ИГЕНСАРТОВ ҒАБДИМАН
ИГЕНСАРТОВ ҒАБДИМАН (1902-1976 ж.), ақын, ҚазКСР-інің халық ақыны (1962 ж.). 1923-1960 ж. кеңес, шаруашылық, журналистік қызметтерде болды. 20-жылдары алғашкы өлендері жарық көрді. Тұңғыш сатиралык өлеңі «Ақ қошқар жоқтауы» (1930 ж.) Семейдің облысында «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газетінде жарияланды. «Ақ бидай» (1934 ж.), «Лавадағы өмір» (1949 ж.), «Шахтер сөзі» (1949 ж.), «Арман» (1964 ж.), «Тың дала» (1968 ж.) тағы басқа поэмалардың авторы. Шахтерлердін ерлік еңбегін жырлады. Қарқаралы қаласында оның құрметіне көше аталған. Шығарма: Поэмалар. — А., 1964.
1923 жылдан бастап ауыл істеріне істеріне белсене араласқан. 1927-28 ж. Темірші болысы жалшылар комитетінің,1928-30 ж. Қарқаралы округтік атқару комитетінің төрағасы. 1930-56 жылдары Қарағанды облысының кеңесс органдарында, шаруашылық мекемелерінде қызмет атқарады. Отан соғысы жылдары көмір кеніштерінде жүмыс істеді. Қарағанды облысының "Советтік Қарағанды" (қазіргі "Орталық Қазақстан"), Қарқаралы ауданының "Коммунизм таңы" газеттерінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі болды. Игенсартов өлеңді 20-жылдардан бастап жазды. Келеңсіз құбылыстар мен жағымсыз әдеттерді шенеген сатиралық өлеңі "Ақ қошқардың жоқтауы" (1930) кеңес заманындағы азат еңбекті жырлаған тұңғыш поэмасы "Ақ бидай" (1934) Семей облысының "Екпінді" (қазіргі "Семей таңы") газетінде жарияланды. Замандастарының жарқын бейнесін, халықтар достығын, туған өлке кеншілерін жырға қосқан. "Лавадағы өмір" (1949 таңдамалы, 1985), "Шахтер сөзі" (1953), "Шынар" (1961), "Арман" (1964), "Тың дала" (1968) "Айдар Әбек" (1970) өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. 1929 ж. ҚазКСР ОАК-дің мүшелігіне сайланды, РСФСР Кеңесінің 14-, Бүкілодақтық Кеңестердің 5-съезінің делегаты болды. Қарқаралы қаласының орталық көшелерінің бірі Игенсартов есімімен аталады.
ИМАНЖҮСІП ҚҰТПАНҰЛЫ
ИМАНЖҮСІП ҚҰТПАНҰЛЫ (1863-1929 ж.), белгілі әнші-композитор, төкпе ақын. Жаңаарқаның түлегі. Иманжүсіп жас кезінен-ак жырға, шешендік сөзге кұмар болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, балуан атанды. Ол суырыпсалма ақын болған, өмірден көрген, білгендерін әнге қосып айтқан. Біржан сал, Акан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған, Жарылғапберді, Естай тағы басқа әншілермен дос, сырлас болған. Ал Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлен де арнаған. Ертіс бойының ұлықтары қуғындай берген соң ол Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлығына, әділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлендерін айтады. Жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905-1912 ж. Өскеменге, 1914 ж. Жетісу жеріне айдалады; Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсіде тұрады. Октябрь революциясы қарсаңында Иманжүсіп айдаудан құтылып, өмірінің қалған уақытын Сарыаркада өткізеді. Иманжүсіп — Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, тендікті жырлаған күрескер әнші. «Сармойын», «Бұғылы мен Тағылы», «Ішім өлген дүние-ай, құр сыртым сау», «Әкем Құтпан болғанда, ағам Шоңай», «Қысырақтың үйірі жирен ала», «Мен қалайша жалғанда тұрақтайын» т. б. әндері асқақ үнді әншінің азаматтығын танытады. Оның әндерін А. В. Затаевичке Қ. Байжанов, Қ. Байсейітов, И. Байзаковтар нотаға түсірткен. «Сармойын» әні Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында (Бекежанның ариясы) пайдаланылды. Қазір Иманжүсіп әндерін Қ. Байбосынов, Б. Тілеуханов т. б. әншілер орындайды.