Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Әзиев Әмен

Әзиев Әмен Махатұлы (1927-2003) – жазушы. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1971), филология ғылымдарының кандидаты (1970). ҚазМУ-ді бітірген (1950). 1950-52 ж. Казақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері, 1952-61 ж. облыстық «Советтік Қарағанды» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, 1961 жылдан Қарағанды телевизия студиясының директоры, Қарағанды педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, ҚарМУ-дің, ҚарПТИ-дің доценті, қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының меңгерушісі болды. «Өтелген өкініш» (1965), «Сәнияз» (1907), «Шапағат» (1968) повестерінің, «Жез таулар» (1977), «Мыс ошағы» (1988) романының, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Қазыналы Сарыарқа» (1978), «Сокровище Сарыарки» (1986), «Ұлы дала ұлағаттары» (2001)тарихи очерктерінің авторы.