Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






МАХАМБАЕВ ҒАБИТ

МАХАМБАЕВ ҒАБИТ - Қарағанды облыстық медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі

Медицина

10548 дауыс

«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында өмірге келген «100 жаңа есім» жобасы тәуелсіздік жылдарында ерен еңбектері арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген азаматтарымыздың тағдырына арналады. Бұл тағдырлар біз білмейтін тартысты сәттер мен қуанышты жеңістерге, адамның көз жасы мен мерей жасына толы ерекше өмір парақтары.Біздің студиямыздың қонағы соның бір айғақ көрінісі. Ғабит Жанділдәұлы Махамбаев Қарағанды облыстық медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі ғана емес, сонымен қатар медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер. Ғабит Махамбаев заманауи технологияларды пайдаланып, адам миына ерекше операция жасаған абзал жан. Мұндай операциялар күніне екі, үш рет жасалынады.

Ғабит Махамбаев бастағы ми қыртысының бірнеше түріне ота жасайды. Мысалы: нейроонколгия,қан тамырлары аурулары мен қоса, бас жарақаты тағысын, тағылары. Ол әрдайым өз білімін жетілдіруде. Ресейдің, Германияның, Израильдің, Америка, Қытай мен Кореяның жетекші нейрохирургтарымен шеберлік сыныптарын өткізіп отырады. Білікті дәрігердің айтуынша, нейрохирургия саласы даму үстінде. Ота жасауда жаңа технологиялар еңгізіліп, жылдам әрі жарақатсыз тәсілдер қолданылады.

 

Интернет ресурстардың тізімі:

Менің өмірбаяным: Ғабит Махамбаев [Электрондық ресурс] // 100 жаңа есім. – 2017. – 14 шілде.  – Дереккөз: http://100esim.kazcontent.kz/kz/bio/gabit_mahambaev. – (Қаралған күні 21.01.2021)

Сейітқали, Ә.Мамандыққа адалдық, атауымен Қазақстанда «100 жаңа есімдер» жобасы жүзеге асырылуда [Электрондық ресурс] / Ә. Сейітқали // Saryarqa. – 2017. – 17 шілде.  – Дереккөз: https://kartv.kz/kz/news/medicine/mamandykka-adaldyk-atauymen-kazakstanda-100-zhana-esimder-zhobasy-zhuzege-asyryluda. – (Қаралған күні 21.01.2021)