КГУ "Карагандинская областная юношеская библиотека имени Жайыка Бектурова"
00:00:00





Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж.Бектурова"
www.uniorlib.kz

Яндекс.Метрика

ДУЛАТОВ МІРЖАКЫП

ДУЛАТОВ МІРЖАКЫП (1885-1935 ж.), Алаш козғалысының қайраткері, ақын, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог, 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. Жастайынан жетім қалып, Асқар ағасының қамқорлығында өседі. Алғашында ауыл молдасынан хат танып, 1897 ж. Ы. Алтынсарин ықпалымен Торғай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, ауыл мұғалімі деген куәлік алып шығады (1902 ж.). Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады. 1904 ж. Омбы қаласына аттанып, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановтармен танысады. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қаларында, ондағы ұлттық-демократиялық козғалысқа белсене араласады. М. Дулатов сол жердегі зиялы топтың өкілі ретінде қазақ конституциялық-демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, делегат қатарында1906 ж. Санкт-Петербургке барады. 1905-07 ж. Зайсан уезіндегі Бекмұхамбет қажы ашқан қазақ мектебінде сабақ берген. 1907 ж. Санкт-Петербургте жалғыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетіңде М. Дулатовтың «Жастарға» деген өлеңі басылады. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 ж. Қазан қаласындағы «Шарк» баспасынан «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шығады. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргін ала келеді, ол тергеу органдарының бақылауына алынады, артынша «Оян, қазақ!» тәркіленеді. М. Дулатов Қызылжарда сот кеңесінде тілмаштық қызмет атқарып, мүғалімдік қызметін де жалғастырады, қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді. Сол кезде біраз уақыт М. Жұмабаев одан дәріс алады. 1910 ж. Қазандағы Каримовтар баспасынан Қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман деп аталатын, «Бақытсыз Жамал» романы жарық көреді. Бұл кезде М. Дулатов өз шығармашылығын өлең мен проза жанрында қатар дамытады. Әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе, «Айқап» журналына үзбей мақала жазып тұрады. 1912 ж. Орынборға келіп, осындағы азғана топ қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен, баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарады. А. Байтұрсыновпен бірге кыр өлкесінің ағартушылық-демократияшылдық бағыттағы тұңғыш биресми басылымы — «Қазақ» газетінің негізін қалайды (1913-1918 ж.). «Оян, қазақ!» кітабынан соңғы кезде жазылған өлендерін 1913 ж. осы Орынборда «Азамат» деген атпен жинақ етіп шығарып, 1914 ж. «Бақытсыз Жамалды» Қазанда қайтадан бастырып, 1915 ж. «Терме» атты жинақпен «Оян қазақтағы» өлендерін Орынборда тағы бір жаңғыртып шығарады да, өзінің ақын-жазушылық қалпын нығайтады. М. Дулатов осы жылдары журналистік, публицистік дарынын да мейлінше аша түседі. Алаш басшыларымен бірге М. Дулатов жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнайды. 1917 ж. Қызылжар сот мекемелерінде, 1918-1920 ж. Ташкент қаласындағы Түркістан республиканың «Ақжол» газетінде қызмет атқарган М. Дулатов 1922 ж. ешбір себепсіз абақтыға жабылады, бірак көп ұзамай босатылады. 1922-26 ж. ол Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Қазақстан мемлекеттік баспасында бөлім бастығы, «Еңбекші қазақта» редактордын стилистика жөніндегі көмекшісі болып істеген. Осы жылдары М. Дулатов екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын» әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарды. «Балқия» атты төрт перделі пьеса жазды. Сол кездегі республика астанасында қазақтың ұлттык театрының негізін құраған көркемөнерпаздар үйірмесінде қойылып, зор табыска ие болған бұл шығарманы қазақ кеңес театрының алғашкы репертуарлық бастауларының бірі деуге болады. М. Дулатовтың «Азамат» атты жинағында ақынның көңіл күйін білдіретін сыршыл сезімге, терең тебіреніске, ойшыл санаға қарай көбірек ойысып, шынайы поэзиялық өріске бет алғаны байқалады. 1924 ж. Орынборда «Қирағат кітабы» (хрестоматиялықоқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. Журналистік, көлеміндегі ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алды. 1991 ж. Жезказғанда өткен «Байкоңыр дауысы» фестивалінін бас жүлдегері болды. Нарманбет Орманбетұлының, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың мерейтойларында өткізілген ақындар айтысының жеңімпазы. 1990 ж. Шымкент қаласында ұйымдастырылған Майлықожаның 150 жылдық тойында I жүлдені, 1991 ж. Орынбай Таймановтың 100 жылдық тойында II жүлдені иемденді.

 

 

ДӘУЛЕТБЕКОВ АМАНТАЙ

ДӘУЛЕТБЕКОВ АМАНТАЙ (1917-1943 ж.), аға сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж.). Жаңаарканың түлегі. Алматы зоовет. институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген (1939 ж.). Армия қатарына 1939 ж. шақырылып, әскери қызметті Шығыста бастады. Дәулетбеков 1942 ж. көптеген қызметтес жолдастарымен бірге Брянск майданына жіберілді. Ол 13-армияға қарасты танкілерді ататын 1180 полктың артиллериялық тобының командирі болды. 1943 ж. 6 маусымда Орел мен Курск темір жолдары арасындағы Поныри қалашығы тубінде кескілескен ұрыс басталды. Поныри түбінде 13-армияның 307-дивизиясы полктері қорғаныста тұрды. Танкілерді ататын 1180-полкте ұрыс позициясында болды. Жаудың танкілері мен жаяу әскерлерінің көптеген шабуылына тойтарыс берілді. Дегенмен, жау 9 шілдеде 1019-аткыштар полкы тұрған аймақтан бекіністі бұзды. Дәулетбековтің қару-жарақ тобы қоршауда қалды. Аз ғана ер жүрек артиллеристерге 18 танк және сүйреткі 14 зеңбірек қаруы колданған жаудың әскері нөсерлете оқ боратты. Бұл ұрыс екі сағатқа созылды. Дәулетбековтердің қарулары кирады. Бірақ ұрыс тоқтамады. Артиллеристер жақындағы жауды гранатамен жойып, мылтық пен автоматтан оқ жаудырды. Олар жараланып, қансырағанда, гранаталары мен оқтары бітіп, шөлмекке құяр жанармай таусылғанда да ұрысты тоқтатпай жаумен жекпе-жекке шықты. Бұл 1943 жылғы 9 шілдеде Поныри түбінде болды. Батырлар қаза тапты. Бірақ фашистер Амантай Дәулетбековтың артиллеристерінің позициясыңда кираған 29 танкісін,сүйреткі 13 зеңбірегін және 200-ге дейін солдатын қалдырды. Жау осы шепте тоқтатылды.