Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Румын ұлттық-мәдени орталығы

Қазіргі Румыния 1918 жылы 1 желтоқсанда Валахия, Молдова, Буковина, Трансильвания кінәздіктерінің бірігуі нәтижесінде қалыптасқан. "Даккилер" - қазіргі Румынияның жерінде біздің эрамыздың басында өмір сүрген көне халықтың атауы. Румын тілі роман тілдер тобына жатады.

Қазақстанда 20 мыңнан астам румын тұрады. Олардың көпшілігі республикамыздың солтүстік облыстарында, ал Қарағанды облысында 3500 адам тұрады.

Мұрағат мәліметтеріне сәйкес румын ұрпақтары Қазақстанға Бессарабия мен Солтүстік Буковинадан төрт кезеңде келген: біріншісі - 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың басында, екіншісі - 1941, 1942, 1952 жылдары жер аударылғандар, үшіншісі - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскендер, төртіншісі - тыңайған жерді игеруге келгендер және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жолдамамен келгендер.

"Дакия" румын қоғамы 2005 жылғы 28 сәуірде тіркеліп, оның тұсаукесері "Сарыжайлау" достық үйінде Қазақстандағы Румынияның елшісі Василе Соаренің және облыстық ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Қоғамдық бірлестіктің құрметті төрағасы Николай Плушкис болып табылады. Қоғамның құрметті мүшелерінің ішінде құрметті шахтер, ақын, румын тілінің оқытушысы Семен Плэмэдялэ бар.

2003 жылғы 9 қыркүйекте Спасск мемориалдық зиратында 1941-1950 жылдары жерленген румын әскери тұтқындарына арналған ескерткіш ашылды. Оны ашу рәсіміне Румынияның президенті Иион Илиеску қатысты.

Қоғамның бастамашы тобы елшіліктің көмегімен румын тілі мен тарихын оқытатын курсты ұйымдастыруға шаралар қолданды. Сондай-ақ тарихи отандарында тұратын туыстарымен байланысты қалпына келтірді. Румын үкіметі жастардың жоғары оқу орындарында оқуына гранттар бөлген. Қазіргі уақытта үш адам Бухарестің колледждерінде оқиды. Румын диаспорасы жыл сайын халықтық көктемгі мерекелер "Мэрциишор", "Пасха", "Рождество" мерекелерін тойлайды.

"Дакия" қоғамы өзінің алдына ана тілі мен мәдениетті қалпына келтіру, басқа халықтармен достықты нығайту, жалпы мемлекеттік және жалпы ұлттық мүдделерді жарасымды үйлестіру арқылы ұлтаралық қатынас

 

 

Этностың материалдық және рухани мәдениеті

Румындар, ромынь (өздерінше атауы, латын тіліндегі романус – «римдік»).

 

Румын тілі тілдердің үндіеуропалық семьясы роман тобының балқан-роман топшасына жасады. Мынадай диалектілер ерекшеленеді: банаттық, кришандық, мунтяндық, молдавиялық (Молдова тарихи өлкесінің диалектісі), марамурештік Лексикада оңтүстік славяндықтардың әсері күшті. Румын тілі балқандық тілдік одаққа кіреді. Алғашқы ескерткіштері (хаттар, іскерлік қағазадар, діни мәтіндердің аудармалары) 17 ғасырдағы басына жатады (тарихи жылнамалар). Көркем әдебиет 18 ғасырдың аяғынан бастап пайда бола бастайды. Алғашында кириллицалық алфавит қолданылып, 1860 жылы латын алфавитіне ауысытырылды.

 

Діни сенімдері — православиеліктер, протестанттар мен католиктер де бар. Румындар үлкен европеоидтық нәсілдің үнді-жерортатеңізі нәсілінің понтийлік типіне жатады; таулы аудандарында үлкен европеоидтық нәсілдің балқандық-кавказдық нәсілінің динарлық антропологиялық типтері бар. Румын этносының негізінде геттер мен дактардың фракийлік тайпалары жатыр. Румындардың ата-бабаларының қалыптасуының маңызды кезеңі олардың жерлерінде Мезия (б.д.д. 1 ғ. – б.д. 5 ғ.) және Дакия (б.д. 2-3 ғғ.) провинциялары құрылған Рим империясы кезеңіндегі гет-дактардың романдануы болды. 6 ғасырға қарай материалдық және рухани мәдениетіне әсер еткен славяндармен байланысқа түскен дак-романдық этностық қоғам құрылды. Төменгі Дунайдың сол жағалауындағы славяндардың көп бөлігі роман тілді халықпен сіңісіп кетті. Б.д. 1-ші және 2-ші мыңжылдықтары шегінде шығыс романдық волохтық этностық қоғамы құрылды.

 

Дәстүрлі шаруашылығы – жер жырту, жүзім шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы, 19 ғ. басына дейін жетекші шаруашылық мал шаруашылығы (ірі-қара және ұсақ мал) болды. Көркемдік қолөнер – тігін ісі, кілем тоқу, кестелеу, қыш, тас және ағаш ою, тері өңдеу жақсы дамыған.

 

Дәстүрлі киімдері.

Әйелдер киімі — туника тәрізді пішілген ақ кенеп жейде (кэмашэ) немесе қысқа көкірекше (ие), белдікті киім – түрлі-түсті жүн белдемше (катринцэ) немесе жанында қиығы бар бүрмелі белдемше (вылник); бай өрнектелген жіңішке тігілген белбеу және алдынан және артынан киілетін 2 алжапқыш (фотэ); жеңсіз көкірекше – шұғадан (илик) немесе аң терісінен (кожок) тігілген; бастарына – жібектен жамылғы (марамэ), орамал немесе чепец (чяпсэ) киеді.

Ерлер костюмы – туника тәрзідес немесе инішті кенеп жейде; ақ кенеп немесе жүн шалбар, былғары немесе жүн жуан белбеу және жеңсіз. Бас киімдері – елтірі бөрік, киіз, фетр немесе сабан қалпақ. Аяқ киімдері – шылғи постол. Қыста еркектер мен әйелдер шұға свиталар немесе қой терісінен жасалған тондар киеді.

 

Дәстүрлі тағамдары — жүгері ұнынан мамалыга және жұқа нан (мэлай), борщ (чор-бэ), козонак – куличтің бір түрі, ынвыртитэ – қаттамалы қамырдан ішіне қант немесе жидек қосылған ұнтақталған жаңғақ салынып жасалған қалаш, тор-грэтареда пісірілген ет және балық.

Рождествоға, Жаңа жылға және үйлену тойына өрілген қалаш (колак) пісіреді. Орамжапырақ немесе жүзім жапырақтарында голубцы дайындайды. Қуырдақ (токанэ), дроб – марқаның ішек-қарнынан дайындалатын тағам. Қолдан жасалатын жүзім шараптары және арақ – цуйка кең таралған. Румындардың халық ауыз әдебиеті эпикалық жырларға, ертегілерге, мақал-мәтлдерге, лирикалық әндер – дойналарға өте бай; 2 мыңға жуық билері (қол ұстасып билейтін, жұптық, шеңберлік, қатарлы) бар. Анағұрлым кең тараған музыкалық аспаптары: бучум – ұзын бақташылық керней, най - әр түрлі көлемді бірнеше сырнайдың біріктірілген жүйесі.

 

 

«Дакия» румын мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі

Төраға:Плушкис Николай Васловасович

Мекенжайы:Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Төлепов к., 17-14

Телефон: 87012189472

87776931280

e-mail: nikolayplushkis@gmail.com

romani_kazahstan@yahoo.com