Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЕРАЛИЕВ ШӘБДЕН

 

Ералиев Шәбден (1898-1928) – партия, кеңес, мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы. Жаңаарқа ауданында туған. Тәшкен жер шаруашылығы училищесін, Ішкі істер Халық комиссариатының курстарын бітірген. Тәшкен уездік комитетінің қызметкері (1921 жылға дейін), Бүкілресейлік ауылшаруашылық санағының тіркеушісі, жер бөлімінің меңгерушісі. Аудандық милиция бөлімінің бастығы, БК(б)П Тәшкен ұйымы  Президиумының хатшысы, Түркістан майданы саяси бөлімінің мүшесі болып істеген. Түркістан  республикасы милиция басқармасының инспекторы (1921-1923), Ақмола уездік, губерниялық милиция бастығы (1923-1927) қызметтерін атқарған. 1927 ж. Қазақ АКСР ОАК-ның мүшесі болып сайланған. 1928 ж. 2 қарашада Маңғыстау облысындағы Адай округтік атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып істеп жүргенде, іссапар кезінде Каспий теңізінің үстінде кемеден із-түзсіз жоғалып кеткен. Қастандықпен өлтірілген деген айып тағылып, атышулы «Ералиев ісі» деген қылмыстық іс қозғалған. Нәтижесінде 70 адам тұтқындалып, 61-і сотталған (9 адам тергеу кезінде түрмеде өлген), Алайда КСРО Жоғарғы Сотының әскери  коллегиясы 1958 ж. 8 наурызда бір жылдан кейін денесі теңізден табылған Ш.Ералиевтің мүрдесіне жасалған медицина сараптамасын негізсіз деп тауып, айыпталғандарды ақтап шықты. Ш,Ералиевтің есімімен Жаңаарқа ауданында селолық округ және көше аталады. Маңғыстау өңіріндегі Ш.Ералиев атындағы аудан мен ауылдың аты 90-шы жылдары өзгертіліп, Қарақия ауданы (орталығы Құрық) деп аталады.

*****

Ералиев Шәбден: [қысқаша өмірбаян] // Жаңаарқа: Энциклопедия.- Алматы : Темірқазық, 2009.- Б.193.

http://e-history.kz/kz/publications/view/2413

https://obk.kz/newsfeed/item/120943-rukhani-zha-yru-tarikh-tol-ynynda-y-ta-dyr-sh-bden-eraliev

 

https://baq.kz/kk/news/asil_kazina_derekter/otkenge-oilanbai-topirak-shashudan-aulak-bolaiik-658

 

 

 

 

ЖАРЫЛҒАПОВ ІСЛӘМ

 

Жарылғапов Ісләм (1918-1993) – Жаңаарқа ауданына қарасты Көктал жеріндегі Тұтқышбай ауылында, Манақа өзенінің бойында дүниеге келген.  Жазушы, аудармашы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. ҚазПИ-ді бітірген (1942). Мәскеу жоғары дипломатия мектебінде оқыған (1944-1945). 1942-1943 жылдары ҚазПИ-де оқытушы, 1946-1952 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нде лектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1957-1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1964-1964 жылдары «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары, 1965-1968 жылдары ҚазКСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, 1971-1974 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры. 1975 жылдан марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуға ат салысты. Көркем әдебиет саласында А.С.Пушкин, А.И.Герцен, И.С.Тургенев, Л.Н.Толстой, М.М. Пришвин, Л.Соболев, Л.Леонов, Ю.П.Герман, Ф.Ниязи, Г.Н. Леонидзе, А.С.Исаакян, Әзиз Несин, Клара Цеткин, Вилли Бредель, И.Р.Бехер т.б. ақын-жазушылардың әр жанрдағы шығармаларын қазақ тіліне аударған. Аударма теориясын зерттеді, тілімізге «оқырман», «көрермен», «саяжай», «балмұздақ», «уыздық», «жағажай», «аялдама», «перзентхана», «еңбеккер», «телефондау», «теледидар», «ғарыш» сияқты көптеген жаңа сөз қосты.

*****

Жарылғапов Ісләм: [қысқаша өмірбаян] // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия. – Алматы : Атамұра, 2006. - Б. 249.

http://adebiportal.kz/kz/authors/view/1642

http://akikat.kazgazeta.kz/?p=3237

 

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=15601

 

ТӘТІМОВ МҰХАМЕТҚАЛИ ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ

Тәтімов Мұхаметқали Қойшыбайұлы (1894-1938), Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатып, нығайту жолындағы күреске қатысушы. Еңбек жолын 1904 жылында жалшылықтан бастады. 1914-1918 жылдарында Иркутск қаласына жақын мандағы шахтада шахтер, пароходта матрос, Омбы қаласыдағы темір жолы депосында балғашы болып істеді.

1918 жылында Қызыл Армия қатарына кірді.

1919-1920 жылдарында 3-армия саяси қызметкерлерінің курстарында оқыды, оны бітіргеннен кейін Қостанай уездік партия комитеттінің үгітшісі, Семей губерния комсомол комитеттінің секция меңгерушісі болды.

1921-1923 жылдарында Қарқаралы уездік әскери комиссариатыңда қызмететті.

1924-1930 жылдарында ҚазКСР еңбек халкомы, денсаулық сақтау халкомы.

1930-1932 жылдарында Мәскеудегі БК(б)П ОК жанындағы марксизм-ленинизм курстарының тыңдаушысы.

1932-1937 жылдарында Қарағанды облысы бойынша партиялық бақылау комиссиясының және Жұмысшы шаруа инспекциясының төрағасы. Қазақстан бойынша БК(б)ПОК-нің өлкелік партия коллегиясының, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі.

1924-1930жылдарында 1936-1937жылдарында Қазақстан өлкелік ОАК-тің, БК(б) ПК Қазақ өлкелік комитетті бюросының мүшесі, Қазақстан ОАК Президиумының және ВЦСПС Қазақ республикалық комитінің мүшесі. Қазақ облыстық 4-өлкелік 5,6,8-партия конференцияларының делегаты. 2мәрте Қызыл Ту орденімен марапатталған. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап,1937 жылы тамызда қамалып, ату жазасына кесілген. 1938 жылы 25 ақпанда дүниеден өтті.1956 жылы қарашада ақталды.

1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысыныңНұра ауданына қарасты "Көкмөлдір" деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі "Ана туралы жыр" деп аталады. Одан соң "Қарағанды комсомолы" газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған "Көкмөлдір" деген жыры.

 

 

 

 

 

САДУАҚАСОВ ЖАНАЙДАР

Сәдуақасов Жанайдар (1898-1938) – партия, кеңес, мемлекет қайраткері. Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы. Ақмола уезі, Сарысу болысының Төссаз ауылында туған. Ақмолада приход мектебін (1916), Омбыда гимназияны (1919) бітірген. 1919 ж. Омбы большевиктерінің ықпалымен ашылған «Қазақ жастарының демократиялық кеңесі» астыртын ұйымын басқарды. С.Сейфуллиннің түрмеден қашуына жәрдемдесіп, жалған құжат жасап берген. 1919-1922 жж. Ақмола уезінде халық соты, уездік халық ағарту бөлімінң меңгерушісі, уездік және губерниялық атқару комитеттерінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. 1922-1937 жж. Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-тің жауапты хатшысы, Адай уездік ревком төрағасы, Қаз АКСР финанс халкомының орынбасары, Сырдария губаткомының орынбасары, Сырдария губаткомының төрағасы, Әділет халкомы, республика прокуроры, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің мәдениет насихат бөлімінің меңгерушісі, көлік жөніндегі хатшысы, өлкелік партия комитеті сауда бөлімінің меңгерушісі, 1936ж.

ҚазКСР Халкомсовы төрағасының І-ші орынбасары әрі «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы, Алматы облыстық және қалалық партия комитетінің І-ші хатшысы қызметтерін атқарды. 1922 жылдан Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі, 1929 жылдан БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің Бюро мүшелігіне сайланды. Әділет халкомы және республика прокуроры болған кезінде ұлттық заңгер кадрларды дайындауға, әйелдерді заң қызметіне тартуға, заң актілерін ел мүддесіне бейімдеуге қатты көңіл бөлді. Жетім балалар үйлері мен ұлттық мектептерді ашуға белсене кірісті. Тұңғыш қазақ театрын ашуға тікелей ықпал етті. Байларды тәркілеу саясатына ашық қарсы болып, өлкелік партия комитетінің ІV пленусында сөз сөйледі. 1932ж. О.Жандосовпен бірге халықты аштықтан құтқару жөніндегі арнайы комиссияны басқарды. 1937 ж. 17 қыркүйекте «халық жауы» деген жаламен қамауға алынып, 1938 ж. 25 ақпанда атылды. 1957 ж. 16 сәуірдегі КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен ақталды.

 

 

 

 

 

 

НҰРМАҚОВ НЫҒМЕТ

Нұрмақов Нығмет (25.04.1895-27.09.1937) - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Қарағанды облысында дүниеге келген. Бастапқыда ауылда ашылған орыс мектебінде білім алып, кейін Қарқаралыдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін бітірген. 1911 жылы Романовтар әулетінің патша тағына отырғанына 300 жыл толуына орай Омбы қаласында ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді. Осы көрмеге Қу болысының атақты байы Ақайдың Қасені қатысады. Ол өзімен бірге хатшылыққа ұлттық дәстүрдің қыр-сырын түсіндіретін аудармашылыққа орысша жетік білетін Н.Нұрмақовты ала келеді. Осы көрмеде Ш. Уәлихановтың серігі Григорий Потанинмен, Омбыдағы мұғалімдер семинариясының қызметкері, халықшыл-демократ Александр Седельниковпен танысады, кейін олар оның Омбы семинариясына түсуіне себепші болды. Омбы семинариясында оқып жүріп, сондағы білім алушы жастар С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ә. Досовтармен бірге «Бірлік» атты мәдени-ағарту ұйымын құрды. Ұйым мүшелері  Ресей үкіметінің қазақ даласында жүргізіп отырған отаршылдық саясатына қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, Омбы тұрғындарын қазақ халқының мәдениетімен таныстыру мақсатында әр түрлі кештер өткізіп тұрды.   1915 жылы Н.Нұрмақов Қарқаралыдағы өзі оқыған орыс-қазақ училищесіне оқытушы болып қызметке орналасты. 1917 жылы күзде «Дала одағы» ұйымын құрды. Ұйым патшаның қазақтарды қара жұмысқа алу туралы жарлығына қарсы үгіт жұмыстарын жүргізді. Көп кешікпей Колчак үкіметінің орнауына орай кеңес таратылып, ол бір топ жолдасымен тұтқынға алынды. 18 ай түрмеде отырып, талай қиындықты басынан өткерген ол 1919 жылы желтоқсанда босап шықты. 1920 жылдан бастап Қарқаралыда, сонан соң Семейде уездік, губерниялық атқару комитеттерінде бірқатар жауапты қызметтерде істеп, «Қазақ тілі» газетінің, «Қызыл Қазақстан» журналының редакторы болды. 1922 жылы Орынборға ауысып, Қазақ өлкелік партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. Сол жылы қазан айында өткен Бүкілқазақтық кеңестердің 3-ші съезінде Қазақ атқару комитеті төралқасының құрамына сайланған оған Жоғары революциялық трибуналды басқару жүктелді. Қазақ трибуналы 1923 жылы ақпанның 19-ында РКФСР Жоғарғы сотының қазақ бөлімі болып құрылған тұста төрағалыққа тағы да Н.Нұрмақов бекітілді. Ал 1923 жылдың мамырында оған Әділет комиссары міндеті жүктелді және сол жылдың күзіне дейін Сот төрағасы қызметін қоса атқарды. Ол әділет комиссары ретінде прокуратура және сот құрылысы ережелерін енгізді. Прокуратура және сот қызметкерлерінің білімін арттыру, білікті жаңа кадрларды қалыптастыру, оларды қызметке тұрақтандыру, жалақыларын өсіру, тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерін шешуде де оның табандылығының арқасында біраз жұмыстар атқарылды. Н.Нұрмақовтың басшылығымен сот-тергеу органдарында қазақ тілінде іс жүргізу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды. Сот қызметкерлерінің барлық санының 60 пайызға жуығын қазақтар құрады. 1924 жылдан өлкелік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Сол жылдардағы өмірге жолдама алған мемлекеттік маңызды құжаттардың бәрінде Н.Нұрмақовтың қолы тұрды. Бұл жылдарда Қазақстанның халық шаруашылығы құлаш жайып, Екібастұз, Қарағанды, Ембі, Балқаш өндіріс орындары елге таныла бастады. Оның Қазақстан үкіметінің басшысы ретінде республиканың аумақтық тұтастығы, өнеркәсіп құрылысы, қазақтарды жерге орналастыру мәселесі, құрғақшылық зардаптарына қарсы күрес, оқу-ағарту және мәдени даму, қазақтарды басқару ісіне тарту, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру, т.б. салаларда атқарған қызметтері еліміздің өсіп-өркендеуіне, нығаюына белгілі әсерін тигізді. 1924 жылы Қазақ АКСР-і астанасын Орынбордан Қызылордаға, ал 1929 жылы Алматыға көшіру туралы шешімдерді қабылдауға тікелей қатынасып, ұйымдастыру жұмыстарын басқарды. Ол еліміздің тұңғыш конституциясы жобасын әзірлеу комиссиясының мүшесі, қазақ әліпбиін құрастыру комиссиясының төрағасы болды. Алғашқы қазақ драма театрын ашуға үлкен еңбек сіңірді.   Н. Нұрмақов Ф. Голощекиннің қазақ даласында «Кіші Қазан төңкерісін» жасау керек деген арандатушылық пікіріне және халық малын тәркілеуге бағытталған шараларына үзілді-кесілді қарсы болып, оған ашық қарсы шықты. Ф. Голощекинмен арадағы пікір қайшылығы оның үкімет басшысы қызметінен босап, Мәскеудегі БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебіне оқуға жіберілуімен аяқталды. Мәскеуде ол Бүкілодақтық атқару комитеті хатшысының орынбасары және аз ұлттар бөлімінің меңгерушісі болды. Сібір, Повольженің аз халықтар тұратын аудандарын аралап, қызмет жасады. Көрнекті қоғам қайраткері 1937 жылдың қуғын-сүргініне алғашқылардың бірі болып ілінді.  Кейін Алматыда, Қарағандыда Н.Нұрмақовтан «тапсырма» алып отырған О.Исаев, А.Асылбековтардың ұйымдары табылды деген жаламен тұтқынға алынды. Мәскеу мұрағатының анықтамасына қарағанда Н.Нұрмақов 1937 жылы маусымның 3-інде Мәскеудегі пәтерінде тұтқындалып, қыркүйектің 27-інде «айыбын мойнына алып», «үштіктің» үкімімен 15 минутта тағдыры шешіліп, 42 жасында атылған. Қоғам қайраткері 1958 жылы тамыздың 11-інде КСРО Жоғарғы соты әскери алқасының шешімімен ақталды. 1928 жылы оның саяси-әлеуметтік тақырыптарға арналған мақалалар жинағы «Строительство Казахстана» деген атпен және 1934 жылы Мәскеуде «Состояние и задачи работы среди национальных меньшинств РСФСР» деп аталатын еңбектері жарық көрді. Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Қарқаралы қалаларындағы көшелерге, Қарағанды қаласындағы 2-ші мектеп-интернатқа Н.Нұрмақов есімі берілген. Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта, туған ауылында ескерткіш орнатылған.