Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Корея ұлттық-мәдени орталығы

ДОСТЫҚСЫЗ ӨМІР, ТҰЗЫ ЖОҚ ТАМАҚҚА ТЕҢ

(халық мақал-мәтелі)

 

Корейлер, бастапқы атауы - чосен-саран. Корей тілі кейінгі уақытқа дейін оқшауланған тіл болып келді, яғни ешқандай лингвистикалық топқа енбе-ген. Оның шығуы туралы әр-түрлі жорамал бар.

1939 жылғы депортация нәтижесінде Қазақстанда 96453 корей келген. 1937 жылдың күзі... Қаламмен бір тартқанда бүкіл бір халық ұлттық белгісіне орай қуғын-сүргінге ұшырады, қазақ жері еріксіз жер аударылғандарды қабылдады. Сол уақыттан бері корейлердің бірнеше ұрпағы Қазақстанды өз Отаны санайды. Өздерінің саны аз бола тұра (халықтың 1%-нен аз) корейлер ұлт ретінде ғана сақталып қалмай, ұлттық-мәдени орталықтар арқылы өздерінің бар екендігін көрсеткеніне тарихшылар әлі баға берері анық.

Қазір Қазақстанда 99665 корей бар, оның 14097-і Қарағанды облысында.

Қарағанды облыстық корей мәдени орталығы 1989 жылдың қыркүйегінде құрылған.

Қоғамдық ұйымның негізгі міндеті - корей мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін одан әрі дамытып, жаңғырту, қоғамның демократиялық жаңаруына диаспораның белсенділігін көтеруге көмек беру. Орталықтың басты жетістігі оның жоғары беделі, жинақталған тәжірибе, ұрпақтар жалғастығын бекітетін, үлкендерге, ана тілі мен мәдениетіне құрмет көрсетуге тәрбиелейтін дәстүрлер.

Орталықтың бірде-бір ұжымы немесе құрылымы он бес жылдың ішінде өз қызметін тоқтатқан емес. Орталықтың негізгі қазынасы адамдар, оның активін уақыт сынынан өткен адамдар қүрайды. Соның заңды жалғасы ретінде 2003 жылы "Мугунхва" фольклорлық ансамблі "халықтық" атағын алды.

Филиалдың қасында, сондай-ақ Қарағандының үш мектебі мен екі жоғары оқу орнында Қазақстан корейлері қауымдастығының Қа-рағанды филиалының көмегімен корей тілін оқыту іске асырылады. Осы мақсат үшін Корей Республикасы елшілігі жанындағы ағарту орталығынан оқыған филиал активтерінен төрт оқытушы даярланды. Сабақ беруге Корей Республикасынан келген волонтерлар тартылды.

Филиалдың жанынан ардагерлер хоры, "Киппым" би тобы құрылып, жұмыс жасайды. Көркем өнерпаздар ұжымдарының мүшелері қалалық, облыстық, республикалық ұлттық мәдени фестивальдарға үнемі қатысады. Филиал түрлі шараларды түрақты өткізеді, оның көбі дәстүрге айналды. Солардың ішінде ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлау, қыздар мен ұлдардың мерекесі ерекше орын алады. Поэзиялық атау алған "Өмірдің күзі" мерекесі Қариялар күніне арналған.

Филиалдың жұмысы орталықтың құрылымын одан әрі жетілдіруге арналған. Қазақстан Республикасы үкіметінің іс-әрекет бағдарламасына сәйкес басым бағыттар анықталған. Мысалы, филиалда "Кемеңгерлер алқасының" басшылығымен аға ұрпақпен жұмыс жүргізіледі. Жастарды тәрбиелеу Қазақстан корейлері республикалық қауымдастығы мен Қазақстан корейлері жастар қозғалысының бағдарламасы арқылы іске асырылады.

Оқушылар арасындағы "Жеткіншек көшбасшы" республикалық іріктеу турына жыл сайын Қарағандыдан корей ұлтынан 100 оқушы қатысады. Корея республикасы елшілігінің "КАХАК" НТО мен Қарағанды филиалының көмегімен ҚКҚ-ның атаулы стипендиясын алу үшін студенттік конкурс өткізіліп келеді. Онда КарМУ, КарМТУ мен "Лингва" тіл мен аударма институтының студенттері жеңімпаз атанды.

Қарағанды филиалы республикада бірінші болып шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің слетін өткізіп, экономикалық кеңес құрып, Қазақстан корейлері қауымдастығына ҚКҚ-ның қасынан экономикалық кеңес құру ұсынысымен шықты.

 

Этностың материалдық және рухани мәдениеті

         Корейліктер, коре сарам ("Коре елінің адамдары"), чосон сарам ("Чосон елінің адамдары"), хангук сарам ("Хангук елінің адамдары"). Қазақстан Республикасында тұратын корейліктер өздерін коре сарам деп атайды.

           Корей тілі – Азияның ежелгі тілдеріне жататын оқшауланған тіл. Кореяның Қытаймен көршілес орналасқандықтан осы елмен байланыс жасайтын болған, өз жазулары болмағандықтан корейліктер мың жылдан аса уақыт қытай иероглифтерін пайдаланаған. Қазіргі корей тілінің негізін салушы Джу Си Гень (1876— 1914 жж.) болып табылдаы. Ол өзінің қысқа өмірін корей ұлттық тілінің бекітілуіне арнаған болатын. Корей тілінің бірегей фонетикасы, түсінікті грамматикасы мен бай лексикасы бар. Корей жазуы әріптік-буындық және солдан оңға қарай жазылады. Әліпбиі 14 дауыссыз, 10 дауысты әріптерден тұрады.

 

Корейліктердің ежелгі наным-сенімдерінің бірі Алтай мен Сібірден неолит кезеңінде келушілер алып келген шаманизм. Шаманизмнің біраз өзгерген түрі бүгінгі күнге дейін сақталып қалған. Қазіргі Кореяда бірнеше ондаған мың мудан-шамандар бар.

Досизм де Кореяда ежелгі заманда пайда болған. Бірақ бұл діни-дүниетанымдық ағым айқын ұйымдастырлып рәсімделген жоқ, сонда да оның әсері күні бүгінге дейін тән мен жанның саулығы, мәңгі өмірге ұмтылыс, ұзақ өмір мен бақыт тілеуде байқалады. Қазақстандағы корей диаспорасының басқа этностардан айырмашылығы өздерінің тарихи отанына көшіп кетушілердің жоқтығы болып табылады. Жас корейліктердің аз бөлігі ғана Корея Республикасына оқуға немес жұмыс істеуге уақытша кетіп жатыр. Ал тұрақты өмір сүруге тек қана бірнеше ондаған адамдар кетіп жатыр.

 

Корейліктердің дәстүрлі шаруашылығы жер жырту, өңдеу, өсіретін басты дәнді дақылдары-күріш болып табылады. Техникалық мәдени дақылдар- мақта, сора, темекі, женшень, кунжут және т.б. Қауын, қарбыз және т.б жеміс-жидектер өсірген. Ауыл шаруашылығының ежелгі саласының бірі- жібек өсіру. Жағалауға жақын жерлерде балық аулау, теңіз аңдарын аулау және балдырлар жинау дамыған.

 

Дәстүрлі қолөнері – қыш өндіру, лак бұйымдары, сабаннан тоқу және т.б жатады.

Қазақстанның ауылдық жерінде тұратын корейліктердің тұрғын үйі дәстүрлі және ортаазиялық құрылыс элементтерінің жиынтығын көрсетеді. Үйлері көбінесе саз балшықты қабырғалардан немесе саман кірпішінен жасалған қабырғалардан тұрғызылады. Қазақстанға келгенге дейін бұндай үй құрылыстары болған жоқ, себебі, корейлердің дәстүрлі тұрғын үйлері, қаңқа бағаналы құрылыстар жатады. Корейлердің дәстүрлі жылыту жүйесі кудур немесе ондаль ұлттың өзіне тән ерекшеліктерімен белгілі болды. Оның мәні от жағатын жерден құбырларға өтетін түтін шығару жүйесінде болды.

 

Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері.

Корейліктер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т.б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын атап өтуге тырысады.

Қазіргі корейліктер де олардың ата-бабалары сияқты некеге тұруға ерекше мән береді. Бұл адамның өміріндегі төрт басты оқиғаның бірі және салтанатты түрде өткізіліп, оған барлық руластарының назары аударылады. Неке алдында құда түсу рәсімі өтеді. Күйеу жігіт руластарының ішіндегі үлкендері - әкесі, үлкен ағасы, кейбір жағдайда ғана күйеу жігіттің анасы құда бола алады. Қалыңдықтың ата-анасының келісімін, екі жақ ченчи – некелестіру рәсімін өткізуге келіседі, некелесуді толығымен күйеу жігіт қаржыландырады, бірақ ол қалыңдықтың үйінде өтеді. Ченчи рәсіміне күйеу жігіт пен қалыңдықтың жақын туыстары мен достары шақырылады. Қалыңдықтың туыстарына ерлі-зайыптылар арасындағы адалдықтың белгісі ретінде – қаз, күріштің желімді сортынан жасалған ерекше нан – чалпыпэги, сонымен қатар ақ күріш шелпектер – тимпени ұсыну міндетті болып есептеледі.

Корейліктер отбасындағы қарт адамдарды құрметтеп, балалары олардың мерейтойларын тойлайды. Соның ішінде ең маңыздысы балалардың ата-анасының 61 жасқа толу мерейтойын тойлауы болып табылады. Бұл мерейтой егер отбасындағы балалардың барлығы ер жетіп, отбасын құрып, олардың тойлары жасалып, отбасында ешқандай қайғылы жағдай болмаса ғана тойланады. Егер ондай болмаса, мерейтой кейінге қалдырылып 2, 4, 6 жылдан кейін тойланады. Корейліктердің дәстүрлі тағамдары өсімдік тағамдар – жарма мен көкөністен жасалған тағамдар басым болып табылады. Корейліктердің тағамдары Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азяиның көптеген басқа халықтары сияқты күріш басым өнімді құрайды, күріштен (пап, паби) буға тұзсыз пісірлген ботқалар пісірледі.

 

Қазіргі корейлердің кулинариясында папты дайындаудың шамамен 40 түрлі әдісі бар және олардың атауы да тиісінше әртүрлі. Корейліктердің тағамдарының ішіндегі куксу, үзбе кеспе сучэби тағамдары негізгі тағамдар болып табылады. Оны бидай, жүгері, қара құмық және картоп ұнынан әзірленеді. Куксуды ұсақтап турап бұқтырылған етпен, көкөніспен, қызыл үгітілген бұрышпен суытылған немесе ыстық сорпамен қоса береді. Қосымша тағамға көже, тұздықты сорпа, қайнатпа, қою ет (балық) сорпасы, кимчхи, көкөніс салаты, майға бұқтырылған және қуырылған ет (балық), қақталған ет (балық), теңіз өнімдері (моллюскілер, трепангілері) тағамдар. Шалғам, орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, баклажан, картоптан дәмдеуіштер қосылған көкөністер, туралған көкөністер мен шөптерден жасалған салаттар чхэ салаттар дайындалады. Ет тағамдарынан сиыр, шошқа, тауық еттері көп қолданылады. Ет пен балықты шикі (хвэ), тұздалған, маринадталған, қақталған, бұқтырылған, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Корейліктердің тамақтарында бұршақ тұқымдас: соя, жасыл бұршақ және фасоль ерекше орын алады. Соядан корейліктер соя сүтін, соя ірімшігін, соя пастасын және соя тұздығын алады. Сусындардың ішінен күріш арағының түрлі сорттарын, брага, сонымен қатар лимон мен жеміс –жидектен, жаңғақ, зімбір, кептірілген құрма, корица және бал қосылған бал қарағай жаңғағынан жасалған әр түрлі сусындарды айтуға болады.

 

 

Қазақстан кәрістері Ассоциациясының Қарағанды филиалы

Төраға: Ким Лилия Михайловна

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Можайский к., 13

Телефон: 87017209042

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.