МАМРАЕВ МАРТБЕК
МАМРАЕВ МАРТБЕК (1908-1989 ж.), гвардия аға сержант, Кеңес Одағының Батыры (1944 ж.). Еңбек жолын 1924 ж. Қарқаралы ауданында бастап, кейін Қарағандыда жұмыс істеді. 1931-34 ж. забойшы, 1934-38 ж. электрослесарь-механик, 1938-1940 ж. К. О. Горбачев атындағы №8/9 шахта кәсіподақ комитетінің председателі. 1940-42 ж. «Кировкөмір» тресі №3-бис шахтасында партия жұмысын ұйымдастырушы. 1942-44 ж. Кеңес Армиясы қатарында. 1943 ж. қыркүйекте Днепр өзеннен өтерде 12-атқыштар дивизиясы 32-атк.ыштар полкінің пулемет расчетының командирі М.Мамраев асқан ерлік көрсетгі, фашистердің шабуылына тойтарыс беріп, бөлімшенің өзеннен өтуін қамтамасыз етгі. Ұлы Отан соғысынан кейін Қарағандыда кеңес және шаруашылық қызметінде болды. 1944-45, 1952-54 ж. 1 маусымға дейін М. Мамраев шахтада партия жұмысын ұйымдастырушы, 1945-1952 ж. Ленин ауданың партия комитетінің 1-хатшысы, 1955-58 ж. Қарағанды қалалық Кеңесі аткомы төрағасының 1-орынбасары, 1958-1972 ж. химия-металлургия институты директорының орынбасары. 1972-1985 ж. осы институтта патент-информация бөлімінің инженері. Ленин ордені, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы (1971 ж.). Химия металлургия институтының әкімшілік үйінде М. Мамраевтің бюсі орнатылған.