©2009-2021. Карагандинская областная юношеская библиотека им. Ж. Бектурова
г. Караганды, ул. Ержанова 8А тел 8 7212 430650, 430704
МОЛДАҒҮЛОВА ӘЛИЯ НҰРМҰХАМЕДҚЫЗЫ
МОЛДАҒҮЛОВА ӘЛИЯ НҰРМҰХАМЕДҚЫЗЫ (1925-1944 ж.), мерген, ефрейтор, Кеңес Одағының Батыры (1944 ж., қайтыс болғаннан кейін). Балалар үйінде тәрбиеленді 1942 ж. өз еркімен Кеңес Армиясы қатарына қабылданып, мергендер мектебіне жіберілді. 1943 жылдан 2-Прибалтика майданы, 54 атқыштар бригадасы, 4-батальоны, 3-ротасының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Шайқастарда ержүректігі, қаһармандығымен көзге түсті. Новосокольники (Псков облысы) темір жолы станция маңындағы фашистердің тірек пунктін алу кезінде ерліктің асқан үлгісін көрсетіп, батальонның шабуылға шығуына жол ашты. Осы шайқаста ауыр жараланып, қаза тапты. Қарағанды көшелерінің біріне, № 3 спорттык бағыттағы мектеп-интернатқа Ә. Молдағулова есімі берілген.