады да: «Қазак деген мал баққан елміз, ешкімге соқтыкпай жай жатқан елміз. Елімізден кұт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, — найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса — хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса — құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса — күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күн етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз — еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең — шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан — алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсен — жөнінді айт, бермесең — тұрысатын жерінді айт!» — депті. Жас баланын бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шакырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешеңдігіне риза болып: «Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімін Қаз дауысты Қазыбек болсын», - деген. Елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайткан. Тәуке хан қазақ халқының өз ішінен шыққан үш кемеңгері — үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын ол билерге жаңа заң жобасын «Жеті жарғыны» жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында кабылдатты. Сөйтіп, үш ұлы бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, кұн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан корғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т. б. мәселелердің шешілу жүйесі жанаша белгіленді. 1718 ж. әз Тәуке қайтыс болғаннан кейін жонғар шапқыншылығы бұрынғыдан да үдей түсті, оңтүстіктен қырғыздар, қарақалпақтар, Хиуа, Бұхар хандықтары, батыстан башқұрттар, орыс казактары, Еділ қалмақтары қыспаққа алды. Ел «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен осы кезенде Қазыбек би Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымакқа шақырды. И. И. Неплюев, Д. Гладышев сияқты Ресей үкіметінің шенеуніктері арқылы орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Би тап осы тұста сыртқы саясатта ерекше белсенділік танытқан. Ол 1731 ж. орыс патшалығына бодан болған Әбілқайыр ханға айтарлықтай қолдау көрсетгі. 1741 ж. Орск қамалына аттанған Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанға хат жазып, Арғын тайпасының атынан ант беруге әзір екенін білдірген. Осы жылы Сары-манжы бастаған ойраттардын отыз мың қолдық әскері Орта жүз иеліктеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасап баққан, орыс комиссиясының бастығы Неплюевпен келісімді жеделдете түскен. Ауызекі әнгімелерде 1742 ж. ерте көктемде Қазыбектің Қалдан-Серенге өзінің де барғандығы айтылады. Сөйтіп, 1743 ж. Абылай тұтқыннан босап, қазақтың 33 каласы Әбілмәмбет ханға қайтарылып берілген. Би бұдан кейін де орыс патшалығынан қол үзген жоқ. Бұған Сібір генерал-губернаторының міндетін атқарушы генерал-майор фон Фрауендорфтың үкіметтің сыртқы істер алқасына 1763 ж. 11 наурызда жолдаған мәлімдемесіндегі «Орта жүздің төбе биі Қазыбектің Ресейге жақсы ниетпен қарайтындығы» жайлы тұжырым куә. Бірақ би 1762 ж. екінші ұлы мемлекет Цин империясының елшілерін қабылдамай, сыйлықтарын алудан бас тартып, Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өнегелі өсиет сөздер қалды. Олар ел жанында құрандай жатталып, калауы бұзылмаған саф алтындай таза күйінде бүгінгі ұрпаққа жеткен. Оның тұжырымы терең толғаулары, суырыпсалма тақпақтап айтқан сөздері тындаушы ойында тез сақталатын нақылға толы мақал түрінде өрілген. Сондықтан Қаз дауысты Қазыбек биден бізге жеткен мұра халық қазынасының алтын қорынан лайықты орын алған. Би 18 ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай ауа кешіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаган. Қазыбек би қыс түсе Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Марқұмның мәйітін Бекболат оңаша киіз үйде төрт ай сақтап, көктем шыға Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне апарып жерлеген, басына құпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы А. И. Левшин, Ш. Уәлиханов, Ш. Маржани, Б. Адамбаев, Н. Тәрекүлов т. б. зерттеулері сақталған. Жазушы С. Сматаевтың «Елім-ай» романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағаңды қаласында бір ауданға, көшеге би есімі берілген, Егіндібұлак аулында ескерткіш (мүсінші. Ж. Қалиев, 1995 ж.) орнатылған.
Қалмағамбетов Тайжан
Қалмағамбетов Тайжан
(1882-1939)
Қалмағамбетов Тайжан (1878, қазіргі Жезқазған обл., Ұлытау ауд., - 1938, сонда) - ақын. Жастайынан Арқаның Ақан сері, Біржан, Шәрке сал, Сегіз сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай тәрізді әнші-ақындардың репертуарын игеріп, өзі де ән шығарып дағдыланған. Жезқазған, Қарағанды, Қарсақбай сияқты өндіріс ошақтарына өлең жыр арнады. 1926 ж. Шеген, 1930-36 ж. Болман, Иманжан тәрізді Арқаның белгілі ақындарымен айтысқа түскен. А. В. Затаевичке бірнеше ән жаздырған. 1934-36 жылдары халық өнерпаздарының республикалық слеттеріне, 1936 жылы Москвадағы қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы он күндігіне қатысқан. "Тайжан әні", "Ыбырайға" сияқты ән-термелері күйтабаққа жазылды. Калмағамбетовтың көптеген әндері кезінде жазылып алынбаған. Кейбір шығармалары ақындардың жалпы жинақтарында, газет-журналдарда ("К,азақтың 1000 әні". А., 1925; "Пернедегі термелер". А., 1965) жарияланды.
ҚАЛҚАБАЕВ МҰРАТ
ҚАЛҚАБАЕВ МҰРАТ (1948 ж. т.), суретші. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет министрлігінін «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері. Львов мемлекеттік институтын бітірген(1975 ж.). «Аңыз», «Зере ана», «Керуен», «Қобыз», т. б. шығармаларында халықтың өткен тарихын, ұлттық дәстүрді кеңінен қамтыған. 2005 жылдан Қарағаңды облыстық Суретшілер ұйымының төрағасы.
Қанайұлы Шортанбай
Қанайұлы Шортанбай
(1818-1881)
XIX ғасырдағы ғана емес, жалпы қазақтың асыл сөзіне пайым, таным деңгейіне олмейтін өз енерін қосып кеткен, еліміздің тағдыр-талайына, тар кезеңдегі тарихына қабырғасы сегіліп, қасіретті күй кешкен күрделі түлғалардың бірі — Шортанбай Қанайүлы. Ол халқымыздың
өдебиеті қатталып, қағазға түсе бастағанынан-ақ еленіп, ескерілген дарын. Әрқашан назарда болды. Қилы кезең-дердің қондырғы саясатына орай түрлі бағасын алды. Бірде ашылды, айтылды, бірде "жабылып", жасырылды.
Шортанбайдың заманы озге еді. Оның пешенесіне азғын заманнан адамшылықты аман алып өтудің арпалысы жазылыпты. Қазтуған мен Доспамбеттің, Ақтамберді мен Үмбетейдің "бағынышты болғанша, басың кетсін" дейтін үрпағы аз емес еді. Соның бірі еді Шортанбай. Оның тас жарып шыққан бүлақтай қайсар, тәтті, түнық жыры, биік жыры ащы мүңға батты, қорғасын ойлардың салмағына түншықты.
Жырау - Түркістан тоңірегіндегі Қаратаудан Арқаға барған қожа түқымына жатады. Қайсібір дерек оны Ақмешіт қожасы еді дейді. Басы ашық нәрсе - жырау өмірінің басым көпшілігі қазіргі Жезқазған облысының аймағыңда мүрдесі жатқан Арқада — Қарқаралы тоңірегінде откен.
Шортанбай - белгілі Жанқүтты биге аса жақын адам. Арқа елінің арғы-бергідегі жақсы-жайсаңдарымен бірге жүрген, қатар болған.
Шортекеңнің оз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген үлдары, Бәйіш атты қызы болған. Аязбай осы жақта қайтыс болған да, Алдаберген кейін Қаратау жаққа кетіп қалған.
Шортанбай 1818 жылы туған. Жастай молдадан сауат ашып, Шаяндағы медресені тәмамдайды. Оз бетімен орысша хаттанып, тіл білген сияқты. Ақын 1881 жылыдүние салып, оз нағашысы Ыбырайым қожаның мазарының іргесіне жерленеді. Ақсу-Аюлының оңтүстік түсыңда жатыр. 1980 жылы жерлестері басына көктас орнатқан.
"Қайсыбірін айтайын, қазақтың ұлы қамалды" деп аһ үрып, қасірет шеккен Шортанбай заманы туралы, тарихтың сол бір қаратүнек, түманды, күмөнді түстары туралы қазір де салмақты, сабырлы, салиқалы әңгіме басталды. Сол дөуірдің куәсіндей Шортанбайдың да шырылдаған шындығы бар. Және ащы шындық.
Шортанбайға тағылған толып жатқан "айыптың" бірі — феодалшыл, рушыл, байшыл, ескішіл болса, бірі — сары уайым, заршылдық болса, енді бірі - діншілдік еді. Ол бағаның қалай және не себептерге байланысты берілгені қазір белгілі жай.
Дін — алла тағалаға қүлшылықпен, бірді-екілі шарттылықпен ғана түгесілетін дүние емес, бүкіл тіршілікпен, жаратылыс қүпияларымен астасып жатқан, қүлашы кең күрделі үғым. Опасыз жалған дүниеден адамның іздептапқан таяныш түғыры, рухани күші. Шортанбай осыны білген, түсінген, насихаттаған.
Ақынның дүние тірлік, адам жанының қүпия-қалтарыстары, тіршілік табиғатының ғажайып күштері жайлы толғаныс түжырымдары көп жыл шошып, үркіп келген діни танымның аясына емін-еркін сыйып жатыр.
Шортанбай иманды айтса, ақиқатты айтса — адамшылығынды, кісілік қасиетінді, жаратушының оң көрген ісін сақтауды уағыздайды. Дүниені көрме, сезбе, таныма, ойланба, соқыр сенім, көзсіз қүлшылықта бол деп емес, зерек бол, сезімді бол, танып істе, тауып істе деп айтады. "Ақиретте жалған жоқ, таразысы басқа бір бөлек" — деп, күні ертең жауап берер күнәдан сақтандырады.
Шортанбай толғаулары ақты қара, қараны ақ деген долбар пікірлерге ішін бермейді. Шортанбай зарлаумен болды деу — ақынның күрделі поэзиясына қиянат. Оның өлеңі адамның опасыз жалған дүниеден іздегені мен тапқанын тіршілікке тірек етер мұрат мақсатын колденең тартады. Жаратылыстың ештеңеге бағынбайтын өктем зандарын айтып, мойындатады. Дүниенің шартын, түп-төркінін, арғы-бергісін, бары мен жоғын түгендеп, жыраулардай әріден қозғап тіршіліктің алма-кезек ағыстарын алуан бояумен суреттейді.
Шортанбай омір сүрген ғасырда қазақ баласының түрмыс-күйіне әлем-тапырық езгерістер еніп жатты. Ұлдан үят, қыздан әдеп кетті. "Жон білмеген жамандар, ел билеген бек болды", "сауып ішер сүті жоқ, мініп керер күші жоқ, ақша деген мал шықты", ұрлық-қарлық, өтірік, ғайбат, зорлық көбейді.
Ақын пенделік қасиетті жоғалтпауға үндейді. Өмір дейтін тәңір сыйының — тойына тамақ ішу, жарқырап жүру, мал, мансап, байлық, жинау ғана емес, қуаныш-шаттық, қымбаты мен қимасы мол жан дүниесі екенін біл, үмытпа дейді. "Иман — жанның жарығы" деп түйеді. Кім корінгеннің ойына келіп, аузына түсе бермейтін образ.
Бьглай да қара байыр көрінер Шортанбай поэзиясы асыл сөзге, айшықты теңеуге, ағынды-төгінді, екпінді, тасқыңды, сөзге кеңде емес.
"Атасы топқа кірмеген сөзге салмас қүлағын", "қалықтаған сұңқар ем, қанатым сынды үша алмай, қиядан қүзға түсе алмай", "Опасы жоқ сүм дүние оттан ыстық болар ма", "қүбылып түрған қызыл гүл, қураса кетер мәнері, отіп кеткен нәрсеге, окінсең жоқ келері" сияқты тіршілік қисындары — Шортанбай толғауларының түп қазығы.
Шортанбай өз уақытын, қазақ қоғамындағы қасіреті мол дәуірдің қара бояуын өлеңге көшірді. Халқының айдағаңда көнбес асау мінезін аңсады. Ар-намысын жоқтады. қатпар-қатпар сұмдығы көп зымиян үстемдікке бар дауыспен қарсылық айтты. Сөз семсері сермеді. Ту сыртыңнан келіп білдірмей басып, тыпыр еткізбей көгендеп тастаған опасыздықтың уын ішті. Жанталас шақтың жан айғайы болып аспанға шапшыды. Уды умен қайтарып, ащы зар төкті. Шыр айналған опасыз жалған дүние ұстараның жүзіндей өткіріне жүзін тосты.