Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ОЛЖАБАЙ ТОЛЫБАЙҰЛЫ

ОЛЖАБАЙ ТОЛЫБАЙҰЛЫ (1709-1783 ж.), жоңғар шапкыншылығына қарсы азаттық күреске қатысқан батыр. 1731 ж. Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қазақтарының Ресей қоластына өтуіне байланысты тарихи құжатқа қол қойғаңдардың бірі. Түркістан маңында туған. Әкесі Толыбай би 1723 ж. «Ақтабан шұбырынды...» кезінде Түркістан қаласын қорғау ұрыстарында қаза тапқан. Олжабай батыр 1741 ж. шамасында Баянауыл маңында (Қалмаққырған) жоңғар әскерлерімен болған ұрыста ерлікпен шайқасты. 1758 ж. Маньчжур-Қытай әскерінен ығысып, Абылай ордасын паналаған жоңғар тағының мұрагері Амурсананы қуып келген қолды, Талқы қамалына (қазіргі Талдықорған облысында) бекінген жауды талқандауға қатысты. Түркістанды азат еткені үшін Әбілмәмбет хан оған алтын балдақ, қайқы қылыш сыйға тартты (Омбы мұражайына тапсырылған). Сыр бойы мен Жетісу жерін сыртқы жаудан азат етуде көрсеткен ерліктері үшін ел аузында Ер Олжабай атанды. Ол Абылай ханнын елшісі ретінде бірнеше рет Ресейге барған. 1762 ж. Батыс Сібірдің орманды даласын қыстауды, Құлынды даласында мал төлдетуді сұрап, Екатерина ІІ-ге хат жазған. Ерейменде Олжабай батыр асуы, Олжабай батыр сөресі деген жерлер бар. Ресейден қоныс аударған шаруалардың Благодатное село (қазіргі Қарағанды облысында) жергілікті халық аузында Олжабай батыр ауылы аталып кеткен. Олжабай батырдың ерлігін Жаяу Мұса, Көтеш, Сақау акыңдар жырлаған. Орталық Қазакстанды зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерінде де  Олжабай батырға байланысты тарихи оқиғалар жиі кездеседі (Щербина Ф. А., Материалы киргизского землепользования..., Воронеж, 1903).