Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АҚЫЛБАЕВ ЖАМБЫЛ СӘУЛЕБЕКҰЛЫ

АҚЫЛБАЕВ ЖАМБЫЛ СӘУЛЕБЕКҰЛЫ (1938 ж. т.), ғалым-физик. Тех. ғыл. докторы (1996), профессор (1990 ж.), Халықаралык Жоғары мектеп ҒА-ның академигі (1997 ж.), Университет ректорлары халықаралық ассоциациясының мүшесі (1996 ж.), Орталык Қазақстан жоғары оку орындары ректорлары аймақтық кеңесінің төрағасы (1996 ж.). Шет ауданның түлегі. Карағанды педагогика институтын бітірген (1961 ж.). 1961-1991 ж. сонда ассистент, оқытушы, ҚазМУ-де стажер-зерттеуші, аспирант, ҚарМУ-де аға оқытушы, деканның орынбасары, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, физика факультетінің деканы, университетің ғылыми жұмыстар жөніндегі және оқу ісі жөніндегі проректоры, Атырау педагогикалық институтың ректоры. 1991-2003 ж. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттек университетінің ректоры. 70-тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстардың авторы, өнер табысы үшін 10-ға жуық авторлық куәлік алған. Негізгі ғылыми еңбектері денелердің гидроаэродинамикасы мен жылу алмасуы мәселелеріне арналған. Ақылбаев қатысуымен ұшатын аппаратгардың аэродинамикалық өндеуін өлшеудің жаңа технологиясы жасалды, ол Орталыкаэрогидродинамикалық институтпен бірлескен зертгеулерде колданылды. 1993-94 ж. 12-шакырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Шет ауданның құрметті азаматы (1998 ж.). «Парасат» орденімен марапатталған.