Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АМАНЖОЛОВ ҚАСЫМ РАҚЫМЖАНҰЛЫ

АМАНЖОЛОВ ҚАСЫМ РАҚЫМЖАНҰЛЫ (1911-1955 жж.), ақын. Семей мал дәрігерлік техникумында, Орал педагогика институтында, Ленинград орман шаруа институтында оқыды. Алғашқы еөендері 1931 ж. жарық көрді, шығармашылық жолының бастапқы кезінде Аманжолов дәстүрлі поэзия үлгілерін ұстанып, жыр-толғаулар шығарды. Аманжолов жаңашыл ақын, қазақ поэзиясында әскери лириканың негізін қалаушылардың бірі болып, оны композициялық жаңа түрмен толықтырды. «Өмір сыры» (1938 ж.), «Дауыл» (1948 ж.) жыр жинактарында, «Құпия қыз» (1939 ж.), «Ақын өлімі туралы аңыз» (1944 ж.), «Біздің дастан» (1947 ж.) т. б. поэмаларында Аманжоловтың сыршыл дарыны айқын байқалды. Ақын туған Отанын, кеңес халқынын Ұлы Отан соғысындағы ерлігін жырға қосты. Аманжолов қазақ өлеңіне казіргі қазақ ақындары кеңінен қолданып жүрген он буынды өлен үлгісін енгізді. «Балбөбек», «Өлендер» (1949 ж.), «Нұрлы дүние» (1950 ж.) т. б. жинақтардың авторы. Аманжолов драматургияны, әдеби сын мен көркем аударманы дамытуға көп еңбек сіңірді; ән авторы және композитор ретінде де танымал. Халық арасыңда оның «Дариға сол кыз» және «Туған ел» әңдері кең тараған. Ол Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасындағы хаттарды, Аманжолов Пушкиннің «Полтава», М. Лермонтовтың «Маскарад», В. Маяковскийдін «Бар дауыспен», А. Твардовскийдін «Василий Теркин» поэмалары т. б. қазақшаға тәржімалады. Оның шығармалары орыс және шет тілдеріне аударылған. Қарағандыда Аманжолов кұрметіне көше, Қарқаралы ауданда ауылдық округ аталған.

Шығармаралы: Стихи и поэмы. — А. — А., 1958; Стихи. — М., 1975; Шығ. жин. 4- т. - А., 1977-1980.