Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АЛТЫНСАРИН ЫБЫРАЙ

АЛТЫНСАРИН ЫБЫРАЙ (Ибраһим; 1841-1889 жж.), ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф. Орынбор шекара комиссиясы қазақ балаларына арнап ашқан мектепте оқыды. Дүние жүзі әдебиет классиктері — У. Шекспирдін, И. Гетенің, Д. Байронның, А. С. Пушкиннін, Н. В. Гогольдің, М. Ю. Лермонтовтын, И. А. Крыловтың, Ә. Фирдоусидің, Г. Низамидің, Ә. Науаидің т. б. шығармаларымен ерте таныс болды. Мектепті бітірген соң Орынбор облысы басқармасында аудармашы болып істеді. 1860 ж. оған Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балаларына арнап бастауыш мектеп ұйымдастыру тапсырылды. 1860-1979 ж. педагогтік қызметпен қатар басқа да жұмыстар атқарды — Торғай уездік басқармасының іс жүргізушісі, Торғайдың уездік судьясы, Торғай уезі бастығының аға көмекшісі, Торғай облысы халық училищелерінін инспекторы болды. Алтынсарин бастамасымен Елек, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде орыс-казақ мектептері, 1980 ж. 10 сәуірде Орскіде мұғалімдер мектебі, кейінірек Торғайда колөнер училищесі, Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп ашылды. Қайтыс боларының алдында Алтынсарин өзінің мал-мүлкін Қостанайда училищесін ашуға жұмсауға өсиет етті. Алтынсарин қазақтың әдеби тілін қалыптастырып, дамытуға үлкен үлес қосты. Оның алғашқы оқулыктары «Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку»—«Қазактарға орыс тілін үйретудің бастауыш кұралы», «Киргизская хрестоматия» — «Қазақ хрестоматиясы» (1879 ж.) демократиялық және гуманистік сипаттарға толы. Алтынсариннің әдеби шығармалары қазақ халқының өміріңдегі тарихи-әлеуметтік езгерістерді бейнелеу, отырықшы тұрмыска, еңбексүйгіштікке, адалдыққа шақырды. Л. Н. Толстойдың, К.Д. Ушинскийдің, И.А. Крыловтың т. б. шығармаларын тәржімалады. Алтынсаринді мәңгі есте қалдыру мақсатымен оның есімі Қазақ КСР Оқу министрлігіне қарасты Педагогика ғылымдары ҒЗИ-ге берілген, Алтынсарин атындағы медаль тағайындалған.