Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ВАЛУКИНСКИЙ НИКОЛАЙ ВАСИЛЬЕВИЧ

ВАЛУКИНСКИЙ НИКОЛАЙ ВАСИЛЬЕВИЧ (1886-1950 ж.),суретші. 1915 ж. Киев өнер училищесін бітірген. Валукинский жұмыстары Т. Шевченко атындағы Киев мұражайына, Ленинградтағы әскери-теңіз мұражайына, Мәскеу революция мұражайына т. б. қойылды.

1922-25 ж. мектепте, техникумда сабақ берсе, 1924 ж. бастап өлкетану коғамының кұрамында жүріп этнография, тарихпен айналысты.

1925 ж. Воронеж қаласы губерния тарихи-мәдени мұражайдың директоры болып 16 жылдай қызмет істеді.

1941 ж. әскер қатарына алынып, бір жылдан соң Қырғызстанға жіберілді, ал соғыс аяқталған соң отбасымен Қазақстанға келді.

1945 ж. маусымнан бастап Жезказған мыс комбинатының техник-гидрологы қызметіне орналасты. Еңбек ете жүріп археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, кен өндіру тарихымен айналысты. Оның жинаған бай материалдарының негізінде

1947 ж. желтоқсанда Геология-минералогиялық мұражай құрылды. «Қазақмыс корпорациясының» мұражай кешеніне Валукинский есімі берілді.