КГУ "Карагандинская областная юношеская библиотека имени Жайыка Бектурова"
00:00:00





Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж.Бектурова"
www.uniorlib.kz

Яндекс.Метрика

Ақындар, жазушылар, қаламгерлер

1. Ақкісұлы Сайлаухан

Ақкісұлы Сайлаухан (1940-1995) Түгіскен колхозында туған. Қарағанды пединститутының тарих-филология факультетін бітірген. Еңбек жолын халық депутаттары Қарағанды қалалық кеңесінде бастайды.

1973 жылы жаңадан қүрылған Жезқазған облысының атқару комитеті төрағасының көмекшісі қызметіне шақырылъш, бұл жауапты міндетті бірнеше жыл абыроймен атқарды.

Қызмет бабымен Қарағаңдыға қайта оралған соң шығармашылықпен айналысты. 1993 "Жол болсын" атты өлендер жинағы жарык, көрдіі. "Атыңнан айналайын, Жаңаарқам" жинағына өлендері басылған.

 

2. Ақселеу Сейдімбек

Ақселеу Сейдімбек Сланұлы (12. 12. 1942), Қарағанды обл., Жаңаарқа ауд., Атасу ауылы - жазушы-ғалым. Филология ғылымының докторы (1997). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1963). 1968-75 ж. "Жас алаш" газетінде әдеби қызметкер. 1975-1976 ж. "Орталық Қазақстан" газетінің жауапты хатшысы. 1976-1983 ж. "Егемен Қазақстан" газетінде бөлім меңгерушісі. 1983-1987 ж. "Зерде" журналының бас редакторы. 1987-1997 ж. ҚР ҰҒА жанындағы "Әдебиет және өнер" институтында лаборант, аға ғылыми қызметкер, қолжазба бөлімінің меңгерушісі . 1997 жылдан Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан Білім проблемалары институтының директоры. 1998 ж. қайта құрылған Ы. Алгынсарип атындағы Білім аклдемиясының президснті. "Ақиық" атты алғашқы әңгімелер жинағы 1972 жылы жарық көрді. Ксйін "Қыр хикаялары" (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), "Аққыз" ( 1991) атты повестер мен әңгімелер,қазақтың өмір салты,әдет-ғұрпы,табиғат тіршілігінен мол хабар беретін «Кеніш» (1979), «Серпер» (1982), «Күңгір-күңгір күмбездер» (1983), әңгіме, повестері, сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі поэзиясындағы қара өлең жанрына арнаған «Мың бір маржан» (1989), күй мен күй аңыздарының қазақ мәдениетіндегі өліпдік орнын анықтап, күйшілер өмірінен қызықты да тың деректер келтіре отырып, онда күй аңызының құрылымы мен деректілігін, оның арақатынасын зерттеп, тұңғыш рет күй аңызының оқшау жанр екенін дәлелдейтін "Күй шежіре" (1992), Ұлы дала тарихына шолу жасап, тарихи түлғаларға сипаттама берген "Балталы, Бағаналы ел аман бол" (1993), түркі тектес халықтардың тарихынан, археологиясынан және этнографиясынан мол деректер қамтылған "Көшпелілер тарихы" (1995), халық тарихы мен мәдениетінің көкейкесті мәселелер туралы ой-толғаныстары мен тебіреністері сипатталған "Ойтолғақ" (1997), қазақ тарихы мен этномәдениетіне қатысты ой-пікірлері жинақталған "Қазақ әлемі" (1997) атты ғылыми еңбектері басылып шықты. Сейдімбеков Гомердің "Илиада", "Одиссея" (1974) эпостарын, И. Можейконың әлемнің "7 және 37 кереметі" (1988) атты кітабын қазақ тіліне аударды. Жазушының шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған. "Құрмет" орденімен марапатталған (1998).

3. Ақсұңқарұлы Серік

Ақсұңқарұлы Серік 1950 жылы наурыздың 29-ында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай кеңшарында дүниеге келген. Орта мектептi тәмамдағаннан кейiн Қарағанды педагогикалық институтында, С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттiк университетiнде оқыған. Өлеңдi 13 жасынан бастап жазған. 1986 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесi.

Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккерi», Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» газеттерiнде тiлшi, бөлiм меңгерушiсi болып қызмет жасаған. 1987 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлiмшесiнiң жауапты хатшысы болып жұмыс iстеп келедi. «Көктем тынысы» («Жазушы», 1975 ж.), «Қарлығаш» («Жалын», 1977 ж.), «ХХ ғасырдың жиырма сәтi» («Жалын», 1984 ж.), «Жез тасқын» («Жазушы», 1987 ж.), «Қызыларай» («Жалын», 1989 ж.), «Ғасыр кардиограммасы» (1991 ж.), «Адам Ата – Һауа Ана» (2000 ж.), «Өмiр деген – Күндi айналу» («Жазушы», 2005 ж.), «Төбемнен жауһар жауып тұр» («Қазығұрт», 2005 ж.) атты кiтаптардың авторы.

Ақын Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский, Анна Ахматова, Марина Цветаева, Назым Хикмет, Роберт Рождественскийдiң шығармаларын қазақ тiлiне тәржiмалаған. С.Ақсұңқарұлының шығармашылығын қазақ әдебиетiнiң классиктерi Ғафу Қайырбеков, Қуандық Шаңғытбаев, Сырбай Мәуленов, Мүсiлiм Базарбаев, Мұхтар Шаханов, Шерхан Мұртаза, Тұманбай Молдағалиев, т.б. жоғары бағалаған.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткерi. Өлеңдерi орыс, украин, түрiк тiлдерiне тәржiмаланған.

 

4. Аманжолов Қасым Рақымжанұлы

Аманжолов Қасым Рақымжанұлы (1911 ж. т.) қазіргі Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., — 17. 1. 1955, ; Алматы қ. — қазақтың көрнекті ақыны. Ауыл молдасынан хат таныған. Жетім қалғаннан кейін Семейдегі балалар үйіне орналастырып, сонда бастауыш білім алған. Бұдан соң Семейдегі мал дәрігірлік техникумын бітірген (1930). 1931 ж. Ленинградқа барып орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ денсаулығына байланысты оқи алмай қалып қойған. 1931-41 ж. "Лениншіл жас" (қаз. "Жас алаш"), Орал облыстық "Екпінді қүрылыс" газеттері редакцияларында, Орал облыстық театрында жұмыс істеген. Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен әскер қатарына шақырылып, 1946 ж. дейін, болады. Әскерден қайтқан соң біраз жылдар "Әдебиет және өнер" журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі болған. Аманжоловтың тұңғыш өлеңі Оралдың "Екпінді құрылыс" газетінде басылды. Тұңғыш жинағы "Өмір сыры" 1938 жылы жарық көрді. Осыдан былай қарай ақын қаламынан халық өмірі — өзі өмір кешкен заманы түйдек-түйдек жыр жолдарына өріліп отырды. Ақынның бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі осы кезеңдегі көркемдік сапасы аса биік туындылары қатарына "Ақын", "Бірінші май", "Жолдас маршал", "Жалғыз жалау", "Дүниеге жар", "Орамал", "Мен табиғат бөбегі" тәрізді өлеңдері жатады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі Қасым ақынның әбден қалыптасқан, ең шоқтығы да өнімді тұсы. "Құя алман үгітілген балшық өлең, Көңілімде көл жасаман тамшыменен, Серінің есірте соққан семсеріндей, Өлеңнің өткірін бір алшы менен", — деп ақын бұл кезеңде қазақ өлең өнеріне мазмұн жағынан да, түр жағынан да мол жаңалық әкелген. Көркемдеу құралдарының — образды сөз енерінің ақынның "Байқал", "Оралым", "Подполковник Альпин", "Дариға сол қыз" өлеңдері, "Мартбек", "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмалары жазылды. Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасын Ғ. Мүсірепов қазақ поэзиясындағы жаңа бетбұрыс деп бағалады. Аманжолоа Екінші дүниежүзілік соғысынан, халықтық жыр дәстүрін ілгері дамытып, батырлық, ерлік жырларының жаңа үлгісін жасаған, қазақ поэзиясын жаңа арнаға көтеріп жырлаған танымал ақын болып оралды. Соғыстан кейін Аманжолов не бары он-ақ жыл өмір сүрді. Көркемдік сапасы жоғары лирикалық өлеңдерімен қатар "Боран", "Біздің дастан", "Бикеш", "Жамбыл тойында", "Құпия қыз" тәрізді үлкен эпикалық поэмалар жазды. Аманжолов ақындығымен қатар үлкен сазгер де болған. Оның әнін де өзі шығарған "Дариға сол қыз", "Туған жер" т. б. шығармалары халықтың сүйікті әндеріне айналған. Аманжолов қазақ әдебиетінде аударма жанрының дамуына да зор үлес қосты. Ол А. С. Пушкиннің "Полтава", М. Ю. Лермонтовтың "Маскарад", А. Т. Твардовскийдің "Василий Теркин", Низамидің "Ләйлі-Мәжнүн" поэмалары, Т. Г. Шевченконың, В. В. Маяковскийдің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Қазақ поэзиясына он буынды өлең түрін енгізіп, оны әбден тұрақтандырды.

5. Ахметов Өтен

Ахметов Өтен-жазушы-драматург, КСРО Жазушылар одағының мүшесі /1982/. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген /1963/, 1963-66 жылы Жезқазған облысы Қарсақбай поселкесінде орта мектеп мұғалімі, 1967-1973,1987 жылдан «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі /1982-87 жылдары және 1989-1993 жылы редактор орынбасары/, телевизия және радио хабары жөніндегі облыстық комитеттің бас редакторы, 1993-1997 жылы төрағасы болды. Алғашқы «Алда күн бар» повесі 1973 жылы жарық көрді, одан кейін «Адам болғым келеді» /1975/, «Алтын арқау» /1977/ повестері, «Қоңыр үй» /1982/, «Заңғар» /1988/ романдары шықты. «Қазақтелефильм» студиясы түсірген «Қарқаралы қыздары» деректі телевизиялық фильмі сценарийінің, «Темірқазық», «Студенттер», «Құрыш пен қоныз» пьесаларының т.б. шығармалардың авторы.

 

6. Әбішев Әлжаппар

Әбішев Әлжаппар (15. 10. 1907 ж. т., Қарағанды обл., Қарқаралы ауд.) - жазушы, драматург. ҚР-ның халық жазушысы (1985). Жазушылық қызметін Қарағанды кен орындарында шахтер болып істеп жүрген кезінде бастайды. Жұмысшылар өмірінен жазылған тұңғыш кітабы -"Завал" (1936), "Еңбек ері - ел еркесі" (1938) әңгімесі Қазақстандағы өндіріс тақырыбына арналған. Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған "Төлеген Тоқтаров" (1944), "Саржан" (1945) повестерінде кеңес жауынгерлерінің жеңіске деген нық сенімі мен патриоттық рухы шынайы бейнеленеді. Әбішевтің прозалық көлемді туындыларының бірі - "Жас түлектер" (1945) романы. Онда Қарағанды кеніштеріндегі соғыс кезіндегі жастардың өмірі мен қажырлы еңбегі суреттеледі. "Үлкен жолда" (1948), "Терең тамырлар" (1952) повестері мен "Сахара сәулеті" романында Отан қорғау, табиғатты игеру тақырыбы сөз болады. "Найзағай" (1969) және "Атыңнан айналайын" (1988) романына қазақтың белгілі әнші композиторы Мәдидің өмірі мен творчествосы өзек болса, "Сәуленің күлкісі" (1978) повесінде Кеңес өкіметін орнату мен нығайту жолындағы адамдар өмірі суреттеледі. Әбішев творчесвосының ең бір шоқтықты саласы - драматургия, ол 30-дан астам пьеса жазды. "Отан үшін" (1939), "Жолдастар" (1940), "Қырағылық" (1941), М. Әуезовпен бірігіп жазған "Намыс гвардиясы" (1942), "Достық пен махаббат" (1947), "Мен өлмеймін" (1948) пьесалары Отан соғысы мен тыл өмірінің берік тұтастығы тақырыбына жазылған көлемді туындылар. "Достық пен махаббат" пьесасы қазақ драматургиясына қосылған үлес ретінде бағаланды. "Бір семья" (1948), "Күншілдік" (1954), "Кім менің әкем" (1957), "Белгісіз батыр" (1966) пьесаларында ескі мен жаңаның арасындағы тартыс, коммунистік мораль мәселесі қозғалады. •Армандастар" (1966), "Сәкен" (1965), "Мансап пен ұждан" (1977), "Көлеңкелер қалай жоғалады" (1978), "Мәди" (1977), "Нұрлы жаңбыр" 1981), "Кәусәр" (1982), "Ажалсыз адам" (1983), сондай-ақ "Сәкен аманаты" (1987), пьесалары _драматургтің творчестволық табысы ретінде қабылданды. Әбішевтің пьесалары әр жылдары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Бірқатар шығармалары одақтас республика халықтары тілдеріне аударылған. Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен, "Құрмет Белгісі" орденімен және медальдармен наградталған.

 

7. Әзиев Әмен

Әзиев Әмен Махатұлы (1927-2003), жазушы. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1971), филология ғылымдарының кандидаты (1970). ҚазМУ-ді бітірген (1950). 1950-52 ж.КазақКСРҒА Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері, 1952-61 ж. облыстық «Советтік Қарағаңцы» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, 1961 жылдан Қарағанды телевизия студиясының директоры, Қарағанды педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, ҚарМУ-дің, ҚарПТИ-дің доценті, қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының меңгерушісі болды. «Өтелген өкініш» (1965), «Сәнияз» (1907), «Шапағат» (1968) повестерінің, «Жез таулар» (1977), «Мыс ошағы» (1988) романының, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Қазыналы Сарыарқа» (1978), «Сокровище Сарыарки» (1986), «Ұлы дала ұлағаттары» (2001)тарихи очерктерінің авторы.

 

8. Әлжантегі Төкен

Әлжантегі Төкен, (1953 ж. т.), жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі (1995). Т. Айбергенов атыңдағы. сыйлықтың иегері (1998), халықаралық «Сорос-Қазакстан» қорының «Қазақстан әцебиеті-2000» конкурсының жеңімпазы (2000), Қарағанды облысы әкімінің «Жыл жазушысы-2000» сыйлығының иегері. Жаңаарқаның түлегі. Еңбек жолын Ақадыр аудаңдық «Ақадыр таңы» газетінде тілшіліктен бастап (1974), аудандық, кдлалык, облыстык газеттерде түрлі жұмыстар аткарған. «Жаңаарка» аудандық газетінің мәдениет бөліміңце қызмет істеді. Оның қаламынан туған өлең, прозалық шығармалар оқырман қауымға кеңінен таныс. «Армысың, ару күн!» (1987), «Ашық сабақ» (1991), «Қым-қиғаш тіршілік» (2000), «Ақ-қараның арасы» (2002), «Жартастан жеткен жаңғы-рық» (2003) атты кітаптардың авторы. Әзиев көркем шығарма жазумен катар сырлы сезімге толы бірнеше әннің («Жаңаарқа вальсі» т. б.) де авторы.

 

9. Балыкин Михаил

Балыкин Михаил Данилович (1924-2001), акьш, КСРО Жазушылар одағының мүшесіі (1960). 1941-45 ж. Ұлы Отан соғысьша катысқан. Семей облыстық радиосының, облыстық «Прииртышская правда» газетінің, «Советский Казахстан» (казір «Простор») журналының редакцияларында қызмет атқарды. 1957-1966 ж. «Қайнар» баспасыньщ редакторы, 1966-1981 ж. «Индустриальная Караганда» газетінің бөлім меңгерушісі, 1981-82 жылдары Қазақстан Жазушылар одағьшьщ әдеби консультанты. 1983 жылдан шығармашылық жұмыста. Балыкиннің «Мысалдар», «Басни» атты алғашқы кітабы 1951 жылы шықты. Одан кейінгі жылдары «Утро надежд» (1971), «Свидание в Боровом» (1976), «Мой белый свет» (1984) кітаптары жарык көрді. Қаламгер шығармашылығында өнеркәсіпті өлке тақырыбы үлкен орын алады, ол Қазақстан Магниткасының алғашқы қүрылысшьшары туралы «Начало пути» поэмасын (1960), Карағанды шахтерлері жөніңде «Марианна» атты (1981) өлеңмен жазылған повесть шығарды. Балыкин аудармамен де шұғылданады. 1964 жылы Қазақтың Абай атыңдағы мемлекеттік академиялық опера жөне балет театрының сахнасында қойылған Е. Брусиловскийдін «Наследники» операсьна либретто жазған. 2- ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

 

10. Бексейіт Сәбит

Бексейіт Сәбит Қыдырбайұлы (1950 ж. т.), акьш, Қазақстан Жазушылар одағыньщ мүшесі. Карағанды мемлекеттік университетін бітірген (1972). Қарағаңды облыстық радиосында, Ақмола, Қарағанды облыстық және аудаңдық газеттерінің редакцияларыңда қызмет атқарды. 1992 жылдан мемлекеттік қызметте. Облыс әкімі аппаратының бас маманы (2006). Өлендері 20 ғ-дьщ 70-жылдарынан республикалык басылымдарда, жинақтарда жарияланьш келеді.«Күннің шалқуыі»,«Келешек керемет» (2001), «Ел үмітін ер ақтар», «Кұт конған Қарағанды» (20003), «Назым-насыр» (2004), «Ғасырластарым» (2005), «Рамазан мерген және оның әулеті» (2006) деген кітаптары жарық көрді.

 

11. Бектұров Жайық

Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров 1912 жылы дүниеге келген. Ежелден моншақты атанған (қазіргі Ақмола облысы, Алексеев ауданы, «Үріті» ауылы) Ақкөл атырабы Жайық Бектұровтың кіндік қаны тамып, табан ізі түскен құтты мекен. Алғаш ауылдағы молдадан сабақ алып, ескіше хат таныған ол шаруа жастары мектебінде оқыған. Жайық Бектұров еңбек жолын ұстаздық етуден бастапты. Сонау Қазан төңкерісі тұсындағы жас ұстаз Сәкен ағасының ізімен ілгерлей бұрын «Ахмет ауылы» атанған, қазіргі «Интузияст» (Қарағанды облысының Нұра ауданы) совхозына келіп, мектепте мұғалім болған. Алғашқы жауқазын жырларын сол Ахмет ауылында жазған, Сәкен Сейфуллинге еліктеді ме, Жайық Бектұров 30-шы жылдардың басында қолына қалам алып, Ақмола қаласында шығатын «Сарыарқа» газетіне ел тұрмысынан шағын хабарлар жаза бастады. Жайық Бектұровтың ұзақ жылдарға созылған журналистік жазушылық еңбегінің бастау алған жері – осы Ақмола атырабы, «Сарыарқа» газеті. Ол содан бері ауыл, қала, интеллегенция, жастар өмірінен көптеген очерктер, әңгімелер, қазақ жазушылары жайлы әдеби сын, мақалалар жазады.

Ол 1934 жылы ҚазССР-інің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген, 1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, ал 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмәмдаған.

Жайық Бектұров 1932-1937 жылдары комсомол қызметінде болған, 1937-1939 жылдары республикалық «Лениншіл жас» жастар газетінің редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақтан» газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндеттерін атқарған.

1939-1940 жылдары Жамбыл облыстық газетінің жауапты редакторы, ол соғыс басталғанда дивизиялық газеттің редакторы болған.

1942 жылы мамыр айында Жайық Бектұров қамауға алынып, КСРО НКВД-сінің айрықша кеңесінің шешімімен РФСР Қылмыстық істер кодексінің 58-ші бабымен сырттай он жылға кесіліп, Солтүстік Оралға жер аударылды. Жабылған жала тек қана 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды.

КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, партия мен еңбек ардагері Жайық Кәгенұлы Бектұровтың қоғамдық және әдеби өмірдегі еңбегі оған атақ-абырой әкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі.

Публицист Жайық Бектұров өзінің ауқымды да бейнелі сөздерімен Орталық Қазақстанның көптеген фактілері мен тарихи оқиғаларын көпшіліктің жадына қалдырды.

Ол республиканың әдеби ортасында, кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның орталығы – Қарағандының шежіресін жазушы ретінде белгілі.

Жайық Бектұров өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық таланты арқылы облыс пен республиканың мәдени өміріне үлкен елеулі үлес қосты. Ол Қарағанды және Қарағанды облысының энциклопедиясының жасаушылардың бірі болды.

Оның көп жылғы әрі тынымсыз еңбегі көптеген үкімет наградаларымен марапатталған. 1977 жылы «Жол жоралғысы» деген кітабы шықты. Бұл жинаққа қаламгердің Ы.Алтынсаринмен, Ш.Уалиханов, Г.Потанин, қобызшы-жыршы Н.Атабеков жайлы тарихи-көркем очерктері енгізілген. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қажымай жинап, бастырудағы еңбегі өз алдына бір сала.

Жайық Кәгенұлы Бектұров Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Саттар Ерубаев, Әбділда Тәжібаев, Тайыр Жароков, Зейін Шашкин және өзге де қазақ ақын-жазушылары жайында көптеген сын, мақалалар жазған. Жазушы басқа ұлттардың әдебиетін озық үлгілерін қазақ оқырмандарына танытуда көп жұмыс тындырды. Жайық Кәгенұлының өрнекті тілімен қазақшаланған Г.Серебрякова, Петефи, Дефо, Гашек, Л.Пантелеевтің шығармаларын оқырмандар жылы қабылдаған. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бетінде жазушы Азия, Африка елдері қаламгерлерінің бірнеше әңгімелерін аударып бастырған. Кейінгі жылдары, яғни 1991 жылы «Өткел» өлеңдер жинағы, ал 1997 жылы «Қазақстан» баспасынан «Таңба» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап еліміздің шежіресіне қара таңба болып басылған отызыншы-қырықыншы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің алапат ащы шындығы жайында, сол нәубеттің құрбаны болған тұғырлы тұлғалар, талай тағдырлар жайында баян ететін туынды. Мұның жарық көруінің арасы 40 жылдай уақытқа созылған екен. Сол қырғынның өзі де куәсі болған, кезінде жазықсыз танылғандақтың кесірінен жапа шегіп, жалынды жастық жылдарын айдауда, азап лагерінде өткізген ардагер жазушының аталмыш романы тасада қалып, кеңес империасы тараған соң, жалғанның жарығына әрең шықты. Жалпы бұл шығарма азап лагеріндегі өмірді қазақ әдебиетінде бейнеленген тұңғыш еңбек. Жайық Бектұров – қазақ көсем сөзінің көш бастаушыларының бірі емес, бірегейі. Оның таяуда ғана “Қазақстан” баспасынан жарық көрген “Енеден ерте айрылған төл секілді…” атты кітабы – қазақтың біреуге бодан болған заманы мен бүгін өз алдына егемен ел болған кезеңін жалғап тұрған көшелі көсем ойының бір алтын жібі десе болады.

1998 жылы 26 наурызда сексен алты жасына қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров өмірден өтті. “Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артында сөз қалдырған” деп абай атамыз айтқандай Жайық Бектұровты өмірден өшіріліп кеткендер санатына қоса алмаймыз. Ол кісінің қалдырған мұралары көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың жадында мәңгіге сақталады. Жазған дүниелері тарихтың құнды құжаттарына айналатыны ақиқат. Қаламгердің жеке мұрасының мұрағат қорына алынды, өзі тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды, Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына Жайық Бектұров аты беріліп, онда кабинет-мұражай ашылды.

 

12. Бөкенов Абзал

Бөкенов Абзал (1949 ж. т.), ақын. Қазакстан Жазушылар одағыньщ мүшесі (1993). Актоғайдың түлегі. ҚарМУ-ді бітірген (1972). 1972-1997 ж. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, ұстаздык кызметте, Жезказған облысы, Приозерный аудандық газетінде тілші, әдеби қызметкер, «Жалын» баспасында редактор, «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, «Парасат» журналының жауапты хатшысы, «Түркістан» (бұрынғы «Заман Қазақстан») газетінде жауапты хатшы, саяси шолушы. 1997 жылдан шығармашылық жұмыста. Бөкен қаламынан «Бастау» (1986), «Жалғыз желкен» (1986), «Ғасыр канатында» (1988), «Салбурын» (1991), «Сүмбіле» (1992) жыр жинақтары туды. «Жалын» баспасының және Қазакстан Жастар одағыньщ респ. жабык бәйгесінің лауреаты (1977), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1993).

 

13. Бөкетов Евней Арыстанұлы

Букетов Евней Арыстанұлы (23.05.1925 ж.т. Сол. Қазақстан обл.,Октябрь (қаз.Сергеев) ауданы , Бағанат ауылы)-ғалым, жазушы, аудармашы. 1941-45 ж. бастауыш және орталау мектептің мұғалімі, Қазақстан кен-металлургия институтының металлургия факультетін бітірген (1945).Сонымен бірге, қазақ мемлекеттік баспасында редактор болып істеген. Сол жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар, әдебиет сыны, көркем аударма саласында да еңбек еткен. Букетов 1954 жылдан техника ғылымының кандидаты, 1954-60 ж. Қазақтың кен-металлургия институтында ассисент, доцент, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, 1960-72 ж. ҚР ҒА-ның Химия-металлургия институтының директоры. Букетов 1966 жылдан техника ғылымының докторы, 1967 жылы профессор атағын алды. 1969 ж. оған кен-металлургия комбинатында технологиялық процестерді интенсификациялау жөніндегі еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1970 ж. ол ҚР ҒА-ның корр. Мүшесі болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, Еңбектегі ерлігі үшін медалімен наградталды. 1972-79 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болды. Қазақстан химия ғылымының әлемдік деңгейге шығуы Евней Арыстанұлының есімімен байланысты. Өзі ректор боп қызмет атқарған Қарағанды мемлекеттік университеті бүгінде Евней Букетов есімінде. Букетов бірнеше монографияның көптеген көркем публицистиканың авторы. Сондай-ақ , көркем аударма саласында да елеулі еңбек етті. С.Есениннің «Анна Снегина», В.Маяковскийдің «Қандала», «Жақсы», аталатын шығармаларын қазақшалаған.

 

14. Боранбаев Қабыл

Боранбаев Қабыл (15. 7. 1915 ж. т., қазіргі Павлодар обл., Баянауыл ауд., - 9. 3. 1978, Қарағанды обл., Ульянов ауд., Жаңақала с.) - ақын. Отан соғысына қатысқан. Петропавл педагогикалық техникумын (1936), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген | (1946). 1932-33 ж. Қарағандыдағы N 3 шахтада еңбек етті. 1936-43 ж. Қарағанды облысында, Балқаш қаласында мектеп мұғалімі, директоры, Түркістан пед. училищесінде директордың орынбасары, 1946-52 ж. ҚазТАГ-та редактор, "Пионер" (қаз. "Ақ желкен") журналында редактордың орынбасары, 1952 жылдан педагогикалық қызметте болды. Боранбаевтың өлеңдері ресубликалық. баспасөзде 1937 жылдан бастап жарияланып алғашқы жинағы "Дәурен" 1949 ж. жарық көрді. Кейін бала сезімін, түйсігін, мінезін ойнақы әдемі тілмен жеткізе білген "Балалар шаттығы" (1949), "Ант" (1950), "Дос отряд" (1955), "Тапқыр бала" (1971), "Дән дария" (1977) т. б. өлең кітаптары шықты. Боранбаев Н. Некрасовтың, В. В. Маяковскийдің, К. М. Симоновтың, Б. Кербабаевтың, Ғ. Ғұламның жекелеген өлеңдерін, И. Василенконың "Жұлдызша" повесін аударған.

 

15. Брагин Алексей

Брагин Алексей Иванович (14. 7. 1911 ж. т., қазіргі Ленинград обл., Репино с.) - орыс жа-зушысы. Солт. Кавказ университетін бітірген (1931). 1931-41 ж. түрлі баспада тілші, әдеби қызметкер, 1941-53 ж. "Комсомольская правда", "Казахстанская правда" газеттерінде тілші, 1954-65 ж. "Простор" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. 1965 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы очерктер жинағы -"Төрт қаһарман" 1958 жылы жарық көрді. Бұдан кейін "Алыс және жақын" (1958), "Қазақстан жанарлары" (1959), "Қос тағдыр" (1962), "Бастауда (1964), "Тау етегінде" (1967), "Он мың таң шапағы" (1971), Жолдармен кездесулер" (1974), «Мың бұлақ көлі» (1978) атты өлең-очерк әңгімелер жинақтары жарияланды. Ж. Жабаевтың өлеңдерін, С. Сейфуллиннің пьесаларын, С. Мұқановтың "Менің мектептерім" (2,3-кіт.), "Мөлдір махаббат", "Аққан жұлдыз" романдарын орыс тіліне аударған. "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған.

 

16. Бұлқышев Баубек

Бұлқышев Баубек (1916 ж. т., Қарағанды (қазіргі Жезқазған) обл., Ұлытау ауд., - 1944) - жазушы, ақын. 1930 ж. "Ұлытау" совхозының сүт фермасында учетчик болып қызмет істейді. Ал 1937 ж. Алматы сауда-финанс техникумына оқуға түседі; 1939 ж. "Лениншіл жас" (қаз. "Жас алаш") -газетінде әдеби қызметкер, кейініректе "Октябрь балалары" газетінің бөлім меңгерушісі болған. 1940 ж. Москвада сапер училищесінде оқиды. Отан соғысына қатысқан. Баубек Бұлқышевтің әкесі Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдиннің басшылығымен өткен ұлт-азаттық қозғалысының белсенді мүшесі болған. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды публицист, ер жүрек жауынгер . Москваны ерлікпен қорғады. Украинаны азат етісті, сөйтіп 1944 жылдың бас кезінде қаһармандықпен майданда қаза тапты. Бұлқышев көптеген өлендер жазып, республикалық баспасөз беттерінде жариялады, оның "Алматы - менің туған қалам" деген бітпей қалған романы және "Айсұлу" деген поэмасы бар. Бұлқышевтың тамаша жазушылық таланты Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді. 1942 ж. мамырда "Комсомольская правда" газетінде Бұлқышевтің "О жизни и смерти (записки молодого казаха-фронтовика)" деген өршіл патриоттық публицистикалық мақаласы шықты. Бұлқышев өзінің әскери очерктері мен публицистикасын орыс тілінде жазып, үнемі "Комсомольская правда" газеті беттерінде жариялап отырды. "Я хочу жить", "Жизнь принадлежит нам", "Коварство и любовь" "Письмо сыну Востока", "Слушай Кавказ" және басқа мақалаларын Социалистік Еңбек Ері, көрнекті жазушы Ғ Мүсірепов қазақшаға ауда-рып, республикалық "Социалистік Қазақстан" (қаз. "Егемен Қазақстан") газетінде жариялады. Жауынгер қаламынан шыққан жалынды үн жерлестерінің жанын тебірентіп отты жылдарда өз ролін атқарды, болашақ ұрпаққа айнымас ұран болып қалды. 1946 ж. Москвада "Жизнь солдата" деген жинақ шықты, бұған Бұлқышевтың майдандық публицистикасы енгізілді. Бұлқышевтың көркем әдеби мұрасы 1948 ж. М. Иманжановтың редакциясымен шыққан "Өмір біздікі" кітабында, сондай-ақ "Жауынгер мәңгілігі" кітабында (1965, құрастырған Д. Әбілев, алғы сөзі Ғ Мүсіреповтікі) жинақталған.

 

17. Воейков Алексей

Воейков Алексей Александрович (1926 ж. т.), журналист, жазушы. Қырғыз мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1954). Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде, Барнаул және Қарағанды телестудиясында бас редактор болъш істеген. 1991 жылдан «Шахтерская неделя» газетінің редакторы. «Город солнечного камня», «Шахтерские горизонты», «Солона ты, земля» (дикан А. Христенко туралы) кітаптары шықты. Қазакстан Магниткасы, Қарағанды көмір бассейні, болат балқытушы А. Жүнісов, диқан, Социалистік Енбек Ері И. Иванов туралы телефильмдердің авторы.

 

18.Ерманов Жұрсін

Ерманов Жүрсін Молдашұлы (12.2. 1951 ж. т.), ақын, айтыс өнерін жаңғыртушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі. ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1975), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1982). Жезқазған қалалық, облыстық телерадиокомитетінде редактор, бас редактор (1971-1980), Қазақстан республикалық телерадиокомитетінде бас редактор, «Жұддыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі (1982-2003). 2003 ж. бастап Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нде «Айтыс» зертханасының меңгерушісі. Ерман «Жанартау», «Армысың арайлы таң», «Ұлытауға бардың ба?» өлендер жинақтарының авторы. М. Мақатаев атыңдағы сыйлықтың лауреаты.

 

19. Ерубаев Саттар

туғанына 95 жыл

(1914-1937)

 

Қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Асқарұлы Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген.

Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке қашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.

1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі. Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша С.Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, С.Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын қалдырып, елге оралады. Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары “Ленинская смена” газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, “Лениншіл жас” (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы; мәдениетте 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; білім беру саласында 1933-1934 жылдары Алматы жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтерін атқарады.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің “Қарағанды пролетариаты” газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер С. Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды. 1935 жылдың жазында С.Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар оқиды.

Бірақ бойын әбден меңдеп алған ауыр дерттен Саттар Ерубаев 1937 жылдың екінші маусымында көз жұмды. Онда ол бар болғаны 24 ғана жаста еді.
С.Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірімен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародияларымен елең еткізді.

С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: “Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!” депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім “Менің құрдастарым” романын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдардағы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды.
Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан “Бақыт”, “Мәңгілік өмір”, “Өмір көркемдігі”, “Келесі соғыс туралы” новеллалары, “Өмір туралы рапорт”, “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа” тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен, қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады.
Аяқталмаған “Менің құрдастарым” романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма.

Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады. Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді. С.Ерубаев М.Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді.

 

20. Жайлыбай Ғалым

Жайлыбай Ғалым 1958 жылы Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» совхозында туған. Ақын. «Алаш» сыйлығының лауреаты (1999), жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Ұзақ жыл ауылда шопан, жылқышы . болып жұмыс істеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте болған. 1993 ж. Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген. ҚР Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған. Қазір Халықаралық Қ. И. Сәтбаев қорының вице-президенті. Поэзиялық туындылары оқырмандардың ықыласына ие болғ-ан. "Жанымның жапырақтары" (1988), "Жүрегімнің жұлдызы" (1996) атты жыр кітаптарының авторы. Соңғы жыр жинағында лирикалық ішкі иірімдермен қоса философиялық ой түюлері оқырман көңілінен шықты. Жайлыбай өлеңдері табиғи да қарапайым. Тілдің қасиеті, мүмкіндіктері көрінеді. Айналасына суреткер көзімен қарауға қалыптасқан. Ақын жырларында өмір, табиғат, тағдыр тылсымдары астасып жатады. Өлеңдері орыс, украин, қырғыз тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Халық ақыны Жолдыкей Нұрмағанбетұлының артында қалған мол мұрасын жинап, алғысөз жазып жеке жинақ етіп бастырған ("Сұлутерек", 1996) "Жанымның жапырақтары" жыр жинағы үшін 1999 жылы "Алаш" сыйлығы берілген. Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі. Қытай Халық Республикасы Күйтің қаласынан шыққан "Сүмбіле" деп аталатын қазақ ақындарының жыр жинағына өлеңдері енген.

 

21. Жанысбай Сүйіндік

Жанысбай Сүйіндік Жұмабайүлы (1949 ж. т.), журналист. ҚарМУ-ді бітірген (1972). Облыстық телерадиокомитетте редактор, Қарағавды обл. «Орталық Қазакстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі. ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері (2004). Милиция өмірінен жазылған «Өкініш» және «Взятка» деректі очерктер жинағының (1999), «Ауылды аңсадым» (2003) өлендер жинағының т. б. кітаптардың авторы.

 

22. Жарылғапов Ісләм

Жарылғапов Ісләм (1918-1991) Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданыа қарасты , Бірлік ауылының Көктал деген жерінде туған. 1926-27 жылдары ауыл молдаларынан сауат ашып, кейіннен жаңаша оқуға іліккен. "Қызылтау", «Жартас», «Атасу» мскгсптерінде оқыған соң Алматы педагогикалық училищесін /1934-1938 ж.ж./ бітіріп Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. Дипломатия академиясының тындаушысы болған. Онда Жапония секциясының теория курсын тындаған (1944-45 ж. ж.),

Ісләм Жарылғапов /1942-74 жылдар аралығында мектеп мүғалімі, институт оқытушысы, Алматы облыстық комсомол комитетінің секретары, Москвада БКЛЖО Орталықкомитетінің нүсқаушысы, Алматы квлалық комсомол комитетінің бірінші секретары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орьшбасары (1946-52 ж. ж.), партия тарихы институтының ага ғылыми қызметкері, "Жазушы", "Қазақстан" баспалаының аға редакторы, редакция мсңгерушісі, Қазақ ССР мәдениет министрлігінің коллегия мүшесі, Өнер басқармасының бастығы, Қазақ ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің Бас редакторы, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, "Жұлдыз" журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, аударма советінің председателі секідді қызметтер атқарған.

Iсләм Жарылғапов Ленин шығармаларын аударушылардың бірі. Көркем өдебиет саласында Пришвин, Герман, Горький, Шолохов, Герцен, Тургенев, Тол­стой, Пушкин, Ниязи, Леонидзе, Исакян, Вахтанг, Әзиз Несин, У-Ян, Клара Цеткин, Вилли Бредель, И-Р. Бехер, т. б. әр жанрдағы шығармаларын казақшалаған. Белгілі аудармашы әрі тіл маманы оқта-текте өлең де жазады. Алайда Ісләм Жарылғаповтың басты табысы оның қазақша жаңа сөздер жасап, бүгінгі омірімізге енгізуінде. Оған мысал: читатель-оқырман, зритель-көрермен, мороженое-балмұздақ, яичница-уыздық, пляж-жағажай, детсад-балажай, роддом, родильная-іңгәжай т. б. көптеген осы тектес ана тілімізді байыта түсетін сөздер.

Iсләм Жарылғаповтың "Үздік мұғалім", "Үздік мәдениет қызметкері", "Үздік баспасөз қызметкері" атақтары бар. Түрлі құрмет грамоталарымен наградталган.

57 жыл тұрған мекені Алматы шаһарында дүние салған Іслем Жарылгапов өзінің өсиеті бойынша туған жеріне өкеліп жерленді. Архитектурасы әсем мазар салынды. Ақтасты селолық округіндегі орталау мектепке I. Жарылғаповтың есімі берілді. Мүражай ашылды.

 

23. Жойқынбеков Қанат

Жойқынбеков Қанат (1937 ж. т.), жазушы Нұраауданының тулегі. ҚазМУ-ді бітірген (1961). Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде аға қызметкер, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Целиноград облысындағы меншікті тілшісі, «Жазушы» баспасында редактор болған. «Махаббат әлдиі», «Азамат арманы», «Оралу», «Біздің ауылдың адамдары», «Замаңдасттар», «Өз тағдырыңа қожа бол» атты прозалық кітаптардың, «Төрт боздақ пен бір қыз», «Азамат болсаң» пьесаларының авторы.

 

24. Жұмаділдин Асан

Жұмаділдин Асан (10. 5. 1927 ж. т., Жезқазған обл., Жаңаарқа ауд., С. Сейфуллин атынд. с-з) - жазушы. Қарағанды педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген (1961). 1941-42 ж. Қызылтау руднигінде жұмысшы, 1943-52, 1954-73 ж. Жаңаарқа мектептерінде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде инспектор, 1952-53 ж. Облыстық "Советтік Қарағанды" газетінде әдеби қызметкер, 1973 жылдан Жаңарқа аудандық "Жаңа Арқа" - "Новая степь" газеттерінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары. Шығармалары 1946 жыл­дан жариялана бастады. "Келіншек" атты тұңғыш жинағы 1968 ж. жарық көрді. Одан кейін "Сең бұзылғанда" (1972), "Қайырлы сапар" (1977), "Жұмысшылар әулеті" (1981), "Құт құбыры" (1982) повестер мен әңгімелер жинақтары жарық көрді. Жұмаділдин Асан туындыларының негізгі тақырыбы соғыстан кейінгі колхоз тұрмысы, ауыл жастарының өмірі, жұмысшы еңбеккерлердің өрен табыстары, бүгінгі индустриялық өндіріс т. б. болып келеді.

 

25. Жүністегі Кәмел

Жүністегі Кәмел (1939 ж.т.;, жазушы. Шет ауданының түлегі. Қарағанды педагогика институтын бітірген (1971). 1959- 1991 жылдары Алайғыр кен зертгеу партиясынца ауысым мастері. Ақсу-Аюлы орыс мектебінде оку ісіінің меңгерушісі, аудаңдык оқу бөлімінде әдісккер, аудаңдык «Білім» коғамының жауапты хатшьсы, табигат қорғау комитетінің төрағасы, аудаңдық мұражайдың директоры. 1991-2005 ж. Аудандық газетгің редакторы. Кәмел өлке тарихын зертгеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс аддывда салдыраған қамалынын калдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми макалалар жариялап «Дос көңілі» (1981), «Көне хикая» (1987), «Көне хикая» ( 1989) атты әңгіме, хикаяттар жинағы, «Құба белдер» трилогиясы жарық көрді. «Тар заман» спектаклнің авторы. Әуеской сазгер ретінде танымал.

 

26.Игенсартов Ғабдіман

Игенсартов Ғабдіман (12.03. 1902 ж. т., қазіргі Қарағанды облысы,, Қарқаралы ауд., - 15.2.1976, Қарқаралы қ.) –ақын. ҚазКСР-інің халық ақыны (1962).Жастық шағы байлардың есігінде өткен.Ескше хат таныған. Өз бетінше сауат ашқан. 1923 жылдан бастап ауыл істеріне белсене араласқан. 1927-28 ж. Темірші болысы жалшылар комитетінің, 1928-30 ж. Қарқаралы округтік атқару комитетінің төрағасы. 1930-56 ж. Қарағанды обысының кеңес органдарында, шаруашылық мекемелерінде қызмет атқарады. Отан соғысы жылдары көмір кеніштерінде жұмыс істеді. Қарағанды облыстық "Советтік Қарағанды" (қазіргі "Орталық Қазақстан"), Қарқаралы аудандық "Коммунизм таңы" газеттерінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі болды. Игенсартов өлеңді 20-жылдардан бастап жазды. Келеңсіз құбылыстар мен жағымсыз әдеттерді шенеген сатиралық өлеңі "Ақ қошқардың жоқтауы" (1930) Кеңес заманындағы азат еңбекті жырлаған тұңғыш поэмасы "Ақ бидай" (1934) Семей облыстық "Екпінді" (қазіргі "Се­мей таңы") газетінде жарияланды. Замандастарының жарқын бейнесін халықтар достығын, туған өлке кеншілерін жырға қосқан. "Лавадағы өмір" (1949 таңдамалы, 1985), "Шахтер сөзі" (1953), "Шынар" (1961), "Арман" (1964), "Тың дала" (1968) "Айдар Әбек" (1970) өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. 1929 ж. ҚазКСР ОАК-нің мүшелігіне сайланды, РСФСР Кеңесінің 14-, Бүкілодақтык, Кеңестердің 5-съезінің делегаты болды. Қарқаралы қаласының орталық көшелерінің бірі Игенсартов есімімен аталады.

 

27. Иманжанов Мұқан

Иманжанов Мұкан (1916-1958), жазушы. Ұлытаудың түлегі. Алматыдағы есеп-санақ тех-никумын бітірген (1938). 1938-1958 ж. Республикалық радиохабарлар тарату комитетінде, «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби кызметкер, бөлім меңгерушісі, «Пионер» журналында бөлім меңгерушісі қызметінде болды. Тұңғыш әңгімелер жинағы — «Жастық» 1948 ж. жарық көрді. Бала тәрбиесіндегі мұғалімдердің рөлін айрықша баға-лаған «Алғашкы айлар» (1950, орыс тілінде - 1955) повесі, «Таныс кыз» (1952, 1972, орыс тілінде — 1953, 1956) әңгімелері мен романы шықты. Тың игерушілер өмірінен жазылған «Тыңдағылар» (1956) әңгіме және очерктер жинағы басылды. Иманжанов шығармаларында заманымыздың көкейкесті проблемаларын, еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, адамгершілік қасиетін суреттеді. «Көк белес» (I960) романы, «Өркен» (1980) атты мақалалар, естеліктер кітабы, балаларға арналған әңгімелері «Шаңғышьшар» (1983) деген атпен шыкты. Иманжанов драматургия саласында да жемісті еңбек етті. «Жас өмір» (1948), «Менің махаббатьм» (1954) повесі мен пьесалар жинағы, «Сөнген шам» (1957) са-тиралық комедиясын жазды. Қызьл Жұлдыз орденімен марапатталған. Ұлытау ауылының орталық алаңьша Б. Бұлқышев екеуінің ескерткіші орнатьшған. Игенсартов есімімен Жезқазған, Ұлытауда кө­ше аталады.

 

28. Кәрібаева Бақыт

КәрібаеваБақыт (1943 ж. т., Жаңаарқа ауд.) - ақын, әдебиет зерттеуші-ғалым, филология ғылымының докторы (1996). Абай атындағы Алматы мемлекеттік ун-тінің филол. Факультетін бітірген(1965). 1965-1966 ж. Жаңаарқа ауданының Ынталы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1967-1970 ж. Қарағанды педагогикалық институтында кітапханашы. 1970-1973 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, «Мұқан Иманжанов прозасындағы замандас бейнесі» деген тақырыпта ( ғылыми жетекшісі — доцент Т. Әбдірахманов) кандидаттық диссертация қорғайды. 1975 жылдан бері Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, профессор болып қызмет атқарады. 1994 жылы Бішкек қаласында «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды.

 

29. Көшімов Әуезхан

Көшімов Әуезхан (15.12.1911 ж.т., Шет ауданы-1993 қайтыс болған )- ақьн, жазушы. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1940).1941-43ж). Ұлы Отан соғысына катысты. 1943-1956_ж. Қарағанды облыстық радиосының бас редакторы, халық шығармашылық үйінің (Қарағанды)директоры, Қазақстан Жазушылар одағының Қа­рағанды облысы бойынша өкілі, 1956-58 ж. Алматы облыстық радиосының редакторы, 1958 жылдан шығармашылық жұмыста болып, Қарағандыда тұрды. Қарағандыдағы 1943 жылғы ақындар айтысын ұйымдастырушылардың бірі. Тұңғыш өлеңдер жинағы — «Көңіл күйі» 1949 ж. шықты. «Екі бүркіт» повесінің, «Қарт аңшының әңгімесі» (1959 ) атты әңгімелер жинағының, С. Сейфуллиннің өмірі жөнінде «Лашын хикаясы» (1965), Азамат соғысы жылдары туралы «Қысталаң жыл» (1969), повестерінің, «Күй сөйлейді» (1969) поэмасының балаларға арналған «Жас аңшы» (1971), «Тепенкөк» (1976) пьесаларының авторы.

 

30. Қашқынов Жеңіс

Қашқынов Жеңіс (4. 3. 1942 ж. т., Жезқазған обл., Ақтоғай ауд., "Қуаныш" колхозы) - ақын. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген (1964). Алғашқы кезде респ. "Лениншіл жас" (қаз. "Жас алаш") газетінде істеп, 1965 ж. қазақ радиосында қызмет атқарып келді. Қашқынов өлеңді мек-тепте оқып жүрген кезден бастап жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері 1959 ж. республикалық "Пионер" (қаз. "Ақжелкен") журналы мен "Қазақстан пионері" (қаз. "Ұлан") газетінде жарық көрді. Бүгінде он бірге тарта жыр кітаптарын шығарған автор Өлеңдері орыс, украин, өзбек, молда­ван, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылды. Ол сондай-ақ бірқатар бауырлас жырларды ана тілімізге аударды. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, грамоталармен марапатталған.

 

31. Ләмбекұлы Сапарғали

Сапарғали Ләмбекұлы 1938 жылдың 5-ші маусымында Қарқаралы ауданындағы Милыбұлақ ауылында шаруа отбасында дүниеге келді. Әкесі Ләмбек Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, шешесі Рысбала қартайғанша ауылда еңбек еткен. Өзі он екі жасында екі құлағы естімей қалады, соған қарамастан сау балалармен бірге оқып, білім алды, ауыл мектебінің жетінші сыныбында жүргенде, 1951-ші жылы тұңғыш өлеңі аудандық «Еңбек майданы» газетінде жарияланды.

Қарқаралы қаласындағы №1 қазақ орта мектебінде оқып жүргенде облыстық «Советтік Қарағанды» (Орталық Қазақстан) газеті бетінде көріне бастады, онжылдықты бітіргеннен кейін аудандық «Еңбек майданы» (кейінгі «Коммунизм таңы», «Қарқаралы») газетінің редакциясына қызметке тұрды, сырттай оқып ҚазМу-дың журналистика факультетін бітірді.

Сапарғали Ләмбеков ұзақ уақыт баспасөзде қызмет істей жүріп, көркем әдебиетпен үзбей шұғылданады, әр түрлі жанрда көптеген шығарамалар жазды, ақындар айтысына қатысты. «Қарқаралы саздары» атты өлеңдер жинағы(Алматы, Жазушы,1968), «Қыр қырандары» очерктер жинағы(Алматы, Қайнар,1970), революционер У.Жәнібеков туралы «Тайталас» романы(Алматы,Жалын, 1980), ұлы күйші Тәттімбет Қазанғапұлы туралы «Тәттімбет» романы (Алматы, Өнер,1993), Алаш азаматтары жайындағы «Арыстар» диалогиясы (Астана,Елорда,1-ші кітабы-2000 ж.,2-ші кітабы-2004 ж), балаларға арналған «Еділбай» кітапшасы (Алматы, Жалын,1980 ж) , Қарағандыдағы «Арко» баспасынан «Тағдырмен тартыс» ғұмырнамалық хикаясы (2001 ж), «Туған елдің түтіні» публицистикалық жинағы(2003) «Сырперне» өлеңдер жинағы (2004 ж.) жарық көрді. 2006 жылы шахтерлер туралы жазылған «Қатты қабат» романы мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шығады.

С.Ләмбекұлы – Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер одағының мүшесі, КСРО баспасөз үздігі, Қазақстан Журналистер одағының Кәкімжан Қазыбаев атындағы,бірнеше әдеби бәйге сыйлықтарының иегері, Қарқаралы ауданының құрметті азаматы.

 

32. Мамыр Базар

Мамыр Базар (1953-2004), журналист, ақын. қКарМУ- ді бітірген (1974). Облыстың телерадио-ко-митетінде редактор больш істеді. Оның облыстық радиодан жүргізген тарихи-танымдық «Зерде» бағдарламалы көпшілік көңілінен шықты. Өлеңдері республикалык, облыстық басылымдарда жарияланып тұрды. 2002 жылы жыр жинағы жарық көрді.

 

33. Могильницкий Валерий

Могильницкий Валерий Михайлович (1940 ж. т.), журналист, жазушы. Қаскелеңнің түлегі. Львов мемлекеттік университетін бітірген (1962). Львов, Владивосток, Донцағы Ростов қалаларының газеттерінде, отыз жылдай республикалық «Казахстанская правда» газетінің Жезқазған және Қарағанды облыстары бойынша меншікті тілшісі болды. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Могильницкийдің туған өлке туралы «Сарыарқа», «На земле Сатпаева», «Город в степи», «Медь Жезказгана», «Люди, которых любят», «В самом центре Евразии», «Созвездие талантов», «Просторы Сарыарки», «Страницы большой жизни», «Қарағанды», «Звезды Гулага», «Люди победы», «Черные розы маршала» публицистикалык көркем кітаптары, «Свет окна» деген өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Қазақстан Журналистер одағьшың Б.Бұлқышев атыңдағы сыйлығының лауреаты. 1998 жылдан «Қарағаңды облысы Жазушыларының одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Жезқазған қаласының кұрметті азаматы.

 

34. Мұқышев Қабыкен

Мұқышев Қабыкен (1920-1976), ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1943), ҚазПИ-ді бітірген (1941). Қарағанды мұғалімдер институтының оқьггушысы (1943-45), облыстық оқу бөлімінің кабинет меңгерушісі (1945-48), мектептерде мұғалім (1948-1958) болды. 1958 жылдан шыгармашылык жұмыста. 15-тен астам өлең жинақтарының авторы. («Алтын арқа», 1948; «Жақанның арманы», 1950: «Поэмалар», 1958; «Құзар шыңдар», 1972 т. б.) Мұқышев өз шығармаларьшда Сарыарқаның өткен тарихын толғайды. Қарағанды көмірін ашқан Аппақ Байжанов туралы «Аштық туралы аңыз», 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс тарихына арналған «Арқадағы арпалыс» атты поэмалар жазды.

 

35. Мұстафин Ғабиден (1902-1985)

Жастық шақ. Алғашқы қадам.

 

Әдетте, жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап жатады. Ғабиден Мұстафин мұрасы - осынау қағиданың дәлелі мен айғағы. Ол 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келді. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді» - дейді ол кейін жастық шағын қынжыла, мұңая еске алып. Кішкентай жүректе жанған шырақ оқу-білім іздетеді, 1916 жылы зауыттағы орысша-қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады. «Қайтып оқуға мұрша болған жоқ» - деп өкінеді кейін жазушы. 1918-1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады. Білімге деген құштарлық Қазақстанның сол кездегі орталығы Қызылордадан оқу іздетеді. Бірақ балалық шағында алған шамалы білім оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді де, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Жазушының өзі айтқандай, көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жылдары оянады. Жиырмасыншы жылдар туған еліміз үшін аса бір маңызды кезең еді. Ауылдағы негізгі тартыстар Азамат соғысынан кейінгі ауыртпалықтар, әлі оңы мен солын айыра бермейтін кедейлердің қиын хал-күйі төңірегінде өрбитін. Жастайынан талай қиянат көрген болашақ жазушы қайнаған өмір ағымынан сырт қала алмады. Өзінің алғашқы қадамы туралы «көргенімді, сезгенімді жазатынмын» - дейді Ғабең. Демек, жазушылық өмірінің алғашқы сәтінен бастап бүкіл өнер жолына үлкен әсер осындай тартыстардың қызу ортасы еді. Жас талапкер өзі көрген, сотқа келіп түскен шағымдарда айтылған қиянат, мұң-шер, жапа шеккен адамдар туралы нақтылы оқиға негізінде жазған хабарлам, очерк, фельетондарын «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне жариялап жүрді. Сөйтіп, Ғабиден Мұстафин алғашқы қалам тартысынан-ақ өзінің өзекті тақырыбын - бүгінгі қайнаған өмірді дәл тапты. Тұңғыш кітабы «Ер Шойынға» (1929) арқау болған да өзі жақсы білетін ауыл өмірі, кедейдің сана-сезімі, таптық күрес еді. «Ер Шойын» - жазушының ғұмырлық тақырыбын белгілеген, өзінің талабы мен талантына сенім туғызған ерекше мәні бар жинақ.

Белгілі сыншы-ғалым З.С.Кедрина жазушының өнер жолын саралай келіп, оны тың тақырыптарға алдымен баратын батылдығын, жаңашылдығын «творчестволық барлауда» деп, басып айтты. Жинаққа кірген тұңғыш шығармасы «Сәрсен мен Боқаш» (1927-1928), «Ер Шойын», «Қан», «Қашқын» сияқты әңгімелерінде ауылда өтіп жатқан таптық тартысты нақтылы оқиға-көріністер арқылы реалистік дәлдікпен бейнеледі. Жазушының ыстық ықыласы қаналған тап жағында. Көркем образдар арқылы: «Адал еңбегінің қызығын көрмей, «адам!» деген ардақты атқа қолы жетпей қиналған адал жандар осылар!» - дейді жазушы. Байдың малын бағып, байлығын көбейтіп жүрген құтты қол жандар жас жазушыға адамгершілік пен ақиқаттың өзіндей көрінеді. Осындай жандарды сүліктей сорып, басын көтертпей езгіге салған үстем тапты автор жиіркенішпен, жек көре суреттейді. Жазушының мақсаты айқын, мүддесі ашық - кімді жақтайтыны, кімді даттайтыны түсінікті. Таптық күресте қажыр-қайрат. Ұйымшылдық қажеттігін суреттеген «Ер Шойын» жинағы тартыстың әлі толастамаған кезінде шыққанын ескерсек, кітаптың әлеуметтік, тәрбиелік мәні ерекше болғанын түсіну қиын емес. Жас қаламгердің шығармаларында кейбір біркелкілікке құрылып, жинақтау сипаты, көркемдік мәнерлеу, тіл шеберлігі жетпей жатқанмен, алғашқы қадамынан-ақ автордың азаматтық белсенділігі, мақсатының айқындығы анықтала түседі. Бірақ Ғ. Мұстафиннің ізденісі жеңіл болды, қиыншылыққа кездеспеді десек, шындықтан ауытқыр едік. Жас кезінде жүйелі білім ала алмаған жазушыға өмір – білім бұлағы, еңбек - өнер шырағы болды. Баяу қалыптасып, жеңіл шығармалар да жазды, бірақ тынымсыз еңбек, іздену, оқу білімді, парасатты, қайраткер жазушыға айналдырды.

Жаңа кітаптың қуанышы басылмай жатып, өмірді терең зерттеу қажеттігін түсінген қаламгер Қарағанды қаласындағы қайнаған еңбек майданына (1930) араласып кетеді – үш жыл шахтада жұмыс істейді, жер қазады, токарь мамандығын игереді. «Мен келгенде, - дейді жазушы, - Қарағандыда бес-алты жаман барак қана, 30-40 жұмысшы ғана бар еді. Олар көмірді қайламен қазып, сыртқа темір шелекпен қол бұрау арқылы шығаратын. Шахта дегендері – бір ғана құдық».

1933 жылы Ғ. Мұстафин «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалады. Бірақ көп кешікпей қазақ тілінде «Қызыл ту» атты жаңа газеттің ашылуына байланысты Новосибирь қаласына ауыстырылады. Өмірлік тәжірибесі байыған, журналист ретінде қаламы төселген Ғ. Мүстафин 1938 жылы газет жабылысымен Алматыға көшіп келеді. «Бұл менің тоғыз жыл бойы жазушылықтан қол үзіп кеткен, қайта оралған шағым», - деп жазады Ғабең.Астана жазушыға көп әлеуметтік-қоғамдық жағдайды жаңа биіктен бағалауына, әдеби-мәдени өмірмен етене араласуға мүмкіндік береді. Сол бір идеология майданы шиеленіскен таптық тартыстың қызу жылдарында қаламгер, өзі айтқандай, күресші өнердің шебінде болды. Оның көз алдында жалынды ақын Сәкеннің. Cәбит пен Бейімбеттің, ұлы Мұхтар мен Ғабиттің үлгі тұтар жарқын бейнелері тұрды. Дәл осы жылдары әдебиетті көп оқып, көп үйренді. Жаңа өмірдің әсерімен философиялық, эстетикалық көзқарасы қалыптасып, әдеби талғамы биіктей береді. Көптен көңілін қобалжытқан етене жақын тақырыбы – Қарағанды шахтерлерінің өмірінен «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады (1939). Бұл - оның үлкен қаламгерлік жолының бастауын аша түскен кітап еді.

Он жыл (1939-1948) «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз» журналында қызмет істей жүріп, басында әдеби қызметкер, кейін редактор) ел өмірімен кең танысып, жазушылық еңбекке біржолата бет бұрады. 1942 жылы «Айғақ» атты шағын пьеса, «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Құлаған құз», «Керуен» секілді әңгімелер жазды. Жазушының кемел кезі басталады.

Замандас туралы жыр. Үлкен жанр өрінде.

1940 жылы Ғ. Мұстафиннің алғашқы көлемді туындысы - «Өмір мен өлім» романы жарыққа шықты. Бұл – қазақ әдебиетіндегі ауыр өнеркәсіпке еңбек еткен жұмысшы табы мен техникалық интеллегенцияны бейнелеген тұңғыш шығарманың бірі еді. Қарағанды да көтеріліп келе жатқан зор жаңалық кеңінен суреттелгенмен, алғашқы әңгімелерде кеткен кемшілікті бұл кітаптан да байқауға болар еді. Әйтсе де, жаңа шығарма болашақ романистің шеберлігін шыңдауда үлкен мектеп болды.

«Өмір мен өлімнен» кейін қаламгердің сәтті кезеңі басталады. Ауылдағы өзгерістерге арналған «Шығанақ» (1945) пен «Миллионер» (1948) жарық көреді. Көп кешікпей орыс тілінде жарияланған бұл шығармалар қаламгер есімін кеңінен танытады. Мұстафин шығармалары шет тілдерге аударыла бастайды.

Қазақ әдебиетінің көрнекті туындысына айналған «Қарағанды» романы (1952) мен жазушы шығармашылығының бір шыңы – «Дауылдан кейін» (1960) романы басылып шығады. Соңғы жылдары өз басынан кешкенін, көргенін ғұмырнамалық «Көз көрген» романында жинақтады.

Өте маңызды тақырыптарға арналған бұл романдарға кең тұрғыдан қарау керек. Жиырмасыншы жылдардағы кескілескен таптық тартыс, қалың бұқараның рухани өзгеруі, ауылдың өзгерісі ен далаға өнеркәсіп алыптарының салынуы – феодалдық құрылыстың тас-талқаны шығып, жаңа бір қоғамның қанат жаюы кең бейнеленген кең құлашты шығармаларға айналды.

Шығанақ туралы сыр.

Қазақ әдебиетінде шаруа еңбек адамдары тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болғаны – «Шығанақ» романы.

Өмірдің талай бел-белесін басынан кешірген Олжабек бейнесі өзінің типтік сипатымен ауылдардағы миллиондаған орта шаруаның жолайырықтағы әуре-cарсаның шыншылдықпен әйгілейді. «Өзімдікі» дегенде өзегі талып, көкірегінің күйгеніне қарамай, жалғыз саяғын көш жерден іздейтін Олжабектер аз болған жоқ. Бұл өмірден алынған шындық еді.

Табиғатында момын, қақ-cоқпен ісі жоқ Олжабек азын-аулақ жиған-тергеніне қатер төнгенінде шиыршық атып шыға келеді – кәкір-шүкірін ортаға өткізуге іші қимай, үй-ішімен колхоздан қашып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған Жерұйықты іздеп жөнеледі. Ойлап қараңдар: жылдар-жылдар тырнақтап жиған көз құртты – азғантай малынан айрылғалы тұрғанын сезгенде Олжабектің көкірегіне дерт құйылып, тұла бойы қызғаныштан удай ашиды – тас қияны паналап, айдалаға безіп кетеді. Ал, дәл осы кезде Россия орталығында Никита Моргунок, шалғайдағы қара қазақ Олжабектей, еркіндік іздеп қаңғи жөнеледі. Олжабектің көрген күні қараң: әйелі мен баласынан, қызғыштай қорыған «байлығынан» айрылған, бандының талауына түскен, өлімші болып сабалған Шығанақ ел ішіне қайта оралып, қызу еңбек еткен сүттей ұйыған абзал жандар ортасынан құтты қоныс, бақыт табады. Сөйтіп, жазушы сайы мен саясы мол өмірді, қаға берісі мен қалтарысы көпт адам тағдырын бар болмысымен тұтастай ашады.

Романның бас қаћарманы – Шығанақтың өмір жолы --- адам деген ардақты атты, түсте көрген арманын, бақытын еркін еңбек, қосқан өмірден тапқан қазақ кедейінің жолы. Шығанақтың тағдыры да жеңіл емес. Тағатсыз ой шырмауы, тынымсыз еңбек, ел қамы, жер сәні – кәрі тарланды күрке босағасынан тұрмыс шыңына көтерген рухани кеңістігі. Кешегі қара табюан тақыр кедей – бұл күнде төңірекке азаматтық биік мұнарадан көз жібереді, ол өмірдің қадір-қасиетін, өз борышын түсінген жан. Шығанақ бұл күнде – арамдыққа душар болса, табан тіреп қарсы тұрар, адалдық үшін жанын қияр азамат. Өмір теркісін жұмыр басы жетерліктей көрген ел атасы – Шығанақ өзінің, өзі сияқты еңбек сүтін емген шымыр білек жандардың өмірдегі ізгі орнын әбден ұққан: адамды (Олжабекті) өзгерту, құлазыған шөлейт даланы құлпырту, өмірді сәндеу өз қолының ісі екенін жақсы түсінген.

Миллиондаған ауыл шаруасының өмір жолы -- өз мүлкіне деген санасының өзгеруі оңай болмаған. Жазушы табиғатты өзгертуші бейбіт еңбек адамын жырлай отырып, өмірге нәр беріп, адамның өзін жаңғыртатын жасампаз еңбекті дәріптейді.

Егер Олжабек соқпағы колхоздастырудың аоашапқынын қамтыса, романның негізгі оқиғасы – екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы еңбек адамының ерлігі. Барлық оқиғаның ортасында – «ақ тарының атасы» Шығанақ Берсиевтің өмірі мен ерлігі, әлемді таң қалдырған рекорды. «Шығанақ бейнесін, - деп жазды Мұхтар Әуезов, - жазушы халық бойындағы даналық қасиеттің жаңа сападағы бір үлгісі, өнегелі адам сипаты етіп, көтере көрсеткен .Соғыс жылдарында сусыз сараң сахарада ғажайып мол егін -- өнім алған еңбек даналығын келісті ғып көрсете білген. Шығанақ бейнесінде еңбек таразысын танытатын өзі дана, барынша адал пейілді адам бейнесі жақсы сипатталған.» Шығанақтың тұлғасы мен ерлігі әлем жұртшылығының назарын аударды. Атақты неміс ақыны Бартольд Брехт арнаулы поэма жазды. Қызығы мол, қиындығы сан алуан аға ұрпақ тағдырын, нұрлы келбетін қаламгер қастерлей бейнеледі.Біз бір сәт диқан қарт Шығанақпен бірге Ақтөбе жазирасының жусан иісімен сергек тыныстап, жылы топырақты уыстап тұрып: «Дән себер сәт туды!!» деп, дәл басып, кесіп айтып, туған жердің қадір-қасиетін зердесіне тоқи білген көне көз еңбек адамының келбетіне, шуақ көңіліне сүйсіне қарасақ, енді бір сәт Александр Твардовскийдің Никита Моргунок, немесе Михаил Шолоховтың Кондрат Майданниковіне ұқсап азын аулақ жиған-тергенін қызғыштай қорғап, ит арқасы қиянда қалбалақтап бара жатқан Олжабектің де көкірек күйін түсінеміз.

Шығанақ тұлғасының халықтық сипатын, типтік қасиетін терең ашқан ұлы Мұхтардың сөзі мейлінше ақиқат: «Геройдың -- (Шығанақ) ішкі-тысқы сын-сыйпаттарын алып суреттейді. Адамның ішкі cезімдері, ой толғау, қажырлы арманы халықтық кең қызықты мінездер ретінде әдемі үйлесіп, тұтаса қалыптасқан». . Тағдыры да, қимыл-қарекеті де қилы-қилы аға ұрпақ -- әкелеріміз Шығанақ пен Олжабек өз замандасының типтік қасиетін бойына топтастырған мәнді, жанды бейне. Олардың өмір жолы, мінез құлқы шыққан ортасына, топырағына сай. Сүйіп-сүйсініп отырып, жазушы оларды киіз байпақ, саптама етігімен -- сол өмірдегі өз қалпымен суреттейді. Ұлттық сипатпен бірге олардан адамгершілік асыл қасиеттің қалыптасуын көреміз. Жаңарып, қайта туған Шығанақ, Олжабек бейнелері Отанға деген қуаныш сезімінің, сөнбес махаббаттың көркем сөз кестесіне түскен ескерткіші іспетті.

Соғыстан кейінгі халық шаруашылығы мен әдебиетіне арналған «Миллионер» повесінде ауыл еңбекшілерінің рухани-әлеуметтік келбеті кеңінен бейнеленген. Колхозды ауылдың жаңа кезеңін суреттейтін «Миллионер» повесі «Шығанақ» романының заңды жалғасындай: тақырып - біреу, кейіпкерлер - жүйелес, бірақ уақыт жағынан екі кезең суреттелген. Жаңа уақытқа сай жаңа әуен-бояумен әрлендірген «Миллионер» ауылдың келешегін паш етеді, жаны сұлу адамдар жырланады. Кезінде сыншылар: шығарманың негізгі тартысы Жомарт пен Жақып жоспарына байланысты еді деп, - талданған-ды. Бұл дұрыс та, бірақ бұл тартыс күрделі әлеуметтік- қоғамдық құбылысы ашуға дәнекер ғана. Өйткені осынау тартыс үстінде жас қауымның ой шеңберінің керемет өскенін, жаңа көзқарасты азамат болып қалыптасқанын, жаны таза, адамгершілігі мол жандар екенін көреміз. Кейін «Миллионер» шет тілдердің тіліне аударылғанда шығарманың осы жарқын рухы жоғары бағаланған-ды. «Миллионердің» кейіпкерлері – талғамы биік, cезімтал жандар, олар өмірдің сұлу табиғатын, терең түсінеді, өмірді халықтық тұрғыдан бағалайды. Егер «Шығанақ» романындағы Олжабектер: «Қайтсем, өмірден опық жемей, жылы ұя табам!» деп жеке басының қамын ойлап жанталасса, «Миллионердің» кейіпкерлері: «Қайтсем, еліме, жұртыма септігім тиеді» деп, алдарына мақсат қояды.

Мұстафин қиялдағы сүттен ақ, қардан таза кейіпкерлерді емес, қарапайым күнделікті өмірдегі өзіндік қайшылығы бар, бірақ әрқашанда адамгершілік өреден табылатын адал жандарды үлгі тұтады. Ақ тілекті Жомарттар Саттар Ерубаев («Менің құрдастарым») хикаятының сүйікті кейіпкерлері Рахмет, Лизамен мінездес, cипаттас. Адамға тән қайшылық «Миллионер» повесінің бас арнасына айналған. Қыстың боранына, ыстығына шыдап, ауылдың өсіп-өнуіне көп үлес қосқан Жақып сол қол жеткенге қанағаттанып, өмірдің ағымына ілесе алмай қалады. Ізденбеу, жаңалыққа талпынбау - өмірлік үлкен кемшілігіне айналып, кешегінің келте пішілген кесімінен аса алмай қалады. Туған елдің келешегін ойлаған Жомарт ойының өресі биік ауылды жаңа белескеілгерілете түсуге ықпалын тигізбек. Демек, жазушы екі түрлі ой-cезім төңірегіндегі тартыс арқылы қоғамдық-әлеуметтік, адамдық мәселе қояды. Соғыстан кейінгі ауылдың даму жолы өзінің табиғи, күрделі қалпында, екі түрлі көзқарас – екі түрлі жоспар арқылы суреттеледі.

Әрине, қазіргі көркпмдік және саяси-қоғамдық биіктен қарасақ, жазушы шығармаларына бірталай мін тағар едік. Өмірдің кейінгі дамуы көп жағдайда аға жазушының сеніміне, арман-тілегіне қайшы келеді – ол қызыл идеологиялық заманның иірімі мен қайшылықтарын, болашақтың бағыт-бағдарын толық болжай алмады. Әйтсе де адамгершілікті аңсаудан, сәулетті де дәулетті өмірді армандаудан туған. «Миллионер» повесі - өзінің кіршіксіз тазалығымен, мөлдір сезімімен уақытында жұмыр жердің талай бұрышынан оқырман тапқан шұғылалы шығарма. Қаламгердің қаламынан жаратылған ізгі тілекті, рухани дүниесі тап-таза еңбекқор да қарапайым кейіпкерлері оқушылар көңіліне әлі де абзалдықтың нұрын шаша берері хақ. Ал шындықты ту еткен жазушының шығармалары сол заманның айшықты бейнесі ретінде, қазақ қара сөзінің классикасының сол бір замандағы үлгісі ретінде сақталып қалары анық.

 

36. Нәкенов Сайлаухан

Нәкенов Сайлаухан (1940 ж. т.), ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1986). ҚазМУ-ді бітірген (1962). Жаңаарқа ауданы Өркендеу ұжымшарында мектеп мұғалімі, дирек­торы (1959-1962), «Советтік Қарағанды» («Орталык Қазақстан») меншікті тілші (1963-1973), «Жезқазған туы» («Сарыарқа») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары (1973-1997), Қазақ радиосының Жезқазған облысындағы меншікті тілшісі (1979-1983). Жергілікті қаламгерлердің «Құрыш» («Желкен») әдебиет бірлестігін басқарды (1978-1989). 2002 ж. бастап «Ақ жол» әдеби бірлестігінің жетекшісі. Өлендері «Жас керуен» топтамалар жинағына ентен (1976). Нәкенов - «Кұдіретті қолдар» (1977), «Жұмақтың жолы» (2001) өлеңцер жинақтарының авторы.

 

37. Омарбаев Әбжан

Омарбаев Әбжан (1913-1981), журналист, жазушы. Қарқаралының түлегі. 1935 жылдан баспасөз оргаңдарында: Қарқаралы округтік, Қу аудандық, Қарағанды, Балқаш қалалық газеттерінің редакцияларында істейді. 1961-1973 жылдары «Советтік Қарағанды» («Орталық Қазакстан») газетінің Балқаш қаласы, кейін Қарқаралы ауданы бойынша меншікті тілшісі. «Кәрлен кесе» атты жинағы 1969 ж. жарыққа шықты.

 

38. Оськин Дмитрий

Оськин Дмитрий Васильевич (1930 ж. т.), жазушы, КСРО Жазушылар одағыньщ мүшесі (1974). М. Горький атыңдағы Әдебиет институтын (1970) бітірген. 1950-54 ж. Кеңес Армиясы катарында қызмет етті. 1958 ж. Темртауға келіп Қарметкомбинат кұрылысында тас калаушы болып істеді. 1972 жылдан «Қазметаллургқұрылыс» тресінің көп тиражды «Строитель» газетіңде әдеби қызметкер. Алғашқы шығармасы — «Вижу солнце» деректі повесі 1964 ж. жарық көрді. «Казахстанская Магнитка — Колыбель моя», (1975), «Еду к брату»(1981), «Верю тебе» (1985) кітаптары басылды. Оськин шығармаларыньң кейіпкерлері — Қазақстан Магниткасының кұрылысшылары, металлургтері.

 

39. Өмірбеков Жаппар

Өмірбеков Жаппар Ерәліұлы (31.12.1920 ж.т., Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Бесоба а.) - ақын. Қарағанды оқытушылар институтын (1942), Қаз¥У-ды (1947), Мәскеудегі әдебиет институтының жоғары әдеби курсын (1959) бітірген. 1939 - 40 ж. "Қарағанды комсомол" газетінде әдеби қызметкер, 1942- 44 ж. мектепте директор, 1944 - 45 ж. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Караганды облысындағы меншікті тілшісі, 1947 - 52 ж. «Әдебиет және искусство» (қазіргі "Жұлдыз") журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1952 - 57 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы") аға редактор, редакция меңгерушісі, 1959 - 65 ж. Қазақ телевизиясында бас редактор, 1965 - 67 ж. "Жұлдыз" журналын­да бөлім меңгерушісі, 1967 - 77 ж. Қазакстан Жазушылар одағының балалар мен жастар әдебиеті секциясында жауапты хатшы, 1977 -81 ж. "Жазушы" баспасында редак­ция меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1954 ж. "Алғашқы сөз» тұңғыш өлеңдер жинағы шықты. В. Богомовтың «Қырық төрттің тамызы» романын (1979), орыс поэзиясының антологиясы» I2 т. 1980), В.Кавериннің «Екі капитан (Екінші кітабы), Г.Лонгфеллоның «Гайавата туралы жыр» поэмасын, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.В. Маяковский, С.Маршак, М.Исаковский, Дж. Байрон, т.б. ақын-жазушылардың бірқатар туындыларын қазақ тіліне аударған. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», "Ерлік еңбегі үшін" медальдарымен марапатталған.

 

40. Пичугин Николай

Пичугин Николай (4.12.1890, - Харьков к- - 1976) - жазушы. Харьков университетіі мен Халық шаруашылық институтын бітірген. Азов-Дон банкінің Харьков бөлімшесінде жүмыс істеген. 1919 - 20 ж. Оңтүстік майданның 30-армиясында үгіт-ағарту, саяси бөлімдерінде және 2-ші атты әскерде нұсқаушы әрі лектор, 1920 -

21 ж. 2-ші атты әскердің "Красная конница" газеті редакциясында қызмет істеген. Әдеби қызметін Украинада бастаған. Алғашқы «Уссури таңы» очерктер жинағы 1932 жылы жарық көрді. 1941 жылдан кеншілер қаласы Қарағандыда тұрды. Шахтерлер еңбегі мен тұрмысына «Екінші Шығыс» (1943) пьесасын, «С.Макаров» (1948), «Қарағанды очерктері» (1949) очерктер жинақтарын, «Шұғылаға шомған қала» (1953) романы, «Жолдағы қала» (1976) повесін арнады. Пичугин сонымен қатар Азамат соғысы және Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары тақырыбына «Ешқашан ажырамаймын» (1968) , «Таңсәріде шыққандар» шығармасын, бүгінгі күн тақырыбына «Бір жолы түнде» (1956), «Шурканың ісі» (1961) т.б. еңбектерін жазды.

 

41. Сатыбалдин Қапан

Сатыбалдин Қапан (25. 12. 1917, қазіргі Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., "Бесоба" совхозы, - 10. 1. 1969, Алматы) - жазушы. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1939). Москва мемлекеттік кинематография институтында оқыды (1940-42). 1937-59 ж. "Егеменді Қазақстан", "Жас алаш" газеттерінде әр түрлі қызмет істеді және "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакто­ры, "Қазақфильм" киностудиясында директордың орынбасары, "Жұлдыз" журналында бас редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағында хатшы болды. Сатыбалдиннің алғашқы өлеңдер жинағы "Мен жырлаймын" (1938) де­ген атпен шықты, "Шешілген жұмбақ" (1940), "Әлия" (1945), "Мың есік" (1950) поэмалар мен өлеңдер, 'Бейбітшілік күні астында" (1952), "Сұрапыл" (1959), "Бір баланың екі беті" (1963), "Іңкәрім" (1965) өлеңдер мен поэмалар және

"Қараторғай" повестер мен әңгімелер (1968) жинақтары жарық көрді. Шығармаларында бүгінгі ауыл өмірі, адамдар арасындағы қарым-қатынас, Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік, патриотизм нанымды суреттеледі. Сатыбалдин "Сілтенген семсер" (1943), "Аягөз ару" (1956), "Махаббат машақаты" (1961), "Ұзақ жол" (1969) т. б. драмалық шығармалардың авторы. "Ән шақырады" (1961), "Дина Нұрпейісова" көркемсуретті және деректі фильмдердің сценарийін жазды. Сондай-ақ И. А. Крылов, Н. А. Некрасов, Н. Асеев, В. Горбатов шығармаларын қазақ тіліне аударды.

 

42. Сауғабаев Кәрім

Сауғабаев Кәрім Жұмабекұлы (1941-2002), журналист, акын, КСРО Жазушылар одағыньщ мүшесі (1977), Қарағанды пед. ин-тын бітірген (1965). 1965-1972 ж. Егіңдібұлак ауд. «Ленин туы» газетінде әдеби кызметкер, бөлім менгерушісі, жа-уапты хатшы, редактордың орынбасары, 1972-1985 ж. редакторы 1985 жылдан «Білім» коғамы-ның аудандык бөлімшесінің жауапты хатшысы, «Орталык Казакстан» газетінің меншікті тілшісі. Тұнғыш жыр жинағы «Мойыңдау» 1972 ж. жарық көрді. Жыр жинақтары: «Күдеріңді үзбе» (1975), «Балкантаудың басында» (1982), «Үш қара оттары» (1985), «Мәди» (2000) атты повестің авторы.

 

43. Сейфуллин Сәкен (Садуақас, 1894-1938)

Сейфуллин Сәкен қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған.Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш кластық қалалық (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған. Ақмола Совдепі президиумының мүшесі (1917). КОКП мүшесі (1918). Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып (1919) Атаманның «азап вагонында» 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. Ақмола Атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі (1920). Қазақтың Кеңестік Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі (1920). «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы (1922). Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы (1922-1925). Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының (Қаз.АПП) басшысы (1925). БК(б)П Өлкелік комитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі (1926). Қызылорда халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры (1927). «Әдебиет майданы» журналының редакторы (1932). Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры (1934).Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары - «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», « Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар. Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С.Сейфуллин әдебиеттің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени-рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегінің мәні зор. Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына жойдасыз еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп көктеуіне пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады. Алайда, мемлекеттік төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған империялық озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты жүздеген-мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде басқа жолдарды таңдаған ұлтжандылардың да армандарын қиялға айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды. Демек, тарихи тұлғалардың тағдырын парықтағанда олар қандай жолды таңдағаны бойынша бағаланбау керек, халқына қаншалықты қызмет еткені, қаншалықты еңбек сіңіргені, қаншалықты жілігі татитын мұра қалдыра алғаны бойынша лайықты бағасы берілуге тиіс. Тарихи әділдіктің де, ғылыми-әдіснамалық объективті ұстанымның да қисыны осы. Бұл тұрғыдан келгенде, Сәкен халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға.Сәкен Сейфуллиннің ақиық ақындығы өз алдына, ол кісінің әңгіме, хикаяттар, “Тар жол, тайғақ кешу” атты тарихи мемуарлық ро­ман жазып, әдебиеттің бар саласына атсалысып, сол бір қиын-қыстау кезеңде қазақ зиялыларының көш басында болғаны көзі ашық көп­шілікке белгілі. Ағартушы, әдебиеттің үлкен өкілі бола жүріп Сәкен Сейфуллин сол кездегі қоғамдық өмірден тыс қала алмады. Ол 1920 жылы Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің І құрылтай съезіне делегат болып қатысып, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды. Жер-су комиссия­сының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етіп, 1922 жылы “Еңбекші қазақ” газетінің редак­торы, Халық Ағарту Комиссарының орынбасары болды. Ал осы жылы Қазақ АССР Кеңесінің ІІІ съезінде Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Еңбек жолын Омбы қаласында бастап, кешікпей Ақмола қаласына ауысып, үлкен істерге араласқанша осы Ақмолада атқару комитеті төр­ағасының орынбасары және әкім­шілік бөлімінің меңгерушісі болады. Яғни, Сәкен Сейфуллиннің бұрынғы Ақмола, қазіргі Астанада жыл сайын дәстүрлі әдеби күнінің аталып өтуі орынды десек, бүгінде елордада Сәкен Сейфуллин мұражайы жұмыс істейді. Қаладағы іргелі орындардың бірі де ақын есімімен аталады.

 

44. Смайылов Алдан

Смайылов Алдан Зейноллаұлы (1946 ж. т.), жазушы. Казақстан Жазушылар одағының мү-шесі. Жаңаарқаның түлегі. ҚазМУ-ді бітірген (1970). 1970-1989 ж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдеби қызметкері, 1989 ж. Республикада алғашқы кұрылган Тіл және мәдениет коғамьның төрағасы болып сайланды. Ақмола облысының «Қараөткел» газетін ұйымдастырып, оның бас редакторы болды. Ақ­мола облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. ҚР Жазушы­лар одағы Астана бөлімшесінің төрағасы (2006). Оның «Ақжалын», «Тамыздың таңы», «Найзақара», «Сағынтьш жеткен көктем» кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады.

 

45. Сматаев Софы

Сматаев Софы Қалыбекұлы (24.6.1942 ж.т., Қарағанды обл. Ақадыр ауд. Киік ст.) - жазушы, драматург. Мәскеудің болат және қорытпалар институтын бітірген (1965). 1960 - 62 ж. Мәскеудегі "Серп и молот" зауытында слесарь, құюшы, Қазакстан ҒА-ның Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер, 1967 - 84 ж. "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, 1984 - 87 ж. Қазакстан Компартия­сы ОК-нің жауапты қызметкері болып жұмыс істеген. 1989 жылдан Қазакстан Мемлекеттік кітап палатасының директоры. "Астана оттары" атты тұнғыш өлеңдер жинағы 1968 ж. жарық көрді. Сматаевтың "Тағдырлар" (1976), "Сен кімсің" (1977), "Әз-әзәзіл" (1978), "Жұлдызым менің жоғары" (1985) пьесалары республикалық, облыстық театрларда койылды. "Жұмбақ қыз", "Жаяу Мұса" операларының либереттосын жазды. В.Г. Коро­ленко, В.В. Иванов, В.А. Солоу­хин, Х.Абдуллин, Ю.Мухлисов, сондай-ак, У.Шекспир, И.Добози шығармаларын қазақ тіліне аударды. Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (1992). "Құрмет" орденінің иегері (2000). Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

46. Стамбеков Дәуітәлі

Стамбеков Дәуітәлі (26.1.1947, Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. Қоңырат а. - 7.6.1999, Алматы) - акын. Қаз¥У-ды бітірген (1974). "Арқа еңбеккері" аудандық газетінде аға әдеби қызметкер, Республикалық жастар газеті "Лениншіл жаста" (қазіргі "Жас Алаш"), республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде, "Жазушы" баспасында, "Егеменді Қазақстан" газетінде қызмет атқарған. Алғашқы өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарық көрген. Онға тарта жыр жинағы мен аударма кітаптары жарық көрді. Солардың ішінде "Алтын бесік", "Мазасыз маусым", "Нұрлы әлем", "Бұлақтар даланы аңсайды", "Жұмағым мен тұмағым" өлеңдер мен поэмалар жинақтарының авто­ры. Ол орыс классиктері мен достас елдердің айтулы ақындарының өлең, поэмаларын аударуға ат салысқан. Б.Кенжеев, Б.Қанапияновтардың кітаптарын қазақ тіліне аударған. "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық байқаудың бірнеше дүркін жүлдегері. Халықаралық "Алаш" өдеби сыйлығының лауреаты (1999).

 

47. Сүлейменов Рымқұл

Сүлейменов Рымқұл (7.6.1936 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд.) - жазушы. Қарағандыдағы № 4 кәсіптік-техникалық училищесінде, Алматы жоғары партия мектебінде оқыған. ҚазҰУ-ды бітірген. 1957 ж. Шет аудандық "Ильич туы" газетінде еңбек еткен. Ақтоғай аудандық "Арқа еңбеккері" газетінің жауапты хатшысы, Ақадыр аудандық "Ақадыр таңы", "Агадырская новь" газеттерінің редакторы, бұрынғы Жезқазған облысының "Жезқазған туы" газеті редакторының орынбас-ры. "Социалистік Қазақстан" (казіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, Қарағанды облысының "Орталық Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас ре­акторы, тәуелсіз "Компас" газетінңн бас редакторы қызметтерін аткарған. Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болып сайланған. Алпысыншы жылдардың басынан әңгімелері, очерктері "Жұлдыз", "Жалын", "Қазақстан коммунисі" журналдарында, "Социалистік Қа­зақстан" (қазіргі «Егемен Қазақстан») , «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» —газеттерінде жарияланьш тұрады.

 

48. Талжанов Сәйділ

Талжанов Сәйділ Омарұ.ты (6.12.1906, Қарағанды обл. Нұра ауд. Захаровск с Тоқтамыс а. -10.12.1972, Алматы) - жазушы. аудармашы, ғалым, филология ғылымының докторы (1972). Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1931). ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі. 1956 - 72 Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин шығармаларын орыс тіліне аударған . Орыс қаламгерлері А.С. Пушкин.

С.Талжанов, М.Горький, В.Г. Белинский, Ф.М Достоевскийдің шығармаларын қа­зақ тіліне аударған.

 

49. Теміржанов Аллажар

Теміржанов Аллажар (1902, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Он бесінші а. - 1962) - ақын. Аудандық газеттің хатшысы, сол кездегі облыстық "Советтік Қарағанды" газеті редакторының орынбасары, республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Қа­рағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болды. Өмірінің соңғы жылдары Теміржанов Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесшісі болып істеді. Алғашқы туындылары 1935 ж. жеке кітап болып шықты. "Дарын" поэмасы, "Семіздікті қой көтереді", "Шөлмек мың күн сынбайды", "Кеме келсе, қайық судан таяды" атты пьесалары Қарағандының облыстық драма театры сахнасында қойылған.