Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Армян ұлттық-мәдени орталығы

АДАМНЫҢ ҰЛАНҒАЙЫР СҮЙІСПЕНШІЛІК СӘУЛЕСІН САҚТАУЫ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ

Ю. Саакян

 

Армяндар, түпкі атауы армян-хай. Армян тілі, индоеуропалық тілдер тобының өз алдына жеке бір тармағы.

Тарихи жағдайға орай армян халқы жер шарындағы 60-тан астам елде тұрады. Армяндардың Қазақстанға көшуі кеңес дәуірінде басталып, екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі - бес жылдықтардың маңызды құрылыстарына мамандарды орталықтан жіберумен байланысты. Екіншісі - Армения, Грузия, Азербайжан және КСРО-ның басқа аймақтарынан армяндарды күштеп, қуғындау арқылы жер аудару. 2005 жылдың басында Қазақстанда 14758 армян, соның ішінде Қарағанды облысында - 1751 адам тұрады.

"Эребуни" армян ұлттық-мәдениет орталығы әділет басқармасында 1994 жылы тіркелген. Армян диаспорасының белсенділері, "Эребуни" армян ұлттық-мәдениет орталығы кеңесінің мүшелері өз күш-жігерлерін Қазақстан Республикасы тұрғындарының барлық топтарын біріктіруге, армян тілін, тарихын, әдебиетін, армянның халықтық қол өнерін үйренуге жағдай жасауға, армян мәдениетін сақтап, дамытуға, өздерінің тарихи отандарының салт-дәстүрлерін насихаттауға бағыттауда.

Армениядан тараған қазақстандықтар қарияларға, көп балалы отбасыларына, мүгедектерге, басқадай мұқтаж адамдарға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетуде.

Армян диаспорасының өкілдері облыс пен қалада өткізілетін барлық шараларға қатысады. Бұл аймаққа суретші, республиканың еңбек сіңірген қызметкері Саркис Саносянның, К. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі, ҚР-дың еңбек сіңірген қайраткері Генрих Оганесянның, көп балалы отбасы М. Микоянның, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Эдуард Меликовтың, республиканың еңбек сіңірген құрылысшысы Владимир Сгимянның және басқалардың есімі белгілі. Аға ұрпақтың жасампаздық дәстүрін тамаша "Орхидея" дүкенін тұрғызған жас бизнесмен Вазген Гаракян, этнопаркте армян қолөнері дәстүрінде "Наири" ресторан-кафесын салған Месроп Арутюнян, "Сарухан" жол құрылысы фирмасының жетекшісі Паргев Наджарян, Владимир Акопян, Артур Навасардян жалғастырып келеді.

Қаражал қаласындағы армян балаларының би ансамблі фестивальдар мен шығармашылық кештерде табысты өнер көрсетуде. Жас суретші Нарик Акопян жерлестерін қоршаған ортаға деген көзқарасымен таң қалдырды. Оның суреттерінде армян мотиві байқалады, мұндай ерекшелік жас таланттың ұстазы, тәлімгері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Саркис Саносянға тән.

Армян диаспорасы тек қана көне дәстүрлерді сақтауға қамқорлық жасап қоймайды. Мәдени орталық сонымен қоса армяндар қазіргі қазақстандық қоғамда, өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік саласында өзін жәйлі сезінуіне ықпал жасайды. Сарыарқадағы армяндар мәдениеті мен ұлттық өзіндік ерекшелігі жай ғана жаңарып қоймай, Қазақстан отаны болып саналатын ерекше этнос қалыптастыруда.

Әрбір қоғамның өмірінде ерекше оқиғалар болады. Оны ұмыту жәй ғана естен шығару емес, болашақтың алдындағы масқара жауапсыздық болар еді. 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні біздің отандастарымыздың есінен мәңгі кетпейді. "Эребуни" армян ұлттық-мәдени орталығы 1997 жылы сталиндік режимнің құрбаны болған бұрынғы Қырғыз өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Л.И. Мирзоянның 100 жылдығын атап өтті.

2004 жылдың қазан айынан орталық Республикалық армян қауымдастығының құрамына енген.

 

«Эребуни» облыстық армян мәдени орталығы

Төраға: Навасардян Артур Ильичович

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Коцубинский к., 43

Телефон: 87017773736

 

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

Этностың материалдық және рухани мәдениеті

 

Армян музыкасы

      Бізге қазір ежелгі және ортағасырлық армян музыкасының мазмұнын елестету қиын. Алайда сақталып қалған жанама құжаттар ол кезеңнің музыкасы еркін ырғақты және әуенді болғандығы жөнінде дерек береді. Жоғарыда аталған дәрігерлер Гераци мен Амидовлет өз науқастарына әр түрлі жан күйзелістерінің негізіндегі безгек ауруларында емдік тәсіл ретінде гусандардың әндерін тыңдауды белгілеген.

 

Халқының дәстүрлі тағамдары.

      Қазіргі заманғы армяндық музыка көпғасырлық ұлттық музыкалық мәдениеттің тамырынан нәр алады. Танымал армян халық аспаптары: сыбызғылар, сырнай, тара, деп және т.б.

      Халықтың ұлттық мәдениеті климаттық ерекшеліктері мен халықтың көпғасырлық аспаздық тәжірибесін есепке ала отырып, өзіндік ерекшеліктері бар тамақтану сипатынан да көрініс табады.

    Арменияның аймағындағы археологиялық қазба жұмыстары бидайдың (жабайы да, мәдени де) отаны Алдыңғы Азия болып табылатындығын дәлелдейді. Осыған байланысты, ерте кездерден бері нан армяндардың тамақтануының басты азық-түліктерінің бірі болып саналады. Және осы уақытқа дейін армяндардың қолданысында нан үлкен үлес салмаққа ие. Сондықтан армяндарда өте жиі «таңғы ас ішу», «түскі ас ішу» немес «кешкі ас ішу» сөздері «нан жеу» сөзімен алмастырылады, және бұл тек қана нан жеуді ғана емес, оснымен қатар басқа да әр түрлі тағамдарды жеуді білдіреді. "Гнанк Нац уденк" — "Жүр нан жейік", — деп жолдасы жолдасын шақырады.

 

      Мыңдаған жылдар бойы армяндық шаруалар (тек шаруалар ғана емес) нанының негізгі түрі лаваш болып келеді. Әрбір шаруаның үйінде тони (немесе тондир) болған, бұл жерге қазып орнатылған отқа төзімді саз балшықтан жасалған төменгі жағы кеңейтіліп келген цилиндр. Оның түбінде жел тартқыш болады. Тондирде нан және басқа да ұннан жасалған тағамдар пісіреді, еттен, сүттен жасалған және басқа да тағамдарды пісіреді, қуырады. Бірақ бастысы – тондирде лаваш пісіреді. Оны дайындау үшін үлкен қамыр дөңгелектерін қалыңдығы 2-3 см-ге дейін жайып, тонирдің қабырғасына жапсырады. Бұл өте дәмді нан. Оны әдеттегі жапырақ көлеміндей етіп кесіп немесе қолмен үзіп, оған көк шөп пен ірімшік немесе етті орап жейді. Ет әдеттегідей жайпақ мыс ыдыста (тапак) – қазіргі табада қуырылды. «Тапак» сөзінен «тапакел» етістігі, яғни қуыру сөзі шыққан.

      Кәуап сияқты қазіргі уақытта да өте танымал тағам ежелден келе жатыр. Армяндық таулы өлкенің тұрғындары тас-қола ғасыры дәуірінің өзінде ошақ жағып, онда үй және жабайы аңдардың етін қуыратын болған. Бірінші етті ағаш таяқшаға тізіп, кейіннен оны металл шыбықтар – шомпол, шампурға алмастырды. Көбіне малдың тұтастай ұшасын қыздырылған тастардың ортасына салып, осындай тастармен үстінен жауып қоятын болған. Бұл дәмді ет тағамы – «хорову», ол қазіргі уақытта да малшылар арасында үлкен құрметке ие. Сонымен қатар, кәуапты да жоғары аталған «хоровудан» шыққан «хоровац» сөзімен атайды. Армяндық таулы өлкенің континентальдық климаты жағдайында, оның қатаң қысымен, тау шатқалдарын бірнеше айға қар жамылып, сыртқы әлеммен байланыс үзілгенде армяндар үшін қыстық қор жинау қамы маңызды өмірлік мәнге ие болды. Астықты жинау маусымында шаруа қысқа азық түлік, малға жем-шөп, үйіне отын жинауы керек. Ет өнімдерінің қысқы қорының арасында консервіленген ет – «тыал» (түрікше «Кавурма») ерекше орынға ие. Жақсылап пісірілген сиыр немесе қой етін құмыраға салып, ет толығымен жабылатындай етіп үстінен шыжғырылған май құйылады. Осының бәрі, саңлаусыз жабылып, жерге көмілген ыдыстарда сақталады. Қысқыға сондай-ақ, сүт өнімдерін де дайындаған, олардың негізгісі ашытылған сүт – мацун («мацунел» деген етістіктен, яғни қойытылу) болып табылады. Ашытылған сүттен және оның қалдықтарынан әр түрлі сүт көжелер – «танапур», «спас» және т.б. пісіріледі.

 

      Қазіргі уақытқа дейін армян ауылдарында Урарту кезінде археологиялық тіркегуе алынған май шайқағыш бар. Ол «хноп» деп аталады. Сары майды дайындау кезінде пайда болған қалдықтардан қысқа сақтау үшін «чор тан» - құрғақ пака әзірленеді. Сүзбе ірімшік тектес армяндық ірімшік – «панир» да кеңінен танымал. Армяндардың өмірінде жүзім шаруашылығы әрқашан үлкен орын алған және қазіргі уақытта да солай. Жүзім шаруашылығы мен шарап ашытушылық тек егін шаруашылығынан ғана кем түседі. Шарап ашытушылықтан басқа жүзімді қысқыға әр түрлі тәтті бекместер, «дошап», «шпот», «чамич» мейіздерін, «шароц» дайындау үшін пайдаланылған. Армяндық таулы өлкенің табиғи жағдайларымен мәдени тағамдық өнімдермен қатар армяндардың қолданысында әр түрлі жабайы өсетін жеуге жарайтын өсімдіктер мен татымдылықтардың да үлкен орынға ие болғандығы да табиғи жайт, бұл өсімдіктер де кептірілген немесе маринадталған түрде қысқыға сақталған. Және де бүгінгі күні армяндардың әдеттегі тағамдары бозбаш, кюфта, хаш, толма, қуырылған және пісірілген балық, қой етімен палау, пісірілген жүгері, кәуап болып табылады.

 

«Эребуни» облыстық армян мәдени орталығы

Төраға: Навасардян Артур Ильичович

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Коцубинский к., 43

Телефон: 87017773736

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.