Орманбетұлы Нармамбет
Нармамбет Орманбетұлы (1860-1918), халық ақыны. Қарқаралыдағы 2 класты орыс мектебіңце оқыған (1873). Бала кезінен оқуға, білімге құштар болып өсті. Шығыс әдебиетінен, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Л. Н. Толстой шығармашылығынан жақсы хабардар болды. Ақыңдығымен қоса домбырашылығымен де аты шықты. Суырып салма ақын ретінде халық мұңын жоқтайтын өлеңдер шығарды. Жас кезінде шығарған көптеген өлеңдері сақталмады. Нармамбет өз шығармаларыңца патша өкіметінің жүгенсіз озбырлығьш сынға алды. 1905-07 жылғы 1-орыс революциясы жеңіліске ұшырағаннан кейін азатгық жолыңцағы күрестің жеңіспен аяқталарына күмән келтіріп, торығу, жабығу сарынындағы өлеңдер шығарды. Соған қарамастан жастарды оқуға, білімге шақырып, қараңғылық пен надаңдықтан арылуға үңдеді. Нармамбет өлеңдерінде махаббат, табиғат лирикасы көрнекті орын алады.