КГУ "Карагандинская областная юношеская библиотека имени Жайыка Бектурова"
00:00:00





Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж.Бектурова"
www.uniorlib.kz

Яндекс.Метрика

НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ

НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ (1940 ж.т.), Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекет қайраткері. Экономика ғылыми докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның, Халықаралық инженерлік академиясының, Ресей әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын (1965 ж.), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1976 ж.) бітірген. 1960-69 ж. Қарағанды металлургия комбинатында шойын құюшы, горновой, 1969-73 ж. Теміртау қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы, қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1973-77 ж. Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы, 1977-79 ж. облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, 1979-1984 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы, 1989-1991 ж.і-хатшысы, 1984-89 ж. Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1990 ж. 24 сәуірден Қазақстан Республикасының Президенті.

1995 ж. 29 сәуірде бүкілхалықтық рефереңдум Президент өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзартты, 1999 ж. 10 қаңтарда және 2005 жылғы 4 желтоқсанда 7 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенттігіне балама негізде қайта сайланды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси реформалар жүзеге асты. Ұлттық заңнама жасалып, 1995 ж. еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Ұлттық қарулы күштер, ұлттық қауіпсіздік құрылымы, тәуелсіз сот жүйесі құрылды. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, ұлттық валюта — теңге енгізідді. Ұлтаралық, дінаралық келісімге негізделген саясат жүзеге асырылып, ел ішінде саяси тұрақтылық берік орнықты. Семей ядролық полигоны жабылып, еліміз ядролық қару-жарақсыз аймақ болып жарияланды.

Елдің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданып, экономикалық реформаның қазақстандық моделі жүзеге асырылуда. Соның негізінде ел экономикасына 40 млрд доллардан астам шетел инвестициясы тартылды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатын тату көршілік, өзара түсіністік пен стратегиялық әріптестік принциптері негізінде жүргізуде. Еліміз өзінің барлық көршілері — Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан мемлекеттерімен шекара мәселесін түпкілікті шешіп, халықаралық құжаттармен бекітті.

Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа елордасы — Астананы салуға басшылық жасап, оны Еуразиядағы ең әдемі қалалардың біріне айналдыруға үлес қосуда.

ТМД органдарын жетілдіру, Еуразиялық экономикалық одақ пен Біртүтас экономикалық кеңістік құру жөнінде жаңа бастамалар көтерді. Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары мен Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің халықаралық бас қосуларын өткізді. Халықаралық экономика мен саясат, ұлттық экономиканы реформалаудың қазақстандық моделі, қазақ тарихы мен мәдениеті жайлы әлемнің бірнеше тілдерінде басылған ғылыми-зерттеу еңбектерінің авторы. «Алтын қыран» белгісімен, көптеген шетелдік жоғары мемлекетік наградалармен, сыйлықтармен марапатталған. Н.Ә. Назарбаев өзі еңбек жолын бастаған Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты назарында ұстайды. Елбасының тікелей басшылығымен Қарағанды металлургия комбинаты мен Жезқазған, Балқаш кен-металлургия комбинаттарына стратегиялық инвесторлар іздестіріліп, қуатты «Миттал Стил Теміртау» ААҚ, «Қазақмыс» корпорациясы сияқты компаниялар құрылып, өнімді жұмыс істеуде.

Шығармалар: Стальной профиль Казахстана. — А., 1986;

Әділеттің ақ жолы.— А., 1991;

Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку.- М., 1992;

Идейная консолидация общества - как условие прогресса Казахстана.— А., 1993;

Рынок и социально-экономическое развитие.— М., 1994;

Ғасырлар тоғысында.— А., 1996;

Пять лет независимости. — А., 1996;

Тарих тағылымдары және қазіргі заман — Уроки истории и современность.— А., 1997;

Казахстанско-российские отношения.— А., 1997;

Евразийский союз: идеи, практика, перспективы. 1994-1997.- М., 1997; Тарих толқынында.— А., 1999;

Сындарлы он жыл.— А., 2003;

Еуразия жүрегінде.- Астана, 2005.

 

 

НАЗАРБАЕВА САРА АЛПЫСҚЫЗЫ

НАЗАРБАЕВА САРА АЛПЫСҚЫЗЫ (1941 ж. т.), қоғам қайраткері, экономист. Қазіргі Бұқар жырау ауданың Қызылжар ауылының түлегі. Қарағаңды зауыт - ЖТО-ны бітірген. Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағанды көмір» ӨБ-де мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1992 жылдан «Бөбек» ба лалар қайырымдылық қорының президенті. Қор аурудын асқынған түрлерімен сырқаттанған балаларға Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді. Әсіресе Арал мен Семей ядролық полигоны сияқты экологиялық апатты аймағының балаларына ерекше көңіл бөлінеді.

1994 жылдан «505 — Қазақстанның балалар деревнясы» (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының президенті.

1999 жылдан «Демография»қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы. БДҰ-ның И. Дограмачи атындағы сыйлығының, халықаралық «Unity» сыйлығынын лауреаты. «Педагогические проблемы укрепления и развития здоровья учащихся, их нравственного воспитания с использованием системы «Детка» Порфирия Корнеевича Иванова» (1999 ж.), «Здоровье человека и система П.К. Иванова «Детка» (1999 ж., қосалқы авторлармен бірге) кітаптарының авторы.

 

 

Найманбайұлы Әсет

Найманбайұлы Әсет
(1867-1922)


Әсет Наймабайұлы – 1867 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылында туған қазақ ақыны (суырып салма), әнші-коомпозиторы.Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін, ер жетіп, есейіп айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болады. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды. Мысалы, әйгілі ақын қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы -көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады. Әсет - негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа, Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындармен және Мәліке қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха - Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұғыман - Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жәмсап", "Кешубай" атты қисса-дастандары бар. Оның ішінде "Салиха - Сәмен" дастаны мен фантастикалық тұрғыда жазылған "Ағаш ат" қиссасы - адал достықты, әділеттікті ұран етіп жырлаған шығармалар. "Жас жігіт надандықпен алданады", "Өсиетнамада" ғылым-білімге, өнер мен мәдениетке үндесе, "Фани дүние", "Жан фани дүниеден ақырда өлмекте" өмір, оның мән-мағынасы, жалпы тіршілік жөнінде толғанады, ал "Сүйенген, жаным жалғыз өзің", "Сеніспей уағдалы серттен қайтпа", "Жақсы әйел" шығармаларында отбасы, махаббат, әйел теңдігі тақырыптары қамтылса, "Жасболат кісі-ақ едің алшақтаған", "Қарақұрсақ Күшік болысқа" және "Төртқұл Ақболаттың биі Кәріпке айтқаны" феодалдық құрылысты әшкерелеп, оның өкілдерін мінеп, сынайды. "Ақырғы сөз", "Жас шама" сияқты туындыларында өмірге деген «құштарлық туған жер мен елге деген ыстық сезім айшықты, бейнелі тілмен жырланды. Әсет А. С. Пушкиннің "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған), оны өзі қисса етіп жырлаған. Қазақ халқының көшпелі тұрмысын, тарихын, этнографиясын, арман-мұңы мен тілек-мақсатын жан жүрегімен сезінетін майталман ақын жырлары көркемдігімен, формалық ізденістерімен баурайды. Ойды образбен беру, ұтымды теңеу, метафоралар Әсет өлеңдерін даралай түсетін компоненттер. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны - оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қарагөз", "Мақпал")психологиялық тереңдік пен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл-оның қалыптасу, өзіне тән мәнер-нақыш табу кезеңі еді. Ақан сері әндеріндегі құбылмалы қайырымдар, ән тармақтарының музыкалық-синтаксистік - ерекшеліктері . Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) -- өз стилін айқындай түскен туынды. Ол концерттік пландағы халықтық-профессионалдық әндердің классикалық үлгісі болып саналады. Ән болашаққа жарқын көзбен қараған оптимистік нақышымен, формалық жетістігімен (қайталанбалы үш жүйелі әуен) және интонация өткірлігімен ерекшеленеді. Әншінің музыка өнеріндегі келелі бір табысы -"Қисмет" әні. Бұл әнде тыңдаушысын өзіне баурап алатын ақындық арын, әуен жүйелілігі, терме екпіні мен қайырманың кетеріңкілігі әдемі жарасым тапқан. Сондай-ақ Әсет "Ырғақты", "Аққарагер", "Қарагөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т. б. әндердің авторы.Әсет шығармашылығы - халқымыздың рухани байлығындағы елеулі мұра.



НАУРЫЗБАЙ ҚАСЫМҰЛЫ

НАУРЫЗБАЙ ҚАСЫМҰЛЫ (1822-1847 ж.), сұлтан, 19 ғасырдын 1-жартысында азаттық күресте атағы кең далаға жайылган батыр. Қасым төренің ең сүйікті ұлдарының бірі. Әсіресе 1837-1847 ж. көтеріліске белсене қатысқан Наурызбайдың батырлығы замандастарын таңқалдырған. Осы қасиетін ескеріп, Кенесары оған ең ауыр тапсырмаларды жүктеген. Көпшілігінде ағасы Саржанның ұлдары Ержан, Құдаймендіге, Исаға т. б. әркашанда қамқорлық көрсеткен. Сұсты, алып денелі болған. Кенесары оның туының астына арнайы дайындықтан өткен, 1000 жауынгерден тұратын топты тапсырған. Кіші жүзде Кенесарының билігін мойындаудан бас тартқан Жаппас руынан зекет жинаттыруға Кене хан 200 сарбазымен Наурызбайды аттандырып, бас идірген. 1844 ж. шілде айындағы Ахмет және Арыстан Жантөриндердің жасағын талқандауда ерекше көзге түседі. Наурызбай 1847 жылғы Тянь-Шань қырғыздарымен қырғынға белсене қатысушы. 500 жауынгермен Тоқмақ түбінде қырғыздар қоршауын бұзып шығуға әрекет етеді. Атқосшысы орыс Николай Губин оны өз атына мінгізіп, өмірін сақтамақ болады. Алайда, Наурызбай ағасы Кенесарыны тастап кетуге қимай, колға түседі. Наурызбайды қырғыздар мерт қылады. Наурызбай хақында, оның ерлігін баяндаған жырлар халық арасында жиі ұшырасады.

 

НИЯЗ БАТЫР БАРҚЫҰЛЫ

НИЯЗ БАТЫР БАРҚЫҰЛЫ (шамамен 1689-1775/ 80 ж.), Арғынның Қуандық руынан шыққан атақты батыры. Қоныс мекені — Ортау, Ақтау, Қызылтау. Нияз батыр Абылай ханның қолбасыларының бірі. Аңыз деректерде 1741 -43 жылдары Жоңғар тұтқынында болған Абылай ханды босатуға көп еңбек сіңіргендігі айтылады. Нияз батырдың жорықтарда мерейі үстем болуға сенімді серік жолдастары — інілері Құлқара, Итқара, Ақтайлақ, Қыдыралы батырлардың ықпалы көп болган. Нияз батыр 1728 ж. Сарысу бойындағы соғыстарға, 1729 ж. Аңырақай шайқасына қатысқан. Кейбір деректерде Нияз батыр Абылай ханның қолдауымен 1750 жылдан бастап Ташкент қаласының әкімі болғандығы, 25 жыл бойы Ташкентті билеген Нияз батыр өмірінің соңында баласы Әлдеберліні өз орнына тағайындағаны айтылады. Халқының азаттығы үшін қажымай-талмай жаугершілік ғұмыр кешкен батырдың сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне койылған. Жазушы А. Сатаев Нияз батыр туралы хикаят жазды. Жаңаарқа ауданының орталығы — Атасу қалашығында Нияз батыр есімімен көше аталады.