Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЗАТАЕВИЧ АЛЕКСАНДР ВИКТОРОВИЧ

ЗАТАЕВИЧ АЛЕКСАНДР ВИКТОРОВИЧ (1869-1936 ж.), музыка зерттеуші, фольклорист, композитор. ҚазКСР халық артисі (1923 ж.). Бастауыш музыка білімді Орел қаласындағы әскери гимназияда алды (1886 ж.). 1904-1915 ж. Варшава консерваториясының жанынан шығатын «Варшавский дневник» газетінің музыка рецензенті қызметін атқарды. 1920 жылдан Орынборда тұрды. Қазақ халқының 2300-ден астам халық әнін, күйлерін нотаға түсірді. 1926 ж. Сарыаркаға сапар шекті (Қарқаралыда тұрды). Осы кезден бастап Ә. Кашаубаевтың, Қ. Байжановтың, Ғ. Айтбаевтың, Қ. Лекеровтың орындауларында көптеген әндерді жазып алды. «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 ж., 2-бас, 1963 ж.) және «Қазақтың 500 ән мен күйлері» (1931 ж.) атты жинақтарын жарыққа шығарды. Осы жинақтар арқылы қазақ музыкасы қалың жұртшылыққа кең танылды. Затаевичтің бастамасы бойынша Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Кіші залында концерттер беру үшін Мәскеуге 1927 ж. Ә. Қашаубаев, Қ. Байжанов, Қ. Қуанышбаев шақырылды.

Шығарма: 1000 песен казахского народа. — М., 1925;

500 казахских песен и кюев. — А. — А., 1931.