ШУАК | Ж.Қ. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы
ШУАҚ
тарихи-өлкетану сайты
Тарихи-өлкетану «Шуақ» сайты «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жасалды.
Әлемдік «Интернет» жүйесінде Қарағанды облысының тарихын, мәдениеті мен әдебиетін насихаттап, ақпараттық мәліметтер мен қатар көркем суреттермен безендірілген «Шуақ» тарихи-өлкетану сайтының негізгі мақсаты – тұтынушы жас ұрпақ зердесіне әлеуметтік әсер беру, отаншылдыққа баулу, өлкенің тарихи тағылымы мен рухани бай қазынасынан мол мағлұматтар беретін ақпараттармен таныстыру.
«Шуақ» сайтына – «Тарих», «Қарағанды облысының мәдени өмірі», «Әдебиет» рубрикалары топтастырылған. Бұл рубрикаларға арнайы ыңғайлы іздестіру енгізіліп, сілтемелер көрсетілген. Тұтынушылар осы сілтемелер арқылы өздеріне қажетті тақырып бойынша толық сан қырлы ақпаратқа ие болады. Бұл рубрикалар бірнеше бөлімдерге бөлінген. Бұл рубрикалар ішінде топонимика, өлке тарихы жайлы сыр шертіп, мақалалар жазған қаламгерлер және Қарағанды өлкесіне танымал ақын-жазушылардың өмірбаяндары берілген.
«Шуақ» сайтынан өлкенің ежелгі тарихы шежіресінен бастап, халқымыздың ғасырлар бойғы күресі арқасында қол жеткен тәуелсіздік кезеңін баяндайтын мәліметтер, тарихи зерттеулер, құнды фотосуреттер орын алған.
«Шуақ» сайты әсем безендірілген, бұл сайттағы ақпараттар өлке тарихын танып-білгісі келетін тұтынушыларға аса маңызы бар, көмекші сайт.