©2009-2021. Карагандинская областная юношеская библиотека им. Ж. Бектурова
г. Караганды, ул. Ержанова 8А тел 8 7212 430650, 430704
АРҚАЛЫҚ БАТЫР
АРҚАЛЫҚ БАТЫР, 18 ғасырдын аяғы мен 19 ғасырдың басында Абақкерей тайпасынан шыққан батыр. Туып-өскен жері — Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы. Қалмақ ханы Еженнің шабуылдары мен Абақкерей елін билеп-төстеген Әжі төренің зорлық-зомбылығына қарсы халық бұқарасының көтерілісін бастаған. Бұл күресте оған Қарамерген, Қоңқа сияқты қалмақ батырлары косылған. Батыр есімі халық аузында аңыз-әңгіме, ертегі-жырға айналган. Арқалық батыр туралы халық эпосы бар. Ж. Шанин «Арқалық батыр» атты пьеса жазған.