КГУ "Карагандинская областная юношеская библиотека имени Жайыка Бектурова"
00:00:00





Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж.Бектурова"
www.uniorlib.kz

Яндекс.Метрика

ШАЛ ҚҰЛЕКЕҰЛЫ

ШАЛ (Тілеуке) ҚҰЛЕКЕҰЛЫ (1748-1819 ж.), төкпе ақын. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігітгің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» т. б.). Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастар да ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» т. б.)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» т. б.). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді.

 

 

Шипин Омар

Шипин Омар (9. 8. 1879, қазіргі Жезқазған обл., Ұлытау ауд., - 26. 6. 1963, Қоста-най обл., Қостанай ауд., Мая-ковский атынд., с-з., Темірқазық ауылы) - ақын. ҚР-ның халық ақыны (1961). 1916 ж. халық-азаттық | көтерілісіне белсене қатына-сушы, Амангелді Имановтың сенімді серіктерінің бірі. 1916 жылы патшаның қазақ және басқа да бұратана халықтар жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығына қарсы көтерілген сарбаздар қатарына қосылған. Сол жылдары шығарған "Арман", "1916 жыл", "Амангелдінің айбаты", "Торғай соғысы" толғаулары Торғай даласына, одан сыртқары жерлерге де кең тараған. "Сарбаз ақын" атанып, азаттық жаршысы болған. Қазақ теңкерісіне арналған "Патша тақтан түскенде", "Октябрь нұры", "Ақын үні" т. б. жырларын шығарды. Жаңа заманды мадақтап, қоғамдық шаруашылықты нығайтуға шақырған жырлары мерзімді баспасөзде жарияланып тұрды. Ақын 1942 ж. "Амангелді батыр" деген дастанын жеке кітапша етіп бастырды. 1943 жылдың жазында Қостанай облысы еңбекшілерінің сәлемдемелерін апарған делегация қүрамында Ленинград майданына барып, жауынгерлер алдында жыр толғады. Осы сапары женінде ол "Майдан жолында" атты ұзақ жыр шығарды. Ақын үгіттік өлеңдермен қатар көптеген дастандар жазды. Әліби Жангелидиннің емір жолын баяндауға әрналған "Әли-дастанын" кезінде қалың оқырман жылы қабылдады. Шипин қазақ халқының ұлы ағартушы, педагог-жазушысы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметі, еліне білім ұрығын сепкен ізгілікті істері туралы тебірене жырлар толғап, "Ыбырай" дастанын шығарды. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.


ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858-1931 ж.), ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбай ұлының қолында тәрбиеленген. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шындалуьша зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген. Батыс, Шығыс әдебиетгерін жетік білген. Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстаған. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын болған. Шәкәрім шығармашылығы сан салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға» (1877 ж.), «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» (1879 ж.) өлендері Абай үлгісіңде жазылған. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Анық асық әулие», «Шын сырым», «Арман», «Насихат» (1881 ж.) өлендерінің авторы. Шәкәрім ауыз әдебиеттінің, суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнының өмірмен етене жакындасуына мол еңбек сіңірген. «Қалкаман — Мамыр» (1888 ж.), «Еңлік — Кебек» (1891 ж.) дастандарын жазған. «Нартайлақ — Айсұлу» поэмасынын, «Әділ — Мария» романының, «Қодардың өлімі», «Крез патша» шығармаларынын авторы. 1905 ж. Шәкәрім қажылық сапар шегеді. Меккеге барған сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқына байланысты кітаптарды окиды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911 ж.) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген енбегін жазды. Орыс, батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Л. Толстойдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған («Ақиқат сырымды айтсам, Толстойдың, мың сопыны алмаймын, тырнағына»). Өзін ғұмыр бойы Толстойдын. шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоудың (1811 -96 ж.) «Том ағайдың балағаны» романын, Л. Толстойдың «Асархайдон патша», «Үшсауал»т.б.әңгімелерін,А.С. Пушкиннің«Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің«Ләйлі — Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады (1907 ж.). Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық, халыктық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайда 20 ғасырдың басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты. Шәкәрім құрметтіне Қарқаралы қаласында бір көше аталады.

 

 

ШӨЖЕ ҚАРЖАУБАЙҰЛЫ

ШӨЖЕ ҚАРЖАУБАЙҰЛЫ (1808-1895 ж.), халық ақыны, жыршы. Қазіргі Нұра ауданның жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шыгару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып калған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философия көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай,Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырыпсалма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді козғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шоңжарлардың екі жүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген.