Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Өмірбеков Жаппар

 

Өмірбеков Жаппар Ерәліұлы (31.12.1920 ж.т., Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Бесоба а.) - ақын. Қарағанды оқытушылар институтын (1942), ҚазҰУ-ды (1947), Мәскеудегі әдебиет институтының жоғары әдеби курсын (1959) бітірген. 1939 - 40 ж. "Қарағанды комсомол" газетінде әдеби қызметкер, 1942- 44 ж. мектепте директор, 1944 - 45 ж. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, 1947 - 52 ж. «Әдебиет және искусство» (қазіргі "Жұлдыз") журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1952 - 57 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы") аға редактор, редакция меңгерушісі, 1959 - 65 ж. Қазақ телевизиясында бас редактор, 1965 - 67 ж. "Жұлдыз" журналын­да бөлім меңгерушісі, 1967 - 77 ж. Қазақстан Жазушылар одағының балалар мен жастар әдебиеті секциясында жауапты хатшы, 1977 -81 ж. "Жазушы" баспасында редак­ция меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1954 ж. "Алғашқы сөз» тұңғыш өлеңдер жинағы шықты. В. Богомовтың «Қырық төрттің тамызы» романын (1979), орыс поэзиясының антологиясы» I2 т. 1980), В.Кавериннің «Екі капитан (Екінші кітабы), Г.Лонгфеллоның «Гайавата туралы жыр» поэмасын, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.В. Маяковский, С.Маршак, М.Исаковский, Дж. Байрон, т.б. ақын-жазушылардың бірқатар туындыларын қазақ тіліне аударған. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», "Ерлік еңбегі үшін" медальдарымен марапатталған.