АМАНЖОЛОВ СЕЙІТКАЛИ (1955 ж. т.), суретші, педагогика ғылыми докторы (2004 ж.), ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1996 ж.), Ө. А. Байкоңыров атындағы ЖезУ бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының доценті. ЖезПИ-ды бітірген (1980 ж.). «Балалар суреттерін ғылыми негізде зерттеу» (2000 ж.), «Бейнелеу әрекетінде төменгі сынып окушыларының шығармашылық беиімділігін дамыту және даралай оқыту» (2004) монографияларының, «Мектептегі бейнелеу өнері» (1-2-сыныпттар), «Мектептегі бейнелеу өнері» (3-4-сыныптар) оқулықтарынын, 30-ға жуық ғылыми-әдістемелік жарияланымның авторы. Шығармашылық жұмыстары Мәскеу, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезказған қалаларындағы көрмелерге қойылған.