КГУ "Карагандинская областная юношеская библиотека имени Жайыка Бектурова"
00:00:00





Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж.Бектурова"
www.uniorlib.kz

Яндекс.Метрика

Қаржаубайұлы Шөже

Қаржаубайұлы Шөже
(1803-1895 жж.)


1803 жылы қазіргі Нұра ауданы жерінде кедей шаруа отбасында туған. Ол қазақ халық ақыны, жыршы. Жастайынан поэтикалық өнерге құмар болды, домбыра мен қобызда ойнады.
Жас кезінде-ақ Шөже салтанатты жиындарда ел алғысьша бөленіп жүрді. Шөже Каржаубайұлының ақындық туындылары көшпелі қазақ халқы шығармашылығындағы ең жоғарғы жетістіктерінің бірінен саналады. Оның есімімен қатар аталатын Жанақ, Сүйінбай, Қатаған, Майкөт, Құлмамбет, Майлықожа сыңцы поэтикалық өнердің алыптары қазақтардың жыр өнерін халық шығармашылығыңдағы ерекше жанр етуге зор үлес қосты.
Шөже бала күнінде өте көп ауырған, мұның өзі оның көру қабілетіне кесірін тигізді. Ақын өмірдің қиыңдықтарына төзе білген. Шөже — айтыстың хас шебері. Айтыс үстіңде ол өзінің суырып салма ақын екенін білген, қазақтың өмірі мен дүниетанымының келеңсіз жақтарын қатты сьшға алған және оның барлық туындыларында ақиқаттың рухы сезіліп тұрады. Оның Кемпірбаймен, Балтамен, Тезек төремен, Қалдыбаймен, Орынбаймен, Жапармен сөз сайысы — қазақтардың айтыс өнерінің озық үлгісі.
Ақын барлық айтыстарда үміт пен күмән, зұлымдық пен әділдік, қайғы мен қуаныш, өмір мен өлім сияқты пәлсапалық түсініктерді тілге тиек етеді.
Шөже Қаржаубайұлы сазгер және әнші болған. Ол орындаған "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" поэмасының көркемдігі жағынан ең үздік және толық нүсқасы халық арасына кең таралды. Ш.Уәлихановтың бағалауы бойынша, Шөже халықтық ауыз өдебиеті мен жылнамаларының (шежіре) озық үлгілерінің маңдай алды білгірі деп танылған. А.Құнанбаев, С.Торайғыров Шөженің поэтикалық дарынын өте жоғары бағалаған, оны турашьглдығы мен батылдығы үшін құрметтеген.