Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығы

МЫҚТЫ ДОСТЫҚ АДАМ ӨМІРІН КӨРКЕЙТЕДІ

(халық мақал-мәтелі)

 

Чешендер, алғашқы атауы - нахчи. Чешендердің тілі кавказдың тілдердің ішінде нахск (вайнахтық) тілдерге жатады. Олар Солтүстік Кавказдың байырғы тұрғындары болып табылады.

1944 жылы ақпан айында чешендер мен ингуштар өздерінің туған жерінен Қазақстанға жер аударылған. 1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 31799 чешен, 169000 ингуш тұрады, соның ішінде 4660 чешен мен 1427 ингуш Қарағанды облысында тұрады.

Ингуштар, негізгі атауы гьалгьай, үлкен ингуштық қоғам галагаевтардың атымен аталған. Ингуш тілі кавказдық тілдер тобының нахск (вайнахтық) тара-уына жатады. Кавказдың байырғы тұрғындарына жатады, оның тарихы 4 мың жылдыққа кетеді. "Ингуш" атауымен олар XIX ғасырдың бірінші жартысында белгілі болған ("ингуш" атауы Терск алқабындағы бірінші елді мекендер Ангуш немесе Ингуш селоларының атауынан шыққан).

Чешен мен ингуш диаспоралары енетін Қарағанды облыстық "Вайнах" ұлттық-мәдени орталығы 1995 жылдың қаңтар айында құрылған. Ол құрылған алғашқы күннен бастап өзінің алдына ұлтаралық келісімді сақтау, аймақта тұратын басқадай этникалық топтардың өкілдерімен мәдени және қоғамдық байланыстарды нығайту, ұлттық мәдениет пен дәстүрді, тілді жаңғырту және тарату міндетін қойған. 1997 жылдың наурызында "Вайнах" ұлттық-мәдени орталығы республикалық "Вайнах" қауымдастығына еніп, Қазақстан халықтары Ассамблеясының толыққанды мүшесі болды.

Облыстық чешен-ингуш мәдени орталығының бірінші басшылары В.А. Мунаев пен Х.С. Косумов болған. Аймақта қариялар кеңесі құрылып, жұмыс жасауда, оның құрамына Таус Асламбеков, Мовлади Лииев, Анди Хасуев, Руслан Сулейманов және т. б. енген. Олар диаспора мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматы атағына лайық болуы үшін көп жұмыстар атқаруда.

"Вайнах" ұлттық-мәдени орталығының өкілдігі облыстың барлық қалалары мен аудандарында бар. Чешен мен ингуш диаспорасының өкілдері халық шығармашылығының конкурстарына үздіксіз қатысады. Қазақстанда ақын әрі публицист, Жезқазған ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Зулпа Суфьяновна Чумакованың есімі жақсы белгілі. Оның шығармаларында Қазақстанның мәдениеті, қазақтардың салт-дәстүрі жақсы көрсетіліп, еліне және жерлестеріне деген сүйіспеншілігі анық байқалады.

Өстім, өндім қазақтың даласында,

Қазақстан ұқсайды анашыма

Алтыбақан тербелсе айлы кеште

Көңілім менің түспейді сабасына, - деп ол өзінің "Алтыбақан" өлеңінде жырласа, "Түсіме таулар кіреді" деген өлеңінде өзінің этникалық Отанына деген сүй-іспеншілігін былай білдіреді:

Тәкәппар, Асқар реңі,

Қайғыға мені батырып

Түсіме таулар кіреді,

Түнімен мені шақырып

 

Чешенстан мен Ингушетияның мәдениет министрлігінің және шығармашылық зиялылардың шақыруымен Чумакова З. 2005 жылы өз отандастарымен жыр кештерін өткізді. "Күн кейіпкері" хабарына берген сұхбатында ол былай деген: "Қазақстанда тұрамын, чешенмін. Қазақстан мені лайықты бағалады. Бұл туралы менің атақтарым айтады. Адам ұлғайған сайын өзінің түп тамырына жақындай түседі. Өлең де, ойда, үмітте, махаббатта кездейсоқ бола алмайды, егер ол Отан туралы болса".

Диаспора өкілдері спортта лайықты табыстарға жетіп жүр. Қарағанды облысының және Қазақстанның намысын еркін күрестен әлем мен Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы Мусса Абдулмуслимов талай рет қорғады. Сонымен бірге бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мухамед Адамов, бокстан спорт шебері Ильяс Адамов, жастар арасында бокстан спорт шебері Аиб Адамов, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Юсуф Адамов, бокстан спорт шебері Зелимхан Межиев, спорт шебері Асхаб Габаков, спорт шебері Макшарип Гарбаков және тағы басқалары көзге түсуде.

2004 жылдың мамыр айында Алматы қаласында чешен мен ингуш халықтарының Қазақстанға жер аударылуының 60 жылдығына арналған "Депортациядан интеграцияға" деген халықаралық конференция болып өтті. Осы конференцияның жүмысына Иордания, Түркия, Германия, Азербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген делегаттар қатысты. Конференцияға қатысушылар ел Президенті Н.Ә. Назарбаевқа депортацияның ауыр жылдары чешен мен ингуштарға көмек қолын ұсынған қазақ халқына ризашылық білдірген үндеу қабылдады.

 

 

 

Этностың материалдық және рухани мәдениеті

1. Шешен ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

 

ШЕШЕНДЕР, нохчилар, нахчо (өзінше атауы), қазақ тілінде— шешен, өзіндік тарихы, этномәдени және бірегей антропологиялық типті ежелгі халықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні бұл Солтүстік Кавказдың ірі этностарының бірі.

Шешендер – мұсылмандар, шешен халқының салт-дәстүрі кез-келген мұсылман халықтардың дәстүріндей өзіндік ерекше. Ең басты дәстүр – еркіндік. Кез келген жағдайда да шешендер ең алдымен еркіндік, бостандықты қалайды. Екінші орынға шешендердің жомарттығын қоюға болады. Ол тәкаппарлықпен үйлеседі. Шешендер қонақжайлықты өздерінде де басқа дамадардың бойында да құрметтейді. Әйел адамдарға, қарт адамдарға ерекше сый-құрмет көрсетілген. Отбасы салтында ұл бала әкесінің кез келген өтінішін орындауға тиісті. Отқа түсуге дайын болуы керек.

Яхь - бұл қайырымдылық, мейірбандық жарысы. Бұл үнемі алдыңғы қатарда болу дегенді білдіреді. Өмірдің түрлі жағдайларында ішкі дүниесін өзгертпеу басты нәрсе болып табылады. «Мейірбан, қайырымды ер азаматқа барлық жерде есік ашық». "Яхь йолуш кант" (қайырымды, мейірбан азамат) — бұл біздің батырлар деп айтқан. Қазіргі кезде яхь ұлттық салт-дәстүрін ұстану дегенді білдіреді.

Шешен исламы мен исламдық фундаментализм екі бөлек нәрсе. Шешен исламы өзін басқа дінге, наным-сенімге қарсы қоймайды. Шешендер сунит ағамындағы мұсылмандар болып табылады. Вайнахтардың ислам дінін қабылдауының бастауы XIV-XV ғғ. жатады. Бұған дейін христиан дінін таратуға қадам жасалған.

 

Негізгі діни мейрамдар мен ғұрыптар бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып, Құранның іргелі ұстанымдары мен ислам дәстүлеріне негізделген. Сонымен қоса олар шешендердің этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптасқан. Басты діни мерекелердің қатарына Құрбан айт және Ораза (Марха) жатады. Мәуліт айы мен Мұхаммед пайғамбардың туған күні дұға оқу және құрбандық шалу арқылы атап өтіледі. Мұсылмандардың рухани ғибадатханасы мешіт, медреселер болып табылады. Қазіргі кезде мешіттер Шешенстанның барлық елді мекендерінде бар. Мекке мен Мәдине, сонымен қатар Шешенстанда сопылық бағыттың негізін салушылардың жерленген орындары мұсылмандардың қасиетті жері болып табылады.

 

Шешендердің дәстүрлі шаруашылығы – жер өңдеу, мал шаруашылығы, құрылыс және сауда. Өкінішке орай, қазіргі кезде эконмиканың бұл салалары дамуы жағынан артта қалып отыр. Шешендер көбінесе ауылдық жерлерде үй шаруашылығы бар үлкен үйлерде тұрады. Шешендер үшін үй – амандық-саулықтың ғана емес, сонымен бірге үй қожайынының ар, намысының көрсеткіші болып табылады. Бұл тек қана отбасының тұрғылықты жері ғана емес, сонымен қатар қонақ күтетін орын. Ал, қонақ шешендер үшін қасиетті. Шешендер үлкен патриархалдық отбасында тұрады. Оларда мықты экономикалық және тайпалық байланыстар сақталып қалған.

 

Халқының дәстүрлі киім-кешектері.

Вайнахтардың ғұрыптық ерлер мен әйелдердің киімі: вайнахтық әскери киім- "Бустамийн чуоаъ", ерлердің тақуалық киімі – «Повтал», "Ghowtal", әйелдердің мейірімділік киімі— "Пабли" - "Ghable". Осы киімдер арқылы шешендердің ішкі дүниесінің құндылықтарын, мінез-құлқын көруге болады.

Вайнахтардың үш киімі «Құдай жазуы» (Хорхе Борхес) сияқты халық тағдырының белгісі.

Ерлердің әскери киімдері – ерлердің жастығы мен бозбалалығы "Бустамийн чуоаъ" ержүректілік пен батылдықпен дәлелденген киім.

Ерлердің тақуалық киімі – ерлердің кемеліне келуі: «Кемеліне келу, даналық, беріктік, соғыс пен бейбітшілікке дайындығы!»:"ПоЬта — Ала!" — Көтеріліңдер! Сөзбен және іспен айқасқа түсіңдер!"

Әйелдердің сәнді ғұрыптық киімі – нәзіктік белгісі— "evigwieblich": "Пабли-Ghable" - "rlo - gho" – көмек, "айба" — көтеремін, көтере аламын, ағылшын тілінде сияқты: ability - қабілет, able — "айбало" — "ло" — беремін, "По - Бала! — "сын сағатта, қайғыда жәрдемдесемін. "По Бала — Ло" – киім-кешек, "По – көмек — көмек беру " – жәрдем "ортақтасу" — "мейірімділік" — "Вайнах мейірбикелерінің бірігуі.

Вайнахтықтардың ішкі және сыртқы Еркіндік идеалын қалыптастыруды "Адат" Кишиева Абубакара, Кунта-Хаджи сөзденінен анықтауға болады және жалпы алғанда келесідей: Сыртқы мұнтаздық, Ішкі жинақылық, Пайымдаудың кемеліне келуі, шешім даналығы, өмірдің "Альфа" және "омегасы": "Сен жасауың керек – сенің қолыңнан келеді!"

 

Шешен отбасылардың дәстүрлі тағамы – ет, сүт, көкөніс өнімдері. Өндірістің қарқынды дамуы, ғылыми-техникалық прогресс және халықтың урбанизациялануына байланысты соңғы он жылдықтарда қала халқының үлес салмағының ұлғаюы, қазіргі шешендердің тұрмысы мен мәдениетіне жаңа элементтердің енуі күшейе түсті. Зиялы қауымның үлес салмағы ұлғайып Ой еңбегі арта түсті.

2. Ингуш ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

 

ИНГУШТАР – сунит бағытындағы мұсылман халық, сонымен қатар басқа да ағымдар бар (накашбандийа — суфийское братство, кадирийа және т.б) Ингуштар өміріне мұсылман мәдениетінің ену фактілері орын алған. Мұсылмандық басты мәдени бағыт, дінді ингуш интеллигенциясының кейбір бөлігі де ұстанады. Ингуш халқының негізгі бұқарасы исламның барлық ұстанымдарын: сүндетке отырғызу, жерлеу, ас беру, күнделікті бес уақыт намаз, ораза, діни мерекелерді сақтайды. Діни сипаттаға мерекелер де сақталып қалған. Рамазан айы аяқталған соң кез келген ересек адам пітір садақа (ингуштарша, «мархи сах») береді. Дін басылары алатын бұл қайырымдылық кедей адамдардың арасында таратылып беріледі. Бұл шамамен 2,5 кг бидаймен өлшенеді.

 

Басты діни мейрамдар: Маулид Аннаби — раби аль-авваль айының 12 күні аталып өтетін Мұхаммед пайғамбардың туған күні. Дұға оқу, қайыр садақа беруден басқа бұл күні Мұхаммед пайғамбарды мадақтайтын өлең оқылады; Лей-лят Әл-Қадыр — тағдыр шешілетін, тілеу тілейтін түн, Рамазан айының 27 не қараған түн (ингуш тілінде «лейлатыл кадри бийс»). Бұл түні Мұхаммед пайғамбарға Құран түскен. Жыл сайын осы түні Алла әр адамның тағдырына байланысты шешім қабылдайды, дұға оқу арқылы тілеген тілектерін қабыл алады. Рамазан –мұсылман күнтізбесінің оныншы айы, ораза айы. Ораза ұстау әрбір діншіл адамның міндеті. Рамазан айы мен оразаның аяқталуы басты мұсылман мерекесі (ингуш тілінде «марха») ретінде аталып өтеді. Оразаның аяқталуы үш күн тойланады, дастархан жасалып қонақтар келеді. Құттықтаулар мен қонақты күтіп алу – ерекше рәсім болып табылады, қонақтарды отбасының анасы күтіп алады. Егер үйде тұрмыс құрмаған қыз бала болса, мереке қыз көру рәсіміне айналады. Осы рәсімде қыз бала өзін ингуштардың салт-дәстүріне сай қонақтарды күтуі керек. Мерекелік күндердің алғашқы екі күнінде ерлер, үшінші күнінде әйелдер тойлайды. Ид Аль-Адха (ид аль-кабир, тюрк. Құрбан-айт араб. — құрбандыққа мал шалу меркесі, ингуш тілінде «гIурба») — мұсылмандардың басты мерекесі, ол зу-ль-хиджа айының 10 күні басталып, 3-4 күнге созылады. Ид аль-адха жыл сайынғы Меккеге қажылық бару ғұрпымен аяқталады. Ибрахим өз ұлы Смайылды Аллаға құрбандыққа шалуға дайын болғандай отағасы өз мүмкіндігінше ірі қара мал, қой немесе әтешті құрбандыққа шалу керек. Ғұрыпқа сай құрбандыққа шалған малдың етін кедейлердің, жоқ-жітік адамдардың отбасына таратып беріп, бір бөлігін мерекеге байланысты дайындалған тағамдарға пайдаланды. Мереке ғұрпына арнайы дұғалар, қайыр садақа беру, ата-бабасының молаларына бару, киім-кешектерін жаңарту кіреді.

Ингуш халықтарының салтында қонақжайлық ерекше маңызды болып табылады. Қонақ ұлтына, дініне қарамастан демалып, тамақ ішіп, қонып шыға алады. Үй иесі оның өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауапкершілікте болады. Бұл салтты бұзу қылмыс жасағанмен бірдей болып бағаланады.

Ингуштар арасында басқа да тау халықтарындай қару алмасу салты таралған, қазір де бар.

Ингуштардың маңызды дәстүрі ата-анасын құрметтеу, оларға жол беру, жолын кеспеу, сөзін бөлмеу, үлкендердің сөзіне араласпау, олардан бұрын сөйлеп, сөздерін бөлмеу керек.

Ингуш халқында күйеу баланың қайын енесімен және қайын атасымен қатынаспайтын дәстүрі бар, ол тіпті оларды өмірінде көрмеуі мүмкін. Кішілер тамақ ішу кезінде әкелеріне, үлкен ағаларына қызмет көрсетуі керек. Бұл уақытта әйелдер бөлек бөлмеде ішеді. Уақыт қазіргі ингуштардың өміріне де өз әсерін тигізбей қоймады. Ингуштардың тойлары салтанатты түрде өтеді. Оларға көп кісі шақырылады. Бұрынғы заманда тойларда түрлі жарыстар ұйымдастырылған. Құда түсіп қойған қалыңдық өзінің ата-анасының үйінде бір жыл, екі жыл тұрған. Осы уақыт екі жақ бір-бірін жақсы білу үшін жеткілікті болған.

 

Халқының дәстүрлі киім-кешектері мен музыкалық аспаптар.

Ингуштардың ұлттық киімінің дәстүрлі кавказ ұлттарының киімдерінен айырмашылығы болған жоқ. Тек ерлердің тарихи әскери амунициясы мен әйелдердің «кур-харс» деп аталатын бас киімі ғана ерекшеленеді.

Ерлердің киімі — газырлы черкеска («бустами-чуки»), салтанатты жағдайлар мен әскери уақытта киюге арналған. Газырлар оқу-әдірлер, қолдан жасалған оқтарды сақтауға арналған қобдиша ретінде пайдаланған. Ерлердің күнделікті киімі белі қиғаштанып келген жағасы жоқ бешмет болып табылады. Қысқы уақытта бешметті черкесканың сыртынан киген. Жорыққа шыққанда сыртынан башлыкы бар («палчык») бурку («тукул-ферт») киген. Қысқы бас киім папаха («холгыз-кий»), жұмыс істеген киетін бас киім — шапка («кертыттул кий») болған. Жазда ыстық күндері үй жағдайында дайындалған жүннен жасалған шляпа («беген-кий») киген. Ерлер жейделерінің жең ұшы қабаттама, жағасы-тік, жіптен жасалған түймеден тігілген. Сонымен қатар бос шаровар, аяғына қоныш киіп жүрген. Белдеріне күміспен безендендірілген жіңішке белбеу таққан.

Әйелдердің киімі салтанатты жағдайларда киетін, күнделікті, арнайы және қаралы күндері киетін киімдерден тұрған. Мерекеге және үйлену тойына киілетін киім («чуки») өте қымбат, алтын және күміс жіптермен тігілген. Белбеу, бас киім, күмістен жасалған алқа кіретін арнайы жинақпен бірге киген. Бұрынғы заманда «кур-харс» деп аталған бас киім болған.

Дәстүрлі музыкалық аспаптарына: үш шекті балалайка («дахчин пандыр»), саз-сырнай, зурна, шекті аспап («чендырг») и дауылпаз («фатт») жатады.

 

Ұлттық тағамдары.

Тағамдар ингуш тілінде «шу» деп аталды. Құрметті тағам арнайы сойылған қой етінен, егер қонақ асығыс болса, күрке тауық немесе тауық етінен дайындалады. Етті ірі етіп турап, картоп, көк шөптен дәмдеуіштер қосады. Дәстүр бойынша келген қонаққа арнайы мүшелер: жартылай бөлінген малдың басы, төс, жамбас беріледі. Етке қосып сорпа, жұмыртқа, көк шөп дәмдеуіштері негізінде дайындалған тұздық, одан кейін қонақтың тілегі бойынша сорпа береді. Бұдан басқа етке табаққа салып жүгері немес бидай ұнынан жасалған тұз қосылмаған қамырдан пісірілген («халтымыж») үзік кеспе береді. Ас үстінде ингуш халқы дәстүрінің ұстанымдарына негізделген ерекше әдеп сақталады. Екінші тағамға, шайға үйде дайындалған халва, күріш пен мейіз, өрік, қара өрік қосылған тәтті палау, түрлі ұннан жасалған тағамдар: бәліш, құстіл («зокаж») және т.б ұлттық сипаттағы тағамдар ұсынады.

 

«Вайнах» чешен-ингуш мәдени орталығы

Төраға: Джанаев Увайс Хаважиевич

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Кривогуз к., 43-113

Телефон: 87017203260

e-mail: vaЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.