Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Теміржанов Аллажар

 

Теміржанов Аллажар (1902, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Он бесінші а. - 1962) - ақын. Аудандық газеттің хатшысы, сол кездегі облыстық "Советтік Қарағанды" газеті редакторының орынбасары, республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Қа­рағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болды. Өмірінің соңғы жылдары Теміржанов Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесшісі болып істеді. Алғашқы туындылары 1935 ж. жеке кітап болып шықты. "Дарын" поэмасы, "Семіздікті қой көтереді", "Шөлмек мың күн сынбайды", "Кеме келсе, қайық судан таяды" атты пьесалары Қарағандының облыстық драма театры сахнасында қойылған.

 

Талжанов Сәйділ

 

Талжанов Сәйділ Омарұлы (6.12.1906, Қарағанды обл. Нұра ауд. Захаровск с Тоқтамыс а. -10.12.1972, Алматы) – жазушы, аудармашы, ғалым, филология ғылымының докторы (1972). Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1931). ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі. 1956 - 72 Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин шығармаларын орыс тіліне аударған . Орыс қаламгерлері А.С. Пушкин.

С.Талжанов, М.Горький, В.Г. Белинский, Ф.М Достоевскийдің шығармаларын қа­зақ тіліне аударған.

Сүлейменов Рымқұл

 

Сүлейменов Рымқұл (7.6.1936 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд.) - жазушы. Қарағандыдағы № 4 кәсіптік-техникалық училищесінде, Алматы жоғары партия мектебінде оқыған. ҚазҰУ-ды бітірген. 1957 ж. Шет аудандық "Ильич туы" газетінде еңбек еткен. Ақтоғай аудандық "Арқа еңбеккері" газетінің жауапты хатшысы, Ақадыр аудандық "Ақадыр таңы", "Агадырская новь" газеттерінің редакторы, бұрынғы Жезқазған облысының "Жезқазған туы" газеті редакторының орынбасары. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, Қарағанды облысының "Орталық Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас ре­акторы, тәуелсіз "Компас" газетінің бас редакторы қызметтерін аткарған. Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болып сайланған. Алпысыншы жылдардың басынан әңгімелері, очерктері "Жұлдыз", "Жалын", "Қазақстан коммунисі" журналдарында, "Социалистік Қа­зақстан" (қазіргі «Егемен Қазақстан») , «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» —газеттерінде жарияланып тұрады.

 

Стамбеков Дәуітәлі

 

Стамбеков Дәуітәлі (26.1.1947, Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. Қоңырат а. - 7.6.1999, Алматы) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1974). "Арқа еңбеккері" аудандық газетінде аға әдеби қызметкер, Республикалық жастар газеті "Лениншіл жаста" (қазіргі "Жас Алаш"), республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде, "Жазушы" баспасында, "Егеменді Қазақстан" газетінде қызмет атқарған. Алғашқы өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарық көрген. Онға тарта жыр жинағы мен аударма кітаптары жарық көрді. Солардың ішінде "Алтын бесік", "Мазасыз маусым", "Нұрлы әлем", "Бұлақтар даланы аңсайды", "Жұмағым мен тұмағым" өлеңдер мен поэмалар жинақтарының авто­ры. Ол орыс классиктері мен достас елдердің айтулы ақындарының өлең, поэмаларын аударуға ат салысқан. Б.Кенжеев, Б.Қанапияновтардың кітаптарын қазақ тіліне аударған. "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық байқаудың бірнеше дүркін жүлдегері. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (1999).

Сматаев Софы

 

Сматаев Софы Қалыбекұлы (24.6.1942 ж.т., Қарағанды обл. Ақадыр ауд. Киік ст.) - жазушы, драматург. Мәскеудің болат және қорытпалар институтын бітірген (1965). 1960 - 62 ж. Мәскеудегі "Серп и молот" зауытында слесарь, құюшы, Қазақстан ҒА-ның Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер, 1967 - 84 ж. "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, 1984 - 87 ж. Қазақстан Компартия­сы ОК-нің жауапты қызметкері болып жұмыс істеген. 1989 жылдан Қазақстан Мемлекеттік кітап палатасының директоры. "Астана оттары" атты тұнғыш өлеңдер жинағы 1968 ж. жарық көрді. Сматаевтың "Тағдырлар" (1976), "Сен кімсің" (1977), "Әз-әзәзіл" (1978), "Жұлдызым менің жоғары" (1985) пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылды. "Жұмбақ қыз", "Жаяу Мұса" операларының либереттосын жазды. В.Г. Коро­ленко, В.В. Иванов, В.А. Солоу­хин, Х.Абдуллин, Ю.Мухлисов, сондай-ак, У.Шекспир, И.Добози шығармаларын қазақ тіліне аударды. Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (1992). "Құрмет" орденінің иегері (2000). Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.