Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ТОҚСАНБАЕВ АРМАН

ТОҚСАНБАЕВ АРМАН - Қазақстандық жас кәсіпкер

Бизнес

10404 дауыс

Қазақстанды қ жас кәсіпкер, инвестор, қоғам қайраткері, Жас кәсіпкерлер қауымдастығының  басшысы. Ол ісін жаңадан бастаған мыңдаған жас бизнесмендерге үлгі бола білді. 2015 жылы Арман «ОTAN» сауда маркасымен сағат өндіретін UnitedBusinessGroup ЖШС компаниясын құрды.

«100 жаңа есім» деректі фильмінің кейіпкері – жас кәсіпкер Арман Тосқанбаев. Ол алғашқы кәсібін 17 жасында Қарағанды қаласында компьютерлік техника бөлімін ашудан бастаған.

«Мектеп кезінде футболды нашар ойнайтынмын, сабақты да менен ешкім көшірмейтін. Содан не де болса бір нәрсені үйренуім керек деген мақсат қойдым. Алғаш рет информатика пәнінен сабақ берген ұстазым бағыт берді. Мұғалімім «жасап көр» деген компьютерді күні бойы шұқылап, әйтеуір жасап бердім. Солай келе 5-6 сыныптардан компьютерлік техниканы ізденіп, үйрене бастадым. Ал, 10-11 сыныпта қаланың көптеген мектептерінде компьютер жөндейтін болдым. Солай келе компьютерлерді өзім жинап, сата бастадым», - дейді жас кәсіпкер.

Сондай-ақ, Арман Тосқанбаев өмір жолындағы қиындықтары туралы айта келе, бүгінде дипломсыз бизнесмен екенін жеткізді. Деректі фильм барысында кейіпкер кәсіпкерліктің қыр-сырымен бөлісті. Қазіргі уақытта жас кәсіпкердің 5 компаниясы бар.

 

Интернет ресурстардың тізімі:

Арман Тосқанбаев[Электрондық ресурс] // 100 жаңа есім. – Дереккөз: https://100janaesim.ruh.kz/issue-6.html. – (Қаралған күні 21.01.2021)

Арман Тосқанбаев[Электрондық ресурс] // Qazaastan. – Дереккөз: https://qazaqstan.tv/news/114936/. – (Қаралған күні 21.01.2021)

Құрмаш, А. 100 жаңа есім: Арман Тосқанбаевтың идеядан бизнеске дейінгі жолы [Электрондық ресурс] / А.Құрмаш // Strategy 2050. – 2018. – 16 қазан. Дереккөз: https://strategy2050.kz/news/52179/. – (Қаралған күні 21.01.2021)