КГУ "Карагандинская областная юношеская библиотека имени Жайыка Бектурова"
00:00:00





Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж.Бектурова"
www.uniorlib.kz

Яндекс.Метрика

Бәпиұлы Мәди

Бәпиұлы Мәди
(1880-1921 жж.)


1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ақьн, әнші-композитор. Арғы аталары атақгы би Қазыбек екен. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала болуы кездейсоқ емес. Әнші әрі дәулескер күйші ретіңде де , Мәди ерте танылады.
Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты еаңлақтармен кездесіп, өнер сайысьша түседі, өнеге алады.
Сол кездегі үстем тап өкілдерінің "ұры" деген жалған жаласымен Атбасар, Карқаралы, Семей, Омбы түрмелеріңце болады. Қамауда елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мөди өзінің атақты "Қаракесек" әнін шығарады. Бүл ән мен өлеңнен адам рухының қайтпас қайсарлығьш аңғарамыз. Түсініктеме беріп жатудың қажеті шамалы.
1915 жылы Мәди түрмеден қашьш шығады. Бүл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді. Мәди жөнінде талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. "Шіркін-ай" әні осы кезде туған.
1916 жылы ол еліне оралады. 1917 жылы болыс билеуші Айтқожа Теміржанов Мәдиді "жылқы ұрлады, түрмеден қашты" деп айыптап, тағы да түрмеге жөнелтеді. Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысыңда отырып қарсы алады.
1918 жылы бостандыққа шығады. Кеңес өкіметін қуанышпен қарсы алып, қолынан келгенше көмек етсем деп ойлайды. Композитордың халық арасына кең тараған атақты "Мәди" әні осы кезең жемісі.
Кеңес өкіметін Мәди ән-жырмен ғана емес, қолына қару алып тағы да қорғады. 1919 жылы Колчакқа қарсы соғыеты. Ақ гвардияшыларды Қарқаралыдан қуып шығысымен, жаңа өмірді нығайтуға кіріседі. Ал кеңес қызметіне кіріп алған жаулары оны ебін тауып өлтіруді үйғарады. 1921 жылдың ақпан айында Мәди қаза табады.
Атақты әнші-композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларынца бостанцықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы оның әңдері күні бүгінге дейін ел аузында. Олар опералардан, сиюталардан, кантаталардан тұрақты орын алды. Композитордың тағдыр-талайынан терең еыр қозғайтын Мәди Бәпиүлының әндері талайларды тебірентумен келеді.