Құтпанұлы Иманжүсіп
Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1929), белгілі әнші-композитор, төкпе акын. Жаңаарқаның түлегі. Иманжүсіп жас кезінен-ак жырға, шешеңцік сөзге құмар болып, сал, серілер дөстүрін ұстап, саятшылық кұрып, балуан атанды. Ол суырып салма ақын болған, өмірден көрген, білгендерін әнге қосып айтқан. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған, Жарылғапберді, Естай т. б. әншілермен дос, сырлас болған. Ал Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлең де арнаған. Ертіс бойының ұлықтары қуғындай берген соң ол Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлығына, әділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлендерін айтады. Жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905-1912 жылы Өскеменге, 1914 жылы Жетісу жеріне айдалады; Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсіде тұрады. Октябрь революциясы қарсаңьшда Иманжүсіп айдаудан қүтылып, өмірінің қалған уакытын Сарыарқада өткізеді. Иманжүсіп — Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті жырлаған күрескер әнші. «Сармойын», «Бұғылы мен Тағылы», «Ішім өлген дүние-ай, құр сыртым сау», «Әкем Құтпан болғанда, ағам Шоңай», «Қысырақтың үйірі жирен ала», «Мен қалайша жалғанда тұрақтайын» т. б. әндері асқақ үнді әншінің азаматтығын танытады. Оның әңдерін А. В. Затаевичке Қ. Байжанов, Қ. Байсейітов, И. Байзақовтар нотаға тү-сірткен. «Сармойын» әні Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында (Бекежанның ариясы) пайдаланылды. Қазір Иманжүсіп әндерін Қ. Байбосынов, Б. Тілеуханов т. б. әншілер орындайды.