Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Ортағасырлар

Ортағасырлар кезенін зерттейтін тарих ғылымынын саласын медиевистика (лат. - medium aevum - орта ғасыр деген сөзі) деп атау қалыптаскан. Батыс Еуропа ғылымында ортағасыр кезеңі феодализмнің даму кезеңімен байланыстырылады да, V- ғасырдың соңынан XV-ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Феодализм кезеңдеріне сәйкес ортағасыр — ежелгі, классикалық және кейінгі деп бөлінеді. Еуразия даласында ортағасыр көне түріктердің мемлекеттік одақтарының пайда болуымен басталады (VI-ғ.).


Қазақстанның ортағасырлық тарихы осы аумактағы мемлекеттердін б-ғасырдан XIII-ғасыр аралығындағы дамуын жене монғол шапқыншылығы, Ак Орда тарихы, қазақ халкының қалыптасуы мен Қазақ хандығынын ұлттық мемлекет ретінде құрылуы мәселелерін зерттейді.

 

Көне түріктер. Қыпшақ дәуірі

Ежелгі ортағасыр кезені (VI-XII-ғ.) казірғі Қазакстан жерлерінде тілдік және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты больш келеді.

Осы кезде осы жерлерде туріктілдес халықтар этникалық және саяси үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен Орталық Азия даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті - ұлы Түрік кағанаты бой көтерді.

Әскери жорыктардың нәтижесінде түріктер Қиыр Шығыста Маньжурияда, Онтүстік Сібірде Енесайдың жоғарғы ағысы, Орта Азияда Амудариянын жоғары ағысы мен Қара теніз жағалауында Керчь бұғазына дейінгі аумақтарға өз билігін жүргізді. Алып империя VII-ғасырда Шығыс және Батыс Түрік кағанаттары болып екіге бөлінді. Батыс Түрік мемлекеті Орта Азияны. Жонғарияны және Шығыс Түркістанның біраз бөлігін камтыды. Сарыарка да Батыс түрік қағанатының шекараларына енетін. Сөйтіп, батыс түрік хандарының кол астына отырықшы да, көшпелі де халыктар кірді. VII-ғ. Жетісуда Түргеш мемлекеті. VIII-ғ. карлұк. X-ғ. Қараханидтер мемлекеті пайда болады.


Көне турік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі - өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы ғрамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген.

VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында соғды жазуының негізінде геометриялық сызбалардан тұратын 38 белгіден құралған жаңа жазу қалыптасады. Ол ағашқа немесе тасқа түсіруге өте қолайлы болды [Лившиц, 1980, б. 3-13].

Көне түркі жазуын алғаш рет Енесай бойында 18-ғасырдың 20-жылдары Петр I-нің қызметінде болған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен оның жолсерігі, тұтқын швед офицері И. Страленберг ашқан еді. Скандинавтық руна жазуына ұқсас болғандықтан олар түрік жазуын «руна жазуы» деп атады. Ол ғылымда солайша қалыптасып калды. Кейін де тағы басқа ашылулар жалғасты. 1889-жылы дат ғалымы В. Томсен әріптің кілтін тауып, ең алғашқы мәтінді оқыды. Енесайден басқа түріктердің руна жазуы Моңғолиядан, Жетісудан, Шығыс Қазақстаннан, Төменгі Еділ бойы, Дон бойы, Солтүстік Кавказдан табылды. Солардың қатарында ең танымалдары - Білге қаған мен оның інісі Күлтегін қолбасшыға, Тоныкөкке арналған ескерткіштер.


Түріктердің руна жазуы ұзак пайдаланылуда болып, XI-XII ғасырларда қолданыстан шығады. Ғалымдардың пікірінше, түріктердің ислам дінін қабылдауына байланысты, руна жазуын араб жазуы ығыстырып шығарған [Лившиц, 1989, б. 78-84; Борисов, 1948, б. 105-108].

Қазақстанның далалы жерлерінде Сырдария мен Балқаштан солтүстікке қарай VIII-ғасырдан бастап орталығы Ертісте болған қимактар күшейе түседі. Қимақ билеушісі түріктің ең жоғары атағы - "қағанды" қабылдайды. X0-ғ. ғалымы әл-Хорезми былай дейді: «Хақан - түріктердің негізгі патшасы. Хақан - көсемнің көсемі, парсылардағы шаханшах, яки хандардың ханы деген сөз». Қағанның ұлы, Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки атты адам кітап жазып, оны кейін 12-ғасырда араб географы әл-Идриси қимақ елін сипаттаған еңбегінде пайдаланады. Араб ғалымы өз еңбегінде қимақтардың қалаларда тұратын, жеке билігі бар билеушілерінің болғанын жазады [История Казахстана, Т.1, 1996]. Бұл кезде қимақ мемлекетінің ықпалына қыпшақ тайпалары де енді.

І-мыңжылдықтың соңындағы осы тайпалардың ролін С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов былайша сипаттайды: «8-10-ғасырларда алдымен Алтайда, Ертіс өңірі мен Шығыс Қазақстанда, кейін Орал өңірі мен Орталық Қазақстанда қимақтар мен қыпшақтардың үстемдігі осындай үлкен далалық өңірдеге анықтаушы факторға айналды» [Кляшторный, Султанов, 2000, б. 109-110].

XI-ғасырдан бастап өлкедегі билік қыпшақтарға өтеді. Осыдан былай Еділден (Итиль, Волга) Алтайға дейінгі жерлер парсы-араб тілді әдебиеттерде Дәшті Қыпшак (Қыпшак даласы) деп аталып кетеді. Қыпшақ дәуірі басталып, қыпшақ тілі диалектісі таралады. Кейін, Еділдің аржағындағы Қара теңіз жағалауларына дейін қыпшақ тайпалары қоныс тебеді. Сондықтан, қазіргі ғылымда Қазақстан территориясын Шығыс Дәшті Кыпшаққа жатқызады. XIII-ғасырда моңғол шапқыншылығы барысында (оған моңғол да, түрік тайпалары да қатысқан) қыпшақ мемлекеті құласа да, қыпшақ тілі орныға түсіп, жаулап алушылар тіліне айналып, одан да әрмен тарала түседі.

Шығыс Сарыарқаның әр жерлерінен көне түріктер мен қыпшақтарға тән археологиялық ескерткіштер табылған.

Азиядағы көне түрік ескерткіштеріне тән ерекшелік - адамды атымен жерлеген обалар мен гұрыптык қоршаулар болып табылады. Ескерткіштің осындай түрлері Сарыарқадан да табылған.

1957 жылы М.Қ. Қадырбаев Тоқырауын өзені бойындағы Егізқойтас сайындағы (Ақтоғай ауданы) VI-VII-ғасырларда адамды атымен жерлеген обаны зерттеді [Кадырбаев, 1959, б. 184-186]. Жерлеу тереңдігі 2 метрге жуық үлкен қабірде (2,10 х 1,90 м) атқарылған. Адам сүйегі қабірдің солтүстік бөлігінде, жылқынікі оңтүстік бөлігінде орналасқан. Мәйіт шалқасынан жатқызылып, басы шығысқа қаратылған. Оның жақ сүйегінің жанында садақ оғының жебесі, кеудесінде қабық қорамсаның қалдығы табылған. Қорамсаны ілуге арналған темір шығыршық қара-жасыл жібектен жасалған белбеуге бекітілген. Осы жібек белдіктің іліп қоятын тас бұйымы мен белбеудің қоладан жасалған тоғасы сияқты қалдықтары табылған. Марқұмның сол қол саусақтары тұсында темір пышақ болды. Марқұммен о дүниеге бірге барады деп саналатын құрбандыққа шалынған аты ноқта-жүген кигізіліп, ерттеліп жатқызылған қалпында жерленген. Жылқы денесімен батысқа қаратылғанымен мойны солтүстікке қарай бүрылып қойылған. Адам мен жылқы сүйегінің арасында о дүниелік азық - қой санының сүйектері жатыр. Қабір топырақ, таспен көміліп, үстіне диаметрі 7 м, биіктігі 0,60 м тас оба тұрғызылған.

Көне түрік дәуірінін археологиялык ескерткіштеріне ғұрыптык коршаулар да жатады. Олар VI-IX-ғасырлар аралығында ұзақ уақыт бойы жасалып келді. Көне түріктік қоршаулар марқұмға (ер адам) арнап ас беру ғұрпын өткізуге байланысты жасалды.


Қоршау - тігінен орнатылған тас такталардан кұралатын төрт бұрышты құрылыс. Оның іші тастармен толтырылады. Қоршаудың жанында марқұмның скульптуралық бейнесі - тас мусін немесе қарапайым тас баган қойылуы мүмкін. Тас мүсіннің беті шығысқа қаратылады. Кейде одан әрі шығысқа қарай аласалау тас бағаналар қатары тізіле қойылуы мүмкін. Бұл бағаналар ғылыми әдебиеттерде балбал деп аталады. Кезінде балбалдар қазылып орнатылса, қазірде олар құлап қалған. Бірқатар ғалымдар балбалдар өлтірілген дұшпандарын білдіреді деді. Келесі пікір бойынша, балбалдар ғұрыптық асқа келген тайпа, ру өкілдерінің ездерінің қатынасқандығын білдіргені ретінде әрқайсысының орнатқан белгісі делінеді.

Шығыс Сарыаркадагы кыпшак дәуірі IX-XIII-ғ. бас кезіне жататын қыпшақтық тас мусінді гибадатханалармен мәлім. Тас мүсіні бар қоршаулар сияқты бұл ескерткіштер де ғұрыптық (негізінен ас беретін) құрылыстарға жатады. Қыпшақтың бірнеше ғибадатханасының тұрі белгілі.

Қыпшақ ғибадатханалары көне түрік қоршауларынан тек қана құрылымдық жағынан ғана ерекшеленбейді. Егер түрік қоршауының жанында бір ғана мүсін тұрса, ғибадатханада мүсіндер саны біреуден беске дейін болып келеді.

Көне түріктердікі сияқты қыпшақ кезенінің мусіндері де адам бейнесін толықтай да, жартылай да (түгел немесе белге дейін) бейнелейді. Алайда, қыпшақ ғибадатханасының мүсіндері көнетүріктердікінен айырмашылығы бар, оны шатастыру мүмкін емес. Белге дейінгі немесе толықтай денемен берілген қыпшақ мүсіндерінде екі қолына да ыдыс ұстап тұрған адам бейнеленген. Кейбір мүсіндердің қолдары қарын тұсында айқастырылып келеді де бірігіп тұрған қол саусақтарының арасында дөңгелене келген тесік бар. Қолы түсіріліп тұруы сирек кездеседі. Ер немесе әйел екендігі анық керсетілген мүсіндер де болады. Мүсіндердің басында бас киімге ұқсас белгі бар да, басқа киім түрлері салынбайды. Көнетүрік скульптурасындағы сияқты айбарлы жауынгердің образы қыпшақтарда кездеспейді. Қас пен мұрынның Т іспеттес үлгісі қыпшақтарда сақталғанымен, оның басқадай мәні бар сияқты. Қыпшақ ғибадатханаларының мүсіндері монголоид адам бейнелегенімен, үлкен көзділері жоқ. Ғалымдардың пікірінше, қыпшақ мүсіндері ата-баба образын бейнелеген.

Қыпшақ мүсіндерінің XI-XIII-ғ. Қаратеңіз бойы жазығындағы «половцылардың», яғни құмандардың мүсіндерімен белгілі бір ұқсастықтары бар. Құмандардың мүсіндерінде де екі қолына ыдыс ұстаған адам бейнеленген. Сондай-ақ, қыпшақ және құман ғибадатханаларындағы мүсіндерді орналастыру тәсілі де ұқсас. Құман мүсіндері обанын төбесіндегі алаңшаларға да, оба үйіндісінің астындағы қабірге де орналастырылады. Құмандардың «жасырын» мүсіндері әдетте ағаштан жасалады. Мұндай сәйкестіктер кездейсоқ емес, өйткені, құмандар XI-ғ. көшіп барып, Қара теңіз далаларын мекендеп қалған қыпшақтардың тікелей ұрпағы еді.

ХІІІ ғ-дың басында Қазақ даласына монғол шапқыншылығы басталды. Монғол атты әскері Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жері арқылы Орта Азияға шабуыл жасады. Орталық Қазақстан жерінде қырғын соғыс болғандығы туралы деректер жок. Шыңғысхан көзінің тірісінде жаулап алған аумағын төрт ұлына бөлген кезде Орталык Қазақстан үлкен ұлы Жошы иелігіне тиді. Кейіннен Жошы ұлысы Бату Алтын Орданың негізін кұрап, Орталық Қазакстанның тайпалық одактары осы мемлекеттің құрамына енді.

Алтын Орданың бас кезінде Ұлытау Шыңғыс ханның үлкен ұлы — Жошы хан ұлысының орталығына айналды. Оның қабірі үстіне кейінірек ұрпақтары — Алтын Орда билеушілері — бүгінге дейін жетіп отырған әйгілі мазарды орнатты.

Алтын Орда билігі Еділден батысқа қарай жатқан ең далалы жерлер - Еділ бойы, Солтүстік Кавказ, Қырымға тарады. 14-ғ. орта шенінде қазіргі оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан жерінде Моғолстан құрылды.


Ұлытаудың шындарының бірінде аты Алтай, Орал, Солтүстік Кавказ, Қырым, Орта Азия халықтарының батырлық эпосында жырланатын Алтын Орда әмірі, ұлы қолбасшы Едігенің сүйегі қойылған. Алтыншоқы шыңының тасында құдіретті Ақсақ Темір де Ұлытау жерінде болғандығы жайлы естелік қалдырған. Оны алғаш тауып, жария еткен академик Қаныш Сәтбаев. Бұл тас қазір Санкт-Петербургте Эрмитажда тұр.

Алтын Орда Өзбек ханның тұсында (1312 ж.) мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабыддап, Шыңғысхан ұрпақтарын еріксіз мұсылмандыққа көшірді, бұл ретте хандықтың негізін қалаған түркі тілдес тайпалардың рөлі зор. Шыңғысханның ұрпақтарының өзара соғысының, Орта Азияда Темірдің күшеюіне байланысты Жәнібек ханның (1359-1379) тұсында Алтын Орда бірнеше хаңдықтарға бөлініп, Орталық Қазақстанда, алғашқыда Ақ Орда, кейіннен Әбілқайыр хандык кұрды.

Әмір Темірдің Ұлытау бойына келгендігі туралы жазба дерек те, тарихи ескерткіш те сақталған. Темірдің сарай шежірешісі Шараф ад-дин Әли Ниязи «Даңқ кітабында» былайша келтіреді: «Темір Ұлытауға келгенде алдымен сол таудың басы-на шығып, төңірегіндегі көк жасыл дала мен сеңгір тауларға ұзақты күнге тесіле қараумен болды. Сонан соң әскерін жинап, сол жерде үлкен кұлпытас орнатуға бұйрық берді. Бармағы майысқан шеберлер осынау сәтгі оқиғаның күнін тасқа қашап жазды» делінген. Бұл тас Ұлытаудағы Алтыншоқы биігіне орнатылған. Оны алғаш тауып, жария еткен академик Қаныш Сәтбаев. Бұл тас қазір Санкт-Петербургте Эрмитажда тұр.

Ақ Орда — Қазақстан территориясындағы монгол дәуірінен кейінгі жергілікті этникалық негіздегі алгашқы ірі мемлекеттік құрылым болды. Оның территориясын ежелден осы жерлерді қоныс еткен, қыпшақ одақтастығының құрамына енетін түрік тілдес тайпалар мекендейтін еді. Моңғол шапқыншылығы кезінде де Кіндік Азияның шығыс бөлігінен осында түрік тілдес, моңғол тілдес тайпалардың жаңа тобы келіп қосылады. Моңғолдардың аздаған тобы жергілікті этникалық ортада тілдік тұрғыдан тез сіңісіп кетіп, бір тапты құрады.

XIV-ғ. соңына таман Ақ Орданың батыс аумағында Ноғай Ордасы (Маңғыт Ордасы) бөлініп шығады. Ал XV-ғ. басында ғұмыры қысқа ғана болған, Ақ Орданың едәуір жеріне үстемдік жүргізген шайбанид Әбілкайырдын хандығы пайда болады.

Батыс Сібірде жергілікті түрік тектес тайпалар негізінде Сібір хандығы құрылады.

Осы Ақ Орда, Әбілқайыр хандыгы, Моғолстан, Ногай Ордасы, Сібір хандығы сияқты мемлекеттердің пайда болуы жергілікті халық мемлекеттілігінің дамуына зор үлес қосып, нәтижесінде қазақ халқының этникалық қалыптасуына әкелді. Сонымен қатар, осы мемлекеттер әр түрлі деңгейде басқа да ноғай, башқұрт, өзбек, сібір татарлары сияқты халықтардың одақтасуы мен түзілуіне әсер етті [История Казахстан, Т.2, 1997, с. 157].


Шығыс Дәшті-Қыпшақтың аса зор территориясында біртұтас қазақ халқының қалыптасуы халықтар пайда болуының ортақ заңдылықтары негізінде өтті. Ол феодалдық қатынастардың қалыптасып, орнығуымен, біртұтас аумақтың, тілдің, заттық және рухани мәдениеттің қалыптасуына байланысты болды. Қазақ халқының қалыптасу процессі 14-15-ғ. негізінен алғанда аяқталды.

Ұлытауды қасиетті маңызы Қазақ хандығы кезеңіне ұмытылмай жетті.

XIV ғасырда Қазақстан жеріндегі түркі тайпалары одағының негізін қалаушы Алаша ханның қабірі үстіне мазар тұрғызылады. Ғылыми пайымдаулар бойынша VII—VIII ғасырларда өмір сүрген Алаша хан қазақ аңыздарында бүкіл қазақ хандарының түп атасы және мемлекеттің негізін қалаушы саналады.

Ұлытау өлкесімен Кетбұға, Керей, Жәнібек, Қасым, Тәуке, Барақ, Көшім, Абылай, Әбілқайыр, Ақжол би, Қазыбек би және т.б. көптеген тарихи тұлғалардың өмір деректері тығыз байланысты.

 

Қазақ хандығының құрылуы


XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.

Қазак хандығынын пайда болу фактісі Жетісудын батыс белігінде әтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында түратьш Орта жүздің қазақтары қоныс аударды [История Казахстан, Т. 2, 1997].

Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі. жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуьшен қатар жүрді. Қазак хандары Сыр бойындағы калалы әңірлерді езінін экономикалык және әскери базасы деп таныды.

Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - кешпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.

Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалык. мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.

Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.

Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген енбектерінде терендетіле карастырылған [История Казахстан, Т.2, 1997; История Казахстана, 2001].

Сырдарияның ортаңғы және теменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын.


Ол кезде Сарыарқа Орта Сырдариямен етене тығыз байланыста болды. Осы өлкені Орта жүз қазақтары қолайлы қыстық жайылым ретінде жоғары бағалайтын.

Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында оңтүстікке - Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді.

Орталык Қазакстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өнірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.

Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды.

Сарысу жолы өңірдің батысымен өтті. Оңтүстікте, Жібек жолының негізгі торабынан бастау алған ол Түркістанның үстімен Ұлытауға жете тармақталып, әрі қарай — Орал мен Еділге кететін. Қазақтар үнемі маңызды кеңестер өткізіп отырған, көптеген рулардың таңбасы қашалған атақты Таңбалытас осы Сарысу бойында. Қарқаралы жолы шығыс тарапта қанат жайды. Оңтүстікке Хантау мен Шу арқылы түсетін бұл бағыт, теріскейге қарай қимақтардың жұрты болған Ертіс бойына және одан әрі Батыс Сібірге тартатын. Қарқаралы жолын Хан жолы деп те атады.

Қазақ хандығы кезеңінің көптеген сәулеттік ескерткіштерінің арасында қазақтармен достық қарым-қатынаста болған ойрат ұлыс князьдары XVII ғасырда лама дінінің пұтханасы ретінде салдырған Қызылкеніш сарайы (Қыз Әулие сарайы) бар.

Қызылкеніш сарайы Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының территориясындағы Кент тауында орналасқан.

Сарай Қызылкеніш сайында, өзеннің оң жағалауында орын тепкен. Ертеден бері жергілікті қазақтар оны «Қыз Әулие» деп атағанымен, зерттеушілер өз жұмыстарында «Кызыл-Кенчский дворец», «Кызыл-Гянчский дворец», «Кзыл-Кенч, «Кызыл-Кенш», «Кызылкентский дворец», "Қызылкеніш сарайы" деп атап келді.

Қызылкеніш сарайы өзінін архитектуралық стилі жағынан (2 қабат, балкон, колонналар), сондай-ақ археологиялық қазба барысында табылған заттарына қарағанда да кейіңгі кезеңде салынған қазақ құрылысына ұқсамайды. Сарайға жүргізілген 3 жылдық зерттеулер көрсеткендей, ескерткіш ғұрыптық құрылыс болып табылады. Соған қарағанда ол ойраттардың 17-ғ. тұрғызған ламаистік ғибадатхана, яғни монастырь (храм) болса керек.

Сарайды өткен ғасырдың 50-жылдарында Республикалық Археологиялық карта құрастыру барысында Қазақстан ҒА экспедициясы зерттеді.

Қызылкеніш сарайына археологиялық казба 1985 ж. басталды. Оны Қазақстан мәдениет Министрлігінің "Казпроектреставрация" Институтының археологиялық отряды жүргізді.

Ескерткіштін бұдан кейінгі зерттелуін 1986-1987 ж. Қарағанды Мемлекеттік университетінін археологиялык экспедициясы жалғастырды (профессор А.К.Әбілов бастамасымен құрылған «Эврика» студенттік отряді).

Зерттеу барысында негізгі сарай 3 жеке кұрылысымен толық аршылып. ескерткіш манында орналасқан қорымнан 10 жерлеу орны қазылды. Қазбаға дейін сарай қирандысы диаметрі 25 м-ге, биіктігі 2,7 м-ге дейін жететін тасты-топырақты төбе түрінде болып келген. Зерттеу барысында үстіне қалың шөп пен итмұрын бұталары өскен оның айналасынан үш жеке құрылыстың қирандысы мен қорым тіркелді. Сарайдың оңтүстік-шығыс жағында, яғни кіре берісінде тереңдігі 2 м-ге жететін сопақ пішінді екі шұңқыр бар.

Қазбадан кейін, тамбуры бар. 4 бөлмеден тұратын негізгі сарай жобада айқыш (крест) тәрізді құрылыс болып шықты. Сарайдың қабырғалары өңделмеген тақта тастардан қаланған. Тақталардың қалыңдығы 0,10 - 0,20 м. Құрылысты салу барысында онын бұрыштарына ұзындықтары 0,6 - 0,7 м, ендері 0,4 - 0,5 м болып келетін үлкен тақта тастар пайдаланылған.


Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ескерткіш өте қыска уакыт өмір сүрген. Адамдардың узақ уақыт өмір сүрген іздерінің жоктығы. тек шамалы гана күл қабаты, жануарлар сүйектерінін аздығы мен табылган олжалардың мардымсыздығы ескерткіштің тұрақты мекен-жайға айналмағандығын меңзейді.

Археологиялық қазба барысында табылған оймышты ағаш әшекейі Монғолияның ламаистік храмдарының әшекейлеріне (өрнектеріне) ұқсас [Майдар, 1971, с. 105-120]. Оларда бұл өрнектер "фасадтар мен интерьерлерді әшекейлеуде" кеңінен қолданылған [Сонда]. Әсіресе, сарай қирандысының қыш заттары туралы мәліметтері қызықты. Ол жөнінде Н.Коншин өзінің "От Павлодара до Каркаралинска" деген мақаласында былай дейді: "в развалинах дворца находятся вещицы из белой глины в виде конуса с расширенным основанием и закругленной верхушкой. Внутри этих вещиц постоянно оказываются зерна пшеницы" [Коншин, 1901, с. 55]. И. Чеканинский бойынша Қызылкеніш сарайының қирандысынан табылған осы заттардың біреуі бұрын Семей музейінің археологиялық коллекциясында сақталған. И. Чеканинский оны "цаца" деп санап, оның суретін Қызылкеніш сарайына арнаған еңбегінде берген. И.Чеканинский бойынша оның өлшемдері мынадай: "Цацанің" биіктігі 43,0 мм, негізіндегі диаметрі 44,0 мм, беліндегі диаметрі 54,0 мм». «Мүндай "цацалар", -деп жазды И.Чеканинский, «ғұрыптық маңызға ие және олар монастырьлардағы құлпытастарға қойылады». Қазба барысында табылған мыс ақша манжур императоры Сюаиь-Е-нің (1662-1722 жж.) билік құрған кезеңіне жатады.

Ескерткіште адамдар өте қысқа мерзім тұрған. Түрлі себептерге байланысты ол өзінің өмір сүруінің алғашқы кезеңінде-ақ қиратылып тасталуы мумкін. Қорымның зерттелген жерлеу құрылыстарының көпшілігі бос. Бірақ, жерлеу құрылысының құрылымы көрсеткендей, олар мұсылмандық ғұрып бойынша салынған. Үстіндегі тас үйінділері, жерленгендердің батыс, солтүстік-батыс тұрақты бағыттары, жерлеу заттарының жоқтығы мұсылмандық жерлеу ғұрпы туралы айтады. Бұл жерде қазақтар өздерінің тумаларын жерлеген деп болжам жасауға негіз бар.


Келтірілген ойларды сәл қорытар болсақ, Қызылкеніш сарайы ламаистік монастырь ретінде XVII ғ. салынған. Тек болжам бойынша, оны XVII ғ. 40-жылдарында хошоуттік Хундулен-Убаши немесе осы ғасырдың 70-жылдарының бірінші жартысында Очирту-Цецен-хан салдыруы мүмкін.

Сонымен XVI ғасырда Орталық Қазакстан экономикалык жағынан біртұтас, этникалық кұрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. XVII ғ. қазақ халкының жоңғар шапкыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталык Қазакстан жерінде қазақтардын әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылга созылды (к. Аңырақай шайқасы, Бұланты шайқасы). Қалмактар мен қазақтардың өзара жауластығы калмактардың бір одакқа (1400) бірігуінен баста-лып, оларды қытайлыктардың түгел жойып жі-берген (1757 ж.) кезеңіне дейін ұласты.

Абылайдың билігі кезеңінде Сарыарка даласында Қазыбек би (1667-1763) және Бұкар жырау (1668-1781 ж. ) үлкен рөл атқарды. Казыбек би, Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқаруға белсене араласты. Абылайды жоңғар тұтқынынан босатып алуда ерен еңбек сіңірген Қаз дауысты Қазыбек би Абылай хан билікке келген кезеңнен бастап мемлекет ісіне белсене катысты. Ол ханның бас кеңесшісі және беделді би болды. Бұкар жырау есімі ұрпакка ақылгөй жыршы ретінде белгілі. Өз шығармаларыңда Бұкар жырау үш жүздің бірігіп, мықты мемлекет болуын армандады.

 


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Байпаков К.М. Средневековый Сауран. /Города Туркестана. - А., 1999.

Бейсенов А.З., Кожаков Д.А. Средневековые памятники Центрального Казахстана // История и археология Семиречья. - А., 2001.

Бернштам А.Н. Проблемы древней истории и этногенеза южного Казахстана. /Известия АН Каз.ССР, №67, Серия арх., Вып.2, - А., 1950.

Броневский С. Б. Записки генерал-майора Броневского о киргиз-кайсаках Средней Орды. /Отечественные записки. - СПб., 1830. Ч. 43.

Ермоленко Л.Н. Средневековые каменные изваяния казахстанских степей (типология, семантика в аспекте военной идеологии и традиционного мировоззрения). - Новосибирск, 2004. (приложения в соавторстве с Ж.К. Курманкуловым).

Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. - М., 1983.

История Казахстан. Т.2, - Алматы, 1997.

История Казахстана. - Алматы, 2001.

Коншин Н. От Павлодара до Каркаралинска. /Памятная книжка Семипалатинской области на 1901 г. Вып. 5. - Семипалатинск, 1901.

Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. - СПб., 2000.

Кызласов Л.Р. Памятники поздних кочевников Центрального Казахстана (Из работ Центрально-Казахстанской археологической экспедиции в 1948 году). /ИАН КазССР. Вып. 3. Серия археологии. - А., 1951.

Лившиц В.А. О происхождении древнетюркской рунической письменности. / Археологические исследования древнего и средневекового Казахстана. - А., 1980.

Маргулан А.Х. Третий сезон археологических работ в Центральном Казахстане. /Известия АНКаз ССР, №10. Серия археологическая. Вып. 3, - Алма-Ата, 1951.

Маргулан А.Х. Юрта и ее убранство /Казахское народное прикладное искусство, т. 1., - А., 1986.

Маргулан А. X. Каменные изваяния Улытау. /Сочинения в 14 томах. Том 3. А., 2003.

Материалы по истории казахских ханств 15-18 вв. - А., 1969.

Муканов М. С. Этническая территория казахов в 18-начале 20 вв. - А., 1991.

Никитин В. Памятники древности Каркаралинского уезда. /Записки И. Русского Археологического Общества. - СПб., 1896. Т. 8. Вып. 1-2.

Никитин В. Кызыл-Кенчский дворец. «Семипалатинские областные ведомости». 1898, № 6. Часть неофициальная.

Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. 2., - М.-Л., 1941.

Тизенгаузен В. Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. 1, - Спб., 1884.

Чеканинский И.А. Развалины Кзыл - Кенш в Каркаралинской округе Казахской АССР. /Записки Семипалатинского Отдела Общества изучения Казахстана. - Семипалатинск, 1929., Т. 1.

Чермак Л.К. Кзыл-Кенч. (Киргизская легенда). /Записки И. Русского Географического общества. Отделение этнографии. - СПб., 1909., Т. 34.

 

 


 

Сарыарқаның көне ескерткіштері (Ортағасырлар дәуірі)

    Орта ғасырлар дәуірінің басталуы түркі халықтарының жалпы тарихтық аренаға шығуымен сәйкес келді. VI ғасырда алып далалық империя - Түркі қағандығы құрылып, біраздан соң ол Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандықтары болып екіге бөлінді.

   Истеми (Естемес) әулеті билеген Батыс Түркі қағандығы шығысында Шығыс Түркістан мен батысында Қара теңізге дейінгі аралықты біріктірді. Қазақстан жерінде бұл әулеттің негізгі иеліктері орналасқан еді. Осы уақыттан бастап шығысында — Алтай, Хакасиядан, батысында Дунайға дейінгі аумақтарда VIII-XII ғасырлардағы далалық империяларды құрған түргеш, қарлық, қимақ-қыпшақ, құман-половец, оғыз, хазар, бұлғар сияқты түркі тілдес халықтар кеңінен қоныстанды. Дешті Кыпчақ, яғни Қыпшақ даласы – ортаға сырлық араб-парсы деректерінде Қказақстан жері осылай деп аталды.         XIII ғасырда ұлан - ғайыр еуразиялық держава - Алтын Орда құрылды. Бұл аты аңызға айналған Темужин (Шыңғыс хан) ұрпақтары құрған, тұрғындарының негізгі бөлігін жергілікті қыпшақ және тайпалары құрған мемлекет еді.

    Уақыт өте келе осы империяның шығыс қататында әйгілі Ақ Орда дербес салтанат құрды. Одан Арқа жеріндегі Өзбек ұлысы бастау алса, бүл ұлыстан XV ғасырдың 60-шы жылдарында Қазақ хандығының бөлініп шық-қаны белгілі. Егер Қазақ хандығының құрылуымен бір ұлыс халқының “қазақ” пен “өзбек” деп екіге бөлінуі басталса, оның орнығып, күшеюі бұл процестің тұрақтануына әкелді. Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек өз боданымен алғашында кішігірім ғана аумақты иеленді. Жердің ұлғаюы түпкі негізінде өзбектердің Мәуреннахрды басып алуы жатқан саяси оқиғалармен қатар жүрді. XV ғасырдың аяғында атақты өзбек атты әскері Сарыарқа мен Солтүстік Түркістан жерлерінен Темір әулеті үрпақтары басқарып отырған Мәуреннахрға лап қойды. Жаһан таныған әйгілі аталарының күші мен айбатын недәуір жоғалтып үлгерген жергілікті басшылардың қарсылығы тез жойылды да, XVI ғасырдың басында шабуыл қоныс аударуға ұласты. Осылайша өзбектер Орта Азия түрғындарына айналды, ал олардың орнында қалған үлкен бөлігі Қазақ хандығына қарады. Хандықтың жерін кеңейту барысындағы өте ауыр және ұзаққа созылған күрес әсіресе Сыр бойындағы қалалар мен жалпы осы өңірді қарату үшін болды.

   Орталық Қазақстанда орта ғасырлар дәуірінің көптеген ескерткіштері белгілі. Мұның қатарында ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер мен балбалдар, атымен, қару-жарағымен жерленген жауынгер обалары, “үйтас”, “дың” тәрізді монументалды сәулеттік құрылыстар, қалалар бар.

   Көне түркі және қыпшақ дөуірлерінің тас мүсіндері далалық ландшафттың ажырамас бөлігіне айналған десе болады. Тастарда қашалған бейнелер бірін бірі қайталамайды — бұл қабағы қатулы сақа жауынгер, мұрты тебіндемеген бозбала немесе тіпті әйел адам болуы мүмкін. Ғалымдар, тас мүсіндер өзі құрметіне атап қойылып отырған адамдардың портреттік бейнелерін нақтылайды деп санайды. Қарағанды облысында мұндай мүсіндер әсіресе Қарқаралы, Қызыларай, Ұлытау таулары маңында көптеп кездеседі.

   Археологтар Басқамыр, Аяққамыр, Хан ордасы, Шотқара, Алаша хан, Айбас Дарасы, Нөгербек Дарасы сияқты және т.б. көптеген оғыз бен қыпшақ қалаларын ашты. Бұлардың бір бөлігі VIII—XI ғасырларға жатады, Алтын Орда тұсында қалыптасқан біразы XIII—XIV ғасырларда мерзімделеді, ал кейбірі Қазақ хандығы кезеңіне қатысты (ХҮ-ХҮІІ ғғ.).

   Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалалары отырықшы мәдениет, суармалы егіншілік үрдістерін айғақтайды. Қала мәдениетінің көтерілуімен қолөнер мен сауда дамиды, кейінгі қазақ тұрмысында жақсы сақталған өнер мен мәдениет үлгілері тарайды.

  Алтын Орданың бас кезінде Ұлытау Шыңғыс ханның үлкен ұлы — Жошы хан ұлысының орталығына айналды. Оның қабірі үстіне кейінірек ұрпақтары — Алтын Орда билеушілері — бүгінге дейін жетіп отырған әйгілі мазарды орнатты.

   Ұлытауды қасиетті маңызы Қазақ хандығы кезеңіне ұмытылмай жетті. Зевстің алтын мүсінін әркімнің көруі парыз деп санаған көне гректер тәрізді, Арқа қазақтары танысарда бір-бірінен «Ұлытауға бардың ба, ұлар құсты көрдің бе?» деп сұрайды екен.

  XIV ғасырда Қазақстан жеріндегі түркі тайпалары одағының негізін қалаушы Алаша ханның қабірі үстіне мазар тұрғызылады. Ғылыми пайымдаулар бойынша VII—VIII ғасырларда өмір сүрген Алаша хан қазақ аңыздарында бүкіл қазақ хандарының түп атасы және мемлекеттің негізін қалаушы саналады.

   Ұлытаудың шыңдарының бірінде аты Алтай, Орал, Солтүстік Кавказ, Қырым, Орта Азия халықтарының батырлық эпосында жырланатын Алтын Орда әмірі, ұлы қолбасшы Едігенің сүйегі қойылған. Алтыншоқы шыңының тасында құдіретті Ақсақ Темір де Ұлытау жерінде болғандығы жайлы естелік қалдырған.

   Ұлытау өлкесімен Кетбұға, Керей, Жәнібек, Қасым, Тәуке, Барақ,Көшім, Абылай, Әбілқайыр, Ақжол би, Қазыбек би және т.б. көптеген тарихи тұлғалардың өмір деректері тығыз байланысты.

  Қола, ерте темір, орта ғасырлар дәуірлерінде тастарға түсірілген таңба — петроглифтер Орталық Қазақстан көне жәдігерлерінің айрықша түріне жатады. Қарағанды облысында олар көптеп саналады, олардың үлкен шоғырлары әсіресе Кестелітас, Теректі, Желтау, Байқоңыр өлкелерінде ашылған. Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды.

   Сарысу жолы өңірдің батысымен өтті. Оңтүстікте, Жібек жолының негізгі торабынан бастау алған ол Түркістанның үстімен Ұлытауға жете тармақталып, әрі қарай — Орал мен Еділге кететін. Қазақтар үнемі маңызды кеңестер өткізіп отырған, көптеген рулардың таңбасы қашалған атақты Таңбалытас осы Сарысу бойында.

   Қарқаралы жолы шығыс тарапта қанат жайды. Оңтүстікке Хантау мен Шу арқылы түсетін бұл бағыт, теріскейге қарай қимақтардың жұрты болған Ертіс бойына және одан әрі Батыс Сібірге тартатын. Қарқаралы жолын Хан жолы деп те атады.

  Қазақ хандығы кезеңінің көптеген сәулеттік ескерткіштерінің арасында қазақтармен достық қарым-қатынаста болған ойрат үлыс князьдары XVII ғасырда лама дінінің пұтханасы ретінде салдырған Қызылкеніш сарайы (Қыз Әулие сарайы) бар.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Орта ғасырлар дәуірі // Сарыарқаның көне ескерткіштері = Древние памятники Сарыарки = Ancient monuments of Saryarka : фотоальбом / құраст. О.Таланова, А. Бейсенов. – Қарағанды, 2007. – Б.108-113.