КГУ "Карагандинская областная юношеская библиотека имени Жайыка Бектурова"
00:00:00





Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж.Бектурова"
www.uniorlib.kz

Яндекс.Метрика

Қарағанды облысының қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қарағанды облысы- Қазақстанның өнеркәсіп астанасы

 

Орталық Қазақстан өнеркәсіптік даму деңгейі тұрғысында республика аймақтары арасында бірінші орын алады. Онда қуатты екі өнеркәсіптік торап құрылған. Бірі Карағанды-Теміртау көмір-металлургиялық кешені, оған Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, Актау, Жезқазған қалаларындағы электр энергетикасы, мәшине жасау, металл өңдеу, химия, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары кіреді, екіншісі Балқаш түсті металлургия өнеркәсіптік кешені, ол негізінен мыс кендерін өндіру және өңдеуге тазартылмаған және тазартылған мысты, түсті прокатты, сондай-ақ марганец, қорғасын, мырыш және басқа полиметалл концентраттарын шығаруга маманданған. Осынау кәсілорындық торап Жезқазган, Балқаш, Сәтпаев, Қаражал қалаларының, Жәйрем, Жезді, Қоңырат, Саяқ, Ақшатау кенттерінін кеніштері мең шахталарын, байыту фабрикаларын, мыс қорыту зауыттарын, өнеркәсіптін химия, азық-түлік және басқа салаларын біріктірген.


Облыс экономикасының қазіргі жағдайы экономикалық және әлеуметтік құрылымдардағы елеулі өзгерістермен сипатталады. Облыстың республикадағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 15 пайыздан асып жығылады. Бүгінде аймақта 300-ден астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар: «Қазақмыс» корпорациясы ААҚ, ол көп қырлы, өндірісі аяқталған циклды кен-металлургия кәсіпорны, әрі бірқатар зауыттар, кеніштер және энергетикалық нысаңдардьі біріктіреді; «Арселор Миттал» ААҚ, ол толық металлургиялық циклді кәсіпорындардын барлығының Қарағанды бассейнінің көмір шахталарының ЖЭО, қосалқы және басқа да қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымының басын қосқан.

Марганецтің ірі өндірушісі «Жәйрем КБК» ААҚ болып табылады. Мәшине жасау және металл өңдеудегі жетекші кәсіпорындар Пархоменко атындағы мәшине жасау зауыты, «Қарағандыкенмаш» НТЭК» ЖАҚ, «Қарағанды құю-мәшине жасау зауыты» ААҚ, «Техол» ЗПХ ЖАҚ, «Қазкарметавтоматика» ААҚ және басқа кәсіпорындар есептеледі. Резеңке және пластмасса бұйымдар шығаратын негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Саранрезеңкетехника» ААҚ, «Восход» ЖШС жатады.

Химиялык өнеркәсіпте «Теміртау химия-металлургиялық зауыт», «Монета Дитерджентс жуғыш заттары зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Құрылыс материалдарды өндірумен «Сеntral Аzia Cement» ААҚ және «Қарағанды асбоцементтік бұйымдары» ЖШС айналысады.

Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары «Гүлден» ЖШС және «Тоmiris» ЖШС, азық-түлік өндірісінде «Тұлпар» фирмасы саналады.

Өндірістік мәселелерді шешу және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін тың өндірістік куаттар және нысандар іске қосылуда, әртүрлі мәшинелер мен тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің техникалық жабдықтарына қосалқы бөлшектер өндіру және тұтыну тауарларын даярлау ауқымы ұлғая түсуде.

 

Қарағанды металлургия комбинаты


Қарағанды облысы республикамыздағы индустриалды өлкелердің бірі болып саналады.

Қарағанды металлургиялық зауытын салу жөніндегі Үкімет 1942 жылы

25 сәуірде шешім қабылдады. Ал, 1948 жылы зауытты салатын орын анықталды, бұл жерді анықтауда Қ.И. Сәтбаев басшылық еткен зерттеушілер тобы жұмыс жасады.

Экономикалық және географиялық жағынан тиімді, Атасумен Жезді кеніштеріндегі темір мен марганец рудаларының мол қоры, Топардағы ақкірпіш және Қарағандының кокс көмірі, сондай-ақ Самарқанд су қоймасының жақын орналасуы, ең бастысы кейін металл өнімдерін тұтынушыға жеткізуге өте тиімді аймақ болғандықтан - Теміртау Қазақстанның металлургиялық орталығы болып белгілінді.


Осы комбинаттың құрамында: коксохимиялық өндіріс, агломерациялық өндіріс, домна цехы, болат балқыту өндірісі, қаңылтыр прокаты өндірісі, сортопрокатты өндірісі.

Қарағанды металлургия комбинаты - қара металлургия өнеркәсібінің ең ірі орталығы. Оның өнімдерін біздің елімізде және он мыңнан астам шетел мемлекеттері тұтынады. Комбинаттың негізгі өнімдері жұқа ақ қаңылтыр, желінбейтін динамалық болат және үлкен жүк машиналарының қаңқаларын –және түрлі орамаларды экспортталды. 1990 жылдан бастап облыс өнеркәсібінің дамуы біршама бәсеңдеп, өнеркәсіп өндірісі 1996 жылға дейін жұмыс істеу көлемін азайтты. Бұл кезеңде өнеркәсіп өндірісі 15%-га дейін азайды. Тек қана 1997 жылдан бастал өнеркәсіпте өсу қарқыны байқалды. 2000-2005 жылдар аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,4 %-ке көбейді.

Республика өнеркәсібінің өндіруші көлемінің 1\4 Қарағанды облысыньң үлесіне тиеді (23,7%). 1995 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Қарметкомбинаты ИСПАТ КАРМЕТ LНМ иелігіне көшті. Қазіргі таңда «АРСЕЛОР МИТТАЛ» өз өнімдерін дүниежүзінің 75 тен аса елдеріне шығаратын әлемдік дәрежедегі өнеркәсіп ошақтарының бірі.

 

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - 1997 жылы 11 маусымда Жезқазған түстіметалл акционерлік қоғамының негізінде құрылды, ол елімізде ғана емес, ТМД елдері бойынша мыс өндіретін ең ірі компаниялардың бірі.

«Қазақмыс корпорациясының» өндірістік көрсеткішінің 2006 жылғы 4 айының көлемі бойынша 52,6% құрады.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - әлеуметтік салаға көп көңіл бөлетін, өзінін кәсіпорындарында жұмыс жасайтын жұмыскерлеріне, аймақ тұрғындарының әлеуметтік қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөліп, облыстың әлеуметтік саласына жыл сайын 20 млн. АҚШ долларын бөліп отырады.

 

«Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігі «Қазақмыс корпорациясының» құрамында әлемдік өндіріс нарығында біздің мемлекетіміздің абыройьшн асқақтатып, әлемдік мыс өндіруші мемлекеттердің ондығына кіреді. Ал, күміс өндіруден Балқаштүстіметалл зауыты әлемде 4-5 орынға ие.

1938 жылы 24 қарашада тұңғыш Балқаштың қара мысы өндірілді. Дәл осы кұн Балқаш металлургиялық комбинатының туған күні болып саналады.

Комбинат өзінің 60 жылдық тарихында өте қиын да ауыр, дегенменде айтарлықтай жетістіктермен табыстарды басынан өткізді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін комбинат шетел капиталының соның ішінде «Қазақмыс» корпорациясының қаржылай көмегінің арқасында жаңа даму деңгейіне көтерілді. Бүгінгі таңда Балқаш тау-кен металлургия комбинаты «Қазақмыс» корпорациясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Сондай-ақ ол құрамында ашық әдіспен мыс өндіретін Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл сияқты кеніштерден тұратын үш тау-кен өндірісі бар ірі өндірістік мекеме. Фабриканың соңғы өнімі металлургиялық цехта қара мысқа дейін өңделіп, кейін мыс балқыту өндірісіне жіберілетін мыс концентраты болып табылады.

1995 жылы Австриялық МАТ фирмасының технологиясы негізінде салынған эмальпровод шығаратын цех іске қосылды. Бұл цех өзінің өнімдерімен Қазақстанды толық қамтамасыз ете алады. Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының шығаратын өнімдері әлемдік стандарттардан еш кем емес.

 

«Нұрқазған кеніші» - 2003 жылдың 2-ші жартысында «Қазақмыс корпорациясынын күшімен ашылды.

Бүгінде «Қазақмыс» Корпорациясы «Қарағандытүстімет» өндірістің кәсіпорнының «Нұрказған» кеніші Балқаш мыс қорыту зауытының қымбат бағалы металдар цехын шикізатпен қамтамасыз ететін қуатты тау-кен кәсіпорны болып табылады. Кеніштен күн сайын қайта өңдеуге 160 вагонға дейін шикізат жөнелтіліп жатады. «Нұрқазғанда» кен өндіріумен қатар байыту фабрикасы мен кенді жер бетіне көтеріп өндіруге арналған шахтанын құрылысы қоса жүргізілуде. Осы жұмыстардың барлығына 250 кеншілер мен өзге көмекші мамандықтардың кұрылысшылары қамтылған. Кен өндіру ауқымының көлемі ұлғаюмен «Нұрқазған» республикадағы алтын өндіретін негізгі кәсіпорындар қатарында. Құрамында алтыны бар қоқыр ең аз шығынмен 99,99 пайыздан артық таза алтыны болғанша өңделеді. Күмісте осындай тазалыққа шейін өңделік, түйіршіктеліп құйылады. Зауытта алынған қымбат металлдардан әшекей бұйымдар жасайтын цех құрылған.

 

«Цинк зауыты»

«Балқаштүстімет» ОБ-гінде 2004 жылы құрылды. Зауыт жылына 10 мың тоннадан астам мырыш құйылымын шығарьш тұрады. Онда мыңнан астам жұмыскерлер жұмыс істейді. Әлемдік рынокта мырыштың құны мен сұранысы өте жоғары.

 

«Имсталькон» АҚ Қарағанды металл құрылымы зауыты


Жыл сайын Қарағанды зауыты сомасы 4 млрд. теңгенің өнімін жасап шығарады. Зауыт республикадағы ең ірі кәсіпорын, өйткені ол аспа және әуе көпірлерінің бірегей кескіндегі түрлерін шығарады. Семейдегі Ертіс арқылы салынған көпір, Алматы қаласының телемұнарасы, Астаналық әуежайды жолаушыларға арналған терминалы, Астана қаласындағы «Байтерек» ескерткіші, Қарагандыдағы көптеген ғимараттар мен құрылыстар осы зауыт шығарылған.

 

№1 машина жасау зауыты - 1955 жылы «Қарағанды көмір комбинатының Орталық электромеханикалық шеберханалары негізін құрылған. Қазір зауыт күш беретін және басқаратын гидравликаның гидротректерін, қосалқы бөлшектер жасаумен, тау-кен шахталарының кұру жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізумен, сондай-ақ трактормен ауылшаруашылық мәшинелеріне гидравлика дайындаумен айналысады.

Шығарылатын өнім жоғарғы сапада болғандықтан, ТМД елдерінің рыноганда ен сұранысқа ие.

 

ТОО «Қарағанды құрылыс материалдар» зауыты 2001 жылы «Қарағандышахтапроходка» кірпіш зауытының базасындыа құрылды.

2005 жылы кірпіштің жаңа пішінін анықтайтын жаңа технологиялық линия орнатылып, дөңгелек пештің құрылысын күрделі жөндеуден өткізді. Жаңа техникамен жабдықталған зауыт айына 1 млн.-нан артық кірпіш шығарып тұрады және бульдозер, КамАЗ т.б машиналарына арнап жаңартылған құрал-жабдықтармен қамтамассыз етеді.

 

«Қарағандырезинатехника»

Бұл зауыттың құрылысы 1967 жылы басталып, 1974 жылы желтоқсан айында іске қосылып, алғашқы өнімін бере бастады. Зауыт өз өнімдерімен Қазақстан, Ресей жалпы, Орта Азия мемлекеттері кәсіпорындарын қамтамасыз етеді.

1998 жылы қалыптасқан қиын жағдайга, қаржылық дағдарысқа және қаржының дұрыс пайдаланбауынан «Қарағандырезинотехника» АҚ банкрот деп жарияланды.

Ал, 2000 жылы қаңтар айында жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде зауыт өз жұмысын қайта бастады.

Бүгінгі таңда «Қарағандырезинотехника» ЖШС - әлемдегі ең ірі резинотехникалық бұйым шығаратын қазақстандық кәсіпорын.

Сондай-ақ бұл мекеме жоғары білікті мамандары бар қазіргі заманга сай кәсіпорын. Сонымен қатар зауыттың өнімді жылдам тексеріп, сапасын арттыруға арналған сынақ базасы бар.

 

Шахтинск синтетикалық жуу құралдары зауыты

Бұл зауыт халық тұтынатын тауарларды шығаратын өнеркәсіп ретінде 1974 жылы іске қосылды.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 54,8 мың тоннаға арналған.


1992 жылдары зауытқа шетелдік компаниялардың келуімен реконструкция жұмыстары басталды. 1993 жылы қаражаттың жоқтығынан реконструкция жұмыстары уақытша тоқтатылды, ал 1995 жылы зауыт өз жұмысын толығымен тоқтатты. 1997 жылы бұл зауытты «Моneta Detergents Ltd» Лондон компаниясы сатып алды. Осыдан кейін Шахтинск синтетикалық жуу құралдары зауыты «Монета Дитерджентс» ЖШС-ы болып өзгертілді.

2000 жылдың мамыр айынан бастап синтетикалық жуу құралдарын өндіретін цехта қайта жаңарту жұмыстары басталды. Қайта жаңарту және жаңа қондырғылар іске қосылғаннан кейін өнім көлемі жылына 30 мың тоннадан 60 мың тоннаға дейін өсті.

Бүгінгі таңда Шахтинск зауыты - Европада және ТМД-дағы әлемдік стандарттарға сай сапалы өнім шығаратын ең жаңа кәсіпорындарының бірі.

 

«Қарағанды-Нан» ашық акционерлік қоғамы

«Қарағанды-Нан» ААҚ қызметінің басты бағыты - жоғары сапалы экологиялық таза азық-түлік өнімін шығару.

«Қарағанды -Нан» ААҚ-ның құрылымдық бөлімдері:

- нан-кондктер комбинаты

- Қарағанды ұн комбинаты

- «Құрма» құс фабрикасы

- «Медео» ауылшаруашылық кешені

- «Агротранссервис» автокөлік мекемесі

- фирмалық дүкендер жүйесі бар сауда уйлері

- «Алтын дән» сауда өнеркәсіптік кешені

- «Қарқаралы» сауда-саттық пункті

Нан-кондитер комбинаты — нан және кондитер өнімдерін шығаратын Қарағанды облысындағы ең ірі, жалпы, Қазақстандағы ең үлкен кәсіпорындардың бірі. Комбинат өз өнімдерінің сапалылығын арттыруда жаңа технологияларды пайдалана отырып, дәстүрлі рецептерде өнім шығаруы тоқтатқан емес. Бұл комбинаттың өнімдерін біз күн сайын дастарханымыздан көре аламыз. Мысалы олар: «Семиреченский «Шахтерский», «Новобородинский» нандары.

1999 жылы мамыр айында комбинатта алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа цех іске қосылды.

 

Қарағанды ұн комбинаты өз қызметін сонау 1941 жылдың 29 қазанына бастап жалғастырып келеді. Бұл комбинаттың құрылысын «Мельстрой Бүкілодақтық тресі жүргізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды мелкомбинатының жұмысшылары майдан даласын және тылдағы еңбеккерлерді өнімдерімен үнемі қамтамасыз етіп отырды. Осы жылдар ішінде мемлекст 340 мың тоннадан астам жоғары сапалы ұн берді.

Қазіргі уақытта Қарағанды ұн комбинаты бидайды сақтап оны өңдейтін кәсіпорын ретінде Орталық Қазақстандағы ең ірі мекеме болып табылады.

1996 жылдан бастап ұн комбинаты «Қарағанды-Нан» ААҚ-ның құрамына өтті. Осы уақыттан бастап кәсіпорында қайта жаңарту жұмыстар басталды. Бұл комбинат тәулігіне 540 тоннадан астам бидайды ұнға айналдыра алатын мүмкіндікке ие. Ұн комбинаты өз өнімдерін ТМД мемлекеттері - Ресей Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан және алыс шетел мемлекеттеріне экспортқа шығарады.

 

«Қарағанды кәмпиттері» ААҚ

«Қарағанды кәмпиттері» ААҚ бүгінгі таңда тамақ өндіруден Қазақстанның жетекші мекемелерінің бірі. Фабриканың тағамды өндіру қуаты 4600 тонна.

Қазақстанның баска жерлерінде кездеспейтін екі жаңа цех фабриканың мақтанышына айналды - бұл «Хруст» атты чипсыларды, сонымен қатар «Вампир», «Гном», «Пинг-Понг» атты шоколадты батончиктерді, түрлі жеңіл тәттілерді шығаратын экструдерлі цех.


Кәзіргі уақытта 80-ннен астам түрлі өнімдерді шығарады, олар кәмпиттер, мармеладтар, иристер т.б.

«Қарағанды кәмпиттері» ААҚ өзінің сапалы өнімі мен дизайны үшін каншама рет халықаралық көрмелелерде марапаттаулар мен дипломдармен марапатталды.

 

«Эфес Карағанды» ЖАҚ

«Эфес Қарағанды» ЖАҚ шетелдік сыра қайнату зауыты.

Қарағанды сыра қайнату зауыты 1958 жылы салынды. Зауыттың қуаттылығы жылына 1,5 млн. л сыра шығаруға мүмкіндік береді.

1997 жылы «Эфес компанисы» сыра қайнату зауытын сатып алып, қайтадан жаңаша сыра шығаруды қолға алды. Мол қаражат құюдың арқасында, қайта жаңарту шараларының нәтижесінде зауыт қуаттылығы жылына 40 млн. л. Сыра өндіруге мүмкіндік беріп, сапасы мен дизайны Еуропалық стандарттарға сәйкестендірілді. Зауыт төрт түрлі сыра шығаруга негізделген: «Карагандинское», «Шахтерское», «Огни магнитки», «Старый мельник».

Тұрақты сапа мен жаңа технологияларды пайдалану сыраның сапалығын арттыра түсуде. Оғаы халықаралық және республикалық көрмелерде, алған дипломдары мен сыйлықтары дәлел бола алады.

Тәуелсіздік алганнан кейінгі жылдарда кәсіпкерлікпен айнапысу ісі дамып, кіші және орта бизнес жақсы жолға қойыла бастады.

 

Бұл саласы «Айсберг» ЖШС-мен көрсетілген. Бұл мекеме балмұздақ шығарып оны сатумен айналысады. Олар өз өнімдерін италияндық технология бойынша шығарады. Бұл фабриканың шығарған балмұздақтары жоғарғы сапалы әлемдік стандарттарға сай.

ҚОСМОСТЫҚ ҚАРАҒАНДЫ

 

Байқоңыр ғарыш айлағы Қызылорда облысының Қармақшы елді мекененінде орналасқан.

1955 жылы 2 ақпанда ракета полигонын, болашақ «Байқоңыр» ғарыш айлағын құру туралы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысына қол қойылды. Ғарыш айлағының аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 85 км-ге батыстан-шығысқа 125 км-ге созылды. Одан басқа да ғарыш айлағына ракеталардың құлаған сатыларына арналған 22 алау аумағы 4,8 млн. га жер берілген.

Өткен уақытта ғарыш айлағының 1200 гарыш аппараттары мен планетааралық баллистикалық ракеталар ұшырылған.

50 жыл бойы «Байқоңыр» ғарыш айлағында өте маңызды ғылыми-техникалық шаралар жүзеге асырылды.

Байқоңырды алғаш ашушылардың ішінде біздің жерлестеріміз де болды. Омарбаев Марат Шәріпұлы «Инфракос» Ұлттық аэроғарыш агенттігінің құрамындағы Республикалық кәсіпорнының гендиректоры. Оның қатысуымен «Энергия - Боран» старттық және қондырғы комплекстері Байкоңыр ғарыш айлағының арнайы объектілерімен және де басқа ракета-ғарыш комплекстері құрылды.

Ғарыштық кемелердің қонған жерлерінде өз уақытында мемориалдық іргетастар тұрғызылған. Ғарышкер жер есімдері Қарағанды қаласының құрметті азаматтарының кітабына енген. Ғарышкерлерге арнап Қарағандыда «Қарағанды - космос гавань» атты дөңгелек үстел медалы әзірленген. Олардың есімдері біздің облыстың қалаларының көшесі мен алаңдарына берілген Қарағандыда бірінші ғарышкер Ю. Гагариннің есімінде алаң және В. Терешкова атындағы көше бар.

Қазакстанның тұңғыш ғарышкер-ұшкышы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров.

Т. Әубәкіров ең алғашқы ғарышкер қазақ. Ол 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» траспорттық кемесінде, «Мир» станциясында, кеңестік-австриялық экипаж құрамында кеме командирі, полковник А. Волков пен Австрия өкілі зерттеуші-ғарышкер Франк Фибек ұшқан. Т.О. Т.О. Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдесінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, М. Мамыраев атындағы ауылда дүниеге келген.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

Қазіргі кезде облыста 290 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 6238 фермерлік және шаруа қожалықтары, 1155 халықтың жеке қосалкы шаруашылықтары бар, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Агробизнесті тиімді жүргізуі мақсатында 6 мыңнан астам ауыл шаруашылық құрылымдарына 2 млрд. 180 млн. теңге көлемінде нақты мемлекеттік көмек көрсетілді, оның ішінде 299,6 млн. теңге — облыс бюджетінен. Мемлекеттік инвестициялау, демеуқаржылар және бюджеттік кредиттеу жолымен бюджеттік бағдарламалар ар-кылы ғана емес, сонымен катар жаңа нысандары — ауылдық кредиттік серіктестіктер (АКС) және Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы да жүргізілді. Облыста жұмыс істейтін 7 АКС 2005 ж. 80 жоба бойынша 191,3 млн. теңге жеңілдікті кредит берді, ол 2004 жылмен салыстырғанда 3,7 есе артық. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қорының филиалымен бірге осы қор арқылы республикалық бюджет есебінен пилоттық микрокредиттеу үшін ауылдық аудандар анықталды. Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар жырау, Шет және Жаңаарқа аудандарының үй шаруашылықтары 34,2 млн. теңгеге 434 кредит алды.

Облыс қалалары экономиканың нақты секторы және ауылдық аудандармен шефтік байланыстарды жаңартқан, жыл сайынғы әзірленетін және іске асырылатын облыстағы ауылды қайта түлету жөніндегі негізгі іс шаралар жоспары 2005 ж. ауылға 1 млрд. 829 млн. теңге бюджеттен тыс. инвестициялар тартуға мүмкіндік берді. 2005 ж. ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 34,5 млрд. теңге болды. Дәнді дақылдар 2004 ж. 845,5 га жерді алса, 2005 ж. 861,7 мың гектарға жетті. Картоп және көкөніс көлемі тиісінше 4% және 6%-ға өсті. Майлы дақылдар 470 га жерді алды, оның 100 га жері — жоғары белокты соя. Дәнді дақылдарды және басқа да өнімдерді себу көптеген аудандарда ұйымдасқан түрде және оңтайлы агротехникалық мерзімде өтті.

Лизингтік және кредиттік қатынастарды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар агрокұрылымдардың энергиямен жарақтандырылуын жақсартты. 2005 ж. бюджеттік бағдарламалар бойынша лизингке 56 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды, оның ішінде 8 комбайн — облыстық бюджет есебінен. Сонымен бірге «Қазагрофинанс» АҚ арқылы жеңілдікті кредиттер есебінен Осакаров ауданында МТС кұрылды, Жаңаарка, Абай және Бұқар жырау аудандарында маманданған агро-сервис-орталықтар құруға облыстық бюджеттен 260 млн. тенге кредиттік ресурстар бөлінді. Мал шаруашылығында мал мен кұс саны 570,6 мың бас болды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 2%-ға артық. Жалпы облыс бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді: ет өндіру көлемі 8%, сүт - 6%, жұмыртқа - 7%, жүн - 8%-ға өсті. Тамақ өнеркәсібі өндірісінің өсуінің оң үрдісі байқалады. Жезқазған қаласында тәулігіне 65 тонна астық өндіретін жаңа диірмен кешені «Нан өнімі» АҚ іске қосылды. Теміртаудағы «Аяна» ЖШС-де жаңа өнім шығаруға мүмкіндік беретін жаңа сүт құрал-жабдығы орнатылды. Облыс халқын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бойынша қалаларға жоспар-тапсырма жеткізілді және 132 мың тонна көлемінде астықтың азық-түліктік қоры қалыптастырылды, оның ішінде 1-сортты нан өндіру үшін — 70 мың тонна бидай, картоп қоры — 5,6 мың тонна, көкөніс — 2,9 мың тонна.

Облыс калаларында жыл сайын селолык аудандар өткізетін «Ауыл—Береке» жәрмеңкесі 107 млн. тенгенің өнімін нарықтық бағадан төмен бағамен өткізуге мүмкіндік берді (2005), бұл 2004 жылмен салыстырғанда 67%-ға артық. ҚР-нын агроөнеркәсіп кешенін 2006-2010 жылдарда тұрақты дамыту Тұжырымдамасында қойылған міндеттер негізінде, ауыл шаруашылығы департаменті облыстың аймактық бағдарламасын әзірледі. Оны 5 жыл ішінде іске асыру үшін 31,8 млрд. теңге көлемінде қаржылық, инвестициялар бөлу көзделеді.

Осы бағдарламаға сәйкес егін егілетін аумақтың құрылымын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, өнімділігі төмен жерлердегі бидай егістіктерінің көлемін қысқарту есебінен мал азығы дақылдары егістігі ұлғайтылады. Астық өндірудің тиімділігін арттыру үшін астық егілетін жерлерді дымқыл ресурс сақтайтын технология негізінде өндеуге біртіндеп көшу көзделген. Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясында белгіленген басымдылықтарға сүйене отырып, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін орта және ірі әлеуметгік даму және кәсіпкерліктің аймақтық құрылымдарына біріктіруді ынталандыру мақсатыңда дайындау-өткізу кооперативтерін құру жоспарланған. Онда «локомотив» рөлінде ірі қайта өндеу кәсіпорындары болуы тиіс: сүт сатып алу бойынша Абай, Шет, Жаңаарқа, Осакаров және Бұқар жырау аудандары, ет сатып алу бойынша (мал сою алаңдарын орналастырып) — Бұқар жырау ауданы және Балқаш қаласы.

ОБЛЫС МӘДЕНИЕТІ

 

Қарағанды облысында мәдениет пен өнер ұйымдарының кең ауқымды жүйесі жұмыс істейді, 2009 жылдың I жартыжылында олардың саны 701-ге жетті, соның ішінде мемлекеттік жүйедегілер саны - 643 нысан.

Мемлекеттік жүйеге кіретіндер: 339 кітапхана, 244 клуб үлгісіндегі ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 17 мұражай, 2 концерттік ұйым, мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция, хайуанаттар бағы, 10 мәдениет және демалыс саябағы, кинопрокат, көрме залы.

2009 жылдың I жартысында мемлекеттік жүйедегі мәдениет мекемелері 10 нысанға өсті:

Бұқар жырау ауданындағы Урожайное (Андрейниковка), Ақтөбе, Қаражал, Белағаш; Шет ауданының Киікті, Ақжал ауылдарының клубтары мемлекеттік жүйеге берілді; Ақтоғай ауданының Жидебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Қарқаралы аудандарының Абыз ауылдарында клуб ашылды. Нұра ауданының орталығы Киевка кентінде мәдениет және демалыс саябағы ашылды.

Бұқар жырау ауданының Красная Нива және Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдарында кітапхана ашылды, Қарқаралы ауданының Қырғыз және Мәди ауылдық округтеріне қарасты Жәнібек және Едірей бөлімшелерінде кітапханалар жабылды.

 

Кітапханалар (облыс бойынша)

Есепті кезеңде облыс кітапханалары жоспардағы 305 мың оқырманның орнына 306,7 мың оқырманға қызмет көрсетті. Соның ішінде ауылда -100,7 мың адамға. 6194 мың кітапхана құжаттары берілді.

Құжаттар қорын жасақтауға жыл бойында 31473,2 мың теңге бюджет қаржысы бөлінді, с.і. мерзімді баспасөзге-16251,9 мың теңге бөлінді.

Модельді кітапханалар 81, соның ішінде ауылда -78.

Облыс кітапханаларында бүкіл жұмыс баста артықшылықтарды жүзеге асыруға-облыстағы көпшілік кітапханалардың инфрақұрылымын жаңарту мен дамытуға бағытталды. Соның өзінде басты мақсат: азаматтардың ақпарат пен білімге қол жеткізуін жақсарту, кітапханалардың бірыңғай (жалпы аймақтық) жүйесін құру, ақпараттық және мәдени тұтастықты қамтамасыз ету болды.

Жоспарлы 5056 көпшілік шаралар орнына 5365 шара өткізілді. Оған 124,4 мың адам қатысты. Ауыл кітапханалары 65,2 мың адамды қамтыған 3229 шара өткізді.

 

Клуб мекемелері (облыс бойынша)

2009 жылдың I жартысында клуб үлгісіндегі мәдениет ұйымдары 1639,2 мың адамды қамтыған 14009 шара ұйымдастырды, соның ішінде ауылдарда-11020 шара өтіп, 1071,6 мың адам қатысты. 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өткізілген шаралар кемдеу болды, өйткені облыстың көптеген клубтарында Жол картасы аясында жөндеу жұмыстары жүріп жатты.

Есепті кезеңде ақылы қызметтен 28394 мың теңге түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңінен 23,2 % артық.


 

«Халықтық» (Үлгілі) атақтары бар көркемөнерпаздар ұжымдары (облыс бойынша)

 

Жанрлар бойынша

саны

1

Қазақ халық аспаптары оркестрі

4

2

Орыс халық аспаптары оркестрі

1

3

Ән – би ансамблі

16

4

Би ұжымдары

26

5

Драма театры

23

6

Хор ұжымы

13

7

Үрлемелі аспаптар оркестрі

5

8

Фотоклуб

1

9

Цирк

1

10

Әуесқой композиторлар клубы

1

11

Декоративті – қолданбалы өнер студиясы

3

12

Барлығы

94

 

 

Облыстағы клуб мекемелерінде 1461 клуб құрылымдары жұмыс істейді, оларға 26699 адам қатысады. Облыс бойынша 94 көркемөнерпаздар ұжымының «Халықтық» және «Үлгілі» құрметті атақтар бар, соның ішінде мемлекеттік жүйедегі клуб ұйымдарының 57 ұжымында.

Тұрақты мәдениет мекемелері жоқ елді мекендер тұрғындарына қызмет көрсету үшін облыста 21 жылжымалы кешен - «Зерде» бейнемобильдері жұмыс істейді. 2009 жылдың I жартысында 796 рет сапар ұйымдастырылды, 1280 елді мекенге қызмет көрсетілді, 2644 мәдени-сауық шаралары ұйымдастырылып, оларға 270,2 мың адам қатысты.

 

Театрлар (облыс бойынша)

Облыста 5 театр ұжымы жұмыс істейді. 2009 жылдың I жартысында 18 жаңа қойылым сахнаға шығарылды. Барлығы 107,2 мың адамдық қамтыған 671 спектакль қойылды. Спектакльдерден 19749,9 мың теңге табыс түсті.


Есепті кезеңде К. Станиславский атындағы орыс драма театрының артисі Т. Федоренконың (шығармашылық қызметіне 45 жыл) шығармашылық мерейтойы және С. Сейфуллин атындағы қазақ драм театрының артисі Б. Кемалованың (шығармашылық қызметіне 30 жыл), ҚР халық артисі, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Д. Жанботаевтың шығармашылық мерейтойлары өткізілді.

Театр ұжымдары жоспар бойынша гастрольге шығып тұрды. С. Сейфуллин атындағы театрдың шығармашылық ұжымы Тробзон (Түркия) қаласындағы X Халықаралық театр фестиваліне Ш. Мұртазаның «Домалақ ана» спектакліне қатысты. С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы драма театрының қуыршақ тобы Көкшетау, Қызылорда, Қарағанды қалаларында гастрольде болды. Осы театрдың драма труппасы Балқаш қаласында өнер көрсетті. Ал С. Сейфуллин атындағы театр Жезқазған аймағында болып қайтты.

Барлық театр ұжымдары серіктес қалаларға шағын гастрольге шығып жүрді. «Ауылым – алтын бесігім» бағдарламасына сәйкес шалғай аудандарға, ауылдарға қызмет көрсетілді. Театр маусымының жабылуы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді.

 

Концерттік ұйымдар (облыс бойынша)

Облыстық филармонияның 70 жылдығына арналған тізбекті шаралар 2009 жылы 7 ақпанда Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлесітктің бүкіл шығармашылық ұжымының қатысуымен Гала-концертпен аяқталды.

Филармониялар арасаындағы шығармашылық тәжірибе алмасу аясында «Шалқыма» концерт залының сахнасында Астана қаласы филармониясы артистерінің С.В. Рахманиновтың 135 жылдығына арналған бағдарламасы бойынша концерті өтті.

Симфония оркестрінің Германия қалалары бойынша гастролі ұйымдастырылды. 10 күн ішінде 12 концерт берілді. Олардың бәрі де зор табыспен өтті. Оркестрге қосылып, ҚР халық артисі А. Мұсаходжаева, Ресей еңбегі сіңген артистер Е. Колисниченко, Л. Исакадзе өнер көрсетті.

«TURKSOY» халықаралық ұйымының шақыруы бойынша «Аққу» фольклорлық-би ансамблі мен Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекші әншілері Түркияның 3 қаласында Наурыз мейрамын тойлауға концерт қоюмен қатысып, Қазақстанның өнерін паш етті.

Бішкек қаласында (Қырғызстан) сәуір айында 11 елдің Францияның, Швейцарияның, Германияның, Австрияның, АҚШ-тың, Ресейдің және т.б джаз ұжымдары қатысқан IV Халықаралық «Джаз-Бішкек-Көктем» фестивалі өтті. Этно-джаз бойынша конкурста «Қожа Насриддин бейнесі» тақырыбында И. Андрейченко басқаратын Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлесітіктің «Биг-Бенд» тобы жеңімпаз атанды. Музыка сыншылары Қарағандылық музыканттардың орындаушылық деңгейін жоғары бағалады.

Есепті кезеңде тамаша концерттер жиі болды. Атап айтқанда: халықаралық конкурстардың лауреаттары Арман Мырзағалиев (скрипка, АҚШ), Ерлан Мансұров (фортепиано, Астана) қатысқан скрипка мен камералық музыка концерті; ҚР халық артисі Гауһар Мырзабекованың «Қазақстан камератасы» оркестрінің концерті; халықаралық конкурстардың лауреаты Ирина Родилес (Мәскеу) қатысқан джаз музыкасының концерті; симфониялық оркестр маусымының жабылуында халықаралық конкурстардың лауреаты А. Комаров (фортепиано, Мәскеу) және т.б. Қарағандылық тыңдармандар алдында жас талантты музыканттар-халықаралық конкурстардың лауреаттары, «Болашақ» стипендиясының иегерлері, Король музыка колледжінің шәкірттері (Лондон) Ботагөз және Болат Тыныбековтердің концерті, сондай-ақ «Дюпре» (Болония қаласы, Италия) музыка мектебі оқушыларының өнері зор баға алды.

Жезқазған аймағында Т. Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының ұжымы «Ұлытау үні» аймақтық фестиваліне және Республикалық ақындар айтысына қатысты. Бұл филармония ұжымы Алматы және Қарағанды облыстарының тыңдармандары алдында өнер көрсетті. Филармонияның жетекші әншілері, ҚР еңбегі сіңген артистер Б. Көшеновтің, З. Омарованың, Г. Жидебаеваның шығармашылық кештері ұйымдастырылды.

 

Мұражайлар (облыс бойынша)

Облыс мұражайларында 2009 жылдың басында сақталған экспонаттардың жалпы саны - 288,3 мың. Тарихи-мәдени мұраның сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және зерттелуін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама бойынша облыс мұражайлары жинастыру мен ғылыми зерттеу жұмыстарын кең ауқымда жүргізуде. 2009 жылдың I жартысында облыс мұражайлары 2958 экспонат жинастырды, бұл 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 300 экспонатқа артық.

Есепті кезеңде облыс мұражайларын 231,6 мың адам аралады, бұл өткен жылғыдан 4,7 мың адамға артық (226,9 мың).

Көрме қызметі жандана түсті. Облыс аудандары мен қалалары бойынша жылжымалы және айырбас көрмелер санының артуы байқалады. Есепті кезеңде мұражайлар 319 тұрақты, жылжымалы және айырбастық көрмелер ұйымдастырды. Бұл өткен жылғыдан 27-ге көп (292). Тұрақты экспозициялар, жылжымалы және айырбастық көрмелер бойынша 4373 шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізілді, бұл өткен жылдың I жарты жылдығымен салыстырғанда 154-ға артық.

Есепті кезеңде Қазақстанның өлкетану және тарихы бойынша 571 дәріс оқылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 дәріске артық, (516).

Барлық мұражайлар ақылы қызмет жоспарын орындады, оның жалпы көлемі 2031 мың теңге.

Облыс мұражайлары мұражай қызметінің жаңа формаларын іздестіруде, тәжірибе алмасуда, мұражай тәжірибесіне қазіргі заманғы коллекция жинастырудың соны тәсілдерін енгізуде белсенді жұмыс жүргізеді. Осының бәрі облыс мұражайларындағы өткізілетін шаралардың деңгейін көтеруге ықпал етуде. Еесепті кезеңде 244 түрлі шаралар ұйымдастырылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110 шараға артық, соның ішінде дөңгелек столдар, семинарлар, кездесу кештері, интерактивті сабақтар және т.б. өткізілді.

Ғылыми-зерттеу және іздестіру жұмыстарын мұражайлар этнография, халық шығармашылығы, декоративті-қолданбалы өнер, өлке тарихының археологиясы материалдарын зерттеу бойынша жүргізеді. «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарқаралы ауданына тарихи-этнографиялық және фольклорлық экспедиция ұйымдастырылды. Осы экспедиция барысында өлке тарихының шежіресі, қазақтардың генеологиясы және басқа да этнографиялық материалдар жинастырылып, Егіндібұлақ кенті ертедегі жерлерінің фото және бейнесуреті түсірілді. Мұражай қызметкерлерін Алматы, Павлодар, Жезқазған қалаларының мұрағаттарына ғылыми іс сапарға жіберу жүзеге асырылды. Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров аудандарының кітапхана және мұражай қорларынан өлкетану материалдарын жинастыру ұйымдасытырылды.


Облыста жаңа есімдер мен жаңа ұжымдарды әйгілеген түрлі жанрдағы фестивальдер, конкурстар, байқаулар өткізілді, сондай-ақ мемлекеттік және кәсіби мерекелер, әлеуметтік маңызды, әрі мерейтойлық шаралар өтеді.

Бұқаралық шаралардың тақырыптары республиканың саяси және қоғамдық тыныс-тіршілігіне сәйкеседі. Мемлекеттік тілді дамыту мен ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған шаралар өткізілді. Қазақстан халықтарының Ынтымақ Күні, Жеңіс Күні, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні сияқты мерекелер кеңінен атап өтілді.

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау бойынша облыстық әкімдіктің ішкі асясат басқармасымен бірге «ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттаудың формалары мен әдістемелері» тақырыбына семинар өткізілді. Облыс әкімі жанындағы ҚР мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссия мәжілісінде мәдениет нысандарын тексеру қорытындысы бойынша мәдениет басқармасы басшылығының «Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының, мәдениет пен өнер ұжымдарының мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы» баяндамасы тыңдалды.

Мұражайлардың Халықаралық күніне, Қарағанды қаласының 75 жылдығына орай облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Мұражай көктемі» атты облыстық фестиваль өткізді, оған облыстағы мұражайлар қатысты. Бұл фестиваль «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында және облыс мұражайларының қор коллекцияларын насихаттау үшін айырбас көрмелерді кеңейту, өлкені мекендеген халықтардың мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ мұражай жұмысының тәжірибесін алмасу мақсатын көздеді. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жасалған «Қарағанды облысының мұражайлары» web-порталының тұсаукесері болды.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 20 жылдығына арналған тізбекті шаралар өтті: кездесу кештері, театрландырылған концерттік бағдарламалар, ақпараттық сағаттар және кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Мәдени-сауық мекемелерінде салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүргізіледі. Есепті кезеңде жер-жерлерде тақырыптық әңгімелер, музыкалы спорттық акциялар мен викториналар, есірткіге қарсы күрес күніне арналған жастар акциясы және ақпараттық-танымдық әңгімелер өткізілді.


Ойын-сауық ұйымдастырулардың кәсіби шеберлігін шыңдау, ұйымдастырушылық-шығармашылық тәжірибесін алмасу және қазіргі заман талаптарына сәйкес келетін жұмыстың жаңа тәсілдері мен амал-формаларын іздестіру мақсатында мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы: «Жастар мәдениеті – клуб өмірі», «Клуб жұмыстарының креативті бағыттары» тақырыбына жылжымалы облыстық семинарлар өткізді. Семинарға мәдениет басқармасының, орталықтың мамандары қатысып, жұмыстың мынадай бағыттары талқыланды: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауларын насихаттау бойынша түсінік жұмыстары, «Мәдениет саласындағы заң актілері», «Мәдени-сауық ұйымдарының қазіргі кездегі беделі», «Жастар мәдениетінің рухани құны», «Клубтық мәдени іс-шаралардың сценариялық жүйесі мен режиссурасының заманауи әдістері», «Ауыл клубтары – отбасы тәрбиесі мен ойын-сауық орталығы» және бейне-слайдтық материалдарды пайдалану арқылы өткізілетін өзге де шаралар.

Семинар барысында облыстық мәдениет басқармасы атынан Абай ауданының Құлайғыр, Шет ауданының Ақжал, Ақтоғай ауданының Шашубай ауылдарының әкімдеріне дыбыстағыш құрал-жабдықтары тапсырылды.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. – Алматы, 1997.

Восточная Сарыарка. Каркаралинский регион в прошлом и настоящем. /Под ред. К.С. Алдажуманова, А.З. Бейсенова. – Алматы, 2004.

Госархив Карагандинской области. Ф. 3; 10 п

Джаналиева К.М., Будникова Т.Н. и др. Физическая география Республики Казахстан. – Алматы: «Қазақ ун-тi», 1998.

Досмагамбетов С.К. Центральный Казахстан: природа и природные ресурсы, события и люди, реформы и развитие. – Алматы, 2003.

История Казахстана. Очерки. Алматы, 2003.

Караганда и Карагандинская область: Энциклопедия. – Алматы: «Атамура», 2008. – 528 с.