Жылқыайдаров Иманжан
Жылқайдаров Иманжан (1882, қазіргі Жезқазған обл., Ұлытау ауд., Ұлытау с-зы, — 10. 8. 1973, сонда) — ақын. Жас күнінен өлең шығарып, айтысқа түскен. Балуан Шолақ, ҮкІлІ Ыбырай, Ақан сері, Құлтума, Тайжан сияқты атақты әнші,сері , ақыпдармен серіктес болып, тәлім-тәрбие алған. 18 жасында жерлесі Бибіханым Оңғарбайқызымен, одан кейін Гүлжәмила,Ибадулла ақындармен айтысқа түседі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске
қатысушы ретінде оның басшыларының бірі, халық батыры Әділбек Майкөтовке арна-лған "Әділбек" тарихи дастаны мен "Сабыр" толғауын шығарды. Қазан төңкерісі туралы, бейбітшілік туралы "Туысқандар қойды қол", "Гүлденген менің Отаным" (1958), Ұлытау малшыларының, Жезқазған мен Қарсақбай кеншілерінің өмірін жырлаған "Сәуле", "Ақ марқа", "Ұлытау" дастандарын шығарды. Жылқыайдаровтың қазақ тарихына арналған "Шақшақ ұлы Жәнібек", "Назымбек" дастандары бар. Академик Әлкей Марғұлан басқарған тарихи-этнографиялық экспедицияға (1947) қатысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинайды. "Жастарым, жайна" атты таңдамалы шығармалар жинағы (1959) жеке жарық көрді. Бірнеше шығармалары "Пернедегі термелер" (1965), "Айтыс" (1966, 3-т.), "Ленин деп халық жырлайды" (1969) жинақтарында жарияланды.