Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АМОСКИН НИКИТА

АМОСКИННИКИТА - чемпион мира среди молодёжи по спортивной акробатике.

Спорт

14023 дауыс

Ол 1999 жылы Қарағанды облысында туған. Қазір Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 4 курс  студенті. Никита бала кезінен спорттық акробатикамен айналысып, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы турнирлерінде жүлделі орындар алды. Ол спорттық акробатикадан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері. Никитаның 60-тан аса марапаты бар. 2015 жылы серіктесі Анастасиямен бірге Азия чемпионатында жеке есепте 1 орын алды. 2016 жылы Қытайда әлем Чемпионатында қола жүлдегері атанды, ал Польшада әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды. 2016 жылы Никита еңбегіне лайық халықаралық класстағы спорт шебері атағын алды. Алайда жас спортшының басты жетістігі 2018 жылдың сәуірінде Бельгияның Антверпен қаласында жастар арасында аралас жұптар категориясындағы спорттық акробатикадан өткен Әлем Чемпионатының алтыны болып табылады. Өз қаласы мен елінің мақтанышы болып жүрген ол  әрі қарай да халықаралық спорт әлемінде Қазақстан Республикасының мерейін үстем еткісі келеді.

Интернет ресурстардың тізімі:

Асылханұлы, А.Қарағандылық акробатшы небәрі 19 жаста әлем чемпионы атанған [Электрондық ресурс] / А.Асылханұлы // 24 Хабар. – 2019. – 23 ақпан.  – Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/298403-ara-andyly-akrobatshy-neb-ri-19-zhasta-lem-chempiony-atan-an. – (Қаралған күні 21.01.2021)

Махмұтов,Қ. Қазақстанның 100 есімі: Тәуелсіздік жылдары табысқа жеткен тұлғалар [Электрондық ресурс] / Қ.Махмұтов // 24 Хабар. – 2019. – 2 қыркүйек.  – Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/338244-aza-stanny-100-esimi-t-uelsizdik-zhyldary-tabys-a-zhetken-t-l-alar. – (Қаралған күні 21.01.2021)

Менің өмірбаяным: Никита Амоскин [Электрондық ресурс] // 100 жаңа есім.– 2018. – 24 қыркүйек.  – Дереккөз: http://100esim.kazcontent.kz/kz/bio/nikita_amoskin. – (Қаралған күні 21.01.2021)

Никита Амоскин [Электрондық ресурс] // Itube. –Дереккөз: https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/52470/100-jana-esim-jas-akrobat-nikita-amoskin/. – (Қаралған күні 21.01.2021)

Никита Амоскин [Электрондық ресурс] // Zharar. –Дереккөз: https://www.zharar.com/kz/biography/32681-jana_100_esim.html. – (Қаралған күні 21.01.2021)