Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Еврей ұлттық-мәдени орталығы

КАСЫҢДАҒЫНЫҢ АБЫРОЙЫ СЕН ҮШІН ӨЗІҢДІКІ ТӘРІЗДІ КЫМБАТ БОЛСЫН

(халық мақал-мәтелі)

 

Еврей, бастапқы атауы және көне еврей халықтарынан тарайтын әртүрлі елдерде тұратын халықтардың жалпы этностық атауы (орыс тілінде).

Еуропа мен Америкада тұратын еврейлердің көпшілігі индоеуропалық тілдер әулетінің герман тобына жататын идиш тілінде сөйлейді. Израильде еврейлердің көп бөлігі семит әулетіне жататын иврит тілінде сөйлейді. Балкан мен Таяу шығыстағы еврейлердің бір бөлігі роман тобына жататын испаноль (ладино) тілінде сөйлейді.

Қазақстанда 15000 еврей тұрады, соның ішінде Қарағанды облысында - 1500 адам тұрады.

1990 жылы еврей мәдениетінің Қарағанды орталығы құрылған. Еврей қауымының жұмысы мынадай бағдарламалық сипатта: жалпы білім беру, қариялар мен аз қамтылған адамдарға қайырымдылық жасау, медициналық көмек, ақпараттық қолдау, ритуальдық қызмет көрсету және еврей зираттарын ретке келтіру, бас бостандығынан айыру орынында отырған еврейлерге болашақта көмектесу.

Мәдени орталықтың өз жарғысы мен жоспары бар. Орталықтың мақсаты мен міндеті: ұлттық мәдениетті дамыту, еврей халқының дәстүрлерін жаңғырту, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, қоғамдық бірлестіктер және орталықтармен ынтымақтастық, ивритті оқу. Еврей халқының дәстүрі мен тарихын бейнелейтін "Рош-А-шана", "Суккот", "Ханука", "Пурим" және басқадай еврей мерекелерімен бірге аймақта болып жататын басқадай шараларға орталық қатысып отырады.

Татьяна Гурова жетекшілікететін жексенбілік мектептің жұмысына мәдени орталық белсене қатысады. Балалар еврей салтын, мәдениетін оқып-үйреніп, шығармашылық жағынан дамиды. Бұл жұмысқа сауатты, ісіне берілген педагогтар тартылған. Музыка сабағында балалар Елена Бойконың жетекшілігімен еврей әндерін үйренеді. Педагог-психолог Татьяна Приз балаларды дұрыс қарым-қатынас жасауға, кез-келген жағдайдан шығуды үйретеді. Сабақ ойын түрінде өтеді. Еврей халқының тарихы мен дәстүріне байланысты үздік сурет, қол өнерінің конкурстары өткізіледі. Жазда балалар Алматының маңындағы Бүрындай қалашығына орналасқан "Ган Исроэль" лагерінде демалады.

Жыл сайын жексенбілік мектеп екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі геноцидтің нәтижесінде қаза болған 6 миллион еврейді еске алудың "Катастрофа және қаһармандық күнін" атап өтеді. Еврей қауымы мен жалпы білім беретін "Ор-Авнер" кешені екінші дүние жүзілік соғыс ардагерлерін құрметтеуге үнемі қатысып отырады.

"Бэяхад" жастар клубына жиналатындар көп, жігіттер мен қыздар осында демалып, көңіл көтереді, еврей мерекелерін атап өтіп, өздерінің интеллектуалдық деңгейін көтереді (жетекшісі И.Л. Кац). Ересек адамдарға "Миқдаш катан" отбасылық клубы арналған, онда белгілі еврей жазушылары, өнер мен ғылым қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы білуге болады. Клубтың жоспарында шығармашылық кештер бар. КММА-ның доценті В.Б. Молотова-Лучанскаяның басшылығымен жұмыс істейтін көркем өнерпаздар театрында әуесқой артистер театр өнерінің әліппесін үйренеді. "Пнина" әйелдер клубына келушілер еврей асханасымен танысып, туған күндерді атап өтеді, балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөліседі.

Еврей қауымы ТМД еврей қауымы федерациясының құрамына енеді (Мәскеу қаласы). Жастардың - қаиым мүшелері "Таглит" бағдарламасы бойынша Изральге тегін танысу сапарына бару мүмкіндігі бар.

 

 

Этностың материалдық және рухани мәдениеті

ЕВРЕЙЛЕР, йегудим (ивриттегі өздерінше атауы), йид немесе айид (идиштегі өздерінше атауы), еврей халқына жататын тұлға. Еврей этнонимі шіркеулік-славян тілі арқылы гректің эбрайос («еврей»), ал бұл өз кезегінде ивриттің иври, яғни «о дүниеден (келуші)» дегенді білдіреді. Грек тіліндегі - ebraios, латын тіліндегі - hebraeus, орыс тіліндегі "иудей" гректің iudaios, ивриттің исхуди дегенінен шыққан. Алғашында «исхуди» атауы Иаков Исхуданың төртінші ұлының ұрпақтарына қатысты болған, ал кейіннен – тайпалық қатыстылықтарына қарамастан Иудей мемлекеті тұрғындарының бәріне қатысты айтыла бастаған. Иврит тілінде сөйлейтін еврейлер өздерін Исраэль (Израиль) деп атаған. Қазақстандағы саны – 6743 адам (1999 ж.).

 

Иврит — мишнаиттік кезең тілінің негізінде қалыптасқан ежелгі еврей тілінің қазіргі модификациясы. Жаңа сатыдағы семит тілдеріне жатады. Израиль мемлекетінің ресми тілі. Иврит тарихында библиялық, библиялықтан кейінгі, талмудтық, ортағасырлық, Хаскали дәуірі (18 ғ.) және қазіргі заманғы кезеңдер ерекшеленеді.

 

Діни нанымдары – негізінен иудаизмді ұстанады. Бұл ежелгі монотеистік діндердің бірі, б.д.д. 1 мыңжылдықта Палестинада пайда болған, Израильдің мемлекеттік діні. Ежелгі еврейлік этнос Ханаан аумағында (қазіргі Израиль) б.д.д. 2-ші мыңжылдық ағымында семит тілді көшпелі малшылар мен Ханаан оазистерінің жер өңдеушілерінің шоғырлануы нәтижесінде қалыптасқан.

Еврейлер шашыраңқы өмір сүргендіктен, әрбір диаспораның өз тарихы бар. Ол Қазақстан еврейлерінде де бар. Еврейлер қазіргі облыстық орталықтардың барлығында дерлік тұрады. Қоныстанудың бірінші кезеңі Ұлы Жібек жолының ашылуымен басталған болатын, және ол 1917 жылы большевиктердің билікке келуіне дейін жалғасты. Еврейлер мұнда партиялық, кеңес және кәсіподақ қызметкерлері ретінде кеңес үкіметін нығайту үшін қалдырылды. Екінші кезең 20-шы жылдардың ортасына дейін созылды. Осы уақыттан 30-шы жылдардың басына дейін еврейлердің Қазақстанға келуінің үшінші кезеңі жүрді. Ең алдымен, бұл бундовецтер мен троцкистердің (және Л. Троцкийдің өзін) қоныс аудару болды. Сонымен қатар, осы жылдары республиканы индустриаландыруға қатысу үшін көптеген мамандар жіберілген болатын. Олар балқаш, Шымкент және басқа да өнеркәсіптік комбинаттарды, Қарағандылық шахталарды, Түркістан-Сібір темір жолын құруға қатысты. Еврей-дәрігерлер, педагогтар, өнер қайраткерлері өте көп болды. Төртінші кезең 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысты, Қазақстанға мыңдаған адамдар, соның ішінде Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Польшадан еврейлер де қоныс аударылды. Көбісі соғыстың соңында қайта кері қоныс аударды, бірақ маңызды бөлігі тұрақтап қалды. Және соңғы, бесінші кезең – 50-ші жылдардың басы-60-шы жылдардың аяғы. Мұнда космополитизм мен буржуазиялық ұлтшылдық, атақты «Дәрігерлер ісі» жүрып жатқан болатын. КСРО –ның еуропалық аумақтарында еврейлерді осы баптар бойынша қаралау, көпшілік қудалау және жұмыстан шығару олардың Қазақстанға қоныс аударуына алып келді. Еврейлердің көптеген саны Қарағандыға келді, олар бүтіндей ғылыми-зерттеу институттарын құрды. Ал екінші кезең – тың игеру, оған көп еврейлер келген болатын.

Қазақстанда еврейлер өз мәдениеттерін құрған жоқ. Олар республиканың көпұлтты мәдениетіне сіңісіп, оны дамытуға қолдан келген көмектерін аямады. Олар тарихқа, педагогикаға, медицинаға, юриспруденцияға және т.б. ғылымның бағыттарына, сонымен қатар әдебиетке, театрға, музыка мен киноға өз үлестерін қосты. Еврейлердің арасында басшы қызметкерлер, қаржылық-экономикалық сала өкілдері, шахталардың, құрылыстардың, ірі кәсіпорындардың бастықтары болды.

 

Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері. Еврейлер ежелден өз үйлерінде есіктерінің жақтауларына жын-шайтаннан қорғайтын мезуза, яғни Второзакониенің екі үзіндісі бар пергамент шиыршық қағаз бекітіп қоятын болған. Иудаизмде діндарлардың арнайы жабдықталған хауызда жаңбыр және бұлақ суы – микведе дәрет алу рәсіміне ерекше мән беріледі. Тек дәрет алу рәсімін қабылдағандар ғана дұға қылуға жіберіледі. Ежелден бері еврейлерде сүндеттеу рәсімі сақталып келеді. Еврей заңдарына сәйкес ұлын әкесі сүндетке (хаттафат, дамбрит) отырғызады, бұл рәсімді «мохел» деп аталатын басқа адам да жасауына болады. Бұл рәсім балаға «барух хаба» («келушіге бата берілді») деп сәлемдесуден басталып, баланың денсаулығы үшін дұға қылумен аяқталады, осыдан кейін оның есімі жария етіледі. Бұл операция үйде, ауруханада, синагогада жасалады. Еврейлерде үйлену тойы сән-салтанатты түрде өткізіледі. Ашық аспан астына көшпелі қалқа – хула орнатылады. Күйеу жігіт пен қалыңдықты некелестіретін раввин дауыстап неке келісімін немесе ксубуды оқиды. Еврейлер үшін кашера ұғымы өте маңызды болып табылады, яғни қандай да бір нәрсеге Галаха, яғни Тора мен Талмудадағы заңдар мен нормалар тұрғысынан рұқсат етілу немесе оның қажеттілігі. Кашер адамның қандай да бір заңдық немесе рәсімдік әрекеттерді жасауға құқылы болуына, табынушылық заттары – Тора шиыршығының, тфилиннің, мезузаның, дикваның және т.б. дұрыс қызмет етуіне таралады. Егер адам адал және парасатты болса, оның өзі де, сонымен қатар оның киімі де кашерлі болуы мүмкін. Бірақ бастысы тағам кашерлі болуы қажет, атап айтқанда мал өнімдері. Израильде кашерді сақтау міндетті болып табылады. Еврейлерде қасиетті жерлер көп. Бірінші кезекте бұл Иерусалим, Мәңгі қала, мұнда аңызға сәйкес, әлем жаратылған тас – Негіз тасы бар. Израиль Жерінің басты қасиетті орындары – ата-бабалары Авраам, Исаак, Иаков, сонымен қатар патриархтар, пайғамбарлар, даналар мен тақаулар жерленген Храмдар тауы мен Жендет қамалы.

 

Ұлттық мейрамдар. Иом Кипур — күнәлардан арылу, базнаны ұмыту және тазару күні. Оның алдында капоройс – қоразды немесе тауықты құрбандыққа шалу рәсімі орындалады. Оның мәні өз үйін зұлымдықтан тазарту және Құдайдың қаһарын қайтару болып табылады.

Ең көңілді мейрамдардың бірі – Сукот, немесе Кущей мейрамы. Ол астық жинау уақытына дөп келеді, және табиғат мейрамы деп саналады.

Еврейлер Ханукуды – жарық пен қуаныш мейрамын өте жақсы көреді. Ту-би-шват, бұл ағаштардың Жаңа жылы, Жемістер күні – Израиль табиғатының мейрамы, бұл мейрам уақытында дастарханға Қасиетті Жердің жемістері – жүзім, інжір, гранаттар, құрма және т.б. қою әдетке айналған. Атаулы күндердің ішінде Катастрофа да бар, бұл терминмен 1933-1945 жж. Германияда және олар жаулап алған аумақтарда ұлтшылдардың еврейлерді ұйымдасқан қудалау және жоспарлы құрту нәтижесінде 6 млн. Еврейдің қаза болуы белгіленеді. Израильдің сыртында, атап айтқанда Қазақстанда бұл күн 1943 жылы Варшавалық геттодағы көтерілістің басталу құрметіне 19 сәуірде атап өтіледі.

 

 

 «Центр забота - Хэсэд Полина» республикалық еврей қайырымдылық қоғамының Қарағанды филиалы

Төраға: Каменецкая Белла Аркадьевна

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Гоголь к., 47-41

Телефон: 87013156445

e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">shemesh.70@mail.ru

 

 Еврей мәдениеті Қарағанды орталығы

Төраға: Молотов-Лучанский Вилен Борисович

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 4А

Телефон: 87014227214

e-mailЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">vilen53@mail.ru