Байсалбайұлы Ахметбек
Ахметбек Байсалбайүлы 1878 жылы дүниеге келген. Арғы тегі Арғын тайпасьшдагы Қуандық руьшың Алтайдан тарайтын Мойын деген бұтағынан шыққан. Оның ішінде Мұрат. Мұраттың ішінде Әлмәмбет.
Оның туып-өскен, өмір сүрген жері - Қараганды облысының осы күнгі Бүқар жырау ауданындағы бұрынғы Қызылқайың шоғы. Ол - сөз иесі шешен, ел иесі әділ болыс, қүс иесі қүсбегі, сергек ойлы азамат болган. Арқаның шертпе күйлерін аққуша сыңсыта тартатын күйшілігі де, әншілігі де бар екен. Ахметбек өзінің туған өңірінен ұзамаган. Сол жердегі медреседе оқьт, хат таниды. Жастайынан өлеңге, әнге қүмартады. Жыр-дастандарды жаттап айтумен әуестенеді. Ауыл арасындағы ойын-сауық, той-думанда ән салады.
Ахметбек ән мен өлеңді ермек етпеген, өнер санаган. Халықтың рухани қазынасы деп білген, жүрегіне баратын жол іздеген, ойына сіңетін әуенді шырқаған. Сондықтан Сарыарқа елі Ахметбекті қастерлеген, оның әніне елтіп, өлеңіне балқыған, рухани нәр алған.
Кезінде Ахметбек ақын көп кітап жинапты. Өз үйінде кәдуілгідей кітапхана ашыпты. Жастардың оқып, білім алуына жөн сілтеп, көмектесіпті. Бірде атақты жазушымыз Ғабиден Мұстафин өз елі мен жерін аралаганда, Ахметбек Байсалбайүлының халық үшін атқарган істерін жоғары бағалап және оның шығармашылыгы XIX ғасырдың аз бетіне түседі. аяғында - XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ ақындарының жуан ортасьшан орын алатындығына күмән жоқ дей келе, өз пікірін былай тұжырымдапты: "Мына шоқ біздің Ахметбек ақынның Қызылқайыңы. Осы тоғайда ол көп жыл отырып еді. Кісілікті, білімді әрі ерен ақын еді. Жұртты отырықшылыққа бастап, егін салуды үйретіп еді. Совет қүрылысьның алғашқы жылдарында мьна Байдәулетте совет болысы да болып еді. Бүл кісінің аты С. Сейфуллиннің "Тар жольнда" да бар. Қазақ даласы ашаршылыққа үшырағанда Ахметбек Алтай жаққа көшіп кетіп, ел іші тынышталган кезде қайтып келіп еді. Бірақ беделді болған, аузына кісі қараған, тілі өткір осы ақсақалды шала белсенділердің халыққа қиянатын қатты сөгіп, сьнағаны үшін 1937 жылы қүртып жіберді".
"Япырым-ау, осы екен ғой,
өлім деген,
Күні бүрын көзге келіп
көрінбеген.
Абайдай арт жағына сөз
қалдырып,
Жақсы еді-ау әттеген-ай
өлу деген.
Ақында менен сорлы
өтті ме екен,
Бір сөзі баспа орнына берілмеген", -
деп жырлаған Әсет ақындай, Ахметбек Байсалбайұлы да бірде-бір өлеңін бастыра алмай шерменде өтіпті.
Ақынның өлең-жырлары өзі өмір кешкен дәуірдің (1878-1937 жылдар) шьндығымен биікке көтерілген, тыңдаушы санасьш тынымсыз қалдырмайтын шырайлы дүниелер. Кедейліктен, кемшіндіктен, теңсіздіктен тұралаған еңбекші қауымньщ мүң-мүқтажын ашық айтьт, жыр арқауын әділдіктің ақ арқанымен тартқан. Ахметбек озбырлықты, зорлықты әшкерелеуші, шыншыл жырлар туғызған және де оның өлеңдерінің қоғамдық қимылы нысанашыл,әлеуметтік аясы кең. Тақырыптық жіктеу түрғысынан көз жіберсек - адалдық, адамдық, ынтымақ, теңдік, бірлік, достық, кәрілік, жастық мәселелері жыр өзегін құрайтынын көреміз.
Ахметбек ақынның бір ерекшелігі, туындыларының қай-қайсысы болмасын мінсіз өріледі. Шынайы әрі әсерлілігімен сезімді қытықтайды. Ойшылдығы мен сыршылдығы қатар қабысқан сұлу шумақтар бірде мүңайтса, бірде жігеріңді жанып, делебе қоздырады. Тағылымды жырлары да баршылық. Сондықтан Ахметбек Байсалбайұлының ақындык шеберін толықтау қамтуды жөн көрдік.
Ақынның отарлау саясатын өткір тілмен тілгілеуі
Ахметбек Байсалбайүлы суырып-салма, импровизатор болған. Оның бойындағы өнер жырауларға да, ақындарға да төн. Жыраулар сияқты ел басындағы ауыр жағдайды айтып ағыл-тегіл жыр да төккен, ақын болып, сол кездегі күнделікті өмір күйін де шерткен. Шайыр шығармаларының негізгі арқауы - Ресейдің отарлық езгісіне қарсы күрес.
Ақынның түсінігінше, адам - өз ортасының, өз қоғамының жемісі. Ендеше оның бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді де сол қоғамнан іздеуіміз керек. Социалистік қоғамның қайшылықтары - өткеннен қалған мұралар дейміз. Шынында да солай. Адамды қанау, қорлау, кемсіту ғасырдан- ғасырға жалғасып келеді. Одан бірден арылдық, Қазан төңкерісінен кейін бәрі де жып-жылмағай бола қалды, жаңа адам қалыптасты деп даурығу -өбестік, асығыстық, ақиқатты көзге ілмеу... Мәселен, қазақ халқына соңғы үш ғасыр, қандай тәлім екті?!
Ресей империясы саны аз, шағын халықтарды темір құрсауға алғанда қазақтарды да ұмыт қалдырған жоқ. 1728 жылы патша сенаты басқа халықтарды шоқындыру мәселесін арнайы қарағанда бір бүйірінде қазақ еліне де көз алартуы жатқан болатын.
Бүл саясат XIX ғасырда әрі қарай жалғасын тапты. 1861 жылғы басыбайлық (крепостнойлық) қүқықты жойып, крестьяндарды азат ету жөніндегі реформадан кейін көптеген мұжық жерсіз қалды. Аз үлес алғандардың күнкөрісі қиындады. Помещиктерге, өкіметке қарсы наразылық күшейе түсті. Оларды шеттегі ұлттық аймақтарға көшіріп, елді тыныштандыру керек болды. Бұл шаруаны Жетісу облысының генерал-губернаторы А.Г. Колпаковский бастады. Крестьяндарды ішкі Ресей губерниелерінен көшіріп қоныстандыру жөнінде "Уақытша ереже" дайындалды.
Онда жаңадан қоныстанушылардың еркек кіндіктілеріне 30 аршыннан жер беру, 15 жыл бойы алым-салықтан, әскери міндеттен босату белгіленді. Үй қожасына 100 сомнан жәрдем берілетін болды. Жетісуға алғашқы 81 поселке осылай түсті. Түркістан генерал-губернаторы, патша өкіметі бұл бастаманы қызу қолдап, крестьяндарды Қазақ жеріне, Сібірге, Солтүстік Кавказға көшіруді қызу қолға алды. Көші-қон шығыны мемлекеттің өз мойнына артылды.
Бұның жалғасы ретінде, жаңа реформадан кейін қазақтарды шоқындырып, тілден айыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты Ресейдің шет аймақтағы халықтарын үнемі қараңғылық қыспағында ұстап, олардың ұлттық мемлекеттілікке ұмтылуын, ұлттық демократиялық мәдениетін басып-жаншып отырды. Ұлттық қысым саясатын, ұлттық алауыздықты өршітуді іріп-шіруге айналған мемлекеттік-полицейлік аппарат - патша мен оның айналасындағылардан бастап жергілікті жердегі жандайшаптарына дейін жүзеге асырды. Халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан атауы мен елдердің аты бұрмаланып, жергілікті халықтарды бұратана, жабайылар деп атады. Қазақтарды 1924 жылға дейін "қырғыз" деді, басқа кемсітетін аттарды қолданып келді.
Бірақ Ахметбек тұтас халықты, орыс біткенді жау санамаған. Орыс шаруаларының қала салып, отырықшылық өмір кешетінін, жер жыртып, егін айдап, ел ырысын молайтар еңбеққорлығын, қиын-қыстау күндерде қол ұшын берер бауырмалдығын ол жақсы түсіне білген. Ақын тек отарлау саясатын құрып, оны жүзеге асырушыларды дұшпан тұтып, өткір тілмен соларды тілгілейді. Бұған келгенде сөз қисынын қиыстырады. "Тарих тараулары" деген өлеңі осы пікіріміздің айғағындай:
"Мың жеті жүз отыз бір санасында,
Біз кірдік Россияның панасына.
Байлығымыз, достығымыз көрінген соң,
Қызықпас кім қазақтың даласына?
Жыл қыста, мың сегіз жүз алпыс сегіз,
Қазыналық, - деді, жердің һаммасын да,
Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз,
Кәпірдің кетті бәрі пайдасында.
Қадірмен, халық билеген ақсақалдар,
Бұл іске факім назар саласың ба?
Темірді қызуында соқпай қалып,
Нәсіліңнің көз жасына қаласың ба?
Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,
Мұжыққа қош-аман боп барасың ба?
Қасиетті бабамыздың зираттары,
Қалдың ғой "Қарлагтын" табанында.
Моншаға зираттардың тасьн алып,
Ағашын отқа "Қарлаг" жағасың ба?
Таба алмай барғаныңда еш белгісін,
Көзден жас көлдей болып ағасың ба?'.
Бұл толғауында Ахметбек ақын, ел басына түскен ауыртпалықты, ақ патша тұсындағы отарлау саясатын басқаша жолмен жалғастырып отырған мемлекеттен көреді. Соны ойласа ақылы алтау, ойы жетеу болады. Бақытты қолдан, малды жолдан алған Кеңес үкіметіне қарғыс айтады.
Ахметбек ақынның бір өлеңінің тарихы
ХҮШ-ХІХ ғасырдағы Ресей империясының отарлау саясатына қарсы наразылық ретінде айтылатын қазақтардың жермен қоштасу өлеңдері фольклор тарихында өте көп. Мысалы, XVIII ғасырдың отызыншы жылдарынан, патшалық Ресей Кіші жүз жеріне әскери бекіністер, шағын-шағын қалалар орната бастағанда: "Еділді алды, елді алды, Жайықты алды, жерді алды" деп, жергілікті ақындар енді қайда барарын білмей, тұйыққа тіреліп, шарасыздыққа ұрынды.
Сол сияқты, Орталық Қазақстанға, яғни Сарыарқа жеріне XIX ғасырда Ресей патшасының қарулы күштері басып кіргенде, Орта жүз елі тау-тасты паналап, қорғансыздың күнін кешті. Сол заманда Нарманбет ақын "Сарыарқа" деген өлең шығарған. Бүл өлеңде Сарыарқадағы сол кездегі қайғылы халді айтады:
"Сарыарқа, сарқыраған суың қайда,
Түнде шық, күндіз мүнар, буың қайда?
Найзағай жарқ-жүрқ, етіп, нөсер
қүйған,
Көк-жасыл, кемпірқосақ туың қайда?".
Иә, Атырау, Алтай, Жетісу сияқты ежелден айырықша қастермен айтылатын қазақ жерінің бірі - Сарыарқа. Бұл өлкені бұрын-соңғылар жердің жәннаты, тіршілік-түрмысқа аса қолайлы деп ардақтаған. Орта жүздің Арғын, Найман, Қоңырат деген ұлыстары мен ру-тайпалары есте жоқ ескі заманнан бері жаз жайлауы, қыс қыстауы Сарыарқаны жайлап, Баян тауы мен Қарқаралы тауының арасында көшіп, қонып жүрген. Өйткені бұл алтын дала, асыл дала, көк қарағайлы ормандарымен қапталып өрнектегендей, ерен Ертісі мен ерке Есілі, нұрлы Нұрасы, иен шулы, сулы көлдері, бойына тұнған Торғайы мен береке байлыққа батқан Тобылы - бәр-бәрісін еншілеген ұлы дала болатын. Тереңіне тұнған қазба байлық қазынасы мен өмір арқауы дәнді-дақылдың қымбаттарын бауырына басып, белгісіз ұстаған күндердің өзінде де әлгі бір алып полотноы асқақ суретті көрген жанның көзінен өтіп, жанына жететін, толқытып, тебірентетін.
Сондай сырлы, сиқыры болмаса күй құдіреті Құрманғазы барлық творчествосының шоқтығы "Сарыарқаны" осы ұлы далаға бақыт арнағандай бағыштамас еді ғой. Жүрек қылын, жан сезімін қоса шертетін шертпе күйдің атасы Тәттімбет "Сарыжайлауы" арқылы туған жерін аялап, аймалап отырып жанды сурет жасамас еді ғой. Сәнді жырдың сардары Сәкен Сейфуллин "Сарыарқа" деп тебіреніп, әнге қоспаса, бұл даланың салтанатын танымағаны болар еді. Қазақта осы ұлы өңірді жырламаған қай ақын бар? Данышпан Абай билеген бай табиғат осы Сарыарқа суреті емес пе! Бүгінде ұлылығына талас қалмаған қазақтың қабырғалы перзенттері Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбектер өз творчестволарын жариялаған басылымның атын "Сарыарқа" деп қойған екен.
Ахметбек ақынның өлеңдерінің негізгі өзегі де - тамылжи тамсандырған табиғат көріністері мен кіндік қаны тамған жерге (Сарыарқаға) деген шексіз сағыныш. Ол әлденеге мұңая қалса да өзі өскен ортаның тау-тасымен, бүта, тобылғысымен ойша сырласып, мауқын басқан.
Ақын өзінің ата-бабасы мыңдаған жылдар мекен етіп, ғасырлар бойына басқыншылармен ғадауаттық майданда шайқасып, шет-пұшпағына дейін шетінетпей сақтап келген туған жерін "Қүланөтпес" деген тамаша өлеңінде былай бейнелейді:
"Келеміз Құланөтпес сенен өтіп,
Жолшыбай тынбай жүріп, ат терлетіп.
Басына мүнар бұлтын жинап алып,
Тәкаппар Амантау тұр елеңдетіп.
Қарашы үлкендердің пайдаларын,
Жәндіктің жиып алып сайға бәрін.
Тіп-тік боп сұлу қыздың емшегіндей,
Көрдің бе анау екі найзаларын.
Мүлгіп түр Сарыадыр да басын иіп,
Ойнап жүр бауырында бала киік
. Көкпеңбек темір сауыт киіп альт
Қабағьш Жыланды тау түрған түйіп.
Сол жақта жарқырайды
Жоңышқа көл де,
Ойьшға келеміз бе сондағы елге?
Асығьт әлде бізді күтіп түр ма?
Қадірлі қүрбы-қүрдас, аға-жеңге.
Айнала думандатьт қалың Мәмбет,
Қыз-ойнақ, ойын-той боп, асылып ет.
Ауылдан келе жатқан мені таньт,
Алдымнан шығушы еді Жалмағамбет.
Келеміз Бұрмашадан Сарыбөз қүлақ,
Ұзьн жал көлденеңдеп жатыр сұлап.
Аймысық, Көккөз деген екі тауда,
Ағады сайларынан жетпіс бұлақ.
Күркіреп жазға салым Көлсай тасьт,
Жазыққа кетуші еді төмен қүлап".
Бұл жолдар арнайы талдау, түсіндірмені талап етпесі анық. Өйткені ақын атамекеннің қадір-қасиетін барынша әділ, мейлінше ақиқат биігінде бедерлеген.
Ахметбек ақынның жұмбақ әлемі
Ахметбек ақынның ақыл-нақылға, қанатты тіркестерге толы даналық сөздері тіл байлығымен, ой тереңдігімен бірге айқындылық, бейнелілік, қарапайымдылық, көркемдік қырларымен ерекшеленеді. Мүның өзі Бұқар жыраудың:
"Ел бастау қиын емес
-Қонатьш жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес
-Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топтан сөз бастаудан
Қиьнды көргем жоқ", -
немесе кемеңгер Абай айтқан:
"Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойыңа жұқпай сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар", -
деген ақиқат ойларымен үндесіп, терең тамырлы тұтастық тапқан.
Ахметбек Байсалбайұлының әдеби мүрасына ден қойсақ, ақын өз өлеңдерін қоғамдық, әлеуметтік мазмұн беріп, көбіне шешендік үлгімен, бір оқығанда ұғылып, есте қаларлық ауыз екі түрімен жазған. Оны "Мысал өлең" деген шығармасынан анық көреміз.
"Дүниені қарша күресең,
Қолыңа сенің жұға ма?
Төбеңмен көкті тіресең,
Басыңа мүйіз шыға ма?
Өлген жан қайтып келмейді,
Келіп ол мені көрмейді.
Қүдайдан сараңды көрмедім,
Алғанын қайырып бермейді.
Жастықта гүл едім жайнаған,
Қаным да ыстық еді қайнаған,
Сілтеген жерінен таймаған,
Суынды бар денем, кәрілік жайлаған.
Кеттің бе келмеске, мың жылқым
айдаған,
Көкірек гүрілдеп, буьным
дірілдеп,
Отырмын білдірмей,
Құр тілмен сайраған".
Әрине, жүйелі сөйленген сөз, орынды айтылған ой-пікірлер қалың көптің үдесінен шығып-ақ отырады.
Ойшыл шайыр философиялық пікірлер айту дәрежесіне де еркін көтерілді. Ол дүниеде өзгермейтін ештеңе жоқтығына, яғни, кәдімгі диалектика заңына, сан мен сапаға, жеке мен жалпыға, мазмұн мен пішінге өз шығармаларында көңіл бөліп отырды. Дәлелге "Жиырма бес" атты өлеңін алайық:
"Бір жастан жиырмаға келгенше
өстік,
Мысалы қызғалдақтай
Жазғытұрым
Майдағы райхан гүлі секілденіп,
Өңді беріп, жарастықты жайнар нұрың.
Отызда, жиырма бесте өсіп
бойың,
Өмірдің базар етіп айт пен
тойын.
Бір сүйіп, бірде күйіп, бірде
елжіреп,
Ашқандай ару сәулем күнде
қойнын.
Қылауың келе қалса қырық альт,
Ол кезде бөгелмейсің, онша налып.
Елудің асқарына шыга келсең,
Қарайсьщ жан-жағьыңа, сонда үяльт.
Алпыс жас басы қырау асқар таудай,
Күн қайда алшаң басқан,
омыраулай.
Бұрьшғы өткен күнді ұмытасың,
Жетпістің ызғары өтіп, боз қыраудай.
Қайдасьщ жастық шағым алшақ басқан,
Баяғы ару қайда қүшақтасқан.
Бір қызық, түсте көрген
секілденіп,
Дариға, өтер дәуір біздің бастан.
Сексенде шал боларсың
селкілдеген,
Аузыңда ақ жабағы желкілдеген.
Домалап, соққан желдің екпініне,
Қаңбақтай ыққа қарай
елпілдеген.
Тоқсанның келіп жетсең толқынына,
Қоңызбен жарысасың
жортуылга.
Үй-іші, бала-шаға асығады,
Бір жерді жер ошақтай
толтыруга".
Әрнені сыншылдықпен пайымдап, шыншылдықпен айтатын ақынның көмейінен әйел заты туралы да өлең, толғау туылмай қойған жоқ. Сыртқы көрік-келбетімен қоса ішкі жан-дүниесінің келісті болуы керектігін Ахметбек ақын терең толғаған.
Өйткені, әлемдегі ең сұлу -қазақ әйелі: біздің анамыз, жарымыз, қызымыз. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын. Сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды. Адал жар, абзал ана. Ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт. Ердің мақтаны, елдің көркі.
Әлемдегі ең сұлу - қазақ әйелі екенің қазақтың өзі біле ме екен? Білген. Абай заманында, Мағжан заманында, Ахметбек заманында. "Айттым сәлем, қалам қас" кімге арналды, "Желсіз түнде жарық ай" кіммен табыстырып еді, "шолпысының сылдыры" жүректі жандырған кім, "қара шашы мойынға оралып", жан-жүйені еріткен кім - "жүзінен күн шұғыласы көрінген" қазақ аруы болатын.
Ахметбек өзінің "Не сұлу?" деген өлеңінде әлемдегі әйел затының аруы - қазақ қызы екенін былай сипаттайды:
"Не сұлу бұл өмірде, сәулем сұлу.
Жастықта ойын-сауық дәурен
сұлу.
Қасіретсіз жел көтеріп, қаңбақша ұшқан,
Нәрсе жоқ, шырқап салган әннен
сұлу.
Сұлудың қара қасы тартқан
қалам,
Жіңішке белі нәзік талдан сұлу,
Ұятсыз арсылдаган ит емес пе,
Бар ма екен әдемілік ардан сұлу.
Болса да таудай мінін жасырады
Жігітке сұлу бар ма, малдан
сұлу.
Біреудің бермес асы неге керек?
Бәрінен өзің сүйіп алган сұлу.
Көктегі періште деп
ойлаганың,
Әркімнен салдама боп қалган
сұлу.
Әйелден перзенті жок, ешкі артық,
Бәрінен етегінен жанған сұлу".
Сонымен Ахметбек ақынның даналық ойларында жан мен тәннің, сара сөздің қасиеті кең орын алғанын көреміз.
Ахметбек ақынның 20-30 жылдардағы солақай саясатқа қарсы шығуы
Сарыарқа жерінде Ахметбек Байсалбайұлына байланысты сақталып келе жатқан көп әңгімелер - жиырмасыншы-отызыншы жылдардың зәрлі келбетіне арналған халық көңілінің айнасы.
Қазақ халқының Кеңес заманындағы тарихында еш уақыт естен шықпайтын екі қасіретті шындық бар.
Бірі - қазақтың жарымына жуығын жұтқан алапат аштық. Екіншісі -елдің ұнжұрғасын түсіріп, санасын суалтуды көздеген зиялыларға келген қызыл қырғын.
1928 жылы Голощекиннің ұсынысымен ірі бай феодалдардың мал-мүлкін кәмпескелеу қазақ даласының байлығы, берекесі болған төрт түлік малды талан-таражға салды. Ондаған миллион мал басы бір жыл ішінде жоқ болды. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Кәмпескеден үрейленген халық қолдағы малын дереу сойып, сата бастады. Мал шаруашылығын күйзелтіп, құрту одан сайын өрши түсті. Малы бар орта, кедей шаруаларды шетінен бай, кулак деп қудалап, барын тартып алып, ауылдан қуды. Тіпті, науқан асқына келе әбден сорлап қалған сормаңдайлардың жалғыз сауын сиырын да ет дайындау жоспарына тапсырды. Сөйтіп, елдің қолында тігерге тұяқ қалмады.
Мал көзін құртуға елдегі белсенділер де аянбай күш салды. Халықтың қолындағы қозы, лақ, бұзау, торпаққа дейін ет жоспарына еріксіз тапсыртты. "Асыра сілтеу болмасын, аша-тұяқ қалмасын" деген мысқыл осы белсенділерге арнап айтылған екен. Сол науқанды жүргізушілер "жоспарды асыра орындадық" деп мәз-мәйрам болған көрінеді.
Ғасырлар бойы кең сахарада емін-еркін көшіп жүрген, мал сүмесімен күн көрген қазақ халқы 1931-1932 жылдары ашыға бастады. Көпшілік халық күйзелді. Аштық "аждаһасы" аузын арандай ашып, бүкіл елді аралай бастады. Бірақ халық кір жуып, кіндік кескен ата-баба мекенін көпке дейін тастап кете алмай, ит, мысық, суыр аулап күн көрді.
Қазақта: "Бір күн ашыққан адамнан қырық күн ақыл сұрама" дейді ғой. Ақыл, айладан халық айырылды. Ақыры туып-өскен мекенін тастап, жаңа ашылып жатқан Қарағанды, Екібастұз, бұрын ағылшындар ашқан "Майқайың золото" өндірістеріне барып жұмыс істеп, нан тауып жеп, бала-шағасын асырамақ болып соларға қарай шұбырып ауып, босып кетті.
Қаладан 300-500 шақырым қашықтықта тұратын шаруалар амалсыз жаяу шұбыруға мәжбүр болды. Қолда ат, көлік жоқ, қаламен арада қатынас жасайтын машина ол күнде болған емес. Ал, ашыққан, әлсіреген адамның қанша жүре алатын шамасы бар? Олардың көбі, әсіресе, кемпір-шал, жас балалар ілесе алмай жолда қалды.
Ереймен, Ақкелін, Далба, Қарқаралы, Нұра бойындағы елдерге Қарағанды өндірісі ұрымтал болғандықтан аш-арық ел тынымсыз солай қарай ауды. Жолда бірін-бірі өлтіріп, кісі етін жегендер де болды. Тірі қалғандары өліп-талып Қарағандыға жетіп, жаңадан орнап жатқан өндіріс маңына, құрым-құрым қара киіз үйлерін, баспана күркелерін тігіп орналасты. Кейбір әлі бар азаматтар өндірісте істеп, шахтаға түсіп, тапқан-таянғанына қара нан алып, үй-ішін, кәрі әке-шешесін, қатын-баласын асырады. Бірақ, әбден арып-ашып қу сүйек пен терісі қалған адамдардың ішіне қара нан тұрақтамай, тышқаққа ұшырап, халық шетінен оны жесе де, жемесе де қырылып өліп жатты.
Әйтеуір тірі қалған азаматтар, әр жерден Қарағандыға жиылған аш-арық өз беттерімен өндірісте істеп, шахтаға түсіп, бірте-бірте буынын бекітіп, осы күнгі Қарағанды өндірісінің ұлттық жұмыскер табын құрды. Осы күнгі көмір кенінің кіндігі - Екібастүз өндірісінің де еңбекші пролетариаты осылай қалыптасты.
Енді 1931-1933 жылдардағы ашаршылықта қазақ халқының қаншасы қырылғанына тоқтала кетейік. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер (М. Тәтімов. "Қазақ". - Алматы, 1994, 67-71 беттер) ашаршылықтан құрбан болған қазақтардың саны 2 млн.300 мың екенін көрсетеді. Бұл құрбандықтың миллионнан аз болмағанын бөтен елдің зерттеушілері де жоққа шығармайды. "Біреудің жоғын біреу ысқырып жүріп іздейді"демей ме. Батыс тарихшылары өз еңбектерінде аштан қырылған қазақтардың санын былай деп көрсеткен: Б. Щпиллер - 860 мың, Р. Конквест -1 млн., Р. Пирс - 1 млн., М. Олкотт -1,5 млн.
Отызыншы жылдардың қуғын-сүргін оқиғаларының зардаптарын қазақтың халық әдебиетіндегі ақындар да көрді. Мысалы, Үкілі Ыбырай Сандыбайүлы, Мәнсүр Бекежанов, Тұрмағамбет Ізтілеуов және т.б. От ауызды, орақ тілді халық ақындары патша заманында да, кеңестік дәуірде де жағымпаз болмағандықтары үшін қудаланудан көз ашпады. Әпербақан содырлардың қуғын-сүргініне үшыраса да, олардың өткір тілдерімен өрнектелген қанатты сөздері елдің аузында осы уақытқа дейін сақталып келеді.
Кезінде Сыр бойындағы халқымыздың мұсылмандық-ағартушылық білімі терең, оқымысты ұстаз, қазақтың ежелгі дәстүрлі жазба әдебиетінің көрнекті түлғасы Тұрмғамбет Ізтілеуовті тергеуден кейін "халық жауы" деген жаламен он жылға соттапты. Сонда қорытынды мәжілісте шекесі тыртық, ерні жырық, беті қара бүжыр соттың төрағасы үкімді оқып бола бергенде, оған қарап тұрып Тұрмағамбет шайыр былайша өлеңдеткен екен:
"Бәрекелді сотқа,
Күйіпті шекең отқа,
Алдыңа келгенді он жылдан кесіп,
Кеткен екенсің қотқа!
Менікінің қалған жерін тағы кес,
Пісіріп жерсің шоққа!".
Ақынның жаппай қуғын-сүргіннің торына ілінуі
1934-1936 жылдар арасындағы Қазақстанда болған өсу, өркендеу жолы қуғын-сүргін кесапатының кесірінен кесілді. Ә. Бөкейханов, А. Байтүрсынов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, Т. Жүргенов, Ж. Ақбаев және басқа да көрнекті адамдар жаппай қуғын-сүргіннің құрбандарына айналды.
Архивтік деректерге сүйенсек, Қазақстанда 1928-1938 жылдардың арасында 105 мың адам тұтқындалып, 22 мыңы атылып кетіпті. Қырғынға ұшырағандардың басым көпшілігі ең алдымен елдің сана-сезімінің иесі зиялылар, оқығандар еді. Сталин бұларға неге сонша өш болды? Оған дәлелдер көп, алайда, социалистік қоғам қүру үшін оқыған, саналы, өз ақыл-парасатымен ойлай алатын, кей тұста өзінше әрекет ететіндер емес, айтқанға көніп, айдағанға жүретін "винтик-тегершіктер" керек болды. Тарихты жасаушы халық, еңбекші бұқараға қояннан қорқақ, қойдан қоңырлар жәрдемдессе, пролетарлық диктатура жетіліп, коммунизм тез орнайды, бақыт көкжиегіне тез жетеміз деп үміттендік. Ол үшін жаңа типтегі Кеңес интеллигенциясын қалыптастыру керек деп даурықтық.
Жаппай қуғын-сүргіннің торына ең әуелі оқыған зиялы азаматтар ілінген қанды кезеңнен қалған мына бір зарлы жырдан ел тарихының шерлі шежіресі шертілгендей:
"Мал туыл жалпы әлемді қуандырса,
Бізге де келіп шаттық күні туса,
Қатеден "халық жауы" болғандарды,
Қайтадан тексеруге мүмкін қылса.
Әділет ақ, қараны ашса шындай,
Тазартқан тортадан май айырғандай.
Қосылып қатын-бала, халқьна әркім,
Қауышқай қой мен қозы жамырағандай".
Өмір керуені еш уақытта тоқтамайды десек те, Кеңес әдебиетін өрге сүйрелеген Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды жиырма шақты ақын-жазушылардың "халық жауы" болып, өнерпаздық өлкесінен аласталуы өзгені былай қойғанда, көркемдік тұрғыдан қаншама қиындықтар әкелгенін айтып жеткізудің өзі оңай емес еді.
Ахметбек Байсалбайүлы осы қасіретті оқиғаларды көзімен көріп, жанжүрегімен жылады, ойланды, толғанды. Ақыры оның өзі де "халық жауы" деген жаламен ұсталып, қамауға алынды.
Белгілі жазушы Жайық Бектұров өзінің "Ахметбек ақын" деген мақаласында ("Орталық Қазақстан" газетінде 90-шы жылдардың басында жарияланды) мынадай қызық деректер келтірген: "Истошник" дейтін бір бүркеншік, құпия атпен біреу Ахметбектің аузынан естіген, әлде сол айтты деген халықтың аталы сөздерін, сонымен бірге ақынның қазақ даласындағы 30-шы жылдардағы ашаршылықты сөккен "Қанды жорық" атты өлеңін астыртын тиісті орындарға ұдайы жеткізіп отырыпты. Бүларды өзін "стажер" деп атаған Төлеков дейтін біреу, тағы бір тергеуші ме, Әбділла Жексенбинов дейтін қазақ орысшаға аударып, кейде көшіріп отырыпты. Екеуі шала сауатты адамдар сықылды, өйткені, "Аударманың" сыйқы мынадай: Бүқар жыраудың "Керей қайда барасың" деген жыр жолын "Куда ты бедняк бежишь от Советской власти?" деп аударыпты. Арабша сырт көзге ұқсас келетін "керей" мен "кедейді" ажырата алмапты. Әлде әдейі бұрмалаған да болуы керек. Шала белсенділердің озбырлығын, Кеңес үкіметі жолын бұрмалағандарын сөккен өлеңді қағаз бетіне түсіруге келмейтін өрескел, былапыт, қайтсе де ақынды қаралап көрсететіндей жексұрын сөздермен аударыпты.
Осылайша жалған айтып, жала жабудың қорытындысында Ахметбек Байсалбаевқа саяси айып тағылып, 59 жасында оның көзі құрып кетіпті.. Көп кешікпей Қарағанды облыстық соты сол 1966 жылы А. Байсалбаев ақынды ақтады".
1937 жылы НКВД түрмесінде отырғанда жазған "Кәрілік" деген өлеңінен өмірді сүйген нәзік сезімді ақын жүрегінің дүрсілін естігендей боламыз:
"Кәрілік ең әуелі бастан келер,
Ағарып сақал мен шаштан келер
Әлсіреп асқазаның тамақ жалғап,
Онан соң іше тұғын астан келер.
Кәріліктің төртіншісі тістен келер,
Сырқырап буын-буын іштен келер
Бой мұздап, қайратыңның бәрі кетіп,
Азайып әл-қуатың күштен келер.
Кәріліктің бесіншісі көзден келер,
Мылжыңдап көп сөйлеген сөзден келер.
Бел омыртқаң сықырлап, сынғандай боп,
Бастырмай тіземенен аяқтан келер.
Алтыншысы бір кәрілік күйден келер,
Баяулап әр қимылың күйбең келер.
Балаң тіліңді алмаса келінменен,
Ең күшті кәрілік ит үйден келер.
Осындай кәрілікке көнгім келмес,
Итшілеген кәрілікті көргім келмес.
Тұра алмай орынымнан жатсам-дағы,
Қайран жарық дүние-ай өлгім келмес".
Түрмеде отырып мұндай өлең жазу екінің бірінін қолынан келе бермесе керек. Бұған асқақ ой, ыстық сезім, батыл сенім, үлкен рух, философиялық толғаныс қажет.
Иә, түрмеде немесе жазалау лагерлерінде шерлі сырларын, ғажайып жырларын туған халқының игілігіне ұсына алмай кеткен арыстар есімдері ұмытылар ма? Ахметбек Байсалбайүлы сынды үлкен ақын қалайша "халық жауы" атанды? Олар айтқан шыншыл, сыншыл сөздердің тағылымы - озбырлық өртіне өртенбейтін ұлы Шындықтың шапағатты шырайы емес пе!
Бүгінде біз Ахметбек Байсалбайұлының 1937-1938 жылдардың сергелдеңіне тап болғанын еске ала отырып, артында қалған шығармашылық мұрасын көңілімізге жүбаныш етеміз. Азамат ақын тағдыры халқымыз жүріп өткен тарих көші жолымен біртүтас.