КГУ "Карагандинская областная юношеская библиотека имени Жайыка Бектурова"
00:00:00





Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж.Бектурова"
www.uniorlib.kz

Яндекс.Метрика

ӘБІЛҚАЙЫР

ӘБІЛҚАЙЫР, Абулхайыр Мұхаммед Қазы бахадур хан (1693-1748 жж. ), Кіші жүздің ханы, қолбасшы, жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Шыңғысхан тұқымына жататын Өсек ұрпағынан тарайды. Қазақ феодалдық мемлекетігінің негізін күшейтуге ат салысқан табанды кайраткерлердің қатарына жатады. Әбілқайырдың қолбасшылык өнері, дипломатиялық кызметі әсіресе жоңғар шапкыншылығы жылдарында ерекше көзге түсті. Қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу үшін әр түрлі шараларды іске асырды. Орыс үкіметінен көмек алу мақсатында Сібірдің тұңғыш губернаторы, князь М.П. Гагаринге, Уфа воеводасына хаттар жолдап, халқының ауыр ахуалын біршама реттеуге тырысқан. Әз-Тәуке 1715 ж. дүние салғанға дейін де, Орталық Азияда батырлык істерімен атағы шыққан қолбасшы Тәуке өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығына таласты. Алайда Орта жүздің ханы Семекенің (Шахмұхамед, Қосымбет) қарсылығынан дегеніне жетпеді. Бір жағынан, Кіші жүздің ханы, екінші жағынан, жауынгерлік қабілеті үш жүз көлемінде танылған Әбілқайыр 1729 ж. (1730 ж.) Аңырақай шайкасының қарсаңында, сол қанды қақтығыста ойраттарды ойсырата талқандауда ерекше көзге түсті. Аңыракай шайқасыңда бас қолбасшылықты өз еркімен Ұлы жүз ханы Болатқа берген Әбілқайыр үш жүздің қолын үйлестіруде басты рөл атқарды. Қазақ халқының тәуелсіздігіне қауіп төндірген жоңғар шапқыншылығынан елді аман сақтау үшін дипломатиялық шараларды іске асырып, императрица Анна Иоанновнаға елшілерін аттандырып, 1731 ж. қазан айының 11 жұлдызында Ресейдің билігін мойындауға мәжбүр болды. Ресейге сүйеніп, өз мәртебесін көтеруге тырысумен бірге көреген мемлекеттік қайраткер ретінде елді апаттан сақтауға ат салысты. Өзінің алты ұлын әкімшілік басқаруға, дипломатиялық өнерге баулыды. Үлкен ұлы Нұралы ханның орыс үкіметімен барлық келіссөздерінде басты дипломат болды. Ералы — Орта жүзде Керей руын уақытша болса да билеп отырды. Қожахмет Орынборда, Қазанда, Петербургта аманаттықта ұсталды. Ханның өзі 1740 ж. Хиуада аз ғана мезгіл тақта отырды; өзінен кейін мұрагері Нұралыны Хиуа тағына отырғызды. Орыс үкіметімен әр бағытта байланыстарды үзбей, сонымен қатар хан қалмақ билеушісі Қалдан-Серенмен де қарым-қатынасын үзбеді. 1744 ж. И. Неплюевтың тұңғыш Орынбор губернаторы болып тағайындалуы, қысым көрсету саясатының терең тамыр жаюы Әбілқайырдың орыс үкіметіне қарсылығын күшейтті. Әбілқайыр үш жүздің атақты билерімен, белгілі сардарларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз байланыста болды. Әсіресе атағы бүтін Орталық Азияға жайыла бастаған Абылаймен әр кезде түсіністі. Абылайдың бір әйелі — Қарашаш сұлу, Әбілқайырдың қызы еді. 18 ғасырдың 40-жылдары ханның орыс үкіметімен, әсіресе И. Неплюевпен қарым-қатынасы салқындай бастады. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын, Әбілқайыр толық дербестікке ұмтылып, орыс үкіметінен алыстады. Алайда атағы тірі кезінде аңызға айналған, оның дербестігі қазақ феодалдарының өз ішінен қызғаныш туғызды. Онымен бақталастардың бірі — Орта жүздің белді сұлтаны, Шыңғысханның ұрпақтарының бірі Жәдігенің тұқымы сұлтан Барақ еді. Сұлтан ханның кез келген олқылықтарын, балаларының орашолақ қимылдарын өз мүддесіне, Әбілқайырға қарсы шебер пайдалаңды. 1748 ж. тамыздың басында Әбілқайыр серіктерімен Ор бекінісінен қайтар жолда ата жауы Барактың сарбаздарымен қарулы қақтығыста Барак сұлтанның қолынан қаза тапты. Отаршыл саясатқа мейлінше қарсылық көрсеткен мемлекеттік қайраткер Әбілқайыр қазақ елінің ең қасиетті тұлғаларының бірі. Әбілқайырдың моласы Қабырға өнерінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғайдан 80 шақырым жерде. Казір ол жер «хан моласы» деп аталады.

 

ӘБДІРАХМАНОВ ЖАҚСЕЙІТ

ӘБДІРАХМАНОВ ЖАҚСЕЙІТ (1900-1974 жж. ), кенші, Социалистік Еңбек Ері (1948 ж. ). Кедей отбасында туған. 1916-1929 жж. бақташы, 1929-1938 жж. Семей облысының шаруашылықтарыңда балташы болды. 1938-1957 жж. И.А. Костенко атындағы шахтада тіреуші. Көмір өндіруді молайту ісінде, еңбектін озық әдістерін енгізуде үздік өндірістік табысқа жетті. Орден және медальдармен марапатталған.

 

ӘБДІРОВ НҮРКЕН

ӘБДІРОВ НҮРКЕН (1919-1942 жж. ), әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж. ), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылган 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған (19. 12. 1942 ж. ) Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сияклы қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің Мәдениет сарайының репертуарына Нүркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 ж. ) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды.

 

 

ӘБДИ РЫСБЕКҰЛЫ

ӘБДИ РЫСБЕКҰЛЫ (1880-1931 жж. ), белгілі күйші. Шет ауданың түлегі. Арғынның Қаракесек руынан. Қыздарбектің күйшілік мектебінен өткен. Әбди шебер домбырашылығымен бірге тамаша күйшілігімен де танылған. Күйшінің үш косбасары бар. Екеуі — «Қарғыс қосбасар», «Зар қосбасары» белгілі. Үшінші косбасары бертінге жетпеген. Әбди 1931 ж. 51 жасында «қызыл белсенділердің» жаласымен атылған.

 

ӘБЖАНОВ ХАНКЕЛДІ МАХМҰТҰЛЫ

ӘБЖАНОВ ХАНКЕЛДІ МАХМҰТҰЛЫ (1953 ж. т. ), тарихшы, тарих ғылыми докторы (1992 ж. ), профессор (1993 ж. ). Еуразия университетінде ұстаздық етеді. Жаңаарканың түлегі. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1976 ж. ). 1976-79 ж. Ақмола құрылыс инженерлері институтыңда, Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы болып істеді. 1979 жылдан Қазақ КСР ҒА-ның Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми іс қызметкер. 1992 ж. «Қазақстанның ауыл интеллигенциясы: калыптасуыньщ және әлеуметгік іс-әрекеттерінің тарихи тәжірибесі (1946-1985 жылдар)» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішіңде 5 монографияның авторы.