Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Украин ұлттық-мәдени орталығы

ДОСТЫҚТЫ СЕЗІНБЕГЕН АДАМ, ӨМІР СҮРГЕН ЕМЕС

(халық мақал-мәтелі)

 

Украиндықтар, орыстар және белорустармен бірге шығыс славян тобын құрайды. Украин тілі индоеуропалық тілдер әулетінің шығыс славян бөлігіне жатады, негізінен үш сөйлеу тобы бар: солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс. Украиндықтар көне русь халықтарынан бөлініп, шығыс славян тайпаларымен туыстас болып қалыптасқан.

XIX ғасырдың соңында Қазақстандағы украиндықтардың саны 85 мың болған. Бүгінде Қазақстанда 896240 украиндық тұрады, оның 107098-і Қарағанды облысында.

Тарас Шевченко атындағы "Рідне слово" украин тілі қоғамы 1990 жылдан жұмыс істейді.

Украин қоғамының басым қызметтері ана тілін жаңғырту, Ук-раинаның тарихы мен әдебиетін оқу, Украин мәдениетінің өзінше дамуы, салт-дәстүрлерді қалпына келтіру, тарихи отанмен байланысты дамыту, басқадай ұлттық-мәдени қоғамдармен ынтымақтастық, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың арасындағы достықты нығайту болып табылады.

Қоғам өзіндегі ардагерлер хорын, вокальдық топтарды мақтаныш етеді. Оның қасында украин тілін, тарихы мен әдебиетін оқып-үйренетін жексенбілік мектеп бар. Онда халықтың әдет-ғұрпын атап өту дәстүрге айналды. Жыл сайын Рождествоға, Шевченко күндеріне, пасхаға, Украинаның тәуелсіздік күніне, Украин халқының белгілі қайраткерлеріне арналған кездесулер мен концерттер өткізіледі. Мұнымен бірге қоғамның көркеменерпаздар ұжымы облыстың қалалар мен аудандарында болатын ірі мерекелерге, олардың барлық бағдарламаларына қатысады.

Украин тілі қоғамына атақты украин ақыны Т. Шевченконың аты берілген. Тарас Шевченкоға арналған шаралар жыл сайын өткізіледі, оның бағдарламасында лекция, конференция, дөңгелек стол, концерттер бар.

Қоғам Тарас Шевченконың 190 жылдығына арналған мерейтойлық датасын атап өтті. Қазақстандағы украиндықтардың қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігімен бірлесе отырып, мерейтойлық шевченколық шараларды үздік өткізуге конкурс жариялады. Осы жарыста Қарағандының украин қоғамының өкілдері Қазақстандағы қоғамдардың ішінде екінші орынға шығып, құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Қарағандыдағы ұлттық-мәдени орталық Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Елшілік жексенбілік мектепті оқулықтармен қамтамасыз етіп, Украинаның сыртқы және ішкі өміріндегі негізгі оқиғалар туралы ақпараттық бюллетеньдерді үнемі жіберіп тұрады. Елшіліктің көмегінің арқасында 2000 жылдан бастап жыл сайын қоғам мүшелерінің балалары Қырымдағы "Артек" сауықтыру орталығында демалады. 2003-2004 жылдары 20 баладан тұратын топ Ивано-Фринковск облысындағы Карпат тауларында орналасқан жастардың сауықтыру орталығында демалып қайтты.

Сталиндік лагерлердің бұрынғы тұтқындарының ұсынысы бойынша 1997 жылы қаза болған жерлестерге Спасскіде, бұрынғы Кеңгір поселкесінде, қазіргі Жезқазған қаласында ескерткіштер орнатылды.

Украин қоғамының қызметіне Астана қаласында апта сайын украин тілінде шығатын "Украински новины" газеті оң ықпал етуде. Осы газетте Қазақстандағы украиндықтардың өмірі туралы, сондай-ақ Украинадағы басты оқиағалар, украиндық-қазақстандық қатынастардың дамуы жөнінде маңызды ақпараттар жарияланады. Бұл газет Украин қоғамы үшін жақсы кеңесшіге айналып, ол тек Қазақстанда ғана емес, Украинада да белгілі. 2004 жылдың шілде айында газеттің 10 жылдығы атап өтілді.

"Рідне слово" украин тілі қоғамы басқадай ұлттық-мәдени орталықтармен бірге қызмет істейді. Өткізіліп жатқан шаралар Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өздерінің мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін дамытуға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

Этностың материалдық және рухани мәдениеті

УКРАИНДЫҚТАР, өз атауы — рустар, русичтер.

18 ғасырда ресейліктер берген украиндықтар (краина – яғни алыс шет сөзінен) атауы бекіген. Сонымен қатар козак (казак) - көшпелі казактардың (қазақтардан) этимологиясы, олардан әскери еріктілік өмір салтын алған (казак –деген «еркін, бос» деген мағынада). Бұнымен қоса әскери ақсүйектер казак-қыпшақтардан (Киев Русінің славян-түрік кангломераты) құрылған. Сонымен қоса әзілдеп хохол (кейбір ғалымдардың пікірі бойынша «көк, тәңірі», көк түрік деген мағына білдіреді) деп атаған.

Украин тілі шығыс славян тілінің бірі болып табылады және үш диалектілік ерекшеліктері бар: а) солтүстіктік: солтүстік жағалаулық-полесский, оңтүстік жағалаулық - полесский, волынский-полесский сөйлеу ерекшеліктері; б) оңтүстік-батыстық: волынский-подольский, галицко-буковиндық, карпаттық, днестрлық сөйлеу ерекшеліктері; в) оңтүстік-шығыстық: днепровтық, шығыс-полтавалық сөйлеу ерекшеліктері. Соңғы сөйлеу ерекшелігі 18 ғ. ежелгі украиндық кітап тілі негізіне алынды. 18-19 ғғ. аралығында қазіргі украин (жаңа украин) әдеби тілі қалыптасты. 10 ғ. Кирилл мен Мефодий негізін салған ескі славян жазуы Украинадан бастау алды.

 

Діни сенімдері – Украинаның негізгі халқы православиелік негіздегі христиан дінін, бір бөлігі католик дінін ұстанады. 988 ж. Киев князі Владимир христиандықты ресми түрде қабылдап, Киев Русінің халқын шоқындырған. 1596 ж. Украина мен Белоруссия аумағындағы праволславиелік шіркеуге келісімді Брест шіркеу униясы жарияланды.

19-20 ғғ. украин переселендерінің негізгі экономикалық өмірі жер өңдеу, мал шаруашылығы болды. Ауыл халқының бір бөлігі теріден етік, тондар тігу, құмыра жасау, икон жазу, бөшке жасау, шарап жасау және т.б сияқты кәсіптермен және қолөнермен айналысқан.

 

Украиндықтардың дәстүрлі тұрғын үйі едәуір көші-қон үдерістеріне қарамастан әлемнің түрлі аймақтарында 20 ғ. ортасына дейін өзінің этнографиялық ерекшеліктерін сақтап қалды. Ол Украинаға тән төмен ұзындау келген, жер немесе саз балшықты едені бар, қабырғасы төрт еңісті шатыры бар хаталар. Қабырғалары қосымша материал: орман ағаштарынан, қаңқадан, тас пен саманнан жасалған. Қабырғаларды қышпен сылап, әктеу дәстүрі сақталып қалған. Үйдің ішінің жобасы: үй ортасында үлкен пеш (вариста), бұдан қиғаштап қызыл немесе алдыңғы бұрыш (покут), жаны мен қабырға бойында бекітілген кең лавкалар орналастырылған.

 

Украиндықтардың дәстүрлі киімдері қолдан тоқылған кенептен жасалған шалбар, жейде, белдеулік және кеуделік киім, сыртқы киім, бас киім, аяқ киім, әшекей бұйымдардан тұрады. Украиндықтар арасында әлі күнге дейін киім-кешек үлгісінде этнографиялық ерекшеліктер кездеседі: дерга (күнделікті қапсырмалы киім), плахта (мерекелік, ашық түсті торлы жүн матадан екі кенептен пішілген, өрнектелген), спідниця (фабрикалық матадан жасалған белдеме), керсетка (шолақ жеңді киім) және т.б. Әйел адамдар білезік, сырға, сақина, мойынға, омырауға тағылатын алқа, моншақ, монеталы алқалар (монисто, дукачі) сияқты әшекей бұйымдар таққан. Бастарына ақ орамал (намітка), бас киім сыртынан байланатын (очіпка) киген. Түсі, фактурасы, байлау әдісіне қарай түрлі орамалдар кеңінен таралған. Ер адамдар кең шароварлар, кейіннен орыстардыкіндей тар шалбарлар киген. Кеудесі ойық, кестемен өрнектелген туника тәрізді жейделер кең таралды. Бас киімнен биік елтірі бөрік (кучма), қысқы бас киімдер (треух, малахаі), киізден, сабаннан жасалған шляпаны (бриль) айтуға болады.

 

Халқының дәстүрлі тағамдары

Нанды қышқыл қамырдан домалақ, ұзынша қалыпта (паляница, хлібина, бохан) пісірген. Ішіне түрлі нәрселер салынған бәліштер мен жұқа нандар (перепічки, opішки, пампушки) кеңінен таралған. Ұннан квашу, лемішку, соломаху сияқты ежелгі тамақтар дайындайды. Қайнаған суда пісірілетін галушки, вареники (ірімшікпен, картоппен, шиемен), лапша (локишна), затірка (қатты етіп иленген, ұсақталып суға немесе сүтке пісірілген қамыр) тағамдар қазіргі уақытқа дейін бар. Украиндықтардың әйгілі тағамы борщ. Оның түрлі дайындау тәсілдері бар. Күнделікті тағамдар ішінде сүт тағамдары көп. Ұлттық тағамдар тұрып жатқан аймақтардағы тағамдар есебінен толығып отырады. Кубаньда украиндықтар адыгей ірімшігін, Башқұртстан мен Қазақстанда – қымыз және айран жасайды. Ет, шұжық және әйгілі украиндық шошқа майы күнделікті де, мерекелік те азық түрі болып табылады.

 

Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

Басқа да көптеген халықтар сияқты украиндықтарда да христиандық ғұрыптар мен пұтқа табынушылық ғұрыптардың ұқсастықтары байқалады. Мысалы, святкалар кешкі үстел басындағы отырыстармен, рухани әңігімелесу, магиялық әрекеттермен, салттық тамақтармен бірге жүрген. Рождествода колядкалар (әзіл-ысқақ әндер) айтқан, балалар көршілерінің үйіне бидай сепкен. Масленицада орыстар сияқты жұқа құймақтар, варениктер пісіріп, ат жегілген шанамен бір-біріне қонаққа барған. Пасхада хоровод жасап, сауық-сайран құрып, ғұрыптық тағамдар: боялған жұмыртқа, бал, шұжық, қуырылған тоай дайындаған. Троицада хаталары мен қақпаларын бұтақтармен безендірген. Иван Купала мерекесінде биік жарда қиып алынған ғұрыптық ағашты орнатып, оны гүлдермен (марена — купала) әшекейлеп, алау жағып, бал ашқан. Бұл мерекелердің барлығы бұрынғыдай болмаса да қазіргі уақытқа дейін аталып өтіледі. Украиндықтардың өміріне көптеген жаңа мерекелер енген. Украиндықтар тамыры жалпы славяндық және ежелгі орыс кезеңінде жатқан ежелгі поэтикалық мәдениетін ерекше қадірлеп, қастерлейді. Пұтқа табынушылық кезең адам мен табиғаттың ажырамастығымен, құдайлардың көптігімен белгілі. Ежелгі Русьтің христиан дінін қабылдауы жаңа, рухани, зияткерлік құндылықтардың араласуына алып келді. Ежелгі орыс әдебиеті деп аталатын, орыс поэзиясының шыңы "Слова о полку Игореве" дастаны украин мәдениетінің де бастауы болып табылады.

 

 Т.Г. Шевченко атындағы  «Рiдне слово» украин тілі облыстық серіктестігі

Төраға:Ломей Пётр Михайлович

Мекенжайы:Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Степной 4, 8/1

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.