Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АМАНГЕЛДІ БАТЫР

АМАНГЕЛДІ БАТЫР Үдербайұлы Иманов (1873-1919 жж.), халық батыры, Қазақ халкының 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Қазақстандағы Азамат соғысынын қаһарманы. Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазір Торғай облысы Амангелді ауданы) кедей малшының отбасында туған. 1908-1909 ж. Торғайда қарауыл солдаттармен қақтығысқа қатысқаны үшін сотқа тартылды. Қазақстанда ұлттык және әлеуметтік езгінің күшеюіне байланысты ұлт-азаттық және революциялық козғалыс өріс алды. Кедейлердің самодержавиеге, бай-феодалдардын қанауына қарсы шашыраңкы бас көтерулерін бір арнаға тоғыстыруға күш салып, Ә.Т. Жангеддин, Н. Токарев, И. Денисов, Ә. Майкөтов, И. Деев т. б. демократиялық интеллигенция өкілдерімен байланыс орнатты. Отарлық езгі, Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында алым-салықтың өлшеусіз кебеюі, Қазақстан, Орта Азия мен Сібір «бұратаналарын» тылдағы қара жұмысқа алу жөніндегі патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығы 1916 ж. көтеріліске себепкер болып, көтеріліс өлкенің барлық дерлік негізгі аудандарын қамтыды. 1916 ж. қыркүйек-қазанда көтерілісшілер отрядтарында 50 мың адам болды. Жергілікті ауылдық-болыстық әкімшілік ел баскарудан аластатылып, билік көтерілісшілер қолына көшті. Амангельдыге бас қолбасшы — сардарбек міндеті жүктелді. Көтерілісшілер сапына Ырғыздың, Қостанайдың, Ақтөбенің, Байқоңыр руднигінің, Шокпаркөл тас көмір кенінің және Орынбор-Ташкент темір жолдарының жұмысшылары келіп қосылды. Амангельді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Актөбе уездерінен, ішінара Сырдария, Акмола және Семей облыстарынан көтеріліске шықкан казақтардың басын косып, оларды кару-жаракты қолдана білуге және ұрыс жүргізу тәсіліне үйретгі. Қару-жарақ шеберханаларын ұйымдастырып, өзін көтерілісшілердің қабілетті әскер басшысы ретінде танытты, жазалаушыларға қарсы қарулы күресті Октябрь революциясы жеңіп шықканға дейін жүргізді. Көтерілісті басып-жаншу үшін патша үкіметі генерал А.Д. Лаврентьевтің басшылығымен арнаулы жазалау корпусын қалыптастырды. Оның құрамында 17 атқыштар ротасы, 18 казак жүздігі, 4 атты әскер эскадроны болып, 18 зеңбірекпен және 17 пулеметпен қаруланды. Топқа бөлінген корпус Шалкарға, Қостанайға, Ақтөбеге келіп түсті. Қожакөл, Татыр, Түнқойма, Шошқалы Қопа, Күйік Қопа, Дағал-Үрпек түбіндегі ұрыстарда, Торгайды коршау кезінде Амангельді сарбаздары жазалаушыларға табанды қарсылық көрсетті. Амангелді Торғай облысында Кенес өкіметін орнатуға белсене ат салысып, ауылдық және болыстық Кеңестерді үйымдастыру жұмысына басшылық жасады. Торғай облысы Кенестерінің 1-съезіне қатысты (Орынбор, 1918 ж.). Кейін Амангельді Торғай уезінін әскери комиссары болды, ауыл кедейлерінен, Қарсақбай мен Байкоңыр жұмысшыларынан Қазақстандағы алғашқы ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін құрды, ақгвардияшыл бандыларға қарсы күрес жүргізді. 1918 ж. желтоксанның екінші жартысында Амангельді отрядтары Ә. Т. Жангелдин баскарған экспедициялық отряд бөлімшелерімен бірлесіп Торғай к-ын азат етті. Алашордашылар 1919 ж. көктемде Торғайда төңкеріс жасады. 18 мамырға қараған түнде Амангельді тұтқынға алынып, айуандыкпен өлтірілді. Амангельдіге Жамбыл, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, орыс жазушылары П. Кузнецов, Л. Соболев, Д. Снегин т. б. шығармаларын арнады. Украин жазушысы О. Десняк «Тургайский сокол» — «Торғай сүңкары», адыгей қаламгері И. Раевский «Амангельды и Алим»—«Амангелді мен Әлім» повесін, Ғ. Мүсірепов, В. Иванов, Б. Майлин бірлесіп «Амангелді» фильмінің кино сценарийін жазды. Суретшілер Ә. Қастеевтің, Қ. Телжановтың, Н.Б. Нұрмұхамедовтін, В. Шамшиннің Амангелдіге арналған полотнолары, X. Наурызбаев т. б. мүсіншілердің батыр туралы мүсіндік портреттері көпшілікке кеңінен танымал. Облыстың Бұқар жырау ауданда Амангельді атындағы кеңшар бар, елді мекендер мен қалаларда оның есімімен кешелер аталған.