Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00





Яндекс.Метрика

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

АБАЙ (Ибраһим) ҚҰНАНБАЕВ (1845-1904 жж.), ақын, қазақтың жана жазба әдебиетінің негізін қалаушы, классик. Бұрынғы Қаркаралы дуанында (округінде), Шыңғыс тауының бауырындағы Қаскабұлак күзегінде туган. Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқып, араб, парсы әдебиетімен, Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз т. б. шығармаларымен танысады. Одан кейін Семейдегі орыс мектебінде дәрістер алып, кітапханаға көп барады, орыс саяси тұткындары Е. П. Михаэлиспен, М. И. Долгополовпен т. б. кездеседі. Мұның бәрі ақынның прогресшіл көзқарасынын калыптасып, шығармашылык дүниетанымының сомдалуына әсер етеді. Абайдың әдеби мұрасы: өлеңдері, поэмалары мен тәржімалары, «Ғаклиялары», автордың ескілікке деген езіндік көзкарасы аңғарылатын «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» поэмалары ақын шығармашылығында ерекше орын алады. Ескендір туралы поэма Александр Македонскийге арналған. Абай шапқыншының озбырлығын даттай келіп, оған Аристотельдің ақыл-парасатын карсы кояды. Қазақ өленінің негізгі зандылықтарын сақтай отырып, Абай поэзияға өзгеше түр енгізді, өлең, сөз саласында қазақ тілінің бай мүмкіндіктерін кеңінен қолданудың жаңа жолдарын керсете білді. Ақын қазақ өлеңін тақырып жағынан байытып, эстетикалық мәнін кеңейтті, терең философиялық сипат берді. «Күлембайға» (1888 ж.), «Болыс болдым мінеки» (1889 ж.), «Мәз болады болысын...» (1889 ж.) атты сатиралык өлендерінде ақын феодалдык билеп-төстеушілерге ашық қарсы шықты. Сонымен бірге А. композитор өрі халық ән-күйнің білгірі болды. Орыс классикалық әдебиетінің дәстүрлері негізінде Абай ұлттың сөз өнерін байытты. А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыловтын бірқатар шығармаларын қазақшаға шебер аударды. Абай поэзиясы тілге жеңіл, кұлақка жылы естіледі, талант пен даналықтың кұймасы болып табылады. Абай мұрасы дүние жүзінің 60 тіліне аударылды. М. О. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы Лениндік сыйлыкққа ие болды (1959). «Абай» операсы (музыкасы А. Жүбанов пен Л. Хамидидікі, либреттосы М. О. Әуезовтікі), «Абай» трагедиясы (М. Әуезов пен Л. Соболев) республика театрларының репертуарынан берік орын алған. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қазақстандағы тұңғыш оқу орны — КазҰПУ (бұрынғы ҚазПИ), Іле Алатауының бір шыңы, Семей облысының бір ауданы, Карағаңды облысының бір ауданы Абай есімімен аталады. Көркем әдебиет саласында Абай атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығы белгіленген (1966 жылдан). Карағанды облысында Абай есімімен аталатьш шахтерлер қаласы ірге көтерген (мұнда ақынға орнатылған ескерткіш, әдеби-мемориалдық мұражай бар), «Абай» шахтасы, Карағанды қаласы балалар кітапханасы Абай есімімен аталады. Көзі тірісінде ақын әсіресе Айрык, Едірей, Мыржык жайлауларында (қазіргі Қаркаралы ауданның жерінде) жиі болган. Абайдың Қарқаралыда болуы кұрметіне мемориалдық тақта орнатылған.

 

АБЫЛАЙ

АБЫЛАЙ (Әбілмансұр, Сабалақ)(1711-1781 жж.), ұлы мемлекет қайраткері, дипломат, саясаткер, үш жүздің басын қосушы ұлы хан. Ханның аты атасының атымен ұқсас. Әкесі Уәли мен атасы Абылай мұсылманның қасиетті орталықтарының бірі Түркістанды билеген. Абылай тарих сахнасына 18 ғасырдың 30-жылдарында көтерілді. Оның жасынан халқының азаттығы үшін ойраттарға қарсы күреске белсене қатысуы жергілікті тұрғындар арасында беделін көтерді. Көреген саяси қайраткер ретінде қалмақтармен қатерлі соғыстардан шаршаған қазақтардың шиеленіскен ахуалын біршама бәсендету үшін дипломатиялық жолдарды пайдаланып, қазақ-ойрат тартысының қарқынын басуға тырысты. Әбілкайырдың сыртқы саясаттағы, әсіресе Ресей тұрғысындағы шараларын толық құптамаса да, онын басты бағытының саяси астарын түсіне білді. 1740 ж. тамызда Орта жүздің ханы Әбілмәмбетпен, тағы да баска 120 старшынның қатысуымен Орынборға келіп, орыс үкіметінің қамқорына кіруге келісімін білдірді. Қазақ елшің тұтастығын сақтау мақсатында Цин империясымен де қарым-қатынастарын суытпады. Қарапайым сұлтан болса да Пекинге елшілік аттандырып, қазақтардың, хал-ахуалын Ресейден тәуелсіз жағдайда шешуге ат салысты. Кытай мемлекетімен қарым-қатынастарды бір жүйеге келтіру арқылы Ресей тарапынан саяси қауіпті бәсеңдетті. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде ерекше күшеюі 1738-1741 ж. қалмақтардың жойқын шапқыншылығына қарсы күресте көзге түсті. Бір қақтығыста жекпе-жекте қалмақ қонтайшысы Қалдан-Сереннің (Цэреннің) баласы батыр Шарышты өлтірген 19 жасар Абылайдың ерлігі халық арасына тарап кетті. Қалдан-Серен (Цэрен) Абылайды өлтіру үшін қазақ даласына арнайы қарулы жасауыл аттандырды. Өзінің серіктерімен кездейсоқта қалмақтардың торына түскен Абылай ойраттардың қапасынан тек 1743 жылдың жазында құтылды. Оны бұгаудан босатуда басты орын алған Ресейдің өкілі майор К. Миллердің миссиясы нәтижелі аяқталды. Екінші жағынан, одан өрі атақты сұлтанды қапаста ұстау қазақтардың қарсылығын тудыруы мүмкін еді. Әбілмәмбет ханның Түркістан өлкесіне көшіп кетуі Абылайдың мемлекет қайраткері ретіндегі беделін арттыра тұсті. Шын мәнінде әлі ақ киізге көтерілмесе де, сұлтан мемлекетаралық қарым-катынастарда, қазақ жұртының өз ішінде хан ретінде танылды. 18 ғасырдын 40- жылдарында Абылайдың көш-конысы Есіл өзені бойында, Көкшетау өңірінде, Ертістің жоғарғы ағысында орналасты. Орта жүздің руларын бес саусағындай білген, шегедей кадағалап билеген Абылай тез арада Орталык Азиядағы ең беделді қайраткер ретінде белгілі болды. 1745 ж. Қалдан-Серен (Цэрен) дүние салғаннан кейін жонғария елі әлсіреп, ішкі әр түрлі топтардын әуресінен өзінің бұрынғы саяси куатынан айрылып қалды. Жоңғария әлсіреген сайын Абылайда Ресейден ығысып, Пекин сарайына жақындады. Кереген мемлекеттік қайраткер Ресейден төніп келе жатқан кауіпті дер кезінде түсінді. Сұлтанның ендігі саясаты жонғар-қытай тартысынан қазақ елін алыстау ұстап, елдің дербестігін толық қалпына келтіріп, Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған жерлерді кайтадан қайтару еді. Осы мақсат үшін қытай әскерімен соғыскан Абылай дипломатиялык айла-амалдарды ұтымды пайдаланып, өз максатына жетті.

1771 ж. жасы келген Әбілмәмбет дүние салды. Қалыптасқан дәстүрге сай Орта жүздін ханы болып не Әбілмәмбетгін інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілфайз сайлануға тиіс еді. Алайда басшы сұлтандардың, старшындардын, тіпті Әбілфайздың өзінін қолдауымен үш жүздің өкілдері Абылайды тендесі жоқ қайраткер ретінде хан көтерді. Тарихи кұжаттарда аныкталгандай, Абылай бір жүздің емес, үш жүздің билеушісі ретінде танылды. Абылайдың беделінің өсіп бара жатқандығынан біршама сескенген Ресей императрицасы II Екатерина «Бөліп ал да, билей бер» деген саясат ұстап, Абылайды үш жүздің дара ханы ретінде танудан бас тартып, тек Орта жүздің ханы ретінде сый көрсетті. 1778 ж. акпан-мамыр айларында өзін үш жүздің ханы ретінде танытатын грамотаны алу үшін ұлы Тоғым бастаган елшілікті Петербургке аттандырды. II Екатерина тағы да ресми түрде Абылайды қазақ жұртының бас ханы ретінде бекітпеді. Хаңдықтың белгілері — алмас қылышты, кұндыз берікті, алтын зерлі шапанды, императрица берген басқа да сыйлықтарды Абылай қабылдаудан бас тартты. Ол сыйлықтар кейіннен Петропавл бекінісінде сақталынды.

1778 ж. қыста II Екатеринаның талабымен Көкшетаудағы ханның аулына жіберілген капитан Бреховтың миссиясы сәтті аяқталды. Абылай Ресейдің сый-құрметінің астарын түсінді. Капитан Брехов Абылайды үш жүздін ханы, халық басын иген мемлекет қайраткері болғанын растады. Ырыктарына көнбей, өзінің хандық билігін күшейте бастағанынан қауіптенген Ресей мемлекеті оны биліктен тайдырудың жоспарын ойластырды. Сібір шекаралык шебінің командирі генерал-майор Огарев күш жұмсап, Көкшетау өңіріне әскер төгіп, хандыкты Абылайдан тартып алудың жоспарын ұсынды. Халықтың кең қолдауынын нәтижесінде ол залымдык пікір жүзеге аспады. Абылайдың хандық мемлекеті барлық билеудің, басқарудын жүйесі қалыптаскан біріккен феодалдық ел болды. Қырғыздарды, қоқандыктарды, еділ қалмақтарын, ойраттарды сан рет талқандауы оның ірі қолбасшылық, саясаткер қасиетін де айқындады. Ол бірнеше тілді білді, кытай тілінде жазды, еркін сөйледі. Абылай 69-дан аса бергенде,

1781 жылдың 23 мамырында дүние салды. Түркістанда жерленді. Абылай қазақ тарихындағы ең ұлы қайраткерлердің бірі. Оның ел үшін, жер үшін жан аямаған күресі, жан тазалығы, батырлығы, дипломаттық өнері, көрегендігі қазақ елін сан рет әр түрлі қасірет, опаттан сақтап қалды. Абылай атымен көшелер, даңғылдар аталған, ескерткіштер орнатылган. Абылай ұлы тұлға, Абылай халықтын аңызына айналған қасиетті перзенті.

 

 

Айнабеков Қайып

Айнабеков Қайып (18. 5. 1885 ж. т., Қарағанды обл., Нүра ауд., Көбетай ауылы, — 29. 1. 1955, Қарағанды қ.) — халық ақыны. Бала жасынан жетім қалып, нағашысының қолында тәрбиеленеді. Орталық Қазақстандағы ауылды жаңа шаруашылық саласына жүмылдыру жүмысына белсене қатысып, кеңес, шаруашылық, ағарту саласында қызмет істеген. 1921 ж. Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық ХІ съезінде делегат болды. 1923 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық этнографиялық көрмеге қатысып, қобызда ойнап, ән айтады. Сол жолы белгілі музыка жинаушы А. В. Затаевич Айнабековтен "Сұлушаш", "Қоскөтерме", "Әупілдек", "Назқоңыр", "Жеңеше" сияқты халық әндерін жазып алады. Айнабеков он бес жасынан өлең шығарады. 1929 жылы өмірінің соңына дейін Қарағанды қаласында нда түрып, кеншілер мен жүмысшылар еңбегін шығармаларына арқау етті. "Лавада", "Шахтер сөзі", "Эшелон" өлеңдері көмір өлкесінде еңбек ерлерін жырлауға арналған. Ақын еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі елеулі тарихи оқиғалардың барлығына үн қосып, өлең, дастандарын, толғауларын арнады, көптеген сықақ, тақпақ, терме, нақыл, өлеңдер, аңыздар жазды. "Москва", "Қырғыз тойына", "Үздіксіз өркендесін" өлеңдерінде халықтар достығын жырға қосады. Айнабеков кезінде 1943 ж. Қарағандыда өткен облыстық ақындар айтысын бастаушылардың бірі болды. Ілияс Манкинмен, Сәби Әзденбаевпен, Көшен Елеуовпен айтысты. Отан қорғауға шақырған патриоттық жырлар шығарып, қас батырларға арнаған "Әбдірдің Нүркені", "Ер Төлеген" толғауларын өмірге әкелді. Ақын өз жанынан эпикалық дастандар да шығарды. Бүрынғы қазақ ауылының түрмыс-тіршілігі мен әйел тендігін баяндайтын "Қолаң", 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісіне арналған "Амангелді" дастандарын жазды. Айнабековтың "Қырдың қызыл гүлдері" деген алғашқы жинағы 1928 жылы жарық көрді. Өлеңдері, дастандары мен айтыстары халық ақындарының жинақтарында, 1958 жылы Москвада орыс тілінде жарық көрген қазақ поэзиясының антологиясында жарияланды. Айнабековке жерлестері үлкен сенім көрсетіп, бірнеше рет Қарағанды облыстық, қалалық кеңестеріне депутат етіп сайлады. "1941-1941) жылы Отан соғыс кезіндегі қажырлы еңбегі үшін" медалімен, ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

АЙТБАЕВ ҒАББАС

АЙТБАЕВ ҒАББАС (1882-1929 жж.), ақын, композитор. 1922 ж. Қарқаралыда өткен халық ақындарының айтысында 1-ші орынды жеңіп алған. 1925 ж. Семейдегі ақындар айтысына қатысқан. 1927 ж. Мәскеудің 4-ші Бүкілодақтық Кеңестер съезінің делегаттары үшін берілген этнографиялық концертте өнер көрсеткен. Ғ. Айтбаев өзінің жырларында Қеңес өкіметін қызу қолдап, қазақ халқын соцмді құруға шақырды. Ақынның көптеген өлеңдерін музыка танушы А. В. Затаевич жазып алған.

 

 

АЙТУАРОВ ЕРЛАН САХИПҰЛЫ

АЙТУАРОВ ЕРЛАН САХИПҰЛЫ (1950 ж. т.), суретші, КР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет министрлігінін «Мәдениет кайраткері» кұрмет белгісінің иегері. Львов мемлекеттік институтын бітірген (1979 ж.). Қарағанды облыстық Суретшілер одағының төрағасы (1996-98 жж.) болды. «Батар күннің ізімен», «Шаман», «Аңырақай шайқасы» және т. б. туындылары халыққа кеңінен танымал.