ПОКАТИЛОВ НИКОЛАЙ ИЗОТОВИЧ
ПОКАТИЛОВ НИКОЛАЙ ИЗОТОВИЧ (1920-1996 ж), старшина, Даңқ орденінің толық иегері, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Еңбек жолын Путь Ленина ұжымшарында (Целиноград облысы) бухгалтерліктен бастады. Покатилов Брянск және Орел түбінде, Белоруссияны азат етуде, Кенигсберг пен Данцигті шабуылмен алуда ерлік және батылдығымен көзге түсті. 1972 жылдан Қарағандыда тұрады. КСРО Қатынас жолдары министрілігінің Қарағандыдағы техникалық мектебінде аға бухгалтер болып істеді. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
ПОПОВ ЮРИЙ ГРИГОРЬЕВИЧ
ПОПОВ ЮРИЙ ГРИГОРЬЕВИЧ (1937 ж. т.), өлкетанушы, техника ғылыми кандидаты. Қарағанды политехника институтын, Скочинский атындағы тау-кен институтының аспирантурасын бітірген. Қарағандыда ҚҒЗКИ ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық инстититутында қызмет етті, ғалым-хатшы болды. 1962 жылдан өлкетанумен айналысып келеді. Велотуризммен шұғылдана жүріп, Арқа өнірінің өткені мен бүгінгісін байланыстыра отырып көптеген мақалалар мен кітаптар жариялады. Қарағанды өңіріне қатысты шығармалары: «Каркаралинские узоры» (1976 ж.), «Каркаралинские находки» (1978 ж.), «Свидание с Сары-Аркой» (1980 ж.), «Каркаралы», (1981 ж.), «Қарқаралы тарихи-географиялық очерк» (1984 ж.), «Их помнит Сары-Арка» (1989 ж.), «Дорога на Коунрад» (Н. Русаковамен бірге, 2000 ж.).
ПОТАНИН ГРИГОРИЙ НИКОЛАЕВИЧ
ПОТАНИН ГРИГОРИЙ НИКОЛАЕВИЧ (1835-1920 ж.), Орталық Азия мен Сібірді зерттеуші, Ш. Ш. Уәлихановтың досы. Омбы кадет корпусын бітірген (1852 ж.). 1853-58 ж. Семей және Омбыда әскери қызметте болды. Студенттік толкуға қатысқаны үшін Сібірге жер аударылды, 1865-1874 ж. түрмеге жабылып, каторгаға айдалды. 1863-1899 ж. Зайсан көліне, Тарбағатай жотасына, Монғолия, Тува, Қытай, Тибет және Үлкен Хинганға бірқатар экспедиция жасады. Потанин мен зайыбы А. В. Патонина аса бағалы этнографиялық материалдар жинады.
ПРИШВИН МИХАИЛ МИХАЙЛОВИЧ
ПРИШВИН МИХАИЛ МИХАЙЛОВИЧ (1873-1954 ж.), жазушы. Алғашкы әңгімесі 1906 ж. басылды. Философиялық-лирикалык прозасы негізінен табиғат, тарих, халық тұрмысы және фольклорлық тақырыптармен тығыз байланысты келеді. 1909 ж. Пришвин «Русские ведомости» газетінің тілшісі ретінде қоныс аударушылардың тұрмысын зерттеу мақсатында Қарқаралы қаласында болып қайткан. Қарқаралы, Кент, Қызылтау тауларын аралап жүріп, этнографиялық және фольклорлық деректер жинады; оларды кейін «Черный араб» (1910 ж.) очеркінде малшы-қазақ бейнесін аша түсуде пайдаланды.