КГУ "Карагандинская областная юношеская библиотека имени Жайыка Бектурова"
00:00:00





Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж.Бектурова"
www.uniorlib.kz

Яндекс.Метрика

Карлаг Суретшілері


1. ЧИЖЕВСКИЙ Александр Леонидович, 1897-1964 ж. Әлемдік деңгейдегі көрнекті биофизик-ғалым. Гелиобиология мен аэроионификацияның негізін салушы. Академик. Профессор. Әуесқой-суретші, ақын. Гродненская губерниясының Цехановец посадында дүниеге келген. Әкесі – жоғары білімді кадрлық әскери, генерал; атақты дворян әулетінен шыққан. 1906 жылдан бастап А. Чижевскийді жыл сайын шетелге – Италияға, Францияға, Грекияға, Египетке шығарып отырған. Мәскеуде бір уақытта Коммерциялық және Археологиялық институттарда оқыған, Мәскеу мемлекеттік университетіндегі медицина бойынша дәрістерге қатысқан. 1918 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде жалпы тарих бойынша докторлық диссертациясын қорғайды. Кең ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізген, шетелде шетел тілдерінде еңбектерін шығарып, онда Академик болып сайланады. Нобель сыйлығына ұсынылған. 1942 жылдың басында тұтқындалып, ал 1943 жылы «ағылшын барлаушыларымен байланысы үшін» КСРО-ның НКВД (Ішкі істер Халкомы) Ерекше мәжілісімен (ОСО) 8 жылға сотталды. КарЛАГ-та, СпасскЛАГ-те, Долинкада болған, ал Қарағандыда – 1957 жылға дейін ҒЗИ (КНИУИ) жанында лаборант болып қызме ете жүріп, айдауда болған. Мәскеуге қайтып оралады. Оның жарияланған ғылыми еңбектері, өлеңдер альбомдары; майлы бояудан бастап пастель мен акварельге дейінгі әр түрлі техникадағы 400-дей жұмысы белгілі. Жұмыстарының біраз бөлігі КОМИИ-да, Қарағандының жеке жинақтарында.

 


2. ПРЕМИРОВ Лев Михайлович, 1912-1978 ж. Суретші және график. Қарағандыдағы суретші-безендіруші. Саратовта туған. Әкесі орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болған. Мәскеуге барып, көркемөнер институтына түседі, бірақ 1934 жылы тұтқындалып, түзету еңбек лагерлерінде 6 жылға сотталғандықтан, онда екі жыл ғана оқиды. Екінші рет КомиАКСР сотымен 1942 жылы 58-10 б. бойынша – «Кеңес үкіметінің саясатына жала жабу» ату жазасына кесіліп, құқықтарында ұтылып 5 жылға түзету еңбек лагерлерінде 10 жылға ауыстырылды. Мерзімін СтепЛАГ-те өтеп, кейіннен Балқаш қаласына жер аударылады. 1948 жылы айдаудан босатылып, тіркеуден шығарылып, Қарағандыда қоныстанады. Л.М. Шемиповтың 37 суретті лагерлік күнделіктері сақталған. 50-ші жылдары «Ухта» сурет полотносы аяқталады. 70-ші жылдары ол ГУЛАГ тақырыптары бойынша графикалық және суреттік полотнолар, сонымен қатар автопортреттер сериясын жасайды. Оның туындыларының бір бөлігі КОМИИ-да, ал тағы біразы – Қарағандының жеке жинақтарында.



3. ФРИЗЕН Павел Петрович, 1887-1978 ж. Жоғары білікті суретші-педагог. Украинада туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Харьковта және Мәскеуде көркем білім алады. Краснодарда және Мелитопольде сурет мұғалімі болып жұмыс істейді. 1935 жылы сотталып, КарЛАГ-қа жіберіледі, онда 11 жыл болады. КарЛАГ-тың Қарабас, СХОС сияқты бөлімшелерінде суретші болып жұмыс істейді. Мерзімін өтеп болған соң Қарағандыда қалып, онда көптеген жылдар бойы КМС жанындағы қалалық бейнелеу студиясына жетекшілік етеді. Қайтыс болғаннан кейін суреттік туындыларының көп бөлігі (73) КОМИИ-ға берілген.

 


4. АНТИПОВ Петр Николаевич, 1887-1987 ж. Өнерпаз суретші. Инженер-құрылысшы. Түменде туған. КарЛАГ-тың тұтқыны ретінде 1940 жылдан 1945 жылға дейінгі кезеңде жазасын өтей жүріп, лагерь тұрмысының құжаттық құнды суреттерін орындаған. Ол қайтыс болғаннан кейін осындай суреттері бар бірнеше альбомдары оның ұлы – суретші И. Антиповқа мұраға қалған.

 

 

 



5. ЕРМОЛАЕВА Вера Михайловна, 1893-1937 ж. Танымал суретші. Кітап графигі. Саратов губерниясының Ключи селосында туған. Ақсүйектер отбасынан шыққан. Ленинградта арнайы суретшілер курсын бітіреді. Витебскіде УНОВИС суретшілер тобын ұйымдастырушылардың бірі болған. Ленинградта ИНХУК-тың ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді. 1935 жылы тұтқындалып, «әлеуметтік қауіпті элемент» бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 3 жыл мерзімге сотталады. Мүгедек: екі аяғы сал болып, балдақпен жүрген. 1937 жылы мерзімі аяқталған соң КарЛАГ-та атылған. Сурет жұмыстары Санкт-Петербургта Мемлекеттік Орыс мұражайында және басқа да жинақтарда сақтаулы.

 


6. СОКОЛОВ Петр Иванович, 1892-1937 ж. Суретші. Жоғары білімді Иркутскіде, Парижде, Петроградта (1917 ж.) алған. 30-шы жылдары Мәскеуге қоныс аударады. КСРО Үлкен театрының Бас суретшісі болып қызмет етеді. 1935 жылы НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен 3 жылға сотталады. Мерзімін КарЛАГ-та, Долинка кентінде өтейді. Оның Долинка кентінің орта мектебінде сурет пәнін оқытқаны белгілі. 1937 жылы астаналарда тұру құқығынсыз босатылады, бірақ Мәскеуге келіп, онда ұсталып, атылады.

 

 

 


7. СТЕРЛИГОВ Владимир Васильевич, 1904-1973 ж. Танымал суретші және әдебиетші, мемуаршы. Варшавада туған. Әлеуметтік жағдайы – қызметкерлерден шыққан. Мәскеуде 20-шы жылдары әдеби курстар мен жеке бейнелеу студияларында оқиды. 1935 жылы Ленинградта «әлеуметтік қауіпті элемент» бабы бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылады. 1938 жылға дейін КарЛАГ-та болады, сосын – суретші болып жұмыс істей жүріп бір жылдай уақыт Қарағандыда айдауда болады. 1941 жылы соғысқа кетіп, онда жарақаттанып, Алма-Атаның госпиталінде емделеді. 1942 жылдан 1945 жылға дейін Алма-Аталық суретшілер училищесінде сабақ береді. Ленинград облысы Петергофқа қайтып келеді. Е. Ковтун жариялаған КарЛАГ туралы құнды қолжазбалық естеліктер қалдырған. В. Стерлиговтың рухани-діни тақырыптағы акварельдері белгілі.

 


8. ГРИГОРЬЕВ Александр Владимирович, 1891-1961 ж. Танымал суретші. Марийлік АССР Пертнура селосында туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Арнайы білімді Қазанда және Мәскеуде алады. Мәскеуде АХРР ұйымдастырушыларының бірі болды. Суреттердің экспозицияларының жинақтаушысы болғандықтан 1938 жылы сотталғанға дейін Тау-кен Марийлік өлкетану мұражайы оның есімімен аталған болатын. Халық білімі бөлімінің меңгерушісі, 1918 жылдан 1938 жылға дейін БКП(б) мүшесі болып табылған. «Антисоветтік террористік ұйымдарға қатысушы» бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен сотталған. өзінің мерзімі – 10 жылды КарЛАГ-та өтеген. Босатылған соң 1949 жылы Калуга облысындағы Тарусуға қоныс аударған. Оның лагерлік автопортреттері сақталған.

 


9. ИЗНАР Наталья Сергеевна, 1893-1967 ж. Жоғары білікті суретші. Театр суретшісі. Акварелші. Санкт-Петербургте туған. Жоғары арнайы білімі болған. Адвокаттың қызы. Суретші және суретшілік шеберханалар жетекшісі, көркем редактор ретінде жұмыс жасаған. Мәскеуде 1938 жылдың соңында «халық жауының әйелі» ретінде еңбекпен түзету лагерлерінде 8 жылға сотталады. Бутырь түрмесінен АЛЖИР-ға (Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері), кейіннен КарЛАГ-қа келеді. Долинка кентінде Орталық клуб жанындағы суретші болып жұмыс істейді. 1946 жылы театрда жұмыс істеу үшін Владимирге кетеді. 1956 жылы Мәскеуге қайтып оралады. Н. Изнардың еңбектерінің бір бөлігі Мәскеуде, Бахрушин атындағы Театрлық мұражайда, КОМИИ-де сақталған.

 


10. ВАСИЛЬЕВА Алла Федоровна, 1902-1991 ж. Суретші-декоратор. Шығыс Сібірде, Верхнеудинскіде туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Омскіде гимназия мен көркемөнер техникумын аяқтаған, сосын Мәскеуде – 30-шы жылдары ВХУТЕМАС-та оқыған. Д. Кардовский мен С. Герасимовтың шәкірті. 1938 жылы Мәскеуде ЧСИР (Отанын сатқандар отбасының мүшесі) бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңеспен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылады, оны АЛЖИР-да, сосын КарЛАГ-та өтейді. Долинка кентінің клубында суретші болып жұмыс істейді. 1946 жылдан кейін Мәскеуге қайтып оралады. Оның живопистік еңбектері, лагерлік суреттері, автопортреттері белгілі. Еңбектерінің бір бөлігі КОМИИ-да сақталған.



11. МЫСЛИНА Мария Владимировна, 1901-1974 ж. Суретші, театрлық декоратор, плакатпен, карикатурамен айналысқан. Мәскеуде туған. ВХУТЕМАС-та (1922-1924), театр институтында (1924-1926), АХР студиясында (1926-1929) оқығна. 1937 жылы күйеуінің тұтқындалуына байланысты ЧСИР ретінде КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңеспен репрессияға ұшырайды. Бутырь түрмесінен еңбекпен түзету лагерлерінде 5 жыл мерзімін өтеу үшін КарЛАГ-тың Ақмолалық бөлімшесіне (АЛЖИР) жіберіледі, сосын 1938 жылдан 1946 жылға дейін клуб жанында суретші болып қызмет ете отырып, Долинкада болады. Мерзімін өтеп болған соң Мәскеуге қайтып оралады. Оның қаламынан шыққан Н. Изнардың портреті сақталған (КОМИИ).

 


12. БОРХМАН Ирина Александровна, 1902-1993 ж. Суретші. Мәскеуде туған. Дәрігердің қызы. 20-шы жылдары Мәскеуде ВХУТЕМАС-ты және Германияда Мюнхендегі Қолданбалы өнер мектебін (1927-1930) аяқтайды. Мәскеуде «Окна ТАСС» шеберханасында жұмыс істейді. «Тыңшылық» бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен 10 жыл мерзімге сотталады. 1942 жылы Фрунзе қ. түрмесінен КарЛАГ-қа жіберіледі, онда оның әр түрлі бөлімшелерінде (Просторное селосы, Жарық станциясы) тігін фабрикасында, қой шаруашылығында, бақша шаруашылығында, өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді. Суретші-дизайнер ретінде лагерде бастықтардың кабинеттерін безендірген. Ақмола облысының Журавлевка селосына жер айдарылған. 1951 жылы босатылған соң Мәскеуге кетіп қалады. И. Борхманның лагерлік суреттері мен акварельдері сақталған (КОМИИ).

 


13. ШИТИКОВА Анна Ивановна, 1919-1989 ж. Суретші-дизайнер. Безендіруші. Батыс Сібірде Бочат қаласында туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Лондондық колледжде оқыған. Мәскеудегі 1905 жыл атындағы көркемөнер училищесін аяқтайды, сосын киностудияда кинодекоратор мамандығы бойынша оқиды. 1937 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік көрменің кеңестік бөлімін безендіру үшін АҚШ-қа барады. 1942 жылы тұтқындалып, 121 «тыңшылық бойынша күдікті байланыстар» бабы бойынша КСРО ІІМ жанындағы Ерекше Кеңеспен еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 8 жылға сотталады. Қазақстандағы СтепЛАГ-ке айдалып, сосын БалқашЛАГ-ке ауыстырылады, онда суретші болып жұмыс істейді. Мерзімін өтеп болған соң 1950 жылы – Балқашқа, сосын – арнайы комендатураның ашық бақылауымен Қарағандыға жер аударылады. ҚазИЗО-да жұмыс істейді. 1959 жылы Мәскеуге қайтып оралады.

 


14. ПОТАПОВ Игорь Антонович, 1920-1992 ж. Суретші. Педагог. Қарағандылық суретшілер қорының безендірушісі. Мәскеу облысындағы Солнечногорскіде туған. Мәскеуде 1905 жыл атындағы көркемөнер училищесін аяқтаған, ал сосын – Мәскеу педагогикалық институтының суретшілік-графикалық факультетін бітірген. 1943 жылы «антисоветтік үгіттеуге қатысқаны үшін» бабы бойынша еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 5 жылға сотталған. Мәскеудің Бутырь түрмесінен КарЛАГ-қа жіберіледі, онда лагердің әр түрлі бөлімшелерінде суретші болып істейді. Мерзімін өтеп болған соң Қарағандыда қоныстануға айдауда қалған. ҚазИЗО-да суретші-безендіруші болып жұмыс істеген. Қарағандының мектептерінде 15 жыл бойы өнер тарихы бойынша сабақ өткізген. КарЛАГ туралы қолжазбалық естеліктер қалдырған.

 


15. ИВАШЕВ-МУСАТОВ Сергей Михайлович, 1900-1992 ж. Жоғары білікті суретші. Педагог. Мәскеуде туған. Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математикалық факультетін, сосын АХРР студиясын аяқтаған. 1947 жылы «антисоветтік топқа қатысқаны үшін» тұтқындалып, еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 25 жылға бас бостандығынан айрылған. СтепЛАГ-ке жіберілген. 1954 жылы лагерден ауруына байланысты босатылып, Қарағандыда қоныстану үшін айдауға жіберіледі. ҚазИЗО-да жұмыс істеп жүріп, 1955 жылдың аяғында Мәскеуге демалысқа кетіп, қайтып оралмайды. Оның кейбір туындыларын КОМИИ сатып алған. Лагерлік жұмыстары сақталмаған.

 


16. СООСТЕР Юло-Ильмар Йоханнесович, 1924-1970 ж. Жоғары білікті суретші және график. Эстон КСР-да Хайумая уезінде, жұмысшы отбасында дүниеге келген. Жоғары білімді Таллин қаласында Мемлекеттік көркемөнер институтында алады. 1949 жылы тұтқындалып, 58 баптың 2-ші «антисоветтік ұлтшылдық сатқындық топқа қатысқаны үшін» тармағына сәйкес лагерлерде өтеумен 10 жылға сотталады. Мерзімін Қазақстанда: ПесчанЛАГ-те, СпасскЛАГ-те, КарЛАГ-те өтейді. Клубтар жанында суретші болып жұмыс істейді. 1956 жылы босатылады. Бір жыл Қарағандыда тұрады, сосын отанын көріп, отбасымен бірге Мәскеуде қоныстанады. Лагерлік жұмыстарының, КарЛАГ тұтқындары портреттерінің бірқатары сақталған, олар Тарту қаласының (Эстония) мұражайында сақталған.

 


17. ЙОКОЯМО Мисао, 1920-1973 ж. Суретші-график (Жапония). Әскери тұтқын ретінде ол 1945 жылдан 1950 жылға дейін Қазақстанда, ГУПВИ (КСРО ІІМ жанындағы әскери тұтқындар мен еркінен айрылғандар ісі бойынша Бас басқарма) жүйесіне кіретін № 99 Спасск ерекше лагерінде болады. Тұтқында болған бос уақытында ол сурет салатын болған. Жапонияның кинематографистері 1995 жылы Қарағандыда өздерінің танымал жерлестері туралы фильм түсірген болатын. Олар КОМИИ-ге осы суретшінің графикалық парақтарынан бірнеше түрлі-түсті көшірмелер сыйлады.

 


18. ЧЕРКАССКИЙ Абрам Маркович, 1886-1967 ж. Көрнекті суретші, педагог, еңбек сіңірген өнер қайраткері (1956 ж.), ҚазКСР Халық суретшісі (1963 ж.). Украинада Киров облысы Белая Церковь селосында туған. Петербург көркемөнер Академиясының түлегі (1909-1917 жж.). Киев көркемөнер институтында дәріс береді. (1935-1937 жж.). 1937 жылдың желтоқсанында тұтқындалады, 1938 жылдың ақпанында НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 10 жылға сотталады. Долинка кентіндегі КарЛАГ-тан 1940 жылдың тамызында босатылып, Алма-Атаға көшіп кетеді, онда 1941 жылдан бастап Алма-Аталық көркемөнер училищесінде живопистен дәріс береді. Алма-Атада қайтыс болған.



19. КРОПИВНИЦКИЙ Лев Евгеньевич, 1922-1994 ж. Көрнекті суретші, живописте, графикада, мүсінде, көркем шыныда жұмыс жасаған. Сібірде Тюменде туған. 1939 жылдан бастап Қолданбалы және сәндік өнер Мәскеу институтының студенті. 1941 жылдан бастап соғыста болған, мүгедектігі бойынша соғыстан қайтарылған. Сол институтта қайта оқуын жалғастырады. АСА бабы бойынша НКВД 1946 жылы қаңтарда тұтқындаған. Ерекше кеңеспен еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 10 жылға кесілген. Мерзімін КомиАКСР-де, сосын СтепЛАГ-те (1949-1954 жж.) өтеген. Балқаш қаласында қоныстануға қалдырылған, онда Мәдениет сарайында жұмыс істейді (сценография, режиссура, бейнелеу студиясына жетекшілік ету). Ақталғаннан кейін (1956) Мәскеуге қайтып оралып, белсене шығармашылық жұмыс жасап, шетелдегі көрмелер дизайнымен айналысады (АҚШ, Франция, ЧКСР), өлең жазады, өнер бойынша мақалалар жазады. 1973 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі.



20. ШКУРАЦКИЙ Сергей Фомич, 1923-1980 ж. Қарағандылық график, суретші-безендіруші. Украинада Днепропетровск облысының Евдокимовка селосында дүниеге келген. Днепродзержинск Металлургтерінің Мәдениет Сарайы жанындағы бейнелеу студиясына қатысады (1934 ж. бастап). Днепропетровск көркемөнер училищесінде оқиды (1939-1941 жж.). 1942 жылы немістер Германияға жұмыс істеуге жібергенде вагоннан қашады. Соғыс кезінде Кеңес Армиясының қатарында болады. 1947 жылы 54 бап «украиндық ұлтшылдық» бойынша еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 10 жылға сотталады. Жазасын КарИТЛ (Қарағанды еңбекпен түзету лагері) Басқармасының № 11 лагерлік пунктінде өтейді. 1963 жылы ақталады. Қарағандыда қайтыс болады. Отанындағы және шетелдердегі 100-ден аса көрмелердің қатысушысы.



21. САНОСЯН Саркис Манукович, 1922 ж.т. Танымал қарағандылық сәретші және график, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1992 ж. бастап). 1922 жылы 5 ақпанда Арменияда Новобоязетск ауданының Кармир селосында туған. Ереван көркемөнер училищесінде оқыған (1938-1942 жж.). Соғыста тұтқынға түсіп, сол үшін НКВД еңбекпен түзету лагерлерінде мерзімін өтеуге бас бостадығынан айырып, СибЛАГ-тың, Тайшеттің, Братскінің (1948-1956 жж.) тұтқыны болады. Қазіргі уақытта Қарағандыда тұрады және жұмыс істейді.

 

 

 


22. ГРУНИН Юрий Васильевич, 1921 ж.т. Танымал жезқазғандық суретші-безендіруші, график, ағаш ұстасы, нақыштаушы, сәулетші, ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1991 жылдан бастап). Волгада Симбирск қаласында (Ульяновск) дүниеге келген. Қазан көркемөнер училищесінде оқыған (1937-1941 жж.). 1-ші сыйақысын қалалық газеттің әдеби конкурсында алған (1936 ж.). Ульяновск әскери училищесінде суретші болып жұмыс істейді (1941 ж.). Солтүстік-Батыс фронтында жарақат алғаннан кейін тұтқынға түседі. Немістердің әскери тұтқындарға арналған майдан жанындағы лагерінде жол жөндеу жұмыстарында істейді. 1945 жылы тұтқыннан босатылғанна кейін НКВД СибЛАГ-ке, сосын СтепЛАГ-ке жібереді, одан 1956 жылы босап шығып, Жезқазғанда жұмыс істеуге қалады. 1992 жылдың мамырында «ГУЛАГ-тағы қарсыласу» атты Халықаралық конференция жұмысына қатысады (Мәскеу).

 


23. ГАМБУРГЕР Леонид Эмильевич, 1899-1984 ж. Танымал суретші. Балаларға арналған кітаптарды безендіруші. Оралда Серов қаласында дүниеге келген. Мәскеуде Строгановтық көркемөнер училищесінде және Тифлисс көркемөнер Академиясында оқыған. 1941 жылы неміс ұлтының өкілі ретінде Қарағандыға айдауға жіберіледі. Мұнда ол 1951 жылға дейін болады: бейнелеу студиясына жетекшілік етеді, театрлардың суретшісі болады, облыстық газетке карикатуралар салады. Бұдан әрі - әр түрлі қалаларда жұмыс істейді. 1975 жылдан бастап Мәскеуде қоныстанады, баспаханалармен қызметтес болады. Л. Гамбургердің балалар кітаптарына арналған суреттерінің эскиздері, акварель парақтары сақталған, оның бірнеше еңбектері КОМИИ-де бар.

 

24. ЭЙФЕРТ Владимир Александрович, 1884-1960 ж. Суретші. Педагог. Көрнекті мәдениет қайраткері. Саратовта туған. Арнайы білімді Астрахандағы Жоғары көркемөнер-суретшілік шебрханаларда алады. 20-жылдардан бастап ол «Жар-Цвет» қоғамының, Мәскеулік суретшілер қоғамының мүшесі. 30-жылдары Германия мен Франциядағы КСРО Сауда өкілеттігінің антиквариат бойынша сарапшысы, Мәскеудегі А.С. Пушкин атындағы ГМИИ директоры. Соғыстың басында оны неміс ұлтының өкілі ретінде Қазақстанға, Қарағанды облысына жер аударылады, сосын Қарағандыға ауыстырады, онда ол өзі де оның әйелі де көптеген жылдар бойы арнайы комендатураның тіркеуінде тұрады. Қарағандыда, шеткерірек жағында Эйферт Киров атындағы шахтаның клубы жанында суретші-безендіруші болып жұмысқа тұрады.

Сол жерде ол бейнелеу студиясын ашады, оған барлық тілек білдірушілер барған, олардың бірқатары суретшілер болған: Г. Гилевский, А. Цой, В. Буш және т.б. Өзі Мәскеуден алып келген В. Эйферт суреттерінің үлкен жиынтығы Алма-Атаға Ә. Қастеев атындағы ГМИ-ге берілген, өмірінің соңғы жылдарындағы суреттері КОМИИ-де, Қарағандының, Астраханның жеке жинақтарында сақталған.



25. ФОНВИЗИН Артур Владимирович, 1882-1973 ж. Танымал акварелші. Ригада туған. Мәскеулік живопись, мүсін және сәулет училищесінде, сосын Мюнхенде оқыған. Мәскеуде «Голубая роза», «Мир искусства» көрмелеріне қатысқан. 1921 жылдан бастап Тамбовта, Нижний Новгородта, 1929 жылдан Мәскеуде тұрып, жұмыс жасаған. 1942 жылы оны неміс ұлтынан шыққаны үшін Қарағандыға айдауға жібереді, онда ол он ай болады. Кейіннен 1944 жылы Фонвизин Мәскеуде жұмыс істеп жүріп, «Старая Караганда» («Бұрынғы Қарағанды») акварельдер сериясында сол уақыт туралы өзінің әсерінен көрініс береді (КОМИИ).

 


26. ФОГЕЛЕР Генрих Эдуардович, 1871-1942 ж. Еуропалық көлемдегі танымал суретші. Бременде (ГФР) туған, оның маңындағы суретшінің Ворпсведе поместьесінде қазіргі уақытта оның Мұражай үйі ашылған. Дюссельдорф қаласының Көркемөнер Академиясында оқыған. Соғысқа дейін антифашист, революция идеясының жолын қууыш болғандықтан, 10 жыл бойы Мәскеуде тұрады. КСРО бойынша көп саяхаттаған, сурет салған, кітап шығарған. 1941 жылы неміс ұлтының өкілі болғаны үшін ол Қарағанды облысы Хорошевский ауданының Корнеевка селосына жер аударылады, онда 70 жасында қайтыс болып, сол өлкеде жерленеді. Ол уақыттардан бірнеше суреттері ғана сақталған. Г. Фогелердің бірқатар еңбектері КОМИИ-де сақталған.



27. ГУММЕЛЬ Гюнтер (Юрий) Вильгельмович, 1927 ж. т. Мүсінші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Әзірбайжан КСР-ның Ханлар қаласында туған. Соғысқа дейін Баку көркемөнер училищесінің екі курсын тәмамдап үлгереді. 1941 жылы оның барлық отбасы неміс ұлтынан шыққандары үшін Қазақстанға жер аударылады. Қарағандыда Гуммель шахтаның клуб меңгерушісі болып жұмысқа тұрады. Мәскеуде арнайы білімін жалғастырғысы келіп, құжаттарын тапсырмақшы болады, бірақ «неміс контингентіне» жатқандықтан оның құжаттарын қабылдаудан бас тартады. ҚазИЗО-да мүсіндік жұмыстарды орындай жүріп, Гуммель өз кәсібилігін жоғарылату бойынша өзі жұмыс жасай бастайды. Ол Қарағандыда бірқатар монументтер, портреттер жасайды. Қарағандыдағы В.И. Ленин ескерткішін конкурс бойынша орындау да Гуммельдің еңбегі. 90-жылдары отбасымен ГФР-ға қайтып оралады.

 


28. ГРАББЕ Роберт Андреевич, 1904-1991 ж. Суретші-график. Декупаж шебері (қағазды көркемдеп ою). Новороссийскіде туған. Арнайы білімді Одесса көркемөнер институтында, сосын ВХУТЕИН-де алған. 30-жылдардан бастап Мәскеуде орталық баспаханалармен қызметтес болады. КСРО ВДНХ-да безендіруші болып жұмыс істейді. Ригада жұмыс істеп жүріп, 1945 жылы Латвияның Суретшілер Одағына кіреді. 1951 жылы репрессияланған ағасы үшін өз еркімен Қарағандыға келеді, мұнда ҚазИЗО-да жұмыс істейді, 1957-1958 жж. алғашқы суретшілер көрмесіне қатысады. Көптеген жылдар бойы өзі ұнататын шығармашылық түрімен айналысып, 80-жылдардың басында қалалық көрмлерге қайта шыға бастайды. Егде жасқа келіп Қарағандыда қайтыс болған Р.А. Граббенің барлық еңбектері КОМИИ-ге берілген.

 


29. УСАИТИС Леонид Александрович, 1924-1984 ж. Танымал суретші және график. Мәскеуде туған. 1905 жыл атындағы Мәскеу көркемөнер училищесінде оқыған. Соғыстың басында «халық жауының» ұлы ретінде жеті жылға Оралдағы еңбек армиясына, орман құлатуға жіберіледі. В1948 жылы Қарағандыдағы анасы – КарЛАГ тұтқыны - әкесінің жесіріне келеді. Біраз уақыт ҚазИЗО-да, Гипрошахтада безендіруші, облыстық газетте карикатурист болып, сосын театрда актер болып жұмыс істейді. 1955 жылы Мәскеуге көшіп келеді, онда 1962 жылы Суриков атындағы көркемөнер институтын үздік бітіріп шығады. Астанада қалып Детгизде кітаптарды безендіреді, «Диафильм» студиясында көркем редактор болып қызмет етеді. Өлгеннен соң 1985 жылы Мәскеудің Орталық көрме залында оның үш күндік жеке көрмесі өткізілді. КОМИИ-да Л.А. Усайтистің 20-дан астам живопистік және графикалық жұмыстары сақтаулы.

 


30. МАЙЕР Оскар Оскарович, 1924-1990 ж. Қарағандылық суретшілер қорының суретші-безендірушісі. Суретші. Тбилисиде туған. Әкесі жалған құпия хабар айтқаны үшін тұтқындалған. 1941 жылы 17 жасында Майер неміс ұлтының арнайы қоныс аударылған өкілі ретінде Қазақстанға жіберіледі, онда совхозда, сосын еңбек армиясында жұмыс істеп, сонда сурет сала бастайды. Самарқанд көркемөнер училищесіне қабылданады, бірақ Қарағандының арнайы комендатурасы оған облыс шегінен шығуға рұқсат бермейді. Ол Қарағанды тау-кен техникумына түсіп, оны бітіріп шығуға мәжбүр болады. 50-жылдардан бастап Киров атындағы шахтаның клубы жанындағы В.А. Эйферттің бейнелеу студиясына қатысады. ҚазИЗО-ға түседі. Өз бетінше сурет салумен айналыса бастайды. Өзінің қазір жеке жинақтарда сақтаулы лирикалық пейзаждарын ауық-ауық көрмелерге шығарады.

 

31. РЕЧЕНСКИЙ Павел Иванович, 1924-1999 ж. Суретші, график, қолөнерші. Дарынды өзі үйренуші. Арнайы білім алуға мүмкіндігі болмайды. Саратов облысының Бабово селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1931 жылы бүкіл отбасымен Қазақстанға, Қарағанды облысының Осакаров ауданына арнайы қоныс аударушылар ретінде көшіреді. Мұнда қоныс аударылғандар өздеріне жер төлелер мен барактар салған, олардан обсервациялық кенттер пайда болған. Ауылдық мектепте жетіжылдықты бітіреді. Қиыр Шығыстағы Ұлы Отан соғысына қатысушы. Соғыстан қайтыпторалғаннан кейін Қарағандыда, ҚазИЗО-да, суретшілер қорында жұмыс істейді. Реченскийдің бірнеше жеке көрмелері өтеді – 50-жылдығына орай Қарағандыда, Алма-Атада, Мәскеуде. Оның көптеген жұмыстары КОМИИ-де, жеке жинақтарда сақталған.

 


32. БУШ Виктор Петрович, 1934-1986 ж. Суретші. Кеншілер мәдениет сарайының жанындағы бейнелеу студиясының жетекшісі. Саратов облысындағы Лаупп селосында туған. Савицкий атындағы Пенза көркемөнер училищесін бітірген. Бала кезінде бүкіл отбасымен неміс ұлтынан шыққаны үшін Қазақстанға жер аударылады, жолда омыртқасына зақым келіп, мүгедек болып қалады. Барлық жылдар бойы Қарағанды суретшілер қорында жұмыс істейді, барлық көрмелерге қатысады. Оның автоапатта қайғылы қазасынан болғанынан кейін, қалған еңбектерінің көбісі КОМИИ-ге тапсырылған.

 


33. ГИЛЕВСКИЙ Гелярий Грацианович, 1932 ж. т. Суретші. Украинада, Хмельницкий облысының Бутын селосында туған. Қазақстанға жер аударылған поляк отбасының мүшесі болғандықтан жас кезінен әкесімен бірге еңбек армиясында жұмыс істейді. 40-жылдардың соңында Мәскеуден арнайы жер аударылған суретшілер Л.Э. Гамбургер, сосын В.А. Эйферттің жетекшілігіндегі бейнелеу студияларына қатыса бастайды. Савицкий атындағы Пенза көркемөнер училищесіне түсіп, оны 1960 жылы бітіріп шығады. Көптеген жылдар бойы Қарағандылық суретшілер қорында жұмыс істейді, жыл сайын көрмелерге қатысады. Мексикаға шығармашылық іссапармен барады, сосын Польшаға барып, онда соңғы жылдары сәулет өнерінің ескерткіштерін қалпына келтіру бойынша келісімшартпен жұмыс істейді. Г. Гилевский — «Старая Караганда (Ескілікті Қарағанды)» пейзаждар сериясының, еңбеккерлер, бұрынғы тұтқындар мен айдалғандар портреттерінің авторы. Оның бірқатар туындылары КОМИИ-де сақталған.


34. ЦОЙ Алексей Николаевич, 1929 ж. т. Мүсінші. Суретші. Ақын. Қиыр Шығыста Приморский өлкесінде Уссурийск қаласында туған. 1937 жылы мыңдаған корейліктердің қатарында оның да отбасы Орталық Қазақстанға жер аударылады. Жасөспірім кезінде, 14 жасынан бастап Балқашта, Ақшатауда кен орындарында, сосын Қарағандының шахталарында жұмыс істей бастайды. 50-ші жылдары Мәскеуден арнайы жер аударылған суретші В.А. Эйферттің жетекшілігіндегі бейнелеу студиясына қатысады. 1967 жылы Цой Алма-Ата көркемөнер учлищесіне түсіп, мүсіншілік бөлімін бітіреді. Көптеген жылдар бойы мүсінші болып жұмыс жасағанда оның қолынан шахтер еңбегі тақырыптарына мүсіндер сериясытуған, 90-жылдары суретшілікке қайтып оралады. Бірқатар еңбектері КОМИИ-де сақталған.

 

Суретшілердің өнер туындылары



Абылкасов М.М. Окраина. 1972. X., м.


Айтуаров Е.С. Сарыарка-Караганда. 1984. X., м.


Андриюк П.С. Большая стройка. 1970-е годы. Б., акв.


Андриюк П.С. Индустриальный пейзаж. 1970-е годы. Б., гуашь.


Андриюк П.С. Караганда. 60-е годы. 32 квартал. 1961. К.,м.


Андриюк П.С. Карагандинский пейзаж. 70-е годы. Б., гуашь.


Андриюк П.С. Магнитка строится. 1960-е годы. Б., смеш. тех.


Андриюк П.С. На стройке. 1958. К., м.


Андриюк П.С. Старый город.1960-е годы. К., м.


Андриюк П.С. Терриконы. 1960-е годы. Х., м.


Антоненко П.К. Весна. Улица Аманжолова. 1967. К., м.


Антоненко П.К. Пейзаж с терриконами. 1970. К., м.


Басаев И.В. Фонтан Каскад. 2003. Б., акв.


Бегалин А.К. Зима. 2002. X., м.


Бегалин А.К. Зима в Караганде. 2002. X., м.


Бегалин А.К. Караганда. 2002. X., м.


Гамбургер Л.Э. Домик в Старом городе. 1941.Б., акв.


Гамбургер Л.Э. Терриконы в старом городе. 1945. Б., акв.


Гамбургер Л.Э. Шанхай. Мазанки.1945. Б., акв.


Гилевский Г.Г. Воскресный день. 1969. X., м.


Гилевский Г.Г. В старой Караганде. 1970. X., м


Гилевский Г.Г. Среди терриконов. 1970. X., м.


Гилевский Г.Г. Старая Караганда. 1970. X., м.


Гилевский Г.Г. Старый город. 1964. X., м.


Джунусов М.К. Голубой день. 1975. X., м.


Джунусов М.К. Город и деревня. 1984. X., м.


Ежак С.К. Темиртау. 1960-е годы. X., м.


Есиркеев К.Р. Индустриальный пейзаж. 1983. X., м.


Есиркеев К.Р. Индустриальный пейзаж. 1986. X., м.


Есиркеев К.Р. Шахта № 38.1982. X., м.


Зиньков И.Я. Шахта «Кировская». 1970-е годы. X., м.


Калкабаев М.А. Караганда вчера и сегодня. 2003. X., м.


Калмаханов М.С. Шахтёрские будни. 1997. X., м.


Калмаханов С.К. Аппак Байжанов. 1982. Холст, масло


Камелин Ю.В. Вид из окна. 1987. X., м.


Камелин Ю.В. Дорога в Май куду к. 1978. К., т.


Камелин Ю.В. Цирк приехал. 1978. К., т.


Камелин Ю.В. Январский день. 1987. X., м.


Косырев П. Шахта № 37.1960-е годы. X., м.


Крылов В.И. Караганда строится. 1958. X., м.


Подлесных М.С. Заводская симфония. 1980. X., м.


Саносян С.М. Уголок старой Караганды.1983. X., м.


Саносян СМ. Канал Иртыш-Караганда. 1974. X., м.


Саносян СМ. Красная домна. 1980-е годы. X., м.


Саносян СМ. Уголь и город. 1983. X., м.


Саносян СМ. Шахта 1-я Вертикальная. 1977. X., м.


Саносян СМ. Шахта им. СМ. Кирова. 1980-е годы. X., м.


Саносян СМ. Шахтёрский посёлок. 1983. X., м.


Смирнова Л.П. Сумерки. Дворик детства. 1985. X., м.


Усайтис Л.А. Караганда зимой. 1950. X., м.


Шабанин Ю.Г. Осень. Память о старой Караганде.1977. X., м.


Шабанин Ю.Г. Уголок старой Караганды. 1971. X., м.


Шамшин В.В. Шахта «Майкудукская». 1971. X., м.


Шкурацкий С.Ф. Шахта им. И.А.Костенко. 1960-е годы. Б., акв.


Шульга В.П. Шахта № 38.1971. X., м.


Щеголихин С.Д. Воскрешение. 2003. X., м.


Щеголихин С.Д. Зима в Караганде. 2003. X., м.


Щеголихин С.Д. Ливень в Караганде. 2003. X., м.


Эйферт В.А. Зимняя Караганда. 1949. X., м.


Эйферт В.А. Окраина Караганды.1947. К., м.

Қарағанды суретшілері

Раздел в стадии разработки!

Қарағанды қарағандылық суретшілердің көзімен

Орталық Қазақстанда орналасқан Қарағанды қаласының дүниеге келуі жер қойнауындағы «қара алтынмен» байланысты. Қарағандыға қала мәртебесі 1934 жылы ақпан айында берілді.

Қарағанды көмір бассейнінің алғаш ашылуына ықпал еткен бақташы жігіт Әппақ Байжанов, ол 1833 жылы Қарағанды атты шатқалында бір кесек көмір тауып алады (Нұра өзенінің оңтүстігіне қарай 25 километр жерден), ол кезде бұл жер Игілік және Жұман байлардың жазғы жайлау орны болатын. Осы тарихи оқиға Петр Кузьмич Антоненконың «Еске түсіру. Әппақ Байжанов» (1981 ж.) суретінде біршама нанымды бейнеленген: ұшы-қиыры жоқ жазық дала, жел тербелткен ақселеу, осы дала сияқты аспанда төмен бұлттар зымырап бара жатыр. Жас бақташы жігіт, асыл тас тапқандай, бір кесек көмірді қолында ұстап тұр. Қазақ әйелінің де, үзеңгі жанында тұрған, жүрегінде қобалжу, қара тас көмірге ол да толғаныспен қарап түр. Еріксіз бір сезім пайда болады: осы көне өлкеде таяу арада бір ғажайып ұшырайды. Сонымен қоса қаланың туу тақырыбын «Әппақ Байжанов» (1982 ж.) атты Сейітмахан Қалмаханов шығармасынан да көруге болады: бойында күш-қуаты тасыған жас жігіттің қолындағы көмірден болашақта осы даланың қайнаған, өмірге толы қалаға айналатынын айтқысы келіп тұрғандай әсер аласыз.

Қарағанды суретшілері өздерінің қаласы туралы толғаныстарында өнердің отандық және әлемдік дәстүрлерін қалыптастырды. Қала тарихын өз өнерінде түрлі жанрларда, әр түрлі тақырыптарда көркем шығармашылықпен бейнелей отырып, адамдарды жасампаз еңбекте, іс-әрекет үстінде баянды етеді. Мұндай жемісті еңбекті Г.Г. Гилевскийдің «Ескі Қарағанды», С.Ф. Шкурацкийдің «Қарағанды көмір бассейнінің тарихы», В.А. Цимбалюктің «Қарағанды — менің қалам», В.Н. Малькевичтің «Индустрия ырғағы», Р.А. Граббенің «Қарағандыға — 50 жыл» (декупажы); С.Д. Щеголихиннің «Қарағандыға — 70 жыл» атты туындыларынан көреміз.

Суретшілердің көпшілігі қала және өндіріс пейзажының жанрларына ерекше көңіл белген. Мұндағы шеберлердің мақсаты — тек көріністі беру ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта әлемі және адамдардың көңіл-күйі мен ой-толғанысының өз ара әрекеттесуін бейнелеу. Қала және өндіріс пейзажы «тарихи» болып ауысады, себебі: міндетті түрде онда уақыт, оның негізгі белгілері бейнеленіп, қаланың «өмірбаяны» суреттеледі. «Уақыт-адам-қала» жүйесі барлық пейзаждарда негізгі болып табылады. Ол бөлшектер өз кезегінде біреуі немесе екеуі басым болып уақыт пен кеңістікте дамып жататын қала образын алғаш суреттердегіден ілгері және қатып қалған бейнеде емес екендігін айқындауға үлес қосады.

Қарағанды тақырыбына алғашқылардың бірі болып назар аударған КарЛАГ-тың қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілері еді. Олардың шығармаларында Қарағанды «лагерлі», қатал, қорқынышты, әрі мұңды қалыпта суреттелді. В.А. Эйферттің пейзаждық композицияларында, А.В. Фонвизиннің, Л.Э. Гамбургердің акварель суреттерінде (40-жылдар) Қарағанды табиғаты осындай көрініс береді.

Ескі Қарағанды образына арнап, 50 жылдан астам уақыт осы қалада өмір сүрген, Гелярий Грацианович Гилевский жүзге тарта жұмыстар жазды. Оның туындыларында бейнеленген жер барактар, шахтерлар поселкесі, террикондар туған қаланың өзіне тән көркем шежіресі тәрізді. Өйткені тек солар, өткен өмірдің іздерін сақтап қалған қаланың түкпірлері, суретшіні шабыттандырады. Әрине, даусыз, қала тірі болады, біз оның ескі жерлерін есімізде сақтағанша: «Қарағандының шет жағы», «Кене жерде», «Ескі Қарағанды», «Ескі Қарағандыда», «Террикондар арасында». Г.Г. Гилевскийдің пейзаждарын кеп ауқымды суреттер, қатал көріністер, бояу түрлерінің қарама-қайшылығы, ішкі дамуы мен қуаты толтырады, сол арқылы оның суреттері қаланың өткені туралы көркем естелік, дәуір қүжаты іспеттес.

Ескі Қарағандыны Г.Г. Гилевскийдің шәкірті Ю.Г. Шабанин да жазған: «Күз. Ескі Қарағандыны еске алу», «Ескі Қарағанды түкпірі» (70-жылдар); сонымен қатар П.К. Антоненко («Ескі Қарағанды», «Ескі қала», 1955-1957 ж.); П.И. Реченский («Ескі қала»); А.Ф. Сизинцев («Ескі қала», 1966 ж.); М.М. Әбілқасов («Ескі қалада», «Ескі қала ауданы») т.б. бейнелеген.

50-жылдары Қарағанды өмірінде үлкен құрылыс белең алды, қала тынысы ширақ ырғақты даму үстінде еді. Қала мен өндіріс пейзажы кең орын ала бастады. Тар ескі қаланың орнына үлкен көшелер, даңғылдар қаласы болатыны суретшілер үшін күмәнсіз. Сондықтан да 50-60-жылдардағы пейзажда жаңарту лебі, жасампаздық қуанышы сезіледі. Үлкен Қарағанды, Жаңа қала туу үстінде. Әсем ғимараттар тұрғызылудағы басты мән сәтті табылған бояуға берілген, ол, сәулет жағынан да тұтастық беріп, жаңа қаланың ескі қаладан айырмашылығын көрсете түседі. Жаңа Қарағанды 30-40-жылдарда салынған жер үйлерді, бір қабатты поселкелерді ығыстыру кезеңінде. Қарағанды пейзаждарынан бұл қаланың өзгеруін, құрлысының өсу қарқынын, салынып жатқан ғимараттардың ерекшеліктерін оп-оңай көруге болады: В.И. Крыловтың «Қарағанды салынуда», «Қарағанды. Бейбітшілік алаңы» (1956,1958 ж.); П.К. Антоненконың «Қарағанды» (1958 ж.), «Қарағанды салынуда» (1961-1964 ж.) суреттеріне назар аударыңыздар. Суретшілердің еңбектерінде қаланың кескіні, оның негізгі көшелері айқын көрінеді: П.К. Антоненко «Шуақты күн. Чкалов көшесі» (1956 ж.), «Қарағанды. Ленин даңғылы» (1962 ж.), «Силовая көшесі»(1964 ж.).

60-шы жылдардың екінші ширегі — 70-ші жылдардың басы уақыт аралығында суретшілер шығармаларында күнделікті қала өміріне деген қызығушылық мүлде жаңа белес алды. Кескіндемешілер шығармаларында аласа тұрғын үйлер, қала тіршілігі көрініс тапты. Бейнелеу өнері саласында суретшілер Қарағандының табиғаты мен көркін, өсу жолдарын өзіне тақырып етіп алды. Осындай суретшілердің қатарында алғашқылардың бірі болған П.К. Антоненконың қала пейзаждары «Қыс. Қарағанды», «Лобода көшесі», «Қарағанды түкпірі», «Қарағандыдағы құрғақ күн», «Ленин көшесі», «Көктем. Аманжолов көшесі», «Кеңес даңғылы» (1964-1969 ж.), туған қаласы туралы көп жазған П.С. Андриюктің «Аманжолов көшесі. Шуақты күн», «Қарағанды. 60-жылдар. 32 квартал», А.Ф. Сизинцевтің «Қарағанды таңы», «Кешкі Қарағанды», «Қарағанды қысы», «Қысқы Қарағанды» туындылары жатады, олардан біз Қарағандының өсуімен, өркендеуімен қоса Арқа табиғатының өзіндік ерекшеліктерін байқаймыз. Аралас техника мен акварельде жазылған С.Ф. Шкурацкийдің туындыларында Қарағанды адам қолынан шыққан керемет туынды ретінде бейнеленеді: «Кеншілер мәдениет сарайы», «Ю. Гагарин алаңы», «Жазғы театр қыста», «Кеңес даңғылы», «Саябақтағы көлдің жағасы». Суретші өзінің жұмыс атқарған, мекендеген қаласына шын, мәңгі берілген болып қалады. Осы жоғарыда айтылған суретшілердің жұмыстарындағы Қарағанды көріністері өнердің нақты дәстүрлерінде жазылды десек, бекер емес.

Сонымен қатар 60-шы-80-ші жылдар — қарағандылық кеншілерінің шыңға шыққан кезеңі. Қарағанды образы Сарыарқа төсіндегі кеншілер шаһары ретінде ерекше. Шахтерлар өмірі туралы белгілі қарағандылық суретшілер В.В. Шамшин «Майқұдық шахтасы», В.П. Шульга «№ 38-ші шахта», сонымен қатар әуесқой суретші П. Косарев «№ 37-ші шахта», И.Я. Зиньков «Киров шахтасы», «Стаханов шахтасы» жұмыстары сонау 70-жылдардағы Қарағанды қаласының қайнаған еңбекжолдарын, өркендеу, өсу ерекшеліктерін көрерменге паш етеді. Бұл шығармалар қаламыздың Бейнелеу өнері мұражайының алтын қорынан орын алды.

Әр кезеңдердегі кескіндемешілер мен графиктер үшін пейзаж жанрында шахтерлар тақырыбы ең басты болды. Бұл тақырыпқа соқпаған суретшіні атау мүлде мүмкін емес: Р.Е. Есіркеев «1/2 Тентек шахтасы», П.Г. Лысенко «Жаңа шахта», В.В. Ким «И.А. Костенко атындағы шахта», М.М. Әбілқасов «Жаңа шахта», Е.С. Айтуаров «Шахтерлар қаласы», Ю.В. Камелин «Копрлар бейнеленген пейзаж», А.П. Плотников «Шахта ауданы», Қ.Р. Есіркеев «Жаңа шахта», «Қарағанды шахтасы», А.И. Сыров «Қарағанды вертикальдары», А.Ф.Сизинцев, Л.Н.Фролов.Л.П.Смирнова, О.А. Селезнева және тағы басқалар.

С.М. Саносянның шығармашылығында шахтерлар тақырыбы ерекше орында. Осыған дәлел — «Көмір және қала», «Шахтерлар поселкесі», «1-ші Тік шахтасы», «С.М. Киров атындағы шахта», «Октябрьдің 50 жылдығы атындағы шахтаға көрініс» атты суретшінің туындылары (70-80-жылдары). А.Ф. Сизинцев ол да айтулы пейзаж шебері. Туған қала тақырыбы оның шығармасында басты. 60-70-жылдар аралығында ол Қарағандыға арналған суреттер жазады: «Ескі қала», «Жаңа шахта», Қарағанды. Шахталар», «Қазақстан шахтасы». Оның өндіріс тақырыптарына жұмсақтық пен ашықтық тән, ал көз арқылы алған нақты әсерін ол үлкен топтама образына сомдайды.

Орталық Қазақстанда өндіріс орындарының көптеп дами бастауы суретшілердің творчестволық жағынан өркендеуіне өз ықпалын тигізді. Кескіндемешілердің жұмыстарынан Қазақстан Магниткасы, Ертіс-Қарағанды каналы, фабрика, зауыттар орын ала бастады. Өндіріс тақырыбына арнап шығармалар жазған аға және орта буын суретшілерді атауға болады, олар — С.М. Саносян, В.И. Крылов, М.С. Подлесных, сонымен қатар П.С. Андриюк, П.К. Антоненко, А.Ф. Сизинцев, Қ.Р. Есіркеев, М.С. Байтенов және тағы басқалар.

С.М. Саносян — өзінің монументальді, 70-80-жылдардың екінші ширегінде жазылған, индустриялы пейзаждарымен әйгілі болған суретшілердің бірі. Ал, индустрия алыбы — Қарағанды металлургия комбинаты кескіндемешінің шығармашылық тағдырында елеулі орынға ие. Оның «Магнитка. 1-ші домна», «Магнитка. 4-ші домна», «9-шы бесжылдықтың домнасы», «Қызыл домна», «Магнитка ырғағы», «Қазақстан Магниткасы» — бұл қазіргі өндіріске әнұран секілді сезіледі. «Топар ГРЭСі», «Ертіс-Қарағанды каналы» атты шығармалары — адам еңбегінің жинақы образын бейнелеген туындылар. Суретшінің әрбір суреті толыққанды, эпикалық болып құрылады. Олардағы айшықты сызықтар мен үйлесімді нақыштар еңбек үстіндегі адам өмірін, образын көрермен қауымға суретшінің ойын өте дәл жеткізе білген.

Белгілі суретші Қуаныш Есіркеевтің индустриялы туындыларынан суреткерге тән ұстамды нақышты, рухани көзқарасты, қазіргі заманғы өмір шындығын аңғарамыз.

70-80-ші жылдары қала пейзажы мүлде өзгеше қарқын алды. Оны біз шеберлер қала сәулеті, әсем ғимараттарды бейнелеген жұмыстарынан көре аламыз: П.К. Антоненко «Чайка» қонақ үйі», «Юбилейный» дүкені»; П.С. Андриюк «Нүркен Әбдіров даңғылының құрылысы»; Г.Г. Гилевский «Нүркен Әбдіров даңғылы». Сол жылдары пейзажбен қатар қала тұрғыны, замандас, үлкен өзгерістердің қатысушысын де бейнелеуге талпыныс жасалды. Әр шығармада адам, қала және табиғаттың бір болуы бояудың үйлесімдігінде беріліп, адам өзін қала ортасында әдетті және жайбарақат сезінеді. Суретшілер табиғатты, қаланы және адамды тең достастықта кескіндеу білген.

70-жылдарды қарағандылық суретшілерінің лиропоэтикалық жағынан өркен жайған уақыты деуге болады. Бұл, бәлкім, аңсау, өткеннің қайтып оралмайтындығынан шығар. Бір қарағанда олар жай, қызықсыз сәттерді бейнелейтін суреттер, мұндай жұмыстар қатарына С.М. Саносянның «Иесіз қалған қақпа», С.Қ. Қалмахановтың «Қарағанды шеті. Дударай», М.М. Әбілқасовтың «Шет жақ» атты туындылары жатады. Туған Қарағандының ескі түкпірлері тақырыбын жалғастырған Л.П. Смирнованың «Ымырт. Балалық шақтағы аула» атты шығармасында қаламыздың өсу жолындағы ерекше бір ықыласты, ескі мен жаңаның арасындағы айырмашылығын көруге болады.

Ю.В. Камелиннің, М.Қ. Жүнісовтың шығармаларынан туған қалаға, оның көркі мен өсу жолдарына деген көзқарастың жаңа қырларын байқаймыз. Олардың шығармаларындағы негізгі белгі — ол қазіргі заман, ал пейзаж — шығармашылық шабыттың көзі. 30 жылдан астам Қарағандыда тұрған Юрий Камелинде өзіне тән бояу пластикасы, қалаға деген көзқарасы бар. Оның әрбір жұмысы жаны мен тәнінен, жүректен шығуы сурет тақырыбы мен шығармашылық үрдісін әрдайым аңықтайды. Ол қаланы әр түрлі жыл, тәулік мезгілдерінде бейнелеп, қоршаған ортаның қалпын беруге тырысады: «Көктем қалада», «Сәуір. Қарағанды көшесі», «Таң. Қарағанды пейзажы», «Қаңтардың бір күні», «Наурыз. Қарағанды» (80-жылдар) атты шығармаларында бояудың әсемділігі мен жаңалығы, суретшінің шебер қолы таң қалдырады. Ал М. Жүнісовтың шығармаларында Қарағанды ерекше бейнеленеді. Оның туындыларында қала «адами» қасиеттерге ие; қалалық пейзаждарда жылулық, табиғаттағы құбылыстарға, қоршаған ортаға, жарыққа, бояуға қызы-ғушылық сезіледі: «Көгілдір күн», «Қала мен ауыл». Шығармаларда суретші Арқа жерінің ерекше көріністерін асқан сезіммен, өзіндік бір әуенмен бейнелеуді мақсат еткенін көреміз. Ол көбіне бейнелеу арқылы өмір жолының ұзақ та, қиын бұрылыстарын нәзік бояумен көрермен көңіліне жеткізуге тырысқан. Бұл суретшілердің туындыларында Қарағанды көңілді, мерекелі болып көрінеді: «Цирк келді» және «Цирк Қарағандыда». Әдетті көріністер бұл суреткерлер үшін қаланың қазіргі өмірі жайлы хабарлауға сылтау сияқты.

Е.С. Айтуаров Қарағандының әсем көрінісін кең жазиралы кеңістікте және уақыт шеңберінде өзінің «Сарыарқа-Қарағанды» (1984 ж.) шығармасында суреттеген. Суреткер шахтерлар еңбегінің маңыздылығын, жаңарған даңғылдар мен шахта маңайын бейнелеп, адам санасына өндіріс қаланың образын ұялатады. Бұндай бояулардың берілісі жасампаздыққа итермелеп, іс-әрекетті мерекелік етіп айқындайтындай. Нақты күнделікті жағдай көпмағыналы болып, монументальды көпшілдік түр алатындай.

Туған қаланың бейнесі мен сол қаланың тұрғындарының келбеті әр түрлі — ол бірдей қуантады да, қорқыныш ұялатады. Өйткені қала бейнесі қарама-қайшылыққа толы, экологиялық қауіпі де зор адам үшін. Суреткерлер шығармаларында сол табиғатты болашақ үшін сақтап, оны аялап, қорғау, қоршаған ортаның экологиясына назар аудару туралы ой-толғаныс айтылады. Осындай мазасыз көзқарас Ю. Камелиннің «Ескі қала», «Майқұдыққа барар жол», «Пришахтинскке барар жол» (70-80-жылдар) атты шығармаларында берілген. Ал, Вениамин Шамшиннің «Менің көшемдегі мереке» (1980 ж.) суретінде әр түрлі оқиғалар сабақтасқан: ол — той, оркестрдің шулы музыкасы, ырғақты ширақ би, сыра сату мен әңгіме-дүкен — бір сөзбен, ол — көше өмірі. Бірақ бұл көңілді толқында қайғы мен мұң суреттің екінші планынан сезіледі. Ол мына себептен: адам өмірінде қызығы мен қайғысы көршілес болып жүретіндігінен. Алайда суреткер өмір сүйгіштікке көп көңіл бөлгені байқалады.

 

 

Пайдаланған әдебиет:

 

Золотарева Л.Р. История Города в творчестве карагандинских художников. - Караганды, 2004.