Елеуов Көшен
Елеуов Көшен (27. 4. 1892 ж. т., Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Бесоба ауылы, - 3. 9. 1971.) - ақын. Әкесі Елеу сауық қой, саятшы, домбырашы адам болған. Баласының ақындық өнерін ұштауына айрықша ықпал еткен. Мұсылманша сауатын ашады. Он сегіз жлсынан бастап өлең шығарумен айналысады 1916 жылы қара жұмысқа алынып, Ресейдің батыс шекарасында болады. Қызыл Ту ауылдық кеңесінде төраға орынбасары, кей»ннен төраға болып қызмет атқарады. 1933 жылы Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындарына ашқан қысқа мерзімді курсында оқиды. 1943-1962 жылдары аудандық,облыстық,республикалық айтыстарға қатысып, Шашубай, Ілияс, Қайып, Маясар, Кәртай ақындармен айтысып жүлделі орындарға ие болды. Елеуов Көшен жазып та, ауызша да шығарған. Оның шығармаларында сол замандағы өзекті тақырыптардың барлығы да қамтылған. Әсіресе,өндіріс тақырыбына арналған туындыларыерекшеленеді. Ол «Туысқанға» (1927) туындысында бірлікті, ұйымшылдықты дәріптейді, ал «Торғайға тарту» (1941), «Жас батыр» (1944), «Қандай қызық тамаша» (1949) өлеңдерінде қазақ жұмысшыларының бейнесін ұтымды жасаған. Елеуов өзінің көлемді де көрнекті «Баян», «Боз інген», «Сарыарқалық жігіт», «Қарағанды», «Жылқышы» дастандарымен де танылған. Бұл шығармаларда соғыстағы батырлардың, шаруашылықтағы еңбек адамдарының, өндірістегі озаттардың кескін-келбетін кестелейді. Елеуовтің ақындық қабілеті Шашубаймен айтысында (1943) ерекше танылды. 1993-61 жылы аудандық, облыстық, республикалық халық таланттарының жиындарына қатысып, онда Қ. Айнабеков, Ш. Қошқарбаев, Ж. Нұрмағамбетов, I. Манкин, М. Жапақов, Б. Қожабаев, Қ. Жұбандықов т. б. ақындармен айтысты. "Ақындар жыры" (1963), "Пернедегі термелер" (1965), "Айтыс" (3-т, 1966), "Қаһарлы сөз қамал бұзады" (1969) жинақтарына енген.