ЖАЛАҢТОС БАТЫР
ЖАЛАҢТОС БАТЫР (1696-1769 ж.), қазақтың тарихында үш Жалаңтөс батыр болғаны мәлім. Бірі — қалмақ пен қазақтың теке тіресі Орбұлак шайқасына жиырма мың қолмен келген Самаркан билеушісі. Екіншісі — атақты тарихшы-галым Әлкей Марғұлан айтып кеткен Жалаңтөс. Ал үшіншісі - казіргі Актоғай ауданы жерінде туып, сол өнірде өмір сүрген Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан Жалаңтөс. Жалаңтөс батыр — Балқаш көлінен бастап, Коңырат, Әулие ата, Тоқырауын мен Нұра бойын, Ұлытау мен Қарқаралы аралығындағы сайын даланы қалмақтардан азат етуге қатысады. Жалаңтөстің ерлігі мен шешендігін Қаз Дауысты Қазыбек ерекше бағалаған. Жалаңтөстін артына қалдырып кеткен ақыл-өсиет ізгі тілегі, батасы мол Айтулы ерге оқ тисе, қиналғанын білдірмес» (т. б.). 1996 ж. Актоғай ауданының жұртшылығы Жалаңтөстін 300 жылдығын атап өтті. Оның мазары Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысындағы «Сарыарқа» әуежайына баратын үлкен даңғылдың оң жағында, Соқыр өзенінің жағасында орналасқан.
ЖАНГЕЛДИН ӘЛІБИ ТОҒЖАНҰЛЫ
ЖАНГЕЛДИН ӘЛІБИ ТОҒЖАНҰЛЫ (1884-1953 ж.), мемлекет қайраткері. Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1903 ж. Орынбордағы діни училищені бітіріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясында екі жыл окыған соң, 1905 жылғы революцияға қатысты деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Мәскеудегі діни академияға оқуға түсіп, 1906 ж. «сенімсіз студент» деп танылып, академиядан қуылган. 1909-1912 ж. шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен Ж. Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 ж. Жапония арқылы туған жерге оралады. Ел аралап, киноаппаратпен шет ел халықтарының өмірі мен тұрмысына байланысты фильмдер көрсетіп, жергілікті халықтың саяси сауатын көтеруге ыкпал етті. 1915 ж. Ресей большевиктер партиясының қатарына өтіп, Қырымда астыртын революциялық қызмет атқарды. Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты. 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін 7 наурызда Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесіне «Торғай облысында ескі үкіметтің жазалау отрядтары осы уақытка дейін өзінің зорлык-зомбылығын және қырып-жою сияқты сұрқия әрекеттерін әлі де жүргізіп отырғанын» баяндап, бұл жүгенсіздікті тыюды талап етті. РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен Торғай облысының төтенше соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 ж. 21 наурыз — 3 сәуірде Орынборда өткен Торғай облыстық кеңестерінің 1-съезінде облыс атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Жангелдиннің ұсынысымен Торғай облысы атқару комитеті ұлт істері жөніндегі комиссариат кұрылды және Ұлттар халық комиссариаты жанынан тұңғыш ұлттык бөлім ұйымдастырылды. РКФСР Халық комиссарлар кеңесі Қазақстанда ақ гвардияшыларға түпкілікті соққы беріп, Кеңес өкіметін қалпына келтіру мақсатымен қару-жарақ, азық-түлік, әскери көмек беру туралы шешім кабылдады. Осыған байланысты Жангелдин Далалық өлкенің төтенше комиссары болып тағайындалды да, өлкеде алғашқы Ұлттық әскери отрядтар құрып, ақ гвардияшыларға қарсы күресті. Ресейдің орталық аудандарында арнаулы қарулы отрядтар жасақтап, бірнеше қалада Кеңес өкіметін қалпына келтірді. 1918 ж. тамыз-қазан айларында Актөбе майданының әскерлеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізген арнаулы отрядты басқарды. 1920 ж. қазанда өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезінде алғаш құрылған үкімет мүшесі болып сайланды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті президиумы төрағасының орынбасары және Қазақстан Қамсыздандыру халық комиссары болды. Съезден кейін Қазақ Орталық атқару комитеті Жангелдинді Шығыс халықтарының насихат және іс-кимыл кеңесіндегі қазақ халқының өкілі етіп тағайындады. 1922 ж. 20 мамырда Орынбордан шығып, 9 тамызға дейін Жаманқала, Торғай, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей бағытында үш мың шақырымдай жол жүріп өткен Жангелдин басқарған қызыл керуен Азамат соғысынан зардап шеккен халық ш-н калпына келтіру, ауылдарда мәдени ошақтар ашу, мектеп, аурухана жұмыстарын жандандыру ісінде бірқатар шаралар атқарды. Жангелдин 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында халықты күреске жұмылдыру, соғыс жүріп жаткан аймақтардан көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырып, іске қосу, соғыс аяқталған соң зардап шеккен аймактарға материалдық көмек көрсету, мал-мүлік жеткізу жұмыстарына белсене араласты. Жангелдин 1920 жылдан РКП (б) Қырғыз (қазақ) облысы комитетінің және Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1938 жылдан ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қостанай облысының бір ауданы, Қарағанды облысында көшелерге, елді мекен мен мектептерге Жангелдин есімі берілді. Ол туралы бірнеше көркем шығарма жарық көріп, кинофильм түсірілген. Алматы, Ақтөбе, Торғай қалаларында ескерткіштер орнатылған.
ЖАНКІСІ ЖЫРАУ
ЖАНКІСІ ЖЫРАУ (1772-1849 ж.). Бағаналы найман ішінде Қарабала—Шағыр руынан шыққан Барлыбай бидің інісі. «Сегіз сері мен Макпал сұлу» дастанынын авторы. Жанкісі жырау нұскасы аяқталмаған және тарауларға бөлінбеген. Дастанның баска нұскалары осы Жанкісі жырау нұскасынан тарағанға ұксайды.
ЖАНТАЙ БАТЫР
ЖАНТАЙ БАТЫР Акпанұлы (шамамен 1740 -ө.ж.б.), Қаракесек Кәрсеннің Баймұратынан шыққан атақты батыр. Жантай батыр Найманның белгілі батыры Көкжал Барақтын туған жиені, қол бастаған батыр. Жоңғар қалмаққа қарсы соғыста ерлік көрсетіп, елінің тәуелсіздігін, жерінің азаттығын әперуге үлкен еңбек сіңірген. Босаға т. ж. стансасынын солтүстік-шығысында 3-4 шақырым жерде Арап деген тау бар. Арап - жоңғардың атақты батыры болған. Бейбіт елді шауып алған осы Арап қолына қарсы жасақ бастап шыққан Жантай батыр жекпе-жекте қалмақ батырын найзамен түйреп өлтірген. Содан бері сол тау Арап атанып кеткен. Жантай батырдың қоныс мекені — Шет аудандағы Қарашілік, Ешкіөлмес, Бестамак деген жерлер. Жантай батыр туралы аңыз Ш. Уәлихановта кездеседі.
Жапақов Маясар
Жапақов Маясар
(1889-1965)
Жапақов Маясар (1889-1965), төкпе ақын. Шет ауданы түлегі. Жастайынан өлең шығарып, домбырамен ән салған. Ыбырай, Мәди, Мұхит тәрізді әнші-ақындарды ұстаз тұтқан. Жапақов Кеңес өкіметі кезіңде Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегін жырлаган акын ретінде танылды. Ұлы Отан соғысы кезінде «Атыңнан атам қазақ айналайын» деген патриоттық толгауы қазақ жауынгерлері арасына кең тарады. 1943 жылы Болман, Нұрлыбек ақындармен, 1961 жылы республикалық акындар айтысында Көшен, Қайып т.б. ақындармен, өнер сайысқан. «Октябрьге», «8 мартқа», «Мәскеуге», «Г.Титовқа», «Сайлау күніне» деген өлеңдер, Ұлы Отан соғысына арналған жырлары бар. Жапақовтан кезінде Шортанбайдың «Қаракесек» , «Ағыбай батыр» дастандары мен өлеңдері, сондай-ақ «Шөже мен Кемпірбайдың айтысы», «Шал мен қасқырдың айтысы» атты ауыз әдебиетінің үлгілері жазылып алынды.