©2009-2021. Карагандинская областная юношеская библиотека им. Ж. Бектурова
г. Караганды, ул. Ержанова 8А тел 8 7212 430650, 430704
МӘМЕТОВА МӘНШҮК ЖИЕНҒАЛИҚЫЗЫ
МӘМЕТОВА МӘНШҮК ЖИЕНҒАЛИҚЫЗЫ (1922-1943 ж.), аға сержант. Кеңес Одағының Батыры (1944, қаза тапканнан кейін). 1942 ж. өзі сұранып майданға аттанды. 21-атқыштар дивизиясының 100-атқыштар бригадасы құрамында соғысқа қатысып, ержүректігімен көзге түсті. 1943 ж. 16 қазанда Невель қаласының түбінде болған ұрыста пулемет расчетының командирі М. Мәмедова асқан ерлік көрсетіп жаудын шабуылына тойтарыс берді. Қазақстан еңбекшілері М. Мәмедова атындағы танк колоннасын ұйымдастыру үшін өз еріктерімен қаражат жинады. Ол танк колоннасы 1-Белорусс майданында ұрыска қатысты. Қарағандыда Октябрь аудандары орталық көшелердің бірі М. Мәмедова есімімен аталады.