Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00





Яндекс.Метрика

САТЫБАЛДИН ҚАПАН

САТЫБАЛДИН ҚАПАН (1917-1969 ж.), жазушы, драматург, публицист. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1939 ж.). Ұлы Отан соғысына қатысқан, әскери тілші. 1945-1969 ж. «Қазақфильм» киностудиясында, «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газеті редакцияларында, Қазақстан, Жазушылар одағы баскармасында қызмет істеді. Шығармалары «Қарағанды пролетариаты» газетінде 1936 жылдан басыла бастады. Алғашкы жинағы — «Мен жырлаймын» 1938 ж. шықты. Кейін «Асан кайғы және Жамбыл», «Мәскеу—Еділ», «Әлия» т. б. поэмаларын, «Сілтенген семсер» (1943 ж.), «Махаббат машахаты» (1961 ж.), «Ұзак жол» (1969 ж.), «Сәкен Сейфуллин» (1969 ж.), «Қабаған ит» (1964 ж.) пьесаларын жазды. Н. А. Некрасов, И. А. Крылов, Г. Гулиа т. б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сатыбалдин өз шығармашылығында қазақ халқының басынан кешкен тарихи-революцияны бейнелеуге тырысты, ұрпақтар сабактастығын және қазақ даласында болып өткен әлеуметтік өзгерістердің тарихи мәнін көрсетті. Сатыбалдиннің құрметіне Қарағандыда көше аталған.

Шығарма: Шығармалар жинағы, 4 томдык..— А., 1972-75.

 

СЕЙФУЛЛИН СӘКЕН

СЕЙФУЛЛИН СӘКЕН (Сәдуакас; 1894-1938 ж.), қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері. 1905 ж. Өспендегі қазақ-орыс мектебіне түседі. 1909 ж. Ақмоладағы екі сыныпты приход мектебіне ауысып, оны тәмамдағаннан кейін қалалық училищеде оқуын жалғастырады. 1913 ж. Омбының оқытушылар семинариясына көп қиындыкпен қабылданады. Осында қазақтың ұлы акыны Мағжан Жұмабаевпен үш жыл бірге оқиды. Қазақ жастарының көмегімен 1914 ж. «Өткен күндер» атты өлендер жинағын шығарып, мәдени-ағарту мақсатын көздеген «Бірлік» қоғамының сол қанатын басқарды. Омбы жұмыскерлерінің өмірімен танысып, Феоктист Березовский сияқты революционер жазушымен жақын болуы Сәкеннің ағартушы-демократтық көзкарасының өрістей қалыптасуына жағдай жасаса, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы күрес жолын тандау қажеттігін сездіреді. Омбы полициясының қара тізіміне 1914 ж. іліккен Сәкен өзінің ізін бағып жүрген тыңшыларға қарамастан 1916 жылғы санақ алу жұмысына қатысуы, Бұғылы ауылында бала оқытуы, Ақпан төңкерісі кезінде қала жатақтарымен тағдыр тәлкегін бірге бөлісуге бел байлауы, Акмолаға келе сала «Жас қазақ» ұйымын ашуы, 1917 ж. «Тіршілік» газетін шығаруы, замана жайын түсіндіруі, Қазан төңкерісін қуанышпен қарсы алып, қалам мен қаруды тең ұстауы әшейінгі жастық желігі емес еді. Күрескерлік сананың әсерімен Ақмола совдепінің президиум мүшесі және халық ағарту комиссары болып, төңкерісшіл өлең-жырдың туын көтерді, таптық сыңай танытты. 1918 жылдың маусымында тұткынға алынып, атаман Анненковтың азап вагонында ажалмен алысуы, асқан ерлік көрсетуі, түрмеден қашып шығып Түркістан өтуі, Кеңес өкіметі қайтадан орнағаннан кейін Ақмолаға қайтып келіп, әлеуметтік қауырт істерге белсене араласуы азамат ақынның өнегелі өмірінің айшықты белестері. 1920 ж. бүкілқазақстандық құрылтай съезіне арнайы шақырылып, Орталық атқару комитеті президиумының мүшесі болды. Оқу халық комиссарының орынбасары, «Енбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып жүргенде 1922 ж. Халық комиссарлары кеңесінің төрағалығына сайланды. 1922 ж. 1915 жылдан бері жазып, «Тіршілік», «Ұшқын», «Еңбек туы» (Орынбор), «Кедей сөзі» (Омбы), «Енбекші қазақ» газеттерінде әр кезде жарияланған өлендерінен құралған «Асау тұлпар» жинағы, 1917 ж. жазылған «Бақыт жолына» мен тұңғыш революциялық «Қызыл сұңқарлар» (1920 ж.) пьесалары жеке кітап болып басылып шықты. С. Сейфуллин 1917-1925 жылдар арасында Қазақстан көлемінде өткізілген ірі науқандар, мәнді мәжілістермен қатар, бүкілодақтық съездер мен кеңестерге қатысты. 1925 ж. Қызылордадағы Халық ағарту институтының директоры, 1926 ж. Қазақ өлкелік партия комитетінің жанындағы испарттың меңгерушісі, 1927-1929 ж. Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының (Қазпедвуз) директоры кызметін атқарып, 1929 ж. күзде Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетіне зорлықпен шақыртылды. 1934 ж. Қазақстан коммунистік журналистика институтының профессоры болды. 1927-28 ж. «Жыл кұсы» альманағы мен «Жаңа әдебиет» журналын шығаруға белсене қатысты. Ұзақ уақыт «Әдебиет майданы» журналының редакторы болды. Әдебиет пен мәдениет ісіне басшылық ететін талай ұйымдардың жетекші құрамына сайланды. 1934 ж. жазушылардың Бірінші Бүкілодақтық съезінде айбынды сөз сөйледі. Орыстың данышпан ақыны А.С. Пушкиннің қаза болғанына 100 жыл толуын атап өту жөніндегі одақтық комитеттің мүшесі және республикалық комиссияның төрағасы міндетін атқарды. Қазақ халкының тарихында, әсіресе әдебиетінде үлкен белес жасаған «Тар жол, тайғак кешу» атты роман-эссесін 1922 ж. бастап, тарихи шындықтың бетіне кірбің түсірмей, аяулы ағаларының ой-армандарын суреттеп, 1927 ж. жеке кітап етіп шығарды. Бұл екі арада «Домбыра» (1924 ж.), «Экспресс» жинақтары мен «Ұйым және еңбек шарт — жалшылар қорғаны» (1926 ж.) атты өлең-жырын жариялады. Қазақ әдебиетінде жұмысшылар өмірін суреттеудің тырнақалдысы болған «Жер қазғандар» хикаяты 1927 ж. жазылса, «Тұрмыс толкыныңда» жинағы 1928 ж. шықты. Қазақ әдебиетінің классикалық туындысына айналған «Көкшетау» дастаны 1925-1929 жылдар аралығында жазылды. Өзі өмір сүрген заманына «Советстан» (1925 ж.), «Альбатрос» (1933 ж.), «Социалистан» (1935 ж.) триптахын арнап, кезең қиындығын, аштықты, партияның, әсіресе кәрі райкомның жүргізіп жатқан саясатының қателігін әшкерелеген «Қызыл ат» дастанын жариялады. Бұлар күрескер ақынның поэзия саласындағы зор еңбегіне айғақ болса, 1922 ж. жазылған «Айша» әнгімесін 1935 ж. хикаятқа айналдыруы, қазақ интеллигенциясының қоғамдағы келеңсіз жайттарға рухани қарсылығын суреттеген «Біздің тұрмыс» романы (1932-34 ж.) және республиканың даму белестерін баяндаған «Жемістер» атты публицистикалық хикаяты, сол кездегі идеологиялық идаспакпен өнделіп, толықтырылған «Тар жол, тайғак кешудің» екінші — 1936 жылғы басылымы көркем карасөз саласындағы ірі табыстары еді. Жаңа өмірді өрге сүйреген жалынды ақынның шығармашылық еңбегінің жиырма жылдығы 1936 ж. аталып, зор құрмет көрсетілді. Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған да Сәкен болды. Бейімбет сияқты ұлы дарынды кеңестік әдебиеттің даңғылына түсіруде Сәкен әрекетінің орны бөлек. Қостанайда «Ауыл» газетінде жүрген Бейімбетті «Еңбекші қазақ» газетіне жауапты хатшылыққа алдырды. Шолпан Иманбаеваны әдебиетіміздің қызыл гүліне айналдырған, төңкеріс күндеріндегі қанды көйлек жолдасы Сабыр Шариповтың «Қызыл Қазақстан» журналынын әр санында шашырап жатқан «Алтыбасарын» қолымен көшіріп, кітап етіп шығарған да Сәкен. Өнерпаз дарындарды осылай тірнектеп жинаудың арқасында ғана 1925 ж. қазақ жазушыларының тұңғыш шығармашылық ұйымы ҚазАПП-ты — қазақ пролетар жазушылары ассоциациясын құрды. Сәкеннің қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы екені дау туғызбайтын ақиқат. С. Сейфуллин — ірі мемлекет қайраткері. Қазақстан елдік пен азаттыққа үміттенген шағында республика басшыларының бірі болганын, ең бір шешуші сәтте жан-тәнімен жұмыс істеп, басқалармен халқының терезесін тең ету жолында аласүрғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. С. Сейфуллин әрбір іс-әрекетінде осы арманын жүзеге асыруға талаптанды. С. Сейфуллин — үлкен коғам қайраткері. Бұл — жарлықсыз, мандатсыз берілетін атақ. Халық осыған лайық ұлын аспанға көтереді, қадірлейді. Осының бәрі бір Сәкеннің бойынан табылуы тарихтағы ете бір бақытты сәт. Осыншама үлкен қадір-қасиет пен атақ, даңқты өмір өткелдерінде аударып-төңкеріп алмай өтуіне С. Сейфуллиннің кісілік сипаттары, әсіресе өтірік айта білмеуі, кіршіксіз адалдығы, қандай күйге түссе де өкінбейтін табандылығы, бір сөзбен айтқанда, кімді болса да сүйсіндіретін арлы азаматтығы себепші рунд кені төңірегіңце апдалузит кездеседі. Алупиттің микротүйіршігі кварциттерге ойдым-ойдым болып шоқтана сызат күйінде кірігетіні анықталды. Корунд қорының басым бөлігі қазып алынған. Өндіруге әзір андалузит және алунит рудалары өнеркәсіп игеруге ұсынылды.

 

СЕҢКІБАЙ ОРАЗҒҰЛҰЛЫ

СЕҢКІБАЙ ОРАЗҒҰЛҰЛЫ (1707-1786 ж.), Қаракесектің Қарашор руының Қожас батырының шөбересі. Сеңкібай 18 ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап Қанжығалы қарт Бөгенбайдың қасына ілесіп, Алакөл, Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатыскан белгілі батырлардың бірі. Сеңкібайдың жоңғар батыры Ноян Қоренге қарсы жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткені аңыз, деректерден мәлім. Аңыз бойынша ақиық кыран көріпкелі бар батыр ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен, Абылай ханның сенімді қолбасыларының бірі болған адам. Айсыз түнде, нөсерлі жаңбырда, калың қамыс арасынан адаспай жол тауып, Абылай хан ордасын қоршаған жаудың торынан талай рет аман-есен алып шыққан. Жұртшылык Сеңкібайды киелі батыр деп әулие тұтады. Талды өнірінің бойында дүние салған. 1986 ж. Талды аулының тұрғындары батырдың басына күмбез орнатқан.

 

 

СТАХАНОВ АЛЕКСЕЙ ГРИГОРЬЕВИЧ

СТАХАНОВ АЛЕКСЕЙ ГРИГОРЬЕВИЧ (1906-1977 ж.), жұмысшы, өндіріс жаңашылдарының бұқаралық козғалысының бастамашысы, Социалистік Еңбек Ері (1970 ж.). Забойшылар курсын (1935 ж.), Өнеркәсіптік академияны (Мәскеу к., 1941) бітірген. 1927-1933 ж. тежеуші, ат айдаушы, «Центральная-Ирмино» шахтасында забойшы, 1933 жылдан қайламен жұмыс істейтін забойшы. Халықаралық жасөспірімдер күні құрметіне 1935 ж. 30 тамыздан 31 тамызға қараған күні Стаханов ауысымда 102 т көмір қазып, өндірістік рекорд жасады, мұның өзі 14,5 мөлшерге тең болатын. 1935 ж. 9 қыркүйекте Стаханов жаңа рекорд жасады —175 т, 19 қыркүйекте ауысымда 227 т. көмір өндірді. Стахановтың еңбектегі ерлігі бүкіл еліміздің шахталарыңда қызу қолдау тауып, стахановшылар қозғалысына ұласты. 1936-1941 ж. «Кадиевкөмір» тресінің нұсқаушысы. 1941-42 ж. Қарағанды көмір бассейнінін №31 шахтасының директоры. 1942 жылдан Көмір өнеркәсібі халық комиссариатының аппаратында (1946 жылдан КСРО Көмір өнеркәсібі министрілігі). 1957-59 ж. «Чистяковантрацит» тресі бастығының орынбасары (Торез қ.) - 1959 жылдан 2-43 шахта басқармасының бас инженерінің көмекшісі. 1-сайлауының. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2 мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. «Шахтер даңқы» құрмет белгісінің толық иегері. Стахановты есте сақтау құрметіне Ворошиловград облысында бір қала Стаханов деп аталды (1978 жылға дейін — Кадиевка), Стахановның енбек ерлігі және стахановшылар козғалысына 50 жыл толу құрметіне ескерткіш орнатылды (Стаханов қ., 1985 ж.). Стахановтың есімімен елді мекендер, өнеркәсіп орындары, көшелер, теплоходтар, мектептер аталады. Стаханов құрметіне Қарағанды қаласында бір шахта (бұрынғы «Вертикальная») оның есімімен аталды.

Шығарма: Рассказ о моей жизни.— М., 1938; Шахтеры.- М.. 1938 (В. Хмарамек бірге); Возродим родной Донбасс. — М., 1944.

 

 

СҮЛЕЙМЕНОВ МҰТАШ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ

СҮЛЕЙМЕНОВ МҰТАШ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ (1921-2006 ж.), сержант, Даңқ орденінің толық иегері (1945 ж.). Ұлы Отан соғысына дейін ұжымшарда (В.П. Чкалов атындағы) есепші. 1942 ж. 114-атқыштар бригадасының құрамында ұрыстарға қатысты. 139-атқыштар дивизиясының 364-қызыл тулы атқыштар полкінің расчет командирі болды. Белоруссияны, Польшаны азат етуде, Германия территорияларыңда жауынгерлік ерліктер көрсетгі. Үш рет жараланған. 1945 ж., 1985 ж. және 2005 ж. Жеңіс парадтарына (Мәскеу қ.) қатысушы. Соғыстан кейін Нұра аудандағы Казгородок орта мектепте бастауыш әскери даярлық пәнінің оқытушысы. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.