Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Тас ғасыры

Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

Қазақстанның тас дәуірі мына кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:

1. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.

ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.

б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.

в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-мыңжылдық.

2. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.

3. Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.

Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.

Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуіріндеп адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.

Олдувайлық мәдениет- бұл Homo habilis деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.

Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппингте - соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды (құралдарды) жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.

Олдувайлық дәуірде адамдарға от әлі таныс емес еді.

Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель. Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер, чопингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал - қол шапқышы пайда бола бастаған.

Палеолит жәйлі әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделгең құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қыруға арналған және сүңгінің үштығы есебінде қолданылды. Одан басқа осы кездері тас бүйымдарды шабатын құрал - кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған.

Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжрибесі жинақталды, енді от та таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл.

Орта және соңғы ашелдегі (б.зд. 300-150 мың ж.) тас жинақтарда алдыңғы дәуірдегі барлық еңбек және аңшылық құралдар сақталды, бірақ оларды жасаудың жаңа прогрестік белгілері пайда бола бастады. Бұл алдымен жіңішкере бастаған шапқыштардан білініп тұрды. Анығырақ техникалық прогресс әсіресе, леваллуалық тас өңдеу техникасында және леваллуалық нуклеус, жаңқалар жөне пластинкаларда байқалып отырды. Леваллуалық техниканың мағынасы неде? Бұл кезде кейін құралдарға айналатын жаңқалар мен пластиналарды сындырып алуды бастамас бұрын, әуелі нуклеустарды барлық жағынан алдын-ала мүқият қашап алатын болды Бұл техниканың негізгі өзгешелігі осында еді.

Ертедегі палеолит үшін леваллуа техникасының таралуы ірі техникалык төңкеріс болды. Орта және соңғы ашель тас жинақтарында өткен дәуірде-ақ пайда болған майда құралдар - қырғыш, жонғыш, бұрғы т.б. болды. Бұл кезеңнің ескерткіштерінде тас шоқпарлар, найзалар т.б. кездеседі.

Соңғы ашель дәуірі көптеген зерттеушілер орта палеолит деп белгілеген мустьемен ауысты. Қазақстан үшін мустье 150-120 - 40-35 мың жылдар аралығында өтті. Ашельдің соңында және мустьелік дәуірге кешкенде адамның физикалық құрылысында түбірлі өзгерістер болған деп есептеледі. Осы кезде ежелгі "Ноmo erеktus" ("тiк жүрген адам") архантроптары палеоантроптарға айналған. Бұл - ғылымда белгілі мустьелік неандарталь адамдарының уақыты.

Ашелден мустьеге ауысар кезінде адамдардың құрылысында ғана емес, оның тас өңдеу техникасында, өмір сүру жағдайында, шаруашылығында да өзгерістер болған. Леваллуалық техника тас бұйымдарды жасау барысында басым бола бастады. Ұзақ уақыттар бойы мустьелік дәуірде тас құралдарының тек қана үш түрі - мустьелік үшкір ұшты құрал, мустьелік қырғыш және соңғы ашельдік түрдегі екі беті де өңделген кішкене шаппа болды деп жалпы мойындалып келді. Бірақ ғалымдардың көп жылдар бойғы зерттеулері мустьеде бірнеше ондаған түрлі бұйымдардың болғанын дәлелдейді, олардың ішінде негізгілерінен ойықты және тісті құралдар, қырғыш, кескіш, жарықшық және басқалары бар.

Алғашқы аң аулау шаруашылығы мустьеде жоғары деңгейге жете бастады, оның терімшілікке қарағандағы маңызы анағұрлым артты. Аң аулау шаруашылығындағы прогресті тұрақтарда табылған жануарлардың сүйектерінің көптігінен көруге болады. Сонымен қатар, осы кезде қүс және балық аулау кәсіптерінен де тәжірибе жинақталды.

Мустьелік дәуірде мекендеу сипаты да өзгерді. Адамдар бұрынғыдай өздерінің қоныстарын ашық аспан астында, өзен бойында жайғастыруды жалғастыра отырып, сонымен қатар, жиірек жартас астына, үңгірге қарай ауыса бастады.

Сонғы палеолит (40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл адамның жер шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу және нәсілдердің, нәсіл топтарының қалыптасу уақыты болды.

Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар ұжымындагы қогамдық ұйымның алғашқы айырықша формасы - рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде аналык жүйелі және аналык тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық тобын құрды. Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылыктың ерекшеліктерінен, әйелдердің ұрпақ жалғастыратын ролінен келіп шыққан еді.

Ертедегі адамдардың идеологиялық танымдарындағы ошақтың ұйтқысы, оның басшысы ғана емес берекелі сақтаушысы да болған әйелдерге табыну ғұрпы кездейсоқ құбылыс емес.

Соңғы палеолит дәуіріндегі адамдардың дүние танымы күрделілене бастады. Осы кезде жануарлардың бейне-сипатын меңгеру арқылы оларға билік ету сенімі арқылы шыққан жатқан аңшылық магия кең тарала бастады. Осы ғұрыптың, яғни аңшылық магиясының әмбебаптық құралы ретінде сол кезде алғашқы қауымдық өнер пайда болған деп пайымдалады. Оның басты тақырыбы әртүрлі жануарларды бейнелеу. ою-өрнек және мүсіндеу (скульптура) болған. Алғашқы өнердің туындыларының ішінде қасиетті жердің, ананың берекелілігі мен кұнарлылығын бейнелейтін сүйектен немесе жұмсақ тастан ойылған әйелдер мүсіндері тарайды.

Жер бетінде өмір сүрудің жалғасы ретіндегі жанның және адамның өлгеннен кейінгі өмірі туралы түсінік дами келе күрделі дәстүрлік рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл минерал бояу себілді, оның кеудесіне тесілген ұлу қабыршақтары мен жыртқыштың тістерінен жасалған әшекейлер тағылды, ақтарына мамонттың азуынан жасалған білезіктер кигізді, киімдерін моншақ тізбектерімен кестеледі. Адамды жерлегенде шақпақ тас пен сүйектен жасалған бүйымдарды оның жанына қоса салатын болды.

Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.

Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.

Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.

Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған.

Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азаяды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Зооморфты және антропоморфты бейнелерден тұратын ұсақ пластика кеңінен таралды.

Соңғы палеолитпен салыстырғанда қоныстану түрақтары да өзгеріп отырған. Көптеген мезолиттік қоныстар көбіне кедей бұйымдарымен, жұқа мәдени қабатьшен ерекшеленетін уақытша, маусымдық тұрақтарда тұрды. Ірі қоныстар өте аз кездеседі. Қазба кезінде табылған уйлер қалдығы әдетте қарапайым күрке тәріздес құрылыс болып келеді, ал соңғы палеолитке тән жертөле немесе жартылай жертөлелер тек солтүстіктегі суық аймақтарда кездеседі.

Мезолиттік материалды мөдениеттің айырықшылықтары осындай болды. Ол кейбір палеолиттік техникалық жөне технологиялық әдістердің одан әрі дамуымен және өзгеруімен, сондай-ақ, мезолитте пайда болған жаңа құралдар түрлерін жасау әдістерінің таралуьшен сипатталады.

Экономиканың негізі болып аңшылық қала береді (бұнда өткен уақытпен екі арадағы үлкен сабақтастық жатқаны күмәнсіз). Бірақ, оның сипаты тез өзгеріп отырады, өйткені соңғы палеолитпен салыстырғанда адамның өзінің қоршаған ортаға бейімделу әдісі де өзгереді. Соңгы палеолиттегі орын алған ірі жаңалық - садақ - мезолитте негізгі аңшылық қару ретінде толығьшан қалыптасады. Соңғы палеолитте мүлдем белгісіз болған сыналы құралдар дамиды, олардың түр-түрі тарайды. Мезолиттегі аң аулау нысандары мезолит мәдениетінде өмір сүріп жатқан түрғындардың орналасуына қарай, яғни нақты экологиялық ортаға байланысты қалыптасады. Палеолиттегі кең таралған тәсіл - аңды қамап ұстау сақталады, бірақ оның тек эпизодтық формасы ғана қалады. Аңшылықтың соңғы мезолитте қүс аулау силкты жаңа арнайы формасы пайда болды. Мұндай түрлі аңшылық шаруашылығының дамуы палеолит адамдарына таныс емес еді. Бұл кезеңде өндірмейтін, яғни өнімді тек табиғаттан алатын шаруашылық барынша өрістеген еді. Неолиттік экономикаға тән артық енім жинау деңгейінің алғы шарттары осы кезде-ақ пайда болады.

Сол мезолит кезінде балық аулау тура мақсатты түрде қалыптасады, оны қайық, түрлі ауларды жасау сияқты маңызды жаңалықтардың пайда болғаны дөлелдейді. Мезолит кезінде жануарларды үйгс үйретудің кейбір формалары өріс ала бастауы мүмкін, өйткені ол кезде үй иттерінің таралғаны белгілі.

Сөйтіп, экономикалық түрғыдан да мезолиттің соңғы палеолиттен аң аулау әдістері, оның түрлері, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы арқылы анық байқалатын көп айырмашылықтары бар.

Неолит кезенінін басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл - тас өңдеу техниканың гулденген кезі. Еңбек күралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бүрғылау және аралау. Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен көптеген әшекейлер - білезік, алкалар дайындау өрбіді.

Неолит кезеңінің ең маңызды белгілерінің бірі - ол табиғаттағы дайын өнімді алу шаруашылығын ауыстырған малшылық пен егіншіліктің пайда болуы еді. Шаруашылықтың осы жаңа түрлерінің пайда болуының адамдар қоғамының дамуында орасан зор маңызы болды, адамның еңбек ету аясын кеңейтті және де оның мінезін сапалы түрде өзгертті.

Адамның мың жылдаған экономикалық даму тарихы ең алдымен осы екі шаруашылықты жетілдіру тарихымен тығыз байланыста болганы айқын.

Неолит кезеңіндегі тұрғындардың қол жеткізген даму деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың пайда болуына себепші болды. Осы кезде тау-кен ісі алғашқы бастау алады. Қыш құмыра жасау, тоқ імашылық дамиды. Неолит кезеңінің әлеуметтік жағдайында рулық қоғам өмір сүрді, онда ұжымдық еңбек және өндіріс құралдарына жалпы меншік билік етті. Сонымен бірге бұл кезеңде қоғамдық ұйымдастыру формаларының жоғары дамуы орын алды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас туыстар біріккен, шаруашылықтары да біріңғай сипатты бірнеше рулық қоғамдардан, яғни рулықтардан тұрды.

Осы неолит дәуірінде болашақтагы жаңа деңгейдегі мәдениеттін. яғни дамыған қола дәуірі қогамының бастапқы алғы шарттары немесе негіздері құрылды.

Неолитте Қазақстан аумағында бұлактық тұрактар кен тараган. өйткені оның қуаңдалалы аймақтарында ірі өзендер желісі аз. Бұлақтардағы тұрақтар уақытша, маусымды сипатта болады. Қуаңдалалық Қазақстандағы неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің бірі - ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы.

Барлық тұрақтардан жергілікті материалдан жасалған тас құралдар табылған: садақ пен найзаның ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш. Белгілі бір құралды жасағанда тас жыныстарын бөліл іріктеу орын алған. Шикізаттың әр түрлілігі оларды өңдегенде және жетілдіргенде әр түрлі техникалық әдістерді дамытуға әсерін тигізген. Қазақстандағы неолиттік ескерткіштер бірнеше аумақтық топқа бөлінеді, ол мәдениеті жағынан бір-біріне жақын туыстас тайпалардың өмір сүру аудандарына сәйкес болуы мүмкін.

Әдебиетте ежелгі тайпалар шаруашылығындағы осы кезеңдегі түбірлі өзгеріс «неолиттік революция» деген атақ алды. Азық өндіруге көшу, жеуге келетін өсімдіктерді, әсіресе астық тұқымдастарды саналы түрде өсіру, малдарды үйрету, өсіру және сұрыптау адамдардың отты меңгергеннен кейінгі тарихындағы ұлы экономикалық революция болып табылды. Ол адамның өзінің қол астындағы азықтың сенімді және бай көздерін пайдалануына керемет мүмкіндіктерді бере отырып, оның тарапынан тек күш салуды ғана талап ететін мүмкіндікті ашты.


Неолиттік тайпалардың бұл дәуірдегі түрлі мәдени ареалдарында даму деңгейлері біркелкі болған жоқ. Далалық аймақтарда айтарлықтай өзгеріс бола қоймады, - мұнда бұрынғыдай аңшылық және балық аулау тіршіліктің негізгі көзі болып қала берді. Ауа райының континенталдылығы халықтың өсуіне жағдай туғыза алмады, және де мүндағы табиғи қорлар (тамақтың «дайын көздері») халықтың қажетін өтеуге толық жетіп отырды.


 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Артюхова О.А., Деревянно А.П., Петрин В.Т., Таймагамбетов Ж.К. Палеолитические комплексы Семизбугу, пункт 4 (Северное Прибалхашье). -Новосибирск, 2001.

Артюхова О.А. Мустье Центрального и Южного Казахстана. Автореферат на соискание ученой степени кандидата исторических наук. - А., 1992.

Аубекеров Б.Ж. Континентальные четвертичные отложения Казахстана. Автореферат на соискание ученой степени доктора геолого-минералогических наук. - Алма-Ата, 1992.

Борисковский П.И. Древнейшее прошлое человечества. - Л., 1979.

Волошин В.С. Новые находки каменного века в Центральном Казахстане. /АО 1970, - М., 1971.

Волошин В.С. Ашельские бифасы из местонахождения Вишневка-3 (Центральный Казахстан). /СА, 1988, № 4.

Волошин В.С. Палеолитический памятник Батпак-7. /Маргулановские чтения. ТДК. - Петропавловск, 1992.

Деревянко А.П., Аубекеров Б.Ж., Петрин В.Т., Таймагамбетов Ж.К., Артюхова О.А., Зенин В.Н., Петров В.Г. Палеолит Северного Прибалхашья (Семизбугу, пункт 2, ранний, поздний палеолит). - Новосибирск, 1993.

История Казахстана (с древнейших времен до наших дней) в 4-х томах. - Алматы. Т. 1, 1996.

Касымов М.Р. Проблемы палеолита Средней Азии и Южного Казахстана. Автореферат на соискание ученой степени доктора исторических наук. - Новосибирск, 1990.

Клапчук М.Н. Археологические исследования в бассейнах рек Нура и Сарысу. /АО 1966 г. - М., 1967.

Клапчук М.Н. Позднеашельское местонахождение Жаман-Айбат-4 в Центральном Казахстане./СА, 1976, №3.

Клапчук М.Н. Галечные орудия местонахождения Музбель-1, -2 в Центральном Казахстане. /По следам древних культур Казахстана. - А., 1970

Клапчук М.Н. Археологические находки в Карагандинской области в 1962 году. /СА, 1965, № 3.

Курманкулов Ж.К., Артюхова О.А., Бексеитов Г.Т., Байгунаков Д.С. Талдысайский микрорайон эволюции каменных индустрии голоцена. /Археологические исследования в Казахстане (Труды научно-практической конференции «Маргулановские чтения - 14»). Шымкент-Алматы, 2002.

Маргулан А.X. Отчет о работах ЦКАЭ в 1947 году. /Известия АН КазССР, серия археологическая, 1948, вып. 2.

Маргулан А.X., Агеева А.И. Археологические работы и находки на территории Казахской ССР (с 1926 по 1946 гг.). /Известия АН КазССР, Серия археологическая, 1948, вып. 1.

Маргулан А.X. Сочинения в 14 томах. Том 1. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - Алматы, 1998.

Медоев А.Г. Каменный век в свете новейших исследований. /Известия АН КазССР, Серия общественных наук, 1964, вып. 6.

Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. - Алма-Ата: «Наука», 1982.

Медоев А.Г. Ареалы палеолитических культур. /По следам древних культур Казахстана. - А., 1970.

Медоев А.Г. Новые материалы по каменному веку Северного Прибалхашья и хребта Чингиз. /Вестник АН КазССР, 1962, № 3.

Мерц В.К. О реконструкции внешнего облика человека из погребения на стоянке Шидерты-3. /Вопросы истории, археологии и этнографии Павлодарского Прииртышья. - Павлодар, 2000.

 

 

 

Қола дәуірі

 

Қола дәуірі – қоладан жасалған еңбек құрал-саймандары және қарулар басты роль атқарған кездегі адамзат тарихындағы ірі кезеңдердің бірі.Еуразия дала аймағында ол бір жарым мың жылға созылған біздің заманымызға дейінгі III ғасыр аяғымен - I ғасыр басына келеді. Қола – мыстың басқа металдармен қоспасы.Сапалы қолалар қаттылығы және беріктігі жағынан мыстан асып, қарапайым болаттан кем түспейді.

Қола дәуірінің ең ерте деректері (б.з.д. III мыңжылдық) Қарқаралы ауданындағы Қарағаш зиратынан алынды. Мұндағы бір қабірден мыс пышақ, қырғыш және қыш ыдыстармен бірге жерленген ер адам мүрдесі кездескен.



Глиняный сосуд эпохи бронзы

Б.з.д. II мыңжылдықтың басынан б.з.д. XIV—XIII ғ. дейін (орта қола кезеңі) Қазақстанда андронов тарихи-мәдени қауымдастығына жататын атасу (алакөл) және нұра (федоров) мәдениеттері өркеңдеді. Орта қола кезеңі тұрғындарын шартты түрде андроновтықтар деп атау қалыптасқан.

Биік деңгейдегі мәдениетті ұстанған андроновтықтардың қоғамын жауынгер арбалары бар әскери көсемдер басқарды. Қарқаралы ауданындағы Талды өзенінің жоғарғы ағысындағы Сатан зиратында осындай арба қалдықтары табылған. Көне жауынгер қабіріне қойылған екі аяқты арбаның ағаш дөңгелектерінің білігіне 10 шабақ қондырылған. Мұндай арбалар жаумен шайқастарда қолданылған. Жүйткіп келе жатқан арба үстінде түрегеп тұрып, олар қарсыластарын садақпен атып түсіріп отырған.

Андроновтықтарға археологиялық деректер арқылы бажайлауға болатын күрделі қоғамдық құрылым тән еді. Көсемдер мен ақсақалдардың биік әлеуметтік статусы олар өлгеннен кейін де нақтыланып отырып, оларға монументалды жерлеу құрылыстары — обалар тұрғызылды. Мысалы, Ақсу-Аюлы-2 зиратының ең үлкен обасының диаметрі 17 жарым метр. Оның астынан ортасында сыртынан қақпақтастармен айналдырылған екі жерлеу камерасы бар екі қатарлы тас қоршау ашылды. Осындай обалар Атасу өзені бойындағы Ортау-2 зиратынан да белгілі. Қатардағы андроновтықтарды шағын көлемдегі қоршауларда жерлеп отырған. Тұрғындарды металмен қамтамасыз етіп отырған металлургтер мен ұсталар андроновтықтар қоғамында маңызды роль атқарды.


Андроновтықтар өзен бойларын игере отырып, құрғақ климат жағдайында өмір сүрді. Олар егіншілікті де білді, бірақ өз қажеттерін, негізінен, мал шаруашылығы арқылы өтеді.

Ықылым замандардан бастап Қазақстан далаларында мал шаруашылығының ролі өте зор еді. Қола дөуірінде негізгі шаруашылық түліктері болып қой мен мүйізді ірі қара саналды. Жылқы маңызды көлік құралы болды.

Андроновтықтар мәдениетінің Ригведа мен Авеста деректері бойынша танымал ежелгі арийлер мөдениетімен көп ұқсастықтары бар. Сірә, үш мың жыл бұрын Үндістанға қоныс аударып, көнеүнді өркениетінің негізін қалаған арийлер осы Қазақстанның андроновтықтары арасынан шыққан болар. Андронов тайпаларының екінші бөлігі Қазақстан жерінде қалып, бұдан кейінгі кезеңдер мәдениеттері қалыптасуының аса күрделі процестеріне қатысқан.

Орталық Қазақстандағы мыс кендерінің бай қоры ірі, күшті металлургия ошағының дамуына негіз болды.

Соңғы қола дәуірінде (б.з.д. XIII-IX ғғ.) Орталық Қазақстанда андроновтықтар мәдениетінің негізіңде қалыптасқан беғазы-дәндібай мәдениеті өркендеді. Археологтар Беғазы, Дәндібай, Айбас дарасы, Бұғылы, Саңғыру-1 және Саңғыру-2 сынды зираттарды, Атасу-1, Ақмұстафа, Мыржық, Қарқаралы-1, Қарқаралы-2, Қарқаралы-3 (Суықбұлақ), Кент, Бұғылы-1, Бұғылы-2, Шортандыбұлақ және т.б. қоныстарды зерттеді.

Беғазы-дәндібайлықтар үй жанындағы бақташылықтан экономикалық дамудың анағүрлым табысты формасы болып табылатын отарлы жайылымды шаруашылыққа көшкен еді. Бұл өзгеріс Беғазы-Дәндібай тұрғындары жасаған бірегей далалық өркениеттің қалыптасу алғышарт-тарын қамтамасыз етті. Осы уақытта көне қалалардың прототипі болып саналатын ерекше ірі қоныстар пайда болды. Неғұрлым жақсы зерттелген қонысқа Қарқаралы ауданындағы Кент тауының сайында орналасқан Кент қонысы жатады.

Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштерімен белгілі қола дәуірінің жаңа кезеңі басталды. Бұл мәдениет өздерінің атауын Дәндібай мен Беғазы қорымдарының сипаттары бойынша алды.

Жалпы ареалын сөз етсек, осы мәдениеттің тайпалары Орал тауының шығыс беткейінен, Қазақстан далаларын қоса отырып, Алтай тауларына дейінгі аумақты мекендеген.

Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі керамика болып табылады. Ол «белдеулі керамика» деген атау алған. Белдеу (валик) - қыш ыдысқа балшықтан жапсырылған сәл дөңестеу жолақ түрінде болады, ол ыдыстың мойын тұсын сәндейді. Белдеу мерзімдік (хронологиялық) ерекшелік ретінде Алтайдан Балқан түбегіне дейін Еуразиялық дала алқаптары бойынша өте кең таралған болатын. Белдеулі қыш беғазы-дәндібай мәдениетінің барлық жерлеу орындарынан және қоныстарынан табылған. Әдетте ыдыстар белдеуден басқа тырнақ бедері, шырша, ирек, саусақ ізі, тор, үшбұрыштармен әшекейленген. Ою ыдыстың жоғары жағында салынған.

Кент, Шортандыбұлақ, Бұғылы-2 қоныстарында қола дәуірінің федоровтық-нұралық (орта қола) кезеңі мен соңгы кезеңінің, яғни белдеулі керамика кезеңінің ерекшеліктерін байланыстырған ыдыстар табылды. Бұл үлкен жаналық еді. Басқа деректермен біріге отырып,. осы маңызды мәлімет беғазы-дәндібайдің белдеулі ыдыстарының андронов дәуірінен бастау алатынын, демек, беғазы-дәндібайлықтардың андронов тайпаларынан тарағанын куәландырады. Андроновтықтар мен дәндібайлықтар антропологиялық типі бойынша да біртектес. Еңбексүйгіш және Баянауыл тауларындағы Шойындыкөл молаларындағы дәндібай жерлеулерінен табылған үш бас сүйектің зерттелуі олардың андроновтық еуропеоидтық түрге жататындығын көрсетті. Осы жағынан алғанда да, беғазы-дәндібайлықтар андроновтықтардың ұрпағы болып табылады.

Беғазы-дәндібай дәуірінде адамдардың өмірінде мәнді езгерістер болған. Андронов кезеңіндегі мал шаруашылығының үй маңындағы түрінің орнына оның жайылымдық формасы қалыптасты. Мал шаруашылығының бұл түрі бойынша жайылымдар қысқы және жазғы деп бөлінген, қыста мал қоныс маңында ұстауда болады, ал жазда жайлауға айдалады. Шаруашылықтың мұндай әдісінде малмен бірге жазғы жайылымға қоныстың барлық тұрғындары немесе оның көп бөлігі кетеді.


Беғазы-дәндібай кезінде Қарқаралы өлкесінің түрғындары малды, яғни сиыр, жылқы, ұсақ малды кептеп өсірген.

Аңшылықтың нысаны болып киік, арқар, құлан, қабан, марал, бұлан, қасқыр, қарсақ, суыр, құндыз және ірі құстар табылған. Қоныстардың остеологиялық жинақтары негізін ірі және ұсақ мүйізді мал мен жылқы сүйектері құрайды. Жабайы фаунаның қалдықтары 2% аспайды. Демек, аңшылық қосалқы мән атқарған. Беғазы-дәндібайлықтардың ет-сүт тағамдарын мал шаруашылық экономикасы толығынан қамтамасыз етті.

Беғазы-дәндібайлықтардың алысқа көшу үрдісі аса жоғары бола қоймаған. Олар өзен және ірі бұлақ жағалары бойында стационарлы түрдегі тұрғын жайларда өмір сүрген. Әдетте қоныста 4-5-тен 20-ға жуық тұрғын үй болған. Оларды салу үшін тереңдігі 0,5 м шамасында қазаншұңқыр қазған. Оның қабырғалары тас тақталарымен, тақталы қоршаулар немесе талды шарбақтармен бекітілген.

Мұндағы халықтың ең ірі тұрғын орны Кент болған. Қызылкеніш өзенінің оң жақ жағасындағы оның көлемі - 150 000 ш. м. Кенттің қарсысында сол жақ жағада орналасқан Алат, Алат-1. Алат-2 қоныстарымен бірге алғандагы жалпы көлемі 300 000 ш. метрді құрайды.

Кент - қола дәуірінін каласы.

Көне қоныстардың қала статусы археологиялық тұрақты қалыптасқан белгілер арқылы анықталады: 1 - қоныс аумағы 15 га-дан аз болмау керек; 2 - халық саны 5000 тұрғыннан аз болмауы керек; 3 - үлкен, күрделі (ғұрыптық) сәулет ескерткіштердің болуы; 4 - қонысқа тән өзінің ауыл шаруашылық аумағының болуы; 5 - қолөнер өндірісі; 6 - сауда мен айырбас; 7 - қала мен оның маңындағы тұрғындарындағы әлеуметтік стратификацияның (қабаттардың) байқалуы.

Көне Кентті құраған құрылыстардын қалдығы Қызылкеніш өзенінің екі жағасында 30 га аумақты алып жатыр. Әдетте Сарыарқа көне малшыларының мекен-жайлары 0,1 га-дан 2 га-ға дейінгі мөлшерде. Кент оларды тұрғын және шаруашылық құрылыстарының көлемі және саны бойынша едәуір асып түседі. Ал оның тұрғындарының болжалды саны - 1500 адамнан астам.

Кенттің ауылшаруашылык аймағын оған синхронды Әкімбек, Домалақтас, Қызылтас, Қызылтас-1, Найза, Байшора, Нарбас сияқты анағұрлым шағын қоныстар құраған. Оларда қысқы кезеңде бірнеше отбасының қарауында мал ұсталған.


Кентте муйіз ою ісі қолөнер өндірісі деңгейіне жеткен, яғни өнімді тапсырушыга немесе рынокқа өткізе алатындай болган. Осы мүйіз кесу шеберлері пирофилиттен де заттар ойған, әзірше олардың да неге арналғанын анықтауға мүмкіндік жоқ. Олар шартты түрде «ұштықтар» атауымен сипатталып жүр.

Кентте әзірше қола құю шеберханаларының орындары табылған жоқ. Мүмкін бұл уақытша жағдай болар, себебі ескерткіштің тек 2% аумағы ғана қазылған. Кесенелердегі сияқты Кентте де бөгде мәдениет түріндегі ыдыстар бар, олар қазба жұмыстары барысында алынған барлық керамикалық жинақтардың 5% құрайды. Қышшы дөңгелегінде жасалған ыдыстардың фрагменттері табылған. Бұл басқа жақтан әкелінген ыдыс. Мұндай керамиканың табылған негізгі аймағы - Оңтүстік Өзбекстан және Түркменстан, кейбір бөлек нұсқалары иран түпнұсқаларына сәйкес. Кентке әкелінген ыдыстардың енді бір жолы Шығыс Аралмаңы өңіріне нұсқайды. Импорт ыдыстарының енді бір құрамдас бөлігі Батыс Сібірдің елов және ирмен мәдениетіндегі керамикаға ұқсайды.

Кентте импорттық ыдыстардың кездесуін металл саудасының болғанымен түсіндіруге болады. Орта Азияның көптеген аудандарында және Батыс Сібірде мыс кенорындары жоқ. Бірак металдың қажеттілігі кенсіз аудандардың тұрғындарын оны басқа жақтан әкелуге міндеттеді. Орталық Қазақстанның мыс кендерінің алып қорлары беғазы-дәндібай кеншілері мен металлургтарына үлкен көлемдегі металды өндіруге мүмкіндік берді.

Металл өндіру мен оның бөліп-таратылуын бақылауды Кепт, Бұғылы, Қызыларай, Беғазы тауларында және басқа таулы-орманды оазистерде өмір сүрген бірлестіктердің көсемдері жүргізген. Кент. Бұғылы-2. Шортандыбұлак қоныстары сол жерлердегі көсемдердің ордасы және сауда орталыгы болған. Көп малмен бірге сыртқа металл сату билеуші әулеттердін баюының маңызды бір көзі болып табылған. Сондықтан да Атасу ықшамауданының қоныстары (Мыржық, Ақ-Мұстафа, Сангру-3), Ұлытау ескерткіштері сияқты Кент, Шортандыбұлақ, Бұғылы-2 қоныстары қазбалары жағынан өте бай. Қатардағы бақташылар тұрған шағын коныстарда металл бұйымдары сирек кездеседі, ойылған сүйек пен импорт керамикасы да жоқ. Керісінше, қала маңындағы қоныстарда металл, оюлы сүйек көп, басқа жақтан әкелінген ыдыстар да бар. Ал осы қалалық орталықтардың жанында басқару элитасының мазарлары орналасқан - бұл кесенелер түріндегі құрылыстар. Бай әулеттер ойылған сүйек, пирофиллиттен жасалған бұйымдар сияқты сән-салтанаттық заттардың сұранысын қамтамасыз еткен.


Сонымен, археологиялық дәлелдер Кенттің қала статусын мойындауға мүмкіндік береді, ал бұл болса ерте өркениеттің пайда болуының бірден бір шарты және белгісі болып табылады. Сондықтан, өркениет пен мемлекеттіктін нышандары Қазақстанда біздің дәуірімізге дейін 2-1 мыңжылдықтар аралығында пайда болған деген мәселені көтеруге болады.

Сарыарқада қала орталықтарының пайда болуы мал шаруашылыгының жаңа сапалы жапылымдық түріне және металдың жаппай, тауарлы өндіруіне байланысты мүмкін болды. Беғазы-дәндібай қоғамы мықты көсем басшылары бар ірі тайпалы бірлестіктерден құралған және олар мемлекеттік құрудың ерте сатысында тұрган. Көсемдер басқарган бірлестіктердің экономикалық, әкімшілік, саяси және идеологиялық орталықтары Кент, Бұғылы-2, Шортандыбұлақ сияқты қала дәрежелі қоныстарда болган.

Үш мың жыл бұрын Қарқаралы даласы бірегей де жарқын өркениеттің белгілерінің қалыптасу ошағы деңгейіне жетті.

 


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Акишев А.К. Эпоха бронзы Центрального Казахстана. Автореф. дис. канд. ист. наук. - Л., 1953.

Алексеев В.П. Палеография СССР. /СА, 1972, № 1 Археологическая карта Казахстана. - А., 1960.

Аскаров А.А. Типы оседлых поселений бронзового века и истоки урбанизации на юге Узбекистана. /Древние города. - Л., 1977.

Ахинжанов С.М., Макарова Л.А., Нурумов Т.Н. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. - А., 1992.

Варфоломеев В.В. Бегазы-дандыбаевские погребальные сооружения могильника Карагаш. /Вопросы археологии и этнографии Центрального Казахстана. - Караганда, 1982.

Варфоломеев В.В. Кент и его округа (некоторые итоги палеоэкономического и социокультурного анализа памятников Восточной Сарыарки). /Степная цивилизация Восточной Евразии. Т. 1. Древние эпохи. - Астана, 2003.

Варфоломеев В.В. К вопросу «о мощном миграционном потоке бегазы-дандыбаевских племен. /Социально-демографические процессы на территории Сибири (древность и средневековье). - Кемерово, 2003.

Варфоломеев В.В. Сары-Арка в конце бронзовой эпохи. Автореф. дисс. канд. ист. наук. - А., 1991.

Генинг В.Ф. Этнический процесс в первобытности. Опыт исследования закономерности зарождения и раннего развития этноса. - Свердловск, 1970.

Генинг В.Ф., Зданович Г.Б., Генинг В.В. Синташта. 1. Челябинск, 1992.

Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. /СА, 16, 1952.

Грязнов М.П. Этапы развития хозяйства скотоводческих племен Казахстана и Южной Сибири в эпоху бронзы. /КСИЭ, Вып. 26, 1957.

Демографический энциклопедический словарь. - М., 1985.

Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. Эпоха бронзы Центрального и Северного Казахстана. - Караганда, 2002.

Евдокимов В.В., Ткачев А.А. Работы Карагандинского отряда. /АО — 1978. - М., 1979.

Евдокимов В.В. Исследования отряда Карагандинского университета /АО - 1979. - М., 1980.

Евдокимов В.В. Работы Карагандинского отряда. /АО - 1980. - М., 1981.

Евдокимов В.В. Народонаселение Степного Притоболья в эпоху бронзы. Автореф. дисс... канд. ист. наук. - Киев, 1984.

Евдокимов В.В. Историческая среда эпохи бронзы степей Центрального и Северного Казахстана. - А., 2000.

Евдокимов В.В. Эпоха бронзы степей Центрального и Северного Казахстана. Автореф. дисс...д-ра ист. наук. - А., 2001.

Зданович Г.Б. Периодизация и хронология памятников эпохи бронзы Петропавловского Приишимья. Автореф. дисс...канд. ист. наук. - М., 1975.

Итина М.А., Яблонский Л.Т. Мавзолеи Северного Тагискена. Поздний бронзовый век Нижней Сырдарьи. - М., 2001.

Кузьмина Е.Е. Древние скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. - Фрунзе, 1986.

Кузьмина Е.Е. Откуда пришли индоарии? Материальная культура племен андроновской общности и происхождение индоиранцев. - М., 1994.

Кукушкин И.А. Культ огня у племен Казахстана в эпоху бронзы: динамика, функции. Автореф. дисс.канд. ист. наук. - А., 1993.

Ломан В.Г. Гончарная технология населения Центрального Казахстана второй половины 2-готысячелетия до н. э. Автореф. дисс. канд. ист. наук. - М., 1993.

Маргулан А.X. Главнейшие памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана. /Вестник АН КазССР, 1956, №3(132).

Маргулан А.X. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - А., 1979.

Маргулан А.X., Акишев А.К., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. - А., 1966.

Маргулан А.X. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - А., 1979.

Массой Е.М. Экономика и социальный строй древних обществ. - Л., 1976.

Нурумов Т.Н., Макарова Л.А. Домашние и дикие животные эпохи энеолита и бронзы Центрального и Северного Казахстана. /Проблемы палеоэкономики Казахстана по археологическим данным. - А., 1988.

Сальников К.В. Бронзовый век Южного Зауралья (андроновская культура). /МИА, 21, 1965.

Ткачев А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. Ч. 1,2. - Тюмень, 2002.

Шнирельман В.А. Происхождение скотоводства. - М., 1980.

 

 

 

Ерте темір дәуірі

Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезенін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.

Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.


Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.

Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - VII ғасырларына жатады.

Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді.

Жана және кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін "көшпелі "жартылай көшпелі" шаруашылык деп атады.

Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикалық дамуының нәтижесі болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, беғазы-дәндібай заманында қаланды. Мамандардың пікірінше, малшылықтың жылжымалы түріне ауысуына дала тұрғындарының тек ішкі дамуы ғана емес, ауа райының біртіндеп өзгеруінің салдарынан даланың құрғақтануы (аридизация) да ықпал етті. Сол заманда бұл ауысу онтайлы, үлкен прогрессивті мәндегі көрініс еді, ол даланың табиғат қорларын барынша толық пайдалануға мүмкіндік берді.

Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.


Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге

Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы I-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар "Дала өркениеті" деген атауды ұсынды.

Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады.


Мұртты қорғандар не үшін салынған? Бізге мұртты қорғандардың астрономиялық жағынан тағайындалу туралы тұжырым белгілі. Биолог және археология (энтузиасты) П.И. Мариковскийдың пікірі бойынша, мұртты қорғандар ежелгі обсерваториялар болған, жұлдызды аспан, күн мен айды бақылап, жыл мезгілін аңықтау үшін пайданылған. «Мұртты» кешендер астрономиялық болжамдар үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ бұл оның құрылысында маңызды болмаған. Кейде осындай қорғандар бір-бірінен бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан, кейбір обаларда екі мұртты қорғандар болған. Аспанды бақылау үшін бір обсерватория бар кезде екіншісін тұрғызудың қажеті қандай? М.К. Қадырбаевтың пікірі бойынша тастан қаланған мұртты кешендер жерлеу ғұрыптарына арналып салынған және тасмола тайпаларының күнге табынушылығын айқындады.

Қазіргі уақытта шартты болса да, "мұртты" обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын (Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санынын 80 % астамы осы аумақта шоғырланған.байланысты. Обалардың екінші бір анағұрлым шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағанда орналаскан. Жалпы "мұртты" обалар таралымы туралы сөз қозғағанда әкімшілік-аумақтық түсініктен гөрі географиялық ұғымдарға жүгінген жөн: негізінен, жалпы "мұртты" обалардың таралым аясы Қазақтың ұсақшоқылығы аймағымен сәйкес келеді.

Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр.

Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; б) ат әбзелдері; в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.

Тасмола коғамында кола кұю ісінін үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттін жетекші категорияларынын бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен катар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. VII-VI ғ.) өзінде-ақ пайда болган.

Ерте сатының (б. з. б. VII-VI -ғ.) екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, жалпақ қысқалау 4-6 тұғырлы тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Аталмыш мәдениет қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. Ернеуі сәнді көлемді айнаның сабы қабан пішінінде құйылған. Ерте кезеңнің соңына қарай "хайуанаттық шытырман" деп аталып кеткен стильде дайындалған көп фигуралы композициялар пайда болды. Солардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс - алыстағы Туваның "алдыбел" ескерткіштеріне ұксап келеді. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.

Екінші сатыда (б. з. б. V-IV-ғ.) заттық мәдениет кейбір өзгерістерге ұшырады: үш қанатты ұңғылы қола жебе ұштары қалыптасты, айналар көлемі кішірейді, темір бұйымдар жиі қолданылды.


Үшінші корғантас сатысымең (б. з. б. III-I-ғ.) тасмола мәдениеті аяқталады. Бұл кезде мәдениеттің кейбір ерте элементтерінің сақталуымен қатар (жебенің ұштары, ауыздық, жапсырмалар, т.б.) әсіресе жерлеу ғұрпында (қабір ішіндегі жануарлар бастары салынған құрбандық орын) бірқыдыру жаңалықтар көрініс берді.

Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы - Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар.

Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.

Тасмола тайпалары мекендеген ерте темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті түрі кеңінен тараған. Бұл ІІІ мыңжылдыққа созылып, дала тұрғындарының ең негізгі кәсібіне айналған. Көшпелілер даланың барлық жерін игеріп, өзінің күшті көшпелі орталықтарын құрды, олар келешек көшпелі империялардың бастамалары болып қаланған.

 


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Бейсенов А.З. К вопросу о выделении памятников коргантасского типа в Восточной Сарыарке (вторая половина - конец 1 тыс. до н. э.). /Этнокультурные процессы на территории Казахстана (древность, средневековье, современность). - А., 1995.

Бейсенов А.З. Погребальные памятники и культово-ритуальные сооружения древних номадов Центрального Казахстана (7-1 вв. до н. э.). Автореф. дисс. ... канд. ист. наук. - А., 1997.

История Казахстана. Т. 1. - А., 1996.

Кадырбаев М.К. О некоторых памятниках ранних кочевников Центрального Казахстана. /ИАН КазССР, 1958, Серия истории, археологии и этнографии, Вып.1(6).

Кадырбаев М.К. Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана. /ТИИАЭ, Том 7, Археология, 1959.

Кадырбаев М.К. Исследование кургана с каменными грядами в Джамбульской области. /ВАН КазССР, 1959а, №7.

Кадырбаев М.К. Памятники кочевых племен Центрального Казахстана (VII век до н.э. - VI век до н.э.). Автореф. дис. ...канд. ист. наук. - А., 1959.

Кадырбаев М.К. Могильник Сангыру-2. /Новые материалы по археологии и этнографии Казахстана. ТИИАЭ. Том 12. - А., 1961.

Кадырбаев М.К. Памятники тасмолинской культуры. /Древняя культура Центрального Казахстана. - А., 1966.

Кадырбаев М.К. Некоторые итоги и перспективы изучения археологии раннего железного века Казахстана. /Новое в археологии Казахстана. А., 1968

Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. - Алматы, 1992.

Маргулан А.X. Бегазы - Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - А., 1979.

Хабдулина М.К. Степное Приишимье в эпоху раннего железа. - А., 1992.