ЕВДОКИМОВ ВАЛЕРИЙ ВАЛЕНТИНОВИЧ
ЕВДОКИМОВ ВАЛЕРИЙ ВАЛЕНТИНОВИЧ (1942 ж. т.), археология және демографиялык археология саласындағы маман, тарих ғылыми докторы (2002 ж.), профессор. (2002 ж.). А.М. Горький атындығы Орал мемлелеккетік университетін бітірген(1966 ж.). 1966-68 ж. мектеп мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1968-69 ж. Қостанай облыстық мұражайының аға ғылыми қызметкері, 1969-1976 ж. Қостанай педагогика институтының оқытушысы, 1976-2005 ж. Е.А. Бөкетов атындағы КарМУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, доценті, профессоры, оқу ісі жөніндегі проректоры, профессоры. 80-нен астам ғылыми еңбектін, монографияның авторы.
Шығарма: Новые раскопки Алексеевского поселения на р. Тобол (1975); Казахстан в древности (1991) (в соавт.); Историческая среда эпохи бронзы степей Центрального и Северного Казахстана (2000).
ЕДИГЕ
ЕДИГЕ (Едиге, Идигу, Идике; 1352-1419), Ақ Орданың әмірі, Қаратау өңіріндегі Құмкент қаласын билеген маңғыт әулетінен шыққан КұтлуҚабаның (Кутлу-Каба) баласы. Едіге тарих сахнасында Токтамыспен қатар шықты. Бұл дәуір феодалдық өзара қырқыстың өршіп, Ақ Орданың Жошы ұлысынан (Алтын Орда) іс жүзінде бөлініп, өз алдына жеке мемлекет болған кез еді. 1376 ж. Едіге осындай қырқыс салдарынан Орыс ханнан қашып, Самарқандағы Темірге барды. Осында өз қарсыластарынан жасырынып жүрген Тоқтамыспен байланыс жасап, оның өкімет билігін қайта алуына жәрдемдесті. Ақ Ордада, одан кейін бүкіл Алтын Ордада өкімет билігі Тоқтамыс қолына өткен кезде Едігеоғанопасыздық жасап, немере туысы Темір-Құтлық (Тимур-Кутлук) екеуі Темірге жақтасты. 1392 ж. Тоқтамыс жеңілгеннен кейін Темірді де тастап шыққан Едіге Еділ мен Жайық арасыңдағы жерлерді жеке билей бастады. Ол кейінірек Алтын Орданы да өзіне қаратты. Алтын Орданың ханы деген атаққа Темір-Құтлық құр әншейін ие болғанымен, оның шын мәніндегі билеушісі Едіге болды (1396-1411 ж.). Ал оның ұлдары Алтын Орда құрамына кірген жеке аймақтарды биледі. Едіге — Ноғай ордасының да негізін қалаушы.
Оның баласы Нұраддиннің тұсында (1426-1440 ж.) Ноғай ордасы түпкілікті қалыптасты. Едіге Темір-Құтлықпен бірге Тоқтамыска қарсы күресті. 1397 ж. ол Алтын Орда әскерінің қолбасшысы болды. 1399 ж. Едіге Ворскле өзенінің бойында Литва князы Витовттың және Литваға қашып кеткен Токтамыстың әскерін талқандады. Темір-Құтлық өлген соң (1399 ж.) Едіге Алтын Орда тағына Шадыбекті отырғызды. Мұның тұсында бұрынғы Жошы ұлысының жері ақырғы рет түгел біріктірілді. 1409 ж. Едіге Батыс Сібірді паналап жүрген Тоқтамысты өлтірді. Дәл осы жылы Хорезмді басып алды. 1408-09 ж. Руське шабуыл жасады. Ондағы мақсаты — орыс мемлекетін Алтын Ордаға қайтадан салық төлеуге мәжбүр ету еді. Бірнеше қалаларын (Серпухов, Дмитров, Ростов, Переяславль, Нижний Новгород т. б.) қиратты. Мәскеуді де қоршады, бірақ оны ала алмады. 1410-12 жылдардағы Алтын Ордада болған аласапыран кезінде Едіге өкімет билігінен айрылды. Өкімет басына қайтадан Тоқтамыстың балалары келді. Едіге жан сауғалап Хорезмге қашып барды. 1419 ж. Сарайшық қаласының түбінде Едіге Тоқтамыстың баласы Қадырбердінің қолынан қаза тапты. Ұлытаудағы Едіге тауының басына жерленген.
Елеуов Көшен
Елеуов Көшен (27. 4. 1892 ж. т., Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Бесоба ауылы, - 3. 9. 1971.) - ақын. Әкесі Елеу сауық қой, саятшы, домбырашы адам болған. Баласының ақындық өнерін ұштауына айрықша ықпал еткен. Мұсылманша сауатын ашады. Он сегіз жлсынан бастап өлең шығарумен айналысады 1916 жылы қара жұмысқа алынып, Ресейдің батыс шекарасында болады. Қызыл Ту ауылдық кеңесінде төраға орынбасары, кей»ннен төраға болып қызмет атқарады. 1933 жылы Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындарына ашқан қысқа мерзімді курсында оқиды. 1943-1962 жылдары аудандық,облыстық,республикалық айтыстарға қатысып, Шашубай, Ілияс, Қайып, Маясар, Кәртай ақындармен айтысып жүлделі орындарға ие болды. Елеуов Көшен жазып та, ауызша да шығарған. Оның шығармаларында сол замандағы өзекті тақырыптардың барлығы да қамтылған. Әсіресе,өндіріс тақырыбына арналған туындыларыерекшеленеді. Ол «Туысқанға» (1927) туындысында бірлікті, ұйымшылдықты дәріптейді, ал «Торғайға тарту» (1941), «Жас батыр» (1944), «Қандай қызық тамаша» (1949) өлеңдерінде қазақ жұмысшыларының бейнесін ұтымды жасаған. Елеуов өзінің көлемді де көрнекті «Баян», «Боз інген», «Сарыарқалық жігіт», «Қарағанды», «Жылқышы» дастандарымен де танылған. Бұл шығармаларда соғыстағы батырлардың, шаруашылықтағы еңбек адамдарының, өндірістегі озаттардың кескін-келбетін кестелейді. Елеуовтің ақындық қабілеті Шашубаймен айтысында (1943) ерекше танылды. 1993-61 жылы аудандық, облыстық, республикалық халық таланттарының жиындарына қатысып, онда Қ. Айнабеков, Ш. Қошқарбаев, Ж. Нұрмағамбетов, I. Манкин, М. Жапақов, Б. Қожабаев, Қ. Жұбандықов т. б. ақындармен айтысты. "Ақындар жыры" (1963), "Пернедегі термелер" (1965), "Айтыс" (3-т, 1966), "Қаһарлы сөз қамал бұзады" (1969) жинақтарына енген.
ЕРДЕН САНДЫБАЙҰЛЫ
ЕРДЕН САНДЫБАЙҰЛЫ (1808-1862 ж.), ел қорғаған батыр, аға сұлтан, дуанбасы болған адам. Ұлытаудың түлегі. Бағаналының төрт босағасының бірі атанған Сандыбай бидің баласы. Ерден батырлығы, көрегендігі, шешендігі, саяси танымы жоғарылығы, өзімен үзеңгілес ірі тұлғаларға сыйлылығы арқасында ел аузында қалған. Көп жыл болыс, тоғыз жыл аға сұлтан, дуанбасы болып ел билеген. Өз заманында Ерденді Арғын Қарауыл Орынбай ақын, төкпе ақын Бәлтекейұлы Мұкан жырға қоскан. Ерденнің Орынбор, Омбы губернаторларына сөзі өткен. Ол орыс билеушілерімен де, ұлт-азаттық қозғалысын баскарған Кенесары ханмен де тіл табысып, жақсы дипломатиялық қарым-қатынаста болған. 1829 ж. Қоқан хандығы (хандар: Шерәлі, Худояр) қазақ жерінің оңтүстігіне, Сыр бойына басып кіріп, Түркістанды басып алады. Әскерлер Шу бойына келіп, Қоңырат пен Қыпшақ ағайындарды шабады. Осы кезде 21 жастағы Ерден батыр қол жинап, Омбы мен Орынбордан әскер алдыртып, барлығы 3 қосын әскермен Қоқанға қарсы жорыққа аттанады. Бір қосынды өзі, екінші қосынды Аманбай батыр, үшінші қосынды Лепесбай батыр бастап барып, Шу бойынан, Түркістан маңайынан қоқандықтарды қуып шығады. Ол Шоқан Уәлихановпен бірге сайлауға түсіп, кейін Шоқан өзі оған жол берген. Петербургке барып патша сарайында болған. Ерденнің зираты Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағасында Жошы хан кесенесінің маңында тұр.
ЕРЖАНОВ МАНАРБЕК
ЕРЖАНОВ МАНАРБЕК (1901-1966 ж.), әнші (тенор), актер, композитор, қазақ ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ақын Шашубай Қошқарбаевтың әншілік мектебінің дәстүрлерін жалғастырушы, ҚазКСР халық артисі (1938 ж.). 1929-1931 жылдары Қазақ драма театрында (казіргі М.О. Әуезов атынд. Қазақ мемлекеттік драма театры) жұмыс істеді. 1931-32 жылдары Риддерде (Лениногорскіде) жұмысшы жастар театрын ұйымдастырды. 1933-1953 жылдары Абай атындығы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының солисі. Жарастың («Айман-Шолпанында»), Шегенің («Қыз Жібекте»), Саханның («Ер Тарғында»), Әзімнің («Абайда») сахналық образдарын жасады. 1953-1966 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі. Ержановтың репертуарында Ақан серінің, Біржан салдың, Жарылғапбердінің, Естайдың т. б. ақындардың әндері бар. 50-ден астам музыка шығарманың («Ленин туралы», «Аманкелді туралы», «Жасасын», «Паровоз», «Қуанамын», «Аққу», «Жетісу» «Шалқар» т. б.) авторы. Ержановтың кұрметіне Қарағандыда көше аталған.