Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Неміс ұлттық-мәдени орталығы

АДАМДАР ӨЗ ҚЫЗМЕТІНДЕ БІР - БІРІМЕН БАРЫНША ЖАҚЫН БОЛА ТҮСЕДІ.

И. Гете

 

Немістер, ежелгі атауы - deutsche. Неміс тілі индоеуропалық тілдер әулетінің батыс-герман тобына жатады.

Немістер Қазақстан аймағына алғашқы рет XVIII ғасырдың ортасында келген. Олардың көптеп келуі XIX ғасырдың соңында байқалған. Олар негізінен Ресейдің ескі колонияларынан келген немістің шаруа отбасылары болатын. XX гасырда, 1906-1910 жылдардағы столыпиндік реформаның нәтижесінде немістердің көп келуі Жайық пен Қара теңіз маңындағы облыстардағы олардың коло-нияларынан болған. Сонымен бірге Германия мен Австриядан Қазақстанға тікелей келген неміс отбасыларының саны артқан.

Қазақстанға күштеп көшірудің келесі кезеңі 1941 жылы болды. Немістерді саяси жағынан ақтау Қазақстанның тәуелсіздік алып, 14.04.97 жылы арнайы заң қабылданғаннан кейін іске асырылды.

1999 жылы халық санағы бойынша Қазақстаңда 353441 неміс тұрады, оның 57229-ы Қарағанды облысында.

"Видергебурт" неміс орталығы" Қарағанды облыстық қоғамы 1989 жылы құрылған, ол облыс аймағында және Қазақстанда пайда болған мәдениетті жаңғыртудың алғашқы орталықтарының бірі. Оның атауына ерекше маңыз берілген. "Видергебурт" неміс тілінен аударғанда "жаңғыру" ғана емес, сонымен бірге "қайта туу". Орталықтың алдына қойып отырған негізгі міндеті - неміс халқының салт-дәстүрін жаңғырту, олардың өзіндік ерекшелігін сақтау болып табылады. Германиядан келгендер Қазақстанды өз Отаны деп санайтын немістер көп нәрсені сақтағанына таң-тамаша қалады.

Орталықта бірнеше бөлімше бар, олар: мәдени кешен, немістің білім беру кешені, жастар клубы, еңбек армияшыларын қорғау қоры, әлеуметтік медициналық көмек, кеңес беру және аударма бөлімі. Осылардың барлығы Германия мен Қазақстанның бірлескен бағдарламалары анықтаған, Қазақстандағы немістердің этникалық жаңғыру бағдарламасындағы міндеттерді орындайды.

"Видергебурттың" білім беру жүйелерін ұйымдастыру мен құрылтайшылық жасауы қазақстандық фармацевтік институт негізінде маман-фармацевтерді даярлау болып табылады. Жергілікті шикізаттан дәрі жасайтын заводқа оларды еңбекке орналастыру іске асырылады. 2002 жылы компьютерлік технология мамандарын даярлау тобы ашылды. Студенттер Германияның гранты есебінен оқып, стипендия алады. Қарағанды қаласындағы "Эрфольг" оқу орталығы көпшілікке белгілі

Аймақта кездесулер орталығы жұмыс жасайды. Ол жеті бөлімшеден құралып, бүкіл облысқа орналасқан. Базалық орталық Қарағанды қаласында, оның филиалы Саран, Абай, Теміртау, Шахтинск, Сәтбаев, Балқаш қалаларында. Кездесу орталықтары көптеген республикалық, облыстық және қалалық шаралардың тұрақты қатысушылары. Олардың "Наурыз" мерекесіндегі мерекелік концертке, сондай-ақ ұлттық мәдени фестиваліне қатысқандағы өнерлерін көпшілік естерінде сақтады. Орталық барлық нәрсені ескеруге тырысады. Жексен-білік мектепте балалар өздері қызықтыратын үйірмелерге, тіл мен мәдениет үйірмелеріне, ересектер - тіл курсына және басқадай шараларға қатысады.

Қарағанды қаласында Қазақстанда бірінші рет тамаша суретші-антифашист Генрих Фогелерге арналған ескерткіш пайда болды. Оның салынуы Қарағанды қаласы мен суретшінің отаны Ворпсведе қа-лаларының арасындағы достықтың арқасында іске асты.

"Видергебурт" неміс орталығының әлеуметтік белімшесінде 3000 адам есепте түрады, оның қызметі 36 село мен серіктес қалаларды қамтиды. Онда қариялар мен кедейлерге медициналық және материалдық көмек көрсетіледі. Осы клиниканың базасында жылына екі рет жасы асқан адамдар және Қарағанды мен облыстағы еңбек армияшыларының денсаулығын жақсартуға кешенді шаралар жүргізіледі. Сол жерде қарияларға медициналық көмек көрсетіледі.

Республикалық неміс жастары одағының мүшесі ретінде немістердің жастар клубы өз жұмысын кеңейте түсуде. Онда жыл сайын лингвистикалық жастар лагері жұмыс жасап, түрлі қалалардағы жас жігіттер мен қыздардың мәдени алмасуы іске асырылады. Оның қасында көп жылдардан бері "Фольксквелле" хореографиялық ансамблі жұмыс жасайды. Оған халықтық ұжым деген атақ берілген. Олар көптеген фестивальдарға қатысып, Германияға да танымал болды. Әсіресе, Саран қаласындағы неміс орталығының филиалы белсенді жұмыс істейді. Олардың би мен вокальдық ұжымдары, КВН командасы көптеген фестивальдарға, шығармашылық сапарларға барып жұр. Қарағандыда 200-дей бала қатысатын тілдік оқу және балалардың демалыс орталығы ерекше көзге түсуде.

 

Мемлекетгік емес "Эрфольг" оқу орталығы

 

Қарағанды облыстық "Видергебурт" неміс орталығы құрылтайшысы болып табылатын "Эрфольг" оқу орталығы қаладағы мемлекеттік емес мектептердің бірі. Ол жәй гана мектеп емес. Оқу кешенінің құрамында бала бақша, жалпы білім беретін мектеп, балалар мен үлкендердің демалыс орталығы, жексенбілік мектеп, неміс тілін оқытатын курстар бар. Бұл курста балалармен бірге үлкендер де, неміс халқының тілін, дәстүрін мәдениетін білгісі келетіндер оқи алады.

"Эрфольг" осы аз уақыттың ішінде тез бедел жинап, белгілі бола бастады. Қазір мұнда 158 оқушы оқиды, олар даярлық тобынан 9 класқа дейінгі оқушылар. Болашақта, жоғары кластардың пайда болуына байланысты 12 класқа дейін болады. Оқушы саны 200-ге жеткізіледі. Мұнда жалпы білім берумен бірге, балаларға неміс, ағылшын тілдері тереңдетіп оқытылады. Оқу орталығында кластан тыс жұмыс ұйымдастырылып, балалардың жарасымды дамуына жағдай жасал-ған. Бейнелеу студиясының жас суретшілері көрмелерге қатысады. Би ансамблі облыстық фестивальдердің тұрақты қатысушысы болып табылады. Балалар мектептегі спорт секцияларында шұғылданып, жас күнінен шымыр да сымбатты болып өседі.

Бұл мектептің ұжымы үнемі ізденіс үстінде. Олар озық тәжірибелерді меңгермей, жаңа оқу тәсілдерін игермей істің алға баспайтынын жақсы біледі. Әр баланы тіл үйренуге қызықтырып, ынтасын арттырудың да пайдасы зор екенін педагогтар жақсы түсінеді. Оларға тілді білмей басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін түсіну мүмкін емес екені үнемі айтылады. Біздің көп ұлтты Қазақстанның азаматтарының көп тіл білуі жетістік екені әрбір сабақта оқушыларға жеткізіледі. Халықтың педагогика тәсілдері кеңінен қолданылады.

Мектепте шет тілдерін оқытатын лингафон бөлмесі, спорт кешені, медицина блогы, психологиялық қызмет бөлмесі, ақпараттық-әдістемелік орталығы, асхана бар. Неміс халқының әдет-ғұрпы мәдениетімен таныстыратын арнаулы бөлме жұмыс жасайды.

Мектепте 4 деңгейлік оқу жүйесі қолданылады. Алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен даярлық бөлімі. Мұнда жас балалар мектепке әзірленіп, шет тілдерін оқуға ерте бастан даярланады. Екінші деңгейде бастауыш класс бағдарламасына қоса, неміс пен ағылшын тілін тереңдетіп оқып, жалпы мәдени білім беріледі. Үшінші кезеңде - мемлекеттік стандартқа сәйкес жалпы білім-мен бірге өзі тілін үйреніп жүрген елдің салт-дәстүрін қоса үйренеді. Ең соңында жоғары класс оқушылары белгілі бір мамандықтарға бейімделеді. Осылайша, оқушылар күні бойы мектепте болып, сабақ оқып, спорт секциясында шұғылданып, үйірмелерге қатысып, жан-жақты да жарасымды дамиды. "Эрфольг" мектебінің ерекшелігі де осында.

 

 

Этностың материалдық және рухани мәдениеті

Неміс тілі индоеуропалық тілдер тобына жататын герман тобының батыс германдық топшасына жатады. Неміс тілінің диалектілік бөлінуінің негізіне батыс-гармандық тайпалар - франктер, сакстер, турингтер, алемандар, баварлар (баюварлар) диалектілері жатады. Жазуы латын графикасы негізінде. Әдеби неміс тілінің австриялық және швейцариялық нұсқалары ГФР –дағы әдеби неміс тілінен диалектілер мен сөйлеу тілі ара қатынасы сипаты және түрлі әдеби тілдерді пайдалануымен ерекшеленеді. Неміс тілі нұсқаларындағы ауызша сөйлеу айырмашылығы неміс тілінің диалектілік бөлінуімен ескерілген.

Діни наным-сенімдері – протестанттар (негізінен лютерандар) мен католиктер. Германиядан тыс жерде тұратын немістер арасында католиктер мен лютерандардан басқа, протестантизмнің басқа бағыттарын - баптистер, адвентисты, меннониты, пятидесятники және т.б. ұстанатындар көп.

Неміс халқының дәстүрлі киімдері орта ғасырлар негізінде 16-17 ғғ. қала сәні киімдері элементтерінен қалыптаса бастаған. Әйел адамдардың киімдерінің негізгі элементтері- корсаж немесе кофта, бүрмелі белдемше, алжапқыш. Ерлер киімдері жейдеден, қысқа немесе ұзын шалбардан, жеңсіз киім (кейіннен жилет), мойынға тағатын орамал, кебіс немесе етіктен тұрған. Қойшылар, мұржа тазалайтындар, кеншілер, гамбург балташыларының дәстүрлі кәсіптік киім үлгілері бар. Кейбір күнтізбелік және отбасылық ғұрыптар, ең бастысы католиктерде сақталып қалған. Жаңа жылғы немесе Рождествоға арнап шыршаны безендіру 19 ғ. Германиядан таралған.

Дәстүрлі тағамдары – тауық кеспесі (нудль), үзбе кеспе қосылған көже, жеміс көжесі. Мерекелерде қырық қабат қосылған шошқа немесе қаз етін дайындап, бәліш (кухе) пісіреді. Ораманың (штрудель) бірнеше түрі бар. Қысқыға шошқа майын, ет және балықты сүрлейді, шұжықты әр түрін жасайды. Сусындар ішінде кофе ішкенді ұнатады.

Халық ауыз әдебиетінде шванкалар (қысқа әзіл әңгімелер), ертегілер, әңгімелер басым, сонымен бірге халық билері мен әндері де кеңінен таралған.

 

 


 
 
 

 

«Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігі

Төраға:Кист Виктор Эдуардович

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Ерубаев к., 22

Телефон: 87013676042

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Төрағаның орынбасары: Кёниг Ирина Густавовна

Телефон: 8 (7212) 420301